І бағыт. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.
ІІ бағыт. Педагогикалық біліктілікті арттыру.
ІІІ бағыт. Инновациялық қызметті әдістемелік ақпаратпен қамтамасыз ету.
ІVбағыт. Мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату.
V бағыт. Эксперимент сыныбындағы оқушылардың білім сапасын мониторингілеу және нәтижесін анықтау.
Айтылған технологияның басты ерекшеліктері:
1. «Оқушының өз бетімен белсенді танымдық іс-әрекет етуі нәтижесінде білім алуы талабына сәйкестігі» принципі.Осы принципке сәйкес интербелсенді оқыту процесі ұйымдастырылады.
2. Дамыта оқыту технологиясына ережелеріне сәйкес болуы. Нәтижесінде дамыта оқыту критерийлерін басшылыққа ала отырып, білім алушыларды әділ бағалау жүзеге асады.
3. Компьтерлік бағдарламаларды пайдалану принципі. Қазіргі уақытта электронды оқулық, интернет желісі, гаджет түрлері, білім беру сайттары материалдарын пайдалану қажеттілігі сөзсіз.
Талапқа сай материал мөлшерін анықтап, білім берудің мемлекеттік құжаттарына сүйене отырып және әлемдік озық тәжірибеге сай талаптарын негіздеуге қажетті механизмдер де ескеріледі. Осындай мақсатта оқушыларға білім беруде тиімді технология түрлерін пайдалану қажеттілігін педагогтер қауымы түсініп, күнделікті оқу процесінде қолданылуда.
Қазіргі кезеңде оқыту технологиясын қалай түсінеміз?
«Оқыту технологиясы» – бірнеше бөліктерден тұратын күрделі ұғым:
1. Оқу үдерісінің негізгі мақсатының болуы.
2. Қолданылатын технологияның мәні.
3. Әдістер мен тәсілдер. Әдістердің жиынтығы әдістеме дейміз.
4. Жеке,жұптық,топтық,фронтальді,ұжымдық оқыту түрлері бар.
5. Құралдар, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (e-learning және онлайн оқыту). Бұл бес компонент кез-келген технологиялық жоспардың мазмұнына тиесілі.
Жоспарды іс жүзінде орындау үшін:
6. Оқу процесін реттейтін (мұғалім) және орындаушының (оқушының) қызығушылығын тудыратын әрекеттер қолданылады.
7. Менеджердің (мұғалімнің) басқару функциялары орындалады.
8. Орындаушының (оқушының) танымдық іс-әрекетінің әрекеттері (кезеңдері) дербес орындалады.
9. Нәтиже әрбір оқушы әр тақырып бойынша бағасын алса, сабақ технологиялық тәсіл негізінде өтті деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |