1-кезең. Оқу материалы тез оқу тәсілімен оқылады. Назарын солдан онға қарай жол бойынша емес, жоғарыдан төмен қарай кітап бетінің ортасы арқылы жүргізуге тырысу керек. Оқылған сөздерге қайтып келмейді, және ішінен қайталамайды, келесі жолда не болатынын табуға тырысды, бірақ оны оқымайды. Сосын дұрыс немесе дұрыс еместігін тексереді. Оқып болғандары қолын көтереді. Жүргізуші қадағалап отырады және бірінші кезең жеңімпазын анықтайды.
2-кезең. Материал әртүрлі тәсілдермен конспектіленеді. Дәптер беті төрт тік жолаққа бөлінеді. Бірінші жолаққа кілттік сөздер, мәтін жоспары, екінші жолаққа мазмұны, негізгі ойы, үшінші жолаққа түсініктемелер, кері шифрлеу жазылады (немесе тіреуші сигналдармен, бағдарлармен қарапайым суреттермен жасалған шифрлеу). Сөйтіп зерттелініп отырған материалдың блок схемасы құрылады. Конспектіге материал көлеміне тәуелді уақыт (1-5мин.) беріледі. Жүргізуші мәтінді кім бірінші конспектілегеніне байланысты нәтиже шығарады.
3-кезең. Барлық оқушылар парларға бөліну керек. Біреуі оқу мәтінін көре алатындай болып отыруы қажет (ол «мұғалім» болады), ал басқасы – сәйкесінше конспект жазады («оқушы»).«Оқушы» конспектіні қолданып мәтін мазмұнын айтып береді, «мұғалім» сұрақ қойып жауапты бағалайды. «Оқушы» (жауап берген) қолын көтереді. Егер «мұғалім» жауапқа қанағат етпесе, оқушы қолын көтермейді. Қолдарын бірінші болып көтергендер («оқушы» және «мұғалім») жеңімпаз аталады.
4-кезең. Екі топ мәтін бойынша бірнеше қызықты сұрақтар дайындайды және жауап жаттауы керек. Бағалау үшін жүргізуші және оның көмектесушілері түрінде жюри тағайындалады. Жюри сұрақтардың қызықты, ал жауаптардың өзіндік болуын бағалайды.
ОҚЫТУДЫҢ «ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН БЖБ АЛУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Жалпы білім беретін мектепте оқушы үшін қажетті білімнің іргетасы қаланады. Ол өмір бойы азық болатыны белгілі. Мұғалімдердің басты мақсаттары – білім алушыны болашақ өмірге жетелейтін, тұлға болып қалыптасуына жол ашатын біліммен,тәрбиемен қаруландыру, әлемдік білім кеңістігіне жол көрсету.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру үшін сауаттылықты, білімділікті, жаңа технологияларды шебер игеруді қажет етеді. Әрбір пән оқытушысы өз пәнін қандай технологиямен өткізу керектігін шеберлігіне орай таңдап алады. Сондай әдістемелік «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (ҮӘЖ). Аталмыш технологияның басты ерекшелігі – әдістемелік жүйенің, яғни сабақ жоспарының барлық құрылымдарының үшөлшемділігінде.
Аталған технологиясын білім беру процесінде пайдалану кезінде оқушылар:
а)айтылған технология әдістері арқылы білім алушылар өзіндік жұмыстар жасауға көп мүмкіндіктері бар;
ә) сабақ барысында әрбір негізгі тақырыптарға сай баға қойылады. Бұл кезде оқушылар жауап беру барысында бір-бірін толық тыңдап, олқы тұстарын тереңдетіп, күрделендіріп берілетін бірінші,екінші,үшінші деңгейдегі тест тапсырмаларын орындайды. Тапсырманы жасау кезінде білім алушы өз қабілеті мен деңгейіне сәйкес ұпай жинақтайды.
Бірінші деңгей бойынша тапсырмалар оң бағытта, нәтижелі болса, бес ұпай, екінші деңгей үшін төрт ұпай, үшінші деңгейге үш ұпай қосылып, барлығы он екі ұпай жинайды. Осы кезде оқушының білім көрсеткіші «өте жақсы» деп есептеледі де, дәстүрлі бағалауға сәйкес «бес» бағасы қойылады. Әр білім алушының жоспарға сай тақырыптар бойынша білімін тексеру уақытылы жүргізіліп, біліктілігіне сәйкес баға қойып оқыту аталған технологияның бір ерекшелігі болып саналады.
Үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясына сай деңгейлік тапсырмалармен білім берумен қатар қазіргі қорытынды бақылау жұмысы алу,яғни бөлім бойынша жиынтық бағалауды жүргізуді (БЖБ)жоспарлау әдістемесі. Оның ерекшелігі әрбір тарау үш қорытынды сабақпен аяқталады. 1) деңгейлік тапсырмадан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс. (тарау бойынша олқылықты анықтау)
2)Коррекциялық жұмыс. (тарау бойынша олқылықты жою)- ішкі бақылау, негізгі журналға бағасы қойылмайды.
3)Деңгейлік тапсырмадан тұратын бақылау жұмысы – сыртқы бақылау , бағасы негізгі журналға қойылады.
Бұл үш сабақ не үшін керек? БЖБ алу үшін стандартқа сай уақыт 20 мин беріледі. Оқушы үшін уақыт жеткіліксіз және қатемен жұмысқа сағат бөлінбейді. Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшілікті қаншалықты жойғанын дәлелдеуге мүмкіндік болмайды. Сондықтан ҮӘЖ технологиясы бойынша міндетті түрде бжб алуда дайындық ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмысқа арналу керек. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмысқа арнауға болады. Бұл жағдайда БЖБ алу тарау бойынша екі тиянақтау сабағымен аяқталып отырады: біріншісінде – өзіндік жұмыс пен коррекциялық жұмыс, екіншісінде – бақылау жұмысы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |