Шаршысөз дискурсыны


ШАРШЫСӨЗ ДИСКУРСЫНДАҒЫ АДРЕСАТ ФАКТОРЫ



бет19/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

ШАРШЫСӨЗ ДИСКУРСЫНДАҒЫ АДРЕСАТ ФАКТОРЫ


  1. Шаршысөз дискурсының функционалдық ерекшеліктері

Дискурсты сөйлеу тұрғысынан алып қарастырсақ та, сөйлеу, ең алдымен,
ауызша формада жүзеге асырылатыны мәлім. Сол себепті сөйлеудің қайнар

көзі, бұлағы шешендік сөздерде, шешендік мәдениетінің озық үлгісі – шешендік өнер.
өнерде деуге болады. Сөйлеу

Шешендік өнерде прагматиканың орны ерекше. Коммуникацияға түсуші
сөйлеуші мен тыңдаушы сөздерінің өн бойынан прагматика орын алады.
Шешендік сөздердің прагматикасы жайлы ғалым Д.Әлкебаева былайша
тұжырым жасайды: «Қазіргі шешендік сөздің прагматикасы иландыру мен

дәлелдеу мақсатын көздейді, олардың стилистикалық әсер тудырады.
басты мәні
әртүрлі сұрақ
төңірегінде

Шешеннің ақыл-ойы мен эрудициясы, білгірлігі, сұрақтарға дәлелді жауап
қайтаруы, кәсіптік шеберлік әдіс-тәсілі шешеннің прагматикасын жүзеге асырады» [10,б. 138].
Прагматика адамның коммуникативтік іс-әрекетінің ауызша (дискурс),
жазбаша (мәтін) екі формасында қарастырады. Дискурс пен мәтіннің негізгі
мәселелерінің қатарынан прагматика да орын алады. Осыған орай ғалым З.Ш.
Ерназарова: «Қазіргі сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық
негіздері» атты еңбегінде мәтіннің ауызша, жазбаша формасында сөйлеуші мен
тыңдаушының сұхбаттасуы, коммуникацияға түсуі, қандай мақсатта
қолданылуы қарастырылады. Коммуникация бейвербалды, вербалды түрде екі
немесе одан да көп тұлғаның бір-бірімен ақпарат алмасуы прагматикаға қатысы арқылы жүзеге асады. Прагматиканың негізгі зерттеу саласының бірі – дискурс. Прагматика – динамикадағы мәтін – дискурсты оны дүниеге келтіруші адаммен
байланысты қарастыратын ғылым деп атауға болады, – деген тұжырым
жасайды [16,б. 35].
Көпшілік алдында сөйлеу – дәстүрлі риторика нысаны. Ол тар мағынасында шешен сөйлеуді қарастыратын кешенді пән, ал кең мағынасында ғылыми түсініктерге сәйкес қарым қатынастың сенімді әрі әсер етуші формасы дегенге саяды.
Қажеттілікке деген талпыныс пен тартыста халықтың түрлі діттегені, сан
алуан көзқарастары мен әлеуметтік бағдарлары бір-бірімен әрқалай табысады.
Шешен әрбір көзқарасқа әлеуметтік сипаттама береді, оны зиялы ортамен
байланыстыру жолы мен тәсілін қарастырып, өмірлік құндылықпен
үйлестіреді. Шешендік әңгіме немесе ой жарыста байланыс тәсілі мен
тәжірибесін толықтыру арқылы адамдардың қоғамдық болмысының түрлі
сыры мен қырын, арқауы мен астарын ашады. Пікір таластырушы қайсысынан
шындыққа апаратын жол, әділдікке жететін тәсіл тапса, тыңдармандар сол
идеялар мен ұсыныстардың төңірегінде топтасады.
Шешендік өнердің тарихы тереңде, таралу түрі әрқалай. Оны танымдық
қызметі жағынан, кейбір ғалымдар – пікірталас, ойжарыс, тойтарыс, үнқатыс
деп, идеялық жағынан – сырласу, сұхбаттасу, рухани ілгерілеу деп, әлеуметтік-

құндылық жағынан – шешім табыс, қадым алыс, тұлғамен табысу деген
кезеңдерге жіктеп қарастырады (сурет 2).





Сурет 2 – Шешендік дискурстың жұмсалымдық қызметі



Бұлар – сөз бен сөйлесу өнерінің сапасы мен олардың
эволюциялық

сабақтастығын білдіреді. Сөз бен сөйлемнің заттық аясы мен ондағы ойдың
логикалық құрылымын анықтамасақ, онда шешендікті әлгі түрлерге бөлу
шартты сипатта қалады. Оның үстіне, сөз өнерін анықтау дегеніміз онда
қалыптасқан сөздің мағынасын анықтау немесе оған жаңадан енгізіп жатқан
белгілердің мағынасын қалыптастыру мәселесін де қамтиды.
Нағыз шешендер қоғамдық мақсатты, мұратты, құндылықты

қалыптастыруға, таратуға, қолдануға тікелей араласады.
Байыбына барсақ, би-шешендер – халықтық өмірдің, халықтық

рухтың


жемісі,
ұлттық құбылыстың рухтық жеңісі. Халықтың өкілі ұлттық тілде

сөйлеп қана қоймай, сол тілде ойланады, толғанады, түйінді тоқтам жасайды.

Ана тілін, туған жерін жақсы көргендер ұлттық
психология мен
ұлттық

болмыстың ерекшелігін дұрыс түсіндіре алды.
Би-шешендердің шығармашыл үдерістерінен, ел басқару мен ел
бітімдестірудің әдет-ғұрыптық, сөз саптау және ой түйіндеу үлгісінен халықтың

зердесі жетілді, ұлттық идея нәрленді. Зерделі халық сөз иініне, ретті қисынға, шешімі айқын билікке тоқтады. Билік – сөз өнерінен басталады.
Риториканың теориялық және қолданбалы аспектісі үшін сөйлеу мазмұны және оның нәтижесі маңызды. Осылайша риторикалық көзқарас, бір жағынан,
«ойдан сөзге дейінгі» (сөйленер сөз) аралықты байқай отырып, шешеннің
ойын жеткізудегі просодияның қатысуын қамтамасыз етуге, екінші жағынан
просодияның рөлін тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тілдің басқа
деңгейлерінің әсер етуі риторикалық дискурстың тиімділігін арттырады. Бұдан
риторикалық зерттеулердің екі маңызды принципі шығады: риторикалық
дискурс және антропоөзектіліктің белсенді сипатын көрсету. Риторика,
А.А.Волков, тұжырымы бойынша «сөздің жеке философиясы», сондықтан ол
«сөйлейтін адам» мен «тыңдайтын адамның» арасындағы сөз және тілдің түрлі аспектілерін түсіну кілті болып табылады [60,с. 221].
Осы қағидаларға сәйкес, шаршытопта сөйлеудегі просодикалық қатардың
ерекшелігі бір жағынан, шешеннің риторикалық қызметі мен өзін-өзі танытуға
деген ұмтылысымен, ал екінші жағынан, аудиторияның осы іс-әрекетке
қатысуымен байланысты. Сондай-ақ, бұл үдерісте «адресат» және «адресант»
факторына ерекше назар аударылады, ал риторикалық тұрғыдан әсер ету

мәселесі баяндамашы мен аудитория арасындағы мезгілде қарастырылады.
өзара байланыспен бір

Риторикалық көзқарас сөйлеу
қарым-қатынасының шығармашылық

аспектісіне де ерекше қызығушылық тудырады. Шаршытопта сөйлеу –
риторикалық дәстүрдің ғасырлар бойы сақталған ережелеріне сәйкес
регламенттермен реттелген формасы болып табылады. Бұл автордың даралығын және әрбір коммуникациялық жағдайды көрсететін жаңа әрі бірегей
«риторикалық оқиға».
Зерттеуші Е.Л.Фрейдина шешендік дискурстың қызметіне арналған
зерттеу жұмысында қазіргі таңдағы шаршытопта сөйлеу формаларын
риторикалық шығарма ретінде сипаттап, мәтіндегі просодияның негізгі
қызметіне тоқталады. Британдық академиялық шаршытопта сөйлеу
материалдары негізінде жазылған зерттеу барысында төмендегідей мақсаттарды алдына қояды:

  • шаршытопта сөйлеудің ретінде қарастыру;

ерекшеліктерін риторикалық
мәтін-дискурс

  • заманауи британдық академиялық шаршытопта сөйлеудің

жанрлық

және функционалды-стилистикалық сипатын анықтау;

  • академиялық айқындау;

шешендіктің
стилдік сипатын анықтайтын факторларды

  • мәнмәтіндегі академиялық анықтау;

сөйлеу
қатарының
риторикалық
бағытын

  • академиялық шаршытопта сөйлеудің экспрессивті аспектісін жүзеге

асырудағы просодияның рөлін мен риторикалық бағытын айқындау;

  • шешеннің дискурсивті стратегияларын және оны жүзеге асыратын

интонациялық техникаларын жүйелендіру;

жеке стилін
қалыптастырудағы просодикалық
бірліктердің

  • академиялық мәртебесін анықтау.

шаршытопта сөйлеу формасының
фоностильдік

Риторикалық көзқарастың тағы бір ерекшелігі – дискурстың мазмұны мен
тіліне әсер ететін барлық экстралингвистикалық факторлардың жиынтығы
(қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-мәдени, психологиялық фактор) ғылыми
талдаудың ауқымын қамтиды [61,с. 205].
Адам сөйлеген кезде өзіне керекті ақпаратты толығымен қайтадан бастап
баяндамайды. Тыңдаушы үшін де, өзі үшін де бұрыннан таныс нәрсені
мейлінше азайтып, көп болса екі-үш сөзбен жеткізуге тырысады. Сондықтан ықшам, қысқа сөйлеу арқылы коммуниканттар ауызша сөзге тән бірінші шарт
үнемдеу заңын орындап отырады. Мұның бастауы, негізі қазақ шешендік
сөздерінде жатыр. Осындай шешендік сөздер ерекше сипатқа ие. Шешендік дискурс:

  • Белгілі бір кеңістікті қамтиды;

  • Белсенді әрекетке құрылады;

  • Интерактивтік қатынас болады;

  • Ақпарат беруге негізделеді;

  • Сөйлеушінің тыңдаушыға, тыңдаушының сөйлеушіге ықпалы басым;

  • Эмоционалдық мазмұн басым;

  • Үн, ырғақ, интонацияға да қатысты болады;

  • Бейвербалды құбылыстар кездеседі;

  • Салыстыру қасиеті көрсетіледі;

  • Сөйлеудің еркінділігі басым;

  • Сөйлеудің жылдамдығы айрықша көрінеді;

  • Қайталамалар жиі қолданылады


Сурет 3 – Шешендік дискурстың жұмсалымдық қызметі


Шешендік сөздерді қолданылу сипатына қарай былайша топтап көрсетуге болады:

  • Шешендік сөз – эгоцентристік сөз. Қарым-қатынас жағдайында шешен (

сөйлеуші) өз сөзін үнемі тыңдаушысының білім қорын, қабілетін ескере

отырып құрады.

  • Шешендік сөз – жалпыхалыққа түсінікті сөз.

әлеуметтік мәнділігіне шектеу жасалмайтын,



  • Шешендік сөз – алдын-ала дайындалмаған арнайы сөз.

  • Шешендік дискурс міндетті түрде ситуацияға, бізді қоршаған әлемде не

немен, қалай байланысатындығын білдіретін білімдер құрылымына сүйену
арқылы жүзеге асады. Бірнеше кезеңдерді қамтиды: 1-кезең – берілген сұрақ, хабарды сұрыптау;

2-кезең – аялық білім, қолданылатын амал-тәсілді таңдау; 3-кезең – келесі мүмкіндік;
4-кезең – қайтарылған жауап.
Жоғарыда берілгендей, шешендік сөздер дискурсында оқиға төрт кезең арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші кезең берілген сұрақтың шешеннің санасында сұрыпталып, сыртқа
шыққанға дейінгі аралығын қамтиды (берілген сұрақ, хабарды сұрыптау);
екінші кезең оқиғаның жүзеге асырылуына орай қолданылатын амал-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет