Шаршысөз дискурсыны



бет17/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

шешендік дау деп мазмұнына қарай үшке бөлдік. Осыған орай жинаққа енген
сөз нұсқалары үш салаға бөлініп берілді. Шешендік арнау деген бөлімге
біреу арнайы айтқан әңгіме, сын, әзіл сөздері; шешендік толғауға термемен
айтылған тілек, өсиет, нақыл, толғау, тоқтау (естірту, көңіл айту) сөздер; ал
шешендік дауға жер, жесір, құн, мал және ар-намыс дауларымен байланысты

туған сөздер енді. Мысалы, ханымы Айғанымға:
Қайрат деген қыран бар,
Уәлихан
қайтыс болғанда Байдалы бидің
оның

Қайғыға тізгін бермейтін. Қайғы деген жылан бар Өзекті шағып өрлейтін.
Мен қайғыңды қозғағалы келгенім жоқ,

Қайратыңды
арнауға жатады.
қолдағалы келдім, –
деп көңіл айтуы шешендік

Бөлтірік шешеннің:
Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, Күншілдік деген бар, содан сақтан, Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр. Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол! деген сөздері де шешендік
арнау үлгісі болып табылады.
Шешендік арнау сөздер мазмұны мен түрі жағынан алғанда аңыз
әңгімелерге жақын. Бірақ әңгімеге қарағанда шешендік сөздің көлемі шағын
келеді, мазмұны өсиет-насихатқа құрылады, баяндаудан гөрі мақал-нақыл
сөздерге бейім болады. Құрамында қарасөз бен өлең сөз араласып, алмасып отырады.
Шешендік толғау сөздер тұрмыс-салт жырларына, ақындық толғау-
термеге ұқсайды. Бірақ бұл ұқсастық форма жағынан ғана, ал мазмұнына көз
салсақ, шешендік толғауларда бастан-аяқ өсиет, ақыл айтылады, сөйлемдері
тапқырлық ойға құрылады. Сондай-ақ, мақал-мәтел, сұрақ-жауап,
шешендік нақыл, қанатты сөз, шешендік жұмбақ, шешендік мысал түрінде келеді.
Шешендік толғауға Асан қайғының:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ Құлан қайтіп күн көрер? Аяғы жоқ, қолы жоқ Жылан қайтіп күн көрер? Жалаң аяқ балапан Қаздар қайтіп күн көрер?
Шыбын шықса, жаз болып, Таздар қайтіп күн көрер?
Көлде жүрген қоңыр қаз Қыр қадірін не білсін?
Қырда жүрген дуадақ Су қадірін не білсін? Көшіп-қонып жүрмеген
Жер қадірін не білсін?! деген толғаулары, Мөңке би айтқан:
Бұл заманда не ғаріп? Қадірін біліп ұқпаса, Дүррі гауһар сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қария болар тез ғаріп. Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын, шалқар көл ғаріп ... деп келетін сөздері жатады.
Шешендік толғаудың бір түрі – ақыл-кеңес, тәлім-тәрбиеге бағытталған шешендік нақыл. Шешендік нақылға Малайсарының: «Үйіңнің

алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда ақылгөй жазып қойған хатпен тең» деген сөзі жатады.
қарт болса,

Шешендік даулар көлемі шағын, оқиғалы әңгіме (новелла) сияқты. Бірақ мұнда оқиға мен кейіпкер сипатталмайды, сол оқиға тұсында туған «бір ауыз»
тапқырлық ой, шешендік сөз айтылады. Шешендік дау мазмұнына қарай жер
дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы болып бөлінген.
Дау – қазақы ортада руаралық немесе тайпааралық егестерді және осының өршіген түрі – сан алуан тартыстарды білдіретін ұғым. Сондай-ақ, дауға ерекше
өршіп ру-қауым деңгейіне жеткен тұлғааралық дау-дамай да жатқызылады.
«Жеті жарғы» заңдар жинағында көрсетілгендей дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктелген.
Ертеде қазақы ортада даугерлер ел арасындағы құрметті, қадірменді
ақсақалдарға жүгініп, дауларын халықтың жөн-жоралғысымен қарап, билік
айтуын сұраған. Олардың билігіне разы болмаса, онда даудың әділ шешімін
табу үшін халықтың әдет-ғұрыптық заңдарын жақсы білетін, елге танымал биге барып шағымданған.
Қазақтың тұрмысында, әлеуметтік өмірінде үлкен дау-жанжал көбінесе
жерге, жесірге, малға, құнға қатысты болған. Жер дауы – жайылымдық және
шабындық жерлерге қатысты руаралық немесе жеке адамдар арасындағы дау.
Жесір дауы – отбасылық-некелік салттың бұзылуына қатысты дау. Қүн дауы –
кісі өліміне байланысты, мал дауы – дүние-мүлікке қатысты дау.
Дауласушылардың, куәгерлердің қатысуымен өтетін дәстүрлі билер жиынында, негізінен, байырғы ортаның дay мұраты – бітім қағидасы бойынша, екі тарапты
татуластыру, бәтуалы бітімге шақыру мақсаты көзделген, яғни қазақ
қоғамындағы құқықтық мәдениеттің негізгі принципі басшылыққа алынған.
Онда дауласушы жақтардың сөз ұстаған билері шығып, қамшы тастап,
өздерінің дәлелдерін дәйекті түрде жеткізіп отырған. Дауда шешендік,
тапқырлық, қарсы жақтың осал жақтарын дәл басатын біліктілік керек. Дауға
төбе би төрелік айтады. Төбе бидің шешіміне даугерлер де тоқтауға тиіс.
Ертеректе шешімі қиын даумен би алдына жүгініске барған кісілер ақ және
қара қылдан ескен жіп ала барған. Егер дауласқан екі жақ та би шешіміне
тоқтаса, билік айтушы айттым – бітті, кестім – үзілді деп, даудың шешілгенін
білдіреді де, жіпті қақ ортасынан қияды. Бұл – билік айтқан адамның «ақ» пен
«караны» ажыратып, қара қылды қақ жарған әділдігін білдіретін семиотикалық таңба. Кейбір деректерге қарағанда, жіпті қарала киінген кемпір кесетін болған. Қазақтар жайлы көптеген маңызды дерек қалдырған А.Янушкевич (1803-1857) осындай оқиғаның тікелей куәсі болғандығын баяндайды: «Екі қазақ бірдеңеге
таласып, әділ төрелігін естуге биге келіп жүгінеді. Ол билік айтқан кезде
дауласқандар жіптің екі басын ұстап биге береді. Даудың шешілгендігінің
белгісі ретінде ол жіпті екіге бөледі». Бұл ғұрыптың орындалуы – даудың
аяқталуын, қарсы жақтардың мәмілеге келуін, қазылыққа ризалығын
аңғартады. Егер «ала жіп» кесілмей тарқаса, даугерлер билікке риза
болмағанын, жанжалдың шешімі кейінге қалдырылғандығын білдіреді. Билік
айтқаны үшін кесілген айыптың (малға есептеп) оннан бірін билерге береді.

Даулы мәселелер өш алу, есе қайтару мақсатымен емес, гуманистік
құндылықтар аясында ел тыныштығын, ағайын татулығын сақтау тұрғысынан қаралған. Дау дұрыс шешімін тапқан жағдайда, айыпкер жасаған қылмысының көлеміне қарай ат-тон айыбын төлеп құтылған.
Қазақы ортада руаралық немесе тайпааралық арасындағы талас-тартысты
туыстық-рулық қатынастардың шежірелік жолмен негізделген іргелі
принциптері мен нормалары арқылы шешіп отырды. Мұндайда алдыңа келсе, атаңның құнын кеш деген мақалға негізделген принципке жүгінген.
Қазақ халқының тарихында көп кездесетін дау – жер дауы. Бұрындары
жариялана қоймаған бір деректе Тройцкий қаласын салдыруға рұқсат берген ел
иелері қатал сыналады: «Мөңке би Кіші жүз, Шекті елі екен. Орта жүзде бір
Жәнібек, Ұлы жүзде бір Жәнібек болған екен. Екеуінің қайсысы салдырғанын
білмейді, әйтеуір бір Жәнібек қажылардың барып жүрген орнына Тройцкий
деген қала салдырғалы алғашқы қазықты шаныштырған екен. Мұны естіп
Мөңке би бұл қай Жәнібек екен деп, Кіші жүз Шекті елінің Нұралы ханына
келіп сұрайды. Бірнеше күн өткен соң Орта жүздің сәуегейі Жәнібекке кездесіп, сәлем бергесін: «Балам, қай ру, қай елсің»,– депті. Бала «Шектімін»,– дейді. –
«Жылқым жоғалып,– сіздердей аталардан үміт етіп, қайдан іздесем табар екем деп келіп едім». Жәнібектің әдеті, бал ашарда атынан түсіп, ер-тоқымын басына
жастап, орамалын бетіне жауып жатып ұйықтаса, түс көреді екен. Аз-мұз
мызғып жатады да түрегеліп сөйлейді: «Жылқыңды ешкім айтпай-ақ табасың.
Үшеуі жатыр, төртеуі түрегеліп тұр екен», – дейді. Сонда Мөңке «Сіз
сәуегейлікпен жылқының қайда екенін білдіңіз. Сөйте тұра сіз қазақ елінің
қамын неге ойламайсыз. Тройцкийге көңіл бөлгенше, кейінгі қазақ нәсілінің
келешегін неге болжамайсыз?», – деген екен.
Мөңке би толғауларының негізі өзегі – отаршылдыққа қарсылық сарын. Мем-
лекеттің түзімнің құлауы, көшпелі өркениеттің дағдарысы, тұйыққа тірелген ел
өмірінің әлеуметтік өткір арналары толғауда толық қамтылады: Жақсыны алдар жезбенен,
Іріткі салар сөзбенен. Өзен мен көлге атақты, Толтыра салар қаланы.
https://egemen.kz/article/158544-dala-danagoyleri-mayqydan-monhkege-deyin
© egemen.kz
Мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем
тілді, үлгілі сездер ғана шешендік сөз бола алады. Әрине, белгілі бір шешеннің
сөзінен халық шешендігінің айырмасы үлкен. Ең алдымен, халық шешендігі
түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні. Оның үстіне ондаған,
жүздеген адамның өңдеуінен өтіп, халық арасына кең таралып, нақылға,
тақпаққа айналып кеткен сөздер.
Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи
құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы
сыннан өтіп, халық қабылдаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның
үстіне әр дәуірдің, әртүрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп,
шешендік сөз «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие

болады. Мазмұны терең, тілі көркем, ақылға шешендік сөз немесе аталы сөз деп аталады.
қонымды, сезімге
әсерлі сөз
ғана

Қазақ
тарихында батыр-билердің, ақын-жазушылардың аталы, үлгілі

сөздерден үйренбегені, үлгі алмағаны жоқ. Бұхар мен Махамбет жыраудың
толғаулары, өлең-жырлары, шешендік сөзге, тапқырлық ойға толы. Белгілі
ағартушыларымыз Ыбырай Алтынсариннің, Шоқан Уәлихановтың еңбек-
теріңен, әсіресе хаттарынан қазақтың дәстүрлі шешендік өнерінің әсері «мен
мұндалап» тұрады. Әсіресе, қазақ әдебиетінің классиктері Абай Құнанбаев пен
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына ежелгі шешендік өнердің ықпалы
айқын сезіледі. Өлең, дастандарын айтпағанда, Абайдың мақал мәтелдерге,
нақыл-насихатқа бай қарасөздерінде халық шешендерінің үлгі-нұсқасы мол.
Дәстүрлі шешендік өнердің белгілі қазақ совет жазушыларына тигізген әсері де
аз емес. Ондай әсерлерді біз ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, Ғабит
Мүсіреповтың алғашқы әңгімелері мен пьесаларынан көреміз. М. Әуезовтің
«Еңлік-Кебек» пьесасынан, Ғ. Мүсіреповтің «Ана туралы аңызынан» шешендік
сөздердің небір тамаша үлгілерін кездестіруге болады. Халық шешендік
өнерінің осындай игі ықпалы Жамбыл Жабаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс
Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің, Сәбит Мұқановтың, Ғабиден
Мұстафиннің, Әбілда Тәжібаевтың, Иса Байзақовтың, Асқар
Тоқмағанбетовтың, Қасым Аманжоловтың т. б. талантты ақын-жазушылардың
шығармаларынан да табылады. Сонымен, көпшілік алдында сөйлеу
типологиясы мәселесі әлі де арнайы зерттеуді және онымен терең айналысуды
қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет