Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
|
Топқа оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздардың формулары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас 4 топқа бірігеді.
1 топ: Оксид
2 топ: Негіз
3 топ:Қышқыл
4 топ: Тұз
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздардың формулары жазылған қима қағаздар топтамасы
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны
|
\Жаңа сабаққа кіріспе
7 мин
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1.Химиялық байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
2. Келесі қосылыстардағы химиялық байланыс түрін көрсетіңіз:
а) NaCl, CaBr2 –иондық байланыс түрлері;
ә) Na2SO4 CuSO4, NaOH - иондық және ковалентті полюсті;
б) HCl, H2SO4, HNO3 - ковалентті күшті полюсті;
в) C2H6O, HСООН - ковалентті әлсіз полюсті.
|
|