Лингвистика ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоөзектік бағытпен
сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдігімен ерекшеленеді.
Антропоөзектік бағыттағы лингвистиканың алға қойған мақсаты – тілдік
субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің тілдің барлық деңгейлерінде көрініс
табуын зерттеу болып табылады. Сондықтан қазіргі таңдағы тіл ғылымының
басты мақсаты – тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де
кешенді үрдісті дамыту. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиялары
басқа да ғылым салаларымен,
атап айтқанда психология, философия, логика,
мифология, этнография т.б. тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр.
Тілдік тұлға дегеніміз – мәтіндерді тудыру және қабылдай алуғ қабілетті
адам. Ол қабілеті құрылымдық-тілдік деңгейімен, шындықты бейнелеудің
тереңдігі және дәлдігімен, нақты мақсатқа бағытталуымен ерекшеленеді.
Тілдік тұлғаның деңгейі әртүрлі жасалуы мүмкін:
қарапайым тілді меңгеру
деңгейін көрсететін құрылымдық-тілдік деңгей және оның дамуын, мінез-
құлығын басқаратын уәждемелер мен мақсаттарды айқындайтын, оның мәтін
тудырушылығын басқаратын және әлемнің тілдік моделіндегі мәндер мен
құндылықтар йерархиясын анықтайтын лингво-когнитивтік деңгей. Тілдік
«Адам және тіл» мәселесі соңғы уақытта
мол өзектілікке ие болуда,
өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгеңде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.
Тіл когнитивтік құрылымдардың ментальдік көрінісі көмегімен дүние
туралы білімдерді концептілеу мен категориялау процесінде дүниенің ғаламдық
бейнесін көрсетіп, түсіңдіріп береді. Концептілер жүйесі немесе концептілік
жүйе дүниенің
концептілік, тілдік суретінің негізгі бөлігі, рубрикатор болып
табылады. Тілдік таңбалар мен оның ішіндегі бейнеленген мәдени, әлеуметтік
шындық құбылыстар арасындағы қатынас когнитивтік семантика мен
вербалдану тәсілдерінің мазмұнын құрайды. Сөйтіп тіл мен тілдік бірліктерді
зерттеуден когнитивтік лингвистика
тілдік шеңбер аумағынан шығып, жеке
когнитивизмнің адам санасындағы ментальдік процестерді басқаратын жалпы
принциптері туралы ғылымның мәселелерімен, сондай-ақ лингвомәдениеттану,
этнолингвистика, психология, философия пәндерімен байланысады.
Тілді динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен
де, адамдық факторлармен де сабақтастығын
зерделеу қазіргі қазақ
лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне
көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп келеді. Осыған орай, қазақ тіл
білімінің концептуалдық қоры мен әдіснамалық негізі құнды зерттеулердің
дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ
топырағында қалыптасып, ғылымдар тоғысында
шешімін тауып келе жатқан
тілтаным теориясының ғылыми негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады.
Билер мен бектердің халық арасындағы жер дауы, жесір дауы, құн дауы,
мал дауындағы әділ шешімдері уақыт өте келе саралана түсті. Данышпан би ба-
балар түзіп өткен әдет-ғұрып заңдары нығайып, шыңдалып,
кемелденіп, дала
демократиясының негізін қалаған.
Қорыта келгенде, ғылыми таным, дәстүр, сабақтастық секілді мәселелер
байланысын құраған тіл білімі адамзат болмысымен ұштаса, өмірімен тоғыса