Электролиттер Ортақ қасиет Бейэлектролиттер
Сурет 2.
Тақырыптың басты идеясын жазыңыз
4. Қарастырылған тақырыптағы негізгі ой қандай?
а) электролиттер және бейэлектролиттердің ортақ қасиеттері: Химиялық қосылыстардың ковалентті байланысы болады.
б) электролиттердің ерекшелігі : Судағы ерітіндісі немесе балқымалары электр тогын өткізеді. Байланысы – иондық және ковалентті полюсті, кристалдық торлары – иондық болады.
в) бейэлектролиттердің ерекшелігі: Судағы ерітіндісі электр тогын өткізбейді. Байланысы – ковалентті полюссіз, кристалдық торлары – молекулалық, атомдық.
г)электролиттер мен бейэлектролиттердің ерекшелігі: Заттар судағы ерітінділерінде электр тогын өткізуі және өткізбеуіне қарай электролиттерге және бейэлектролиттерге жіктеледі.
Айтылған тақырып бойынша құрастырылған сызбадағы бос орындарды толтырыңыз.
Сурет 3.
1) Электролиттер деп суда ерігенде және балқығанда электр тогын өткізетін қосылыстарды айтамыз.
2) Бейэлектролиттер деп судағы ерітінділері мен балқымалары электр тогын өткізбейтін қосылыстарды айтады.
Балқығанда және суда ерігенде электролиттердің иондарға ыдырау процесін диссоциациялану деп аталады.
Көрнекі көрсету тәжірибесі. Электр тогын өткізгіштігін сынауға арналған қондырғымен мына заттардың: HCl мен СН3СООН қышқылының электр өткізгіштігін салыстырыңыз. Жауабы: Тұз қышқылы электр тогын жақсы өткізеді, ал сірке қышқылы нашар өткізеді.
Сіз қалай ойлайсыз: Неге қант ерітіндісі иондарға ыдырамайды, ал натрий хлориді ерітіндіде иондарға ыдырайды? Жауабы: Менің ойымша, қант кристалдары молекулаларға ыдырайды, ал натрий хлориді кристалдары суда ерігенде иондарға ыдырайды.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей (2 ұпай)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1-тапсырма. Бейэлектролиттерге қандай заттар жатады?
Спирт, қант, глицерин, оттек, азот, сутек және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |