Шектибаева Анара Бекбулатовна химия пәнінен үШӨлшемді әдістемелік жүйе технологиясын қолдана отырып бөлім бойынша жиынтық бағалау алу әдістемесі


«ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



бет4/22
Дата10.10.2023
өлшемі297.03 Kb.
#480292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Әдістемелік құрал шығару

«ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қоғамның жедел дамуына орай мектеп мұғалімдеріне қойлатын талап,оқытудың әдіс-тәсілдері,технологиялары күнбе-күн жаңартылуда. Кез келген технологияны химия пәнінде қолдана алмаймыз,сондықтан тиімді, оқу процесіне оң нәтиже беретіндерін ғана қолданған жөн.Осындай технологиялардың бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың ҮӘЖ технологиясы мектеп практикасында қолданылып жүр.


Аталған технологияның ерекшеліктеріне тоқталсақ:
- мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес білім мен тәрбие беріледі;
- оқушылардың білімін әділ бағалау мүмкін болады;
- заманауи талаптарға сай келеді,
- оқушылардың өз бетімен іздену мүмкіндіктеріне жол ашады;
- дарынды балалар анықталады,шығармшылықпен жұмыс жасайды.

Аталған технология бойынша оқушылардың іс-әрекетіне басымдылық беріледі. Өз бетімен ізденеді, деңгейлік тапсырмаларды рет-ретімен орындайды, оқу-білімге ынтасы, қызығушылығы артады,сабақ барысында оқушылар 1-деңгейден бастап орындайды, әрі қарай да класта, үлгермесе, үйден орындап аяқтауларына болады.


Аталған оқыту технологиясының құндылығына тоқталатын болсақ:
- күрделі, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді;
- білім алушыларды халықаралық білім беру жүйесіндегі пайдаланылатын рейтинг арқылы ұпай жинауға үйретеді.
Әр сабақта оқушы өзінің еңбегін,яғни білім деңгейін өзі көреді де, аз ұпай жинағандары келесі сабақта көп жинауға талпынады, әрбір білім алушы көбірек іздену, оқу керектігінің мәнін тереңірек түсінеді.Негізгі оқулықтан басқа да көздерді: қосымша әдебиеттерді,интернет желілерін қарастырады. Төмен баға көп болмайды, оқушылардың алға жылжуы, көп еңбектенуі жиі байқалады. Мысал ретінде «Электролиттер және бейэлектролиттер» тақырыбын қарастырайық:
Сабақтың алғашқы кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап береді:
Бейорганикалық қосылыстар қандай кластарға жіктеледі? Жауабы: Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар.
1.Химиялық байланыстың қандай түрлерін білесіздер? Жауабы: Ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және иондық байланыстар.
2. Келесі қосылыстардағы химиялық байланыс түрін көрсетіңіз:
а) NaCl, CaBr2 –иондық байланыс түрлері;
ә) Na2SO4 CuSO4, NaOH - иондық және ковалентті полюсті;
б) HCl, H2SO4, HNO3 - ковалентті күшті полюсті;
в) C2H6O, HСООН - ковалентті әлсіз полюсті.
2-кезеңде орындайтын тапсырмалар:
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтырыңыз.
1) Электр тогы-зарядталған бөлшектердің: электрондар немесе иондардың бағытталған қозғалысы.
2)Заттар судағы ерітінділерінде электр тогын өткізуі және өткізбеуіне қарай электролиттерге және бейэлектролиттерге жіктеледі.
3) Электр тогын өткізетін сулы ерітінділер мен балқымалар электролиттер деп аталады.
4) Су ерітінділері мен балқымалар электр тогын өткізбесе, оларды бейэлектролиттер деп атайды.
5) Электролиттік диссоциация туралы негізгі қағидаларды 1887 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус ұсынған.
6) Сулы ерітінділері және балқығанда электролиттердің иондарға ыдырау процесін диссоциациялану деп аталады.
Электролиттік диссоциация процесінің мағынасы: қышқыл, негіз және т.б. электролиттердің молекуласы судың әсерінен иондарға ажырайды.
1) Неліктен заттарды электролит және бейэлектролит деп жіктейміз? Жауабы: себебі, заттардың судағы ерітінділерінде электр тогын өткізуі және өткізбеуіне байланысты. Электролиттердің электр тогын өткізетін себебі:
2) олар суда жақсы ериді;
3) молекуласында коваленттік полюсті және иондық байланыс бар;
4) молекуласында коваленттік полюссіз байланыс бар.
5) Қай жауап дұрыс? Дәлелді жауап беріңдер.
6) Электролиттердің анықтамасына сүйеніп, натрий карбонаты қандай күйде электролитке жататынын көрсетіңдер. Себебін түсіндіріңдер.
7) Na2CO3 – кристалды қатты зат;
8) Na2CO3 – судағы ерітіндісі; Na2CO3 – балқымасы.
(1-3). Венн диаграммасы арқылы электролиттер мен бейэлектролиттердің ортақ қасиеттері мен айырмашылығын салыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет