Шаршысөз дискурсыны



бет16/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Лингвомәдениеттану


Тіл процестері
барысында рухани- материалды мәдениетте айқындалатын табиғи ұлттық тілге айналған гуманитарлық
пән


Сурет 1 – Лингвомәдениеттанудың негізгі ерекшеліктері


Лингвомәдениеттанудың зерттеу объектісі – мифтік-танымдық және


этномәдени мазмұнға ие тілдік бірліктер. Яғни тілде бекіген мифологемалар, архитептер, салттар мен дәстүрлер, рәсімдер мен жөн-жосындар – тілдің
паремиологиялық және фразеологиялық қоры, сөз-символдар, сөз-эталондар,

метафоралар мен сөз бейнелер. Лингвомәдениеттанудың

негізгі мақсаты


ұлттық

болмыстың

тілдегі


көрінісін зерделей отырып, ұлттық тіл және тілдік процестер арқылы тіл
иесінің материалдық және рухани мәдениетін таныту, әсіресе мәдениеттің
тілдік жүйеге әсерін, яғни мәдени факторлар мен адам бойындағы тілдік
факторлардың байланысын зерттеу болып табылады.
Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің,
болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар
мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен тілдің бірлігі, байланысы
осы жерде тоғысады.
Мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен форманың байланысы тәрізді.
Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны.
Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөлінбейтін тұтас бір дүние деуге болады [43,б. 9].
Мәдениеттің алғашқы атауы ғылыми әдебиетте Э.Тейлорға қатысты, ол
мәдениетті адамның қоғам мүшесі ретінде алған білім, діни таным, өнер,
заңдар, мораль, әдеп және басқа қабілеттер мен дағдыларды ендіретін кешен
ретінде бағаланды.

Қазіргі таңда мәдениеттанушы ғалымдар мәдениет
ұғымы мен

анықтамасына көптеген тәсілдерді жатқызады:

  1. Сипаттамалық

  2. Құндылық

  3. Әрекеттілік

85].

  1. Функционалдық

  2. Герменевтік

  3. Нормативтік

  4. Рухани

  5. Диалогтық

  6. Ақпараттық

  7. Рәміздік

  8. Типологиялық

Мәдениет тілдік даралықтың мәнін қалыптастырып, ұйымдастырады [44,с.
Жоғарыда айтылған ақпараттарға сүйене отырып мынадай анықтама

шығаруға болады. Лингвомәдениеттану – этнос мәдениеті мен сол тілде
сөйлеуші халықтың мәдени-тілдік деректерін сипаттайтын, ұлт мәдениетін өз
лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің
туын көтеретін, халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы өз тұғырына
жеткізіп келешекке танытатын, этнолингвистикамен тығыз байланысты, ұлттық
рух пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді мәдениет арқылы танытудағы
бітімімен басқа тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдық-әлеуметтік сипаты бар кешенді ғылым.
Адамзат тілі ежелгі дәуірден-ақ таным құралы ретінде дүниені танып
білуге, санада сәулеленген ұғым-түсініктерді жарыққа шығаруға қызмет етіп
келеді. Адамзаттың алуан түрлі танымдық ұғым-түсініктерін оның тілдік
танымынан ажырата қарауға болмайтындығы жөнінде аз айтылып жүрген жоқ.
«Адамзат дүниетанымы, ең әуелі, саналы әрекетпен – ойлаумен тікелей
байланысты ойлау әрекеті, оның сезімдік негіздерімен, адами бітім-
болмысымен қоса, дүниетанымдық творчествосының бастау көзі» [45,б. 9].
В.Н.Топоров адамдар санасында тіл арқылы танылған дүние ғана мәңгі өмір
сүретіндігін айтады: «Освоение – усвоение мира языком происходит таким образом, что в конечном счете считается то и только то, что освоено – усвоено себе языков» [46,с. 305].
Танымдық-философиялық ұғым-түсініктермен көбіне басқа ғылым

салалары айналысатын да, ал тіл
қарастыратын.
ғылымы таза тілдік
құбылыстарды
ғана

Дүниетаным теориясында осыдан 2500 жылдай бұрын Аристотель негізін салған дәстүрлі логика зерттейтін дұрыс ойлау заңдары мен формаларының мәні зор. Бүкіл адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі болып саналатын дұрыс ойлау мәдениеті – шешендік өнерде басты шарт.
Дүниені тіл арқылы танып білуде ең негізгі объекті болып табылатын,
сөздердің жасалуына негіз болатын логикалық заңдар туралы айтыла бермейді.

Адамзат баласы дүниедегі барша зат, құбылыс атаулыны белгілі бір
ұғымдар

арқылы тани алатынын мойындасақ, оның асатынын ұмытпауымыз керек.
ойлау процесі арқылы жүзеге

Ойлау дегеніміз, ең алдымен, шындық дүниенің адам миында бейнелденуі
болып табылады. Ол, біріншіден, ұғым арқылы бейнеленген дүниетанудың
нәтижесі болса, екіншіден, дүниені тереңірек, толығырақ танып білудің құралы.
Өйткені заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып білуге
болмайтын ішкі қасиеттерін, мәні мен сырын тек ақыл ойға салып, ой
қорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз.
Шындық дүниедегі көрнекі бейнелерді жалпылап, нәрселердің ішкі
қасиеттерін, табиғат қоғамның заңдылықтарын абстрактылы ойлау арқылы
танып біледі. Абстрактылы ойлау дүниетанудың екінші, жоғары сатысы болып
табылады. Сезімдік танымға қарағанда ойлау дүниені тереңірек және
толығырақ танып білуге мүмкіндік береді. Мысалы, әл-Фарабидің мына пікіріндегі:
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О жаратқан, көп күткен ақымағың,
Құм сияқты тез ысып, тез суынар [47,б. 32].
Құмның ысып, суынуы күннің жылуына байланысты болатыны сияқты,
адамның да көңілі жанды толқытар сәттерге байланысты болатындығына ойлау
арқылы көз жеткізген. Ойлау сезім мүшелерінің көмегімен алынған
мәліметтерге сүйенеді. Сезімдік танымның нәтижесі логикалық танымға өтудің
алғышарты болып табылады. Мысалы, Жиреншенің: Ағын судың өлгені –
Алты ай қыста қатқаны. Асқар таудың өлгені – Басын бұлт жапқаны.
Ай мен күннің өлгені – Еңкейіп барып батқаны. Қара жердің өлгені – Қар астында жатқаны.
Дүниеде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді, – деген шешендік сөздерінде ақиқат туралы білім
сезімдік танымның қабылдауына ағын судың қатуы, ай мен күннің батуы,
таудың басын бұл басуы, т.б. негізделген абстрактылы ойлау жинақтаудың
арқасында шындықты барынша тереңірек танып біледі. Ойлаудың нәтижесінде
сезім мүшелерімен алынған белгілі ұғымдардан ой қорытындыларын жасау
арқылы жаңа пікір қорытып шығарылады [48,б. 47].
Сезімдік танымның жоғары формасы болып табылатын елестету – бұрын
қабылданған, ал дәл қазір сезім мүшелерінің алдында жоқ нәрселердің
көркемдік бейнесін қайта жаңғырту процесі. Қазақ тіліндегі күрделі атаудың
ішкі мағыналық құрылымы мен лексикалық мағынасының арасындағы

тәуелділікті зерттеген Б.Қасым: «Адам заттар мен құбылыстарды танып білу
нәтижесінде жаңа атаудың өзіне ғана тән белгіні дүниетанымына байланысты
белгілеуі атаудың ұғымдық белгісі болып саналады. Ұғымдық, танымдық белгі
адам санасында қалыптасқан өмірде бар заттар мен құбылыстарды ұқсату,
елестету арқылы таңдалынып, жаңа атау жасалуына арқау, өзек болады»
[49,б. 32]. Шешендерге берілетін анықтамада «сөзі мірдің оғындай» тұрақты
тіркесінің бойындағы ауыс мағына көздеген жерден дәл шаншылған садақтың
оғын көзге елестетуден туындаған. Ә.Нұрмағамбетов «мір» сөзін арабтың
«әмир (әкім, бастық мағынасындағы)» деген тұлғасынан қысқарған, – дейді [50, б. 124].
Адамның миында қандай ой пайда болмасын, ол тілдік материалдың
негізінде ғана туындап, іске асады. Тіл – ойды білдіретін таңбалар жүйесі.
Тілдегі кез келген сөз дыбыстардың қосындысы немесе таңбалардың
жиынтығы ретінде материалдық нәрселерге қолданғанда ғана мағынаға ие
болады. Тілдік белгі кез келген заттың, нәрсенің мазмұнын білдіретін
болғандықтан ғана қатынас құралы рөлін атқарады» [51,б. 3].
Тілдік белгінің заттық мәні оның мазмұнымен, яғни қандай ойды
білдіретінімен тығыз байланысты. Белгінің мәні жайында сөз болғанда, ол
белгінің белгілі бір затқа (объектіге) қатысын ғана айтып қою жеткіліксіз, ол
заттың белгілі бір қасиеттерін іріктеп танып білуден туындаған семантикалық мәні өзара түсіністікке құрылған тілдік қатынасты құрайды.
Біздіңше, сонымен қатар тіл – мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп отырушы құрал. Тілші-ғалым Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда
өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі –
коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-
бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі –
көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін,
ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланысты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда, аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол

  • тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз

бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп
отыратын қасиеті тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих.
Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең
алдымен содан іздеуіміз керек» дейді. Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-
бірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мәдениет адам қолымен жасалатын
материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла
алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген рухани құндылық. Бір қырынан
алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің байланысы
секілді. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі

мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-бірімен бөліп болмайтын құбылыс деуімізге болады.
қарауға

Тіл қоғамдық үдеріс болғандықтан, антропонимия саласындағы сөздер де
қоғамның өсу, дамуымен байланысты өзгеріп, мағыналық тұрғыдан жаңарып

отырады. Антропонимдердің құрамында көне дәуірден келе жатқан ескі атаулармен бірге жаңа кезеңде пайда болғандары да басым болып келеді.
Антропонимдер бойында жеке сөздер тарихы ғана емес, халық тарихы, халық

этнографиясының қат-қабат іздері, ұлттық мәдениет жатыр.
Ономаст-ғалым А.Жартыбаев: «Бүгінгі таңда тіл білімінің

дамуы түрлі



бағыттармен ерекшеленуде, яғни лингвистика бірнеше бағыттағы лингвистикалық зерттеулер ағымдарын біріктіретін антропоцентристік ұстаным арқылы өрісін кең жайып, даму үстінде. Тіл бірліктерінің сан салалы қызметін,
лингвомәдени табиғатын, тілдің санамен, таным үрдістерімен байланысын,
көрінісін адаммен, яғни белгілі бір этникалық қауым өкілімен қатысты
қарастыру қазіргі тілтанымның басты, үстем бағыты, ұстанымы екендігі анық» деп жазады [52,с. 9].
Тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоөзектік талдауға көшу ХХ ғасырдың
аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің ерекшеліктерінің бірі болып
табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық,
сөз құрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.
Қазіргі лингвистикалық зерттеулер объективтік шындықты идеалды түрде
бейнелеудің адамға тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы, ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланыста зерттеуге бағытталады. «Адам және
тіл» өзекті мәселе, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі тілдің өз шеңберінен
шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына
жүгінгенде ғана толық мүмкіндікке ие болмақ» [53,б. 158].
Иә, әрбір атаудың мән-мағынасында халқымыздың тарихы, мәдениеті,
салт-дәстүрі, ырымы, наным-сенімі, т.б. жатқандығын көреміз. Мұның өзі қазақ
халқының «ғаламның тілдік бейнесін» жасаудағы танымдық ой-пікірін, дүниеге
көзқарасын, болмыс-бітімін танытады. Ғаламның тілдік бейнесі, ұлттық
болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесімен, білімімен
байланысты екені сөзсіз. Өйткені тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы
дүниемен байланысында ғана емес, адамның өмірден көрген-білгені, көңілге
түйгені білімнің негізі болып табылады. Оның тілдік бейнесі, ұлттық рухани

болмысы әр халықта әртүрлі.
Ғалам бейнесін салыстыра талдау арқылы этностың

(халықтың)


ұлттық


мәдениетінің, ұлттық дүниетанымының айырым тұстары мен тоғысар арналары
танылады. Тілдік ұжым мүшесі жеке адам өз тіршілігінің әр сәтін ой елегінен
қайыра өткізіп, өзінше ой түйіп, қорытынды жасағанда өзі өкілі болып отырған
тіл иесі халықтың (этностың) ғасырлар бойы сұрыптап жинаған білімін
санасына өлшем етеді. Зерттеуші Г.Сағидолла ғаламның тілдік бейнесінде
халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, жөн-жосығы сияқты
ұлттық-мәдени қазыналары да, адамның күллі әлем, дүние жайлы түсініктері
және сол әлемнен адамның өз орнын табуға деген талпынысы да, адамдар
арасындағы қарым-қатынас та көрініс тауып жататынын атап өткен. Осыған
сәйкес кісі есімдерінің семантикасы адамға қатысты болғандықтан, сол кісі

есімдерін тудырған қазақ халқы «ғаламының
тілдік бейнесінде»

антропоөзектілік қасиет болмай қоймайды.
Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және
сауаттылығы оның сөз мәдениетімен, сол сөздің қолданыс ауқымының
кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді. Еліміз егемендік
алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес.
Себебі, ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен
шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт.
Өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық қарым-
қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет ететін
қоғамның қажетті құралына айналуы керек. Есеп-қисап, қаржылық және
техникалық құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұқаралық
ақпарат құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары,
халықаралық қызмет те осы талаптарға толық жауап беруге міндетті. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл
мәселелерін оңтайлы шешу – ұлтаралық, қатынастар үйлесімділігінің,
халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың да алғышарты.
Ұлтының тілін ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ, көзіміз
жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып отырған мәселе аз емес, алайда ауызды қу
шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға
бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды
жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. Олай
болса, тілді өзінің қарым-қатынас құралы ретінде қолданатын халық
мәдениетінен бөлек үйрету дұрыс емес деп ойлаймыз.
Кез келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының
айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеу
қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып,
тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым,
болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар
мен олардың сана қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп
қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа
сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді,

қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
қолданады, бұлардың
тұтас

Жоғарыда атап өткеніміздей, біз өмір сүріп жатқан заманда тек тілді
үйренумен шектеліп қалу мүмкін емес. Бүгінгі тіл үйрету әдістемесінде үйреніп отырған тілді сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен байланыстыра оқыту
қажеттілігі туындап отыр. Әлемдік байланыста қарым-қатынасқа түсу үшін
саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тұрғыдағы таным-түсініктердің
болуы маңызды рөл атқарады. Үйреніп отырған тілде сөйлеуші елдің тарихын,
дәстүрін, мәдениетін үйрену – тіл үйретудегі маңызды элементтердің бірі.

Халық тарихын да, ұлттық мәдениеттің дамуын да, тіпті халықтық
ойлаудың

қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай аламыз.
Қорыта келгенде, ғылыми таным, дәстүр, сабақтастық секілді мәселелер
байланысын құраған тіл білімі адамзат болмысымен ұштаса, өмірімен тоғыса

дамитындықтан, оның негізгі заңдылықтары да жеке тұлғалардың
физио-

анатомиялық, психологиялық белгілерін зерделеу арқылы
әрі

жалпыадамзаттық құндылықтардың қоғамдық-әлеуметтік, өзгешеліктерін жүйелеу негізінде қалыптасары сөзсіз.
ұлттық-мәдени



    1. Шаршысөздің коммуникативтік және жанрлық ерекшеліктері


Бүгінгі күні көпшілік алдында сөз сөйлеуде жанрларға бөлу жоқ, дегенмен,
көпшілік алдына сөйлеудің тіл мамандары мен шешендер ұсынған жіктеуіші
(классификторы) бар. Нәтижесінде, жалпыға танылған, қалыптасқан жіктеуіші
ғана емес, сонымен қатар өңделген терминологиялық қолданыс та жоқ. Мысал ретінде көпшілік алдында сөйлеудің мынадай түрлерін айтуға болады:

  • сендіру мақсатында айтылған «сендіре сөйлеу немесе уәждеме»; [54,с. 76]

  • «демократиялық сөйлеу» [55,с. 104];

  • «дәлелді сөйлеу» [56,с. 57].

Көпшілік алдында сөйлеудің заманауи типологиясы, негізінен,
сөйлеушінің мақсатты қатынастарын ажыратуға негізделген. Мысалы, орыс
ғалымы Е.Н. Зарецкая, көпшілік алдында сөйлеудің тыңдаушылар санасының
әртүрлі аспектілеріне әсер етуіне сәйкес және сөйлеуде жүзеге асыру әдісіне
сәйкес мақсатты қатынас ретінде үш үлкен топқа бөледі: авторитарлық
сөйлеудің негізін құрайтын императив; демократиялық сөйлеудің негізін
құрайтын сенім, либералды сөйлеудің негізін құрайтын арандатушылық. Ғалым Михальская көпшілік алдында сөйлеу біліктілігі көпшілік алдында сөйлеу түрінің тек сөйлеушінің мақсаты бойынша ғана емес, сөйлеу әрекетінің түрімен шартталуын көрсетеді:

  • мақсаты – қарым-қатынас жасау, хабарлау,

  • сөйлеу әрекетінің түрі – ақпарат беру;

  • сөйлеу түрі – ақпараттық.

Сәйкесінше: іс-әрекетті ынталандыруға итермелеу; сөйлеу қарым-қатынас
процесі арқылы өзіңізді және серіктесіңізді қуанту – ойындар арқылы сөйлеу
әрекеттері-гедонистік және т.б. [56,с. 57]. Көпшілік алдында сөйлеуде саралауға
әсер ететін жалғыз фактор бұл шешеннің ниеті ғана емес. Дәлелдеу түрлерін
бөлу сөйлеу субъектісінің уақытқа қатынасына және мәселені шешудің
дәйектілігіне негізделуі мүмкін. Көпшілік алдында сөйлеу түрлері стиль ерекшеліктеріне негізделуі мүмкін. Сонымен кейбір зерттеулерде көпшілік алдында сөйлеудің қандай стильге негізделгеніне байланысты төрт түрі ажыратылады:

  1. көркем стиль басты болып табылатын көпшілік алдында сөйлеу түрлері

  • сценарий бойынша сөйлеу және мәнерлеп оқу;

  1. негізі ғылыми стиль болып табылатын педагог пен лектор сөздері;

  1. публицистикалық түрі-үгіт-насихат;

  2. негізі ақпараттық жүргізуші тілі.

стиль болып табылатын көпшілік алдында сөйлеу стиль боп табылатын диктор немесе хабарлама

Авторлар «шешендік сөйлеуді» сөйлеудің өзіндік түрі ретінде
публицистикалық стиль нормаларына бағынатындығына қарай ажыратады.
Ұсынылып отырған жіктеуіш – терминологиялық қолданыстың дұрыс еместігі
және көпшілік алдында сөйлеу типологиясының негіздерінің сәйкес еместігі
туралы тұжырымдарымыздың расталуы. Авторлар көпшілік алдында сөйлеу
үшін де жетекші стильді үгіт-насихат пен шешендік сөйлеуді іріктеудің негізі
ретінде публицистикалық стильді алады [57,с. 125].
Көпшілік алдында сөйлеу түрлерін жіктеудегі ең қиын нәрсе – бұл
жіктеуді және сол жіктелген нысандардың маңызды қасиеттері мен тұрақты
байланыстарын көрсете отырып,талаптары бойынша іріктеу керек.
Н.П. Вольвак бастаған бір топ орыс ғалымдары белгілі бір іс-әрекетке
түрткі болатын сөйлеуді үгіт-насихат, императивтік, қозғағыш деп атайды.
Көрсетілген нысандар туралы білім және олардың жіктелуі өзара байланысты
жіктеу танымның ерекше әдісі болып саналады [58,с. 41].
Біз «көпшілік алдында сөйлеу» және «шешендік сөз» ұғымдарын синоним
ретінде қараймыз. Ораторлық сөйлеудің түрлері мен пайда болуы
коммуникация саласына байланысты – ғылыми, іскерлік, ақпараттық-
насихаттық, әлеуметтік және тұрмыстық қатынастарға байланысты да
ажыратылады. Ғылыми сөйлеуге, мысалы, университеттегі дәріс, ғылыми есеп
жатса; іскери-дипломатиялық сөйлеуге – конгресстегі сөз ақпараттық-
насихаттық-әскери-патриоттық сөзге – митингідегі сөз жатады [59,с. 98].
Қазақ шешендік сөздерін – шешендік арнау, шешендік толғау,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет