Шектибаева Анара Бекбулатовна химия пәнінен үШӨлшемді әдістемелік жүйе технологиясын қолдана отырып бөлім бойынша жиынтық бағалау алу әдістемесі


-тапсырма. Берілген қосылыстардың ішінен электролиттерді теріп жазыңдар: CuSO4, KCl, HCl, CO2, AgCl, O2, Fe(NO3)3. ІІ-деңгей



бет6/22
Дата10.10.2023
өлшемі297.03 Kb.
#480292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Әдістемелік құрал шығару

2-тапсырма. Берілген қосылыстардың ішінен электролиттерді теріп жазыңдар: CuSO4, KCl, HCl, CO2, AgCl, O2, Fe(NO3)3.
ІІ-деңгей (2 ұпай)
1-тапсырма. Қатты натрий гидроксиді немесе ас тұзын табақшаға салып, оларға құралдың электродтарын тигізіп, ток көзіне қоссақ, электр шамы жанбайды. Ал оларды жеке-жеке суға ерітіп, олардың ерітінділеріне электродтарды батырсақ, электр шамы жанады. Неге? Себебін түсіндіріңдер. Жауабы: себебі, қатты натрий гидроксиді немесе ас тұзының кристалдары электр тогын өткізбейді.
2-тапсырма. Қанттың, глюкозаның немесе спирттің судағы ерітінділеріне электродтарды салып, ток көзіне қоссақ, электр шамы жанбайды. Неліктен?

2) Себебін түсіндір ?
а)Күшті мен әлсіз электролиттердің ортақ қасиеті: Электролит ерітінділері иондар түзетін заттар және олардың ерітінділері электр тогын өткізеді.
б)Күшті электролиттердің ерекшелігі: Күшті электролиттер – қышқылдар, тұздар және негіздер, бұл заттар суда ерігенде толық ионға ыдырайды.
Жауабы: себебі, олар суда ерігенде жеке бейтарап молекулаларға ыдырайды, яғни электр тогын өткізбейді
в)Әлсіз электролиттердің ерекшелігі: Әлсіз электролиттер – суда ерігенде иондарға шамалы ыдырайтын заттар.
ІІІ деңгей (3 ұпай)
1-тапсырма. Мына заттардың ішінен электролиттер мен бейэлектролиттердің формулаларын бөліп жазыңыздар: калий гидроксиді, фосфор қышқылы, керосин, бром, натрий сульфаты, сутек, йодсутек, темір (ІІІ) хлориді, глюкоза, күкірт, алюминий сульфаты, мыс сульфаты, кальций хлоридінің кристалы.
Кесте 1.

Электролиттер

Бейэлектролиттер

калий гидроксиді

керосин

фосфор қышқылы

бром

натрий сульфаты

сутек

йодсутек

глюкоза

темір (ІІІ) хлориді

күкірт

алюминий сульфаты

кальций хлоридінің кристалы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет