Шетел журналистикасы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет13/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Михайлов С.А. Периодическая печать Соединенных Штатов Америки. – СПб, 1998. – 144с. и др.

2 Яблоков М.Н., Нечипоренко Н.А. Заметки о полиграфии США. – М., 1975.

3 Morgan E.S. The American Revolution Considered as an Intellectual Movement / Paths of American Thought. Ed. by A. M. jr. and M. White. Boston, 1963. P. 11.

4 Гамсун К. Бездуховная Америка. // Слово, 1993, № 1-2.

5 Багерстам Э. Свобода прессы в демократическом обществе. /Пер. с эст. – Тарту – Вяллингби, 1992. – С. 3.

6 Сиберт Ф.С., Шрамм У., Питерсон Т. Четыре теории прессы. – М., 1998. – С. 9-10.

7 Фурсенко А.А. Американская буржуазная революция XVIII века. - М.-Л., 1960.


Тақырыпты бекітетін сұрақтар

1. Америкада алғашқы басылым қай жылдан бастау алады?

2. 1704 жылдың сәуірінде Джон Кэмпбел баспа станогын жалға алып шығара бастаған газеті туралы не білесің?

3. Джеймс Франклиннің Америка баспасөзі тарихындағы орны қандай?

4. Америкада шыққан ең алғашқы екі журнал қашан шықты? Мазмұны басқа басылымдардан өзгеше болу себебі неде?

5. Америкада алғаш 1840 жылы құрылған жарнама агенттігі қалай аталады?

6. «The New York Times», «Нью-Йорк Таймс» газетін кім шығарды, қандай тақырыптарды жазды?

7. «Associated Preess», «Ассошэйтет пресс» корпоративтік баспасөз бірлестігін құру қай жылы жүзеге асты? Оның идеясын ұсынған кім?

8. 1850 жылдары Америкада ең көп таралымымен қандай газеттер шықты?

9. «The New York Herald» газетінің танымалдылығы қай аймақта жоғары болды? Себебі не?

10. 1861 жылдары Президентті сынауымен көпшілік оқырманның көңілінен шыққан газет қалай аталады?

11. «The Union» («Союз») газетті қай жылы шығып, қандай сала туралы жазды?

12. «The Liberator» газетін шығарда қандай мақсат қойылды?

13. Карлос Глидден, Джеймс Денсмор қаріп теретін машиналардың жаңа түрлерін қашан ойлап тапты? Ол БАҚ-қа қандай өзгеріс әкелді?

14. Дербес журнализм дәстүрі деген ұғымды қалай түсінесің?

15. 1870 жылдары Америка басылымдарында неге жарнама пайдаланылмады?


3.2 ХХ ғасырдағы Американың мерзімді баспасөзі

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында мерзімді баспасөз әлеуметтік институт ретіндегі үш жұз жылдық тарихы бар журналистикада шын мәнінде алғаш рет үлкен аудиторияны иеленді. Осы арқылы мерзімді баспасөз бұқаралық ақпарат құралына айналғаны расталды. Бұл индустриалды революция және нарықтық қатынастардың даму факторы жиынтықтарының ықпал етуімен мүмкін болды. Бұқаралық машина өндірісінің дамуы мен тұрмыс тауарларының қолданылуы мен кеңеюі нәтижесінде экономикалық және әлеуметтік факторлар қалыптасты. Машинаның кең қолданылуы индустриалды өндірістегі тек еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қоса, нарықтық тауарлардың көлемі мен түрлерін және оны тұтынушыларының санын ұлғайтты. XIX ғасырда индустриалды кезеңді өткен мемлекеттерде тұрғындардың кірісі өсіп және төлем аларлық талаптары артты. «Төменгі класстағыларда» тапқан табыстарын өздеріне, яғни сауық-сайранға немесе рухани мұқтаждыққа жұмсауға мүмкіндіктер туды. Ал күнделікті жұмыс уақытының қысқартылуы олардың бос уақыттарын арттырды. XX ғасырдың басында 30 жыл ішінде Батыс Еуропа мен АҚШ-та бір жылдық жұмыс уақыты кем дегенде 250-300 сағатқа қысқартылды, ал екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында 1870 жылға қарағанда 600-1000 сағатқа қысқартылды. Сол кезеңдегі халықтың басым көпшілігін құраған төменгі таптың арқасында баспасөз аудиториясының өсуінің алғышарттары жасалды.



Мерзімді басылымның дамуына коммерциялық жарнаманың ықпалы. Жалпыұлттық нарықтың қалыптасуына байланысты тауарлар мен қызметтер қозғалысының құралы ретінде жарнаманың рөлі мен маңызы артты. Бұқаралық индустриалды өнеркәсіптің күрт өсуі өндірісттік және сауда фирмаларындағы нарықтық бәсекелестікті күшейтіп, XIX ғасырдың екінші жартысында жарнама бизнесінің артуына негіз болды. Жарнама берушілер баспасөз бетін потенциалды тұтынушылар мен аудиторияға өз тауарлары мен қызметтерін жарнама ететін канал ретінде қарастырды. Мерзімді басылымдар редакциясына түскен жарнамалық хабарландырудың ағымы соңғы ғасырдың ширегінде күрт артты. Бір ғана онжылдық ішінде АҚШ журналдарында басылатын жарнама көлемі 200-300%-ға көбейді. Сәйкесінше, мерзімді басылымдардың осы жарнамалық қызметтерден түскен табыстары жоғарылады.

Жарнамадан түскен табыстың күрт көтерілуі ірі баспагерлерді (әсіресе ірі қалалардағы күнделікті газеттер) жоғары табысты баспа кәсіпорынына айналдырды. Олардың баспагерлері сол кездегі әл-ауқаты жоғары топтар санатында болды. Дж Пулитцер 18 000 доллордан жоғары табысқа ие болды. Э. Скриппс 50 миллионнан асып түсетін капитал жинап алды. Осыған байланысты Лондондық «The Тimes» газеті өзін барлық қажетті құрал-жабдықтармен (газет қағаздарынан басқа), типографиялық шрифттер және материалдармен қамтамассыз етті.



Журналистиканың дамуына баспа ісінің ықпалы. Жоғары өндірістегі баспа машиналарының, линотиптер және тағы басқа баспаханалық жаңалықтардың таралуы газет санының шығу қарқынын жоғарылатты. Жарнама құралдарының үлкен ағымы газет шығару көлемін де көбейтті. XX ғасырдың басында американдық газеттің жеке саны 100 бетке дейінгі көлемге жеткен, ал бұрын газеттер тек төрт қана жолдан тұрған. Сәйкесінше, мерзімді басылымдар таралымы да көбейді.

«Бұқаралық» басылымдар. Индустриалдық революцияның әлеуметтік-экономикалық нәтижесі салдарынан баспа ісінің коммерциялануының өсімінен, өзіне тән: сенсациялық, бұрмаланған деректі, адамдардың жеке өміріне араласушылық, оқырман аудиториясының біліміне зиян келтіретін, олардың сауық-сайранына басты акцент қою сияқты сипаттарымен ерекшеленген, «бұқаралық» деп аталатын баспасөз қалыптасты. «Бұқаралық» баспасөздің баспагерлері мен редакторлары коммерциялық табысты қамтамасыз ету үшін ерекше бір журналистік рецепт жинағын жасап шығарады. Бұл рецепттер АҚШ-тың «Жаңа журнализмінің» мәнін құрады.

«Бұқаралық» мерзімді басылымдардың классикалық үлгілері ретінде Дж. Пулицердің «New York World» газеті, У.Р Херстің «New York Journal» газетін атауға болады. «Бұқаралық» басылымдар оқырмандар санасына емес, олардың сезіміне, негізінен эмоционалдық аргументацияларына жүгінді. Пулицер мен Херст оқырмандардың көңілін аулау үшін өз газеттерінде көрнекі безендіруді қолданды. Ол басылымдардың бірінші бетіне ірі тақырыптар қойылып, осы «бұқаралық» басылымдар газеттік «шапканы» қолданудың алғышарты болды. Кең түрде илюстрациялар мен комикстер қолданылды. «New York World» және «New York Journal» газеттері бетінде «Сары жігіт» («Желтый парень») комиксі кейіпкерінің басылуы – осындай басылымдардың символына айналып, «сары басылым» атауын алды.

«Сапалы» басылымдар. АҚШ-тың іскер және саяси ортасы ағылшындық «The Тimes» газетіне ұқсас баспасөздің шығуын қажет етті. Ол элита оқырмандарына ішкі және сыртқы саясаттағы жағдайды, қоғамдық және мәдени өмір туралы толық мағлұмат беретін газеттерді шығару өздерінің бақару шешімдерін қабылдау үшін қажет болды. Аймақтық баспагер А. Окс бұл сұранысты ескеріп, 1896 жылы «New York Тimes» газетін сатып алып, оны мемлекеттен тәуелсіз, халықаралық аренадағы жағдайлар мен мемлекеттік қызметтер туралы жүйелі ақпарат көзіне айналдырады. «New York Тimes» газеті қазіргі уақыттың өзінде де, ең ірі табысқа ие, бәсекеге қабілетті, халықаралық деңгейдегі газеттердің бірі болып табылады.

Репортаж жанрын тарату. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында америкалық газеттердің негізгі ақпарат көзі репортерлерден алынатын жылдам хабарлардан тұрды. Сол кезде АҚШ-тың басылымдарында (содан кейін еуропалық елдерде) репортаж жанрының кеңейтілген түрін қолданды. 1887 жылы АҚШ-та болған, белгілі Шотланд баспагері: «Англияда баспасөз публицистерінің қолында «Leading writers» газеті болды деп жазды.

Шетелде репортаж жанры тек Еуропада ғана емес, Латын Америкасына да енді. АҚШ пен Латын Америкасы елдері жылдам дамыған экономикамен айырбас кезінде ішкі сауда мен мәдениет байланыстарын қайта құру үрдісін бастан кешті. Испания, Франция, Португалия «Өзіне тарту» романдық дәстүріне ауысуға көшеді. Латын Америкасындағы ұлттық баспасөздің ізі бар солтүстік америкалық мәдениет пен журналистикасымен танысты, әсіресе, бұл Куба журналистикасында белгілі болды. 1898 жылы Испандықтардың ықпалынан босап, АҚШ-пен тығыз қарым-қатынаста болған Куба баспасөзі бағынышты кезеңде заметка, комментарий, мақала мен редакциялық мақала, зиялы және қылмыстық хроника жанрын қолданды. 1901 жылы Куба журналистикасында репортаж жанры пайда болады. Құрылу барысында 1901-1902 жылдары АҚШ-қа бағынышты, кезінде АҚШ-та өмір сүрген және жұмыс істеген кубалық эмигранттар Куба Республикасының аралына келе бастады. Олардың құрамында солтүстік америкалық журналистиканың негізін қалаған журналистер мен баспагерлер де болды. Соның бірі – Х.М.Говин 1901 жылы Гаванада құрылған «El Mundo» («Мир») газетінің меншік иесі және редакторы болды. «El Mundo» («Мир») беттерінде Куба журналистикасына таңсық репортаждар мен сұхбаттар жариялады. Газет баспаханасы Кубада жылдам әрі көрнекті материалдарға рұхсат берген бірден-бір фотогравировалдық құрылғылармен жабдықталды.

«El Mundo» беттерінде атақты кубалық журналист М. Маркес Стерлингтің репортаждарын көруге мүмкіндік туды. Кубада алғашқы журналистика мектебі осы журналистің атымен аталды. Маркес Стерлингтің репортаждары «El Mundo» газетінен арнайы Вашингтонға бағытталды. АҚШ-қа Кубаның Ұлттық ассамблеясы депутаттардың ресми сапарын қайтарды. Президент Мак Кинлимен кездесіп, америкалық Конгресс қабылдаған «Платтаны түзету», жас Республиканың тәуелсіздігіне шектеу қойғанына, жоғары шенді Вашингтон шенеуніктеріне кубалықтардың көзқарасынан хабар берді. Маркес Стерлингтің жарияланымдары өзіндік жанр ерекшеліктерімен (құрылымы, жазылу стилі, мазмұнының маңыздылығы) жазылды. Ол солтүстік америкалық репортаждарға ұқсап жазылды. Олар болған оқиға кезінде түсірілген суреттермен безендірілді. Бұл репортажға қосымша анықтық, көрнекілік берді. «El Mundo» газетінің үлгісімен, басқа да кубалық басылымдар жаңа жанрды қолдана бастады [1,26-б].

Журналистика тәжірибесінің дамуы репортаждың түрлері мен әрқилы стилінің пайда болуына жағдай жасады. 1920 жылы «Time» америкалық журналы репортаж жанрының трансформациясы ретінде танылды. Стилі, композициясы жағынан көбірек субъективті және біршама ерікті. Отыз-қырқыншы жылдары сараптамалық репортаж кеңінен таралды. Ағылшын – америкалық журналистикасы дәлелдің мазмұны бұрмаланған, реттелмеген материалдарды жариялаудан бас тартты. Жақтастардың көбі репортаждың объективтілігі тек қана дәлелдің нақты берілуі ғана емес, мазмұны дәл берілуінде деп ұғынды.



Сұхбат жанрын пайда болуы. XIX ғасырдың ортасында сұхбат жанры аз тарады. Журналистер саясаткер, елшілерден ақпарат алу мақсатында әңгімелесу арқылы сұхбат алынды. Бірақ сілтемені сирек көрсетіп, әңгімемен шектеледі. Президент А. Линкольн журналистермен сенімді әңгіме жүргізіп, сұрақтарына жауап берді. Бірақ журналистикада ақпараттың сұхбат жанры пайда болып, бірақ Президенттің цитаталары жарияланбады.

1870 жылдың ортасында сұхбат алушылардың сөйлеген сөздері журналистика жариялымдарында дәл цитата түрінде пайда болды. Дж. Суинсон 1870 жылы К.Маркстен алған сұхбатында «Капитал» кітабынан аз ғана цитаталар келтірді. Алайда соңғы ғасырда сұхбат АҚШ журналистикасының белсенді жанрына айналды. 1890 жылы сұхбат Нью-Йорктің газеттерінде көп тараған жанрлардың бірі болды. Журналистер саясаткерлерден, рим папасынан, британ және герман министрлер кабинеті мүшелерінен, шетел қонақтарынан жиі сұхбат алып отыруды үрдіске айналдырады.



Қазіргі журналистік зерттеудің пайда болуы. Шетелде ірі компаниялардың пайда болуына байланысты экономика және қоғам өміріндегі өзгерістерге америкалықтар мен еуропалықтар арасында наразылық туды. Ұлттық экономиканы түбегейлі бақылайтын ірі топтардың бірігіп құрыла бастауы еркін бәсекелестікке шек қойды. Ірі трестердің қызметі мен заңды бұзғанынан, тұтынушыларды алдау, мемлекеттік шенеуніктерді сатып алатын корпарациялар саны көбейді. Сол кезде АҚШ журналистикасында қоғамдық кемшілікке тексеріс жүргізу барысындағы қиянат жасаушыларға қоғамның назарын аудару арқылы қарсы шығуды мақсат етті. Олардың ойларынша, қылмысты әшкерелеу – адамға осы кемшіліктердің маңызын және басқа себептерді түсінуге, өзгерістерге ұмтылуды оятуға, қоғамда зорлық-зомбылықты, жемқорлықты, алдауды жоятын реформаға алғышарт құру болып табылады. Олар әділетті, әлеуметтік мобилизияциялық күш пен намысты қолдады. Діни моралист Б.Флауэр 1887 жылы құрған «Arena» журналында қоғамдық-экономикалық құрылымды өткір сынға ал. 1901 жылы «Arena» журналында жарияланған мақалада Флауэр мемлекеттің еркіндіктен айырылып бара жатқанын байлық пен кедейлік арасының тереңдеуінен, жемқорлық пен қылмыс, биліктің плутократияға бағынышты болуынан білуге болады деп баға береді. Ол экономикаға монополизмді шектеуді қоғамдық реформаны бекітуді талап етті. Бала еңбегін пайдалануды әшкерелейтін, Линчтің сегрегациясы мен сотына қарсы шығып, өмір сүру шарты және жұмысшылардың еңбегін жақсартуды көздейтін мақалалар циклын жазды.

«Arena» журналынан кейін XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басында басқа америкалық басылымдарда: «McClure`s», «Collier`s», «Everybody`s», «Cosmopolitan» журналдарында қоғамның көлеңкелі жақтарын әшкерелейтін журналистік зерттеулер пайда бола бастады. Онда ірі компаниялардың қылмыстық істеріне арналған, атқарушы, заң шығарушы биліктің түрлі сатыдағы жемқорлығы жайлы жазылды. 1906 жылы АҚШ Президенті Теодор Рузвельт мемлекеттік аппаратты сынап, әшкерелейтін журналистерді жақтырмай, оларды қорлап «макрейкерлер» (muckrakers) деп атады. Бұл «батпаққа батқан», «қиды қопсытатын», «лайланған өсекке құмар» деген мағынаны береді. Алайда әшкерелеушілер сұрқиялықтан қоғамды тазартуды көздейтіндіктерін айтады, оларға берілген міндетті орындауды парыз деп санайды. Шетелде тексеріс жиынтығының іс-әрекеті журналистік зерттеу материалдары макрейкерлердің есімімен атала бастады. «Батпаққа батқан» деп біріккен бағдарламаға қатысы жоқ, бірақ жемқорлыққа қарсы құрылған ұйымдар, мемлекеттік бюрократияны ыдыратуға арналған, экономикалық қиянатты және алдау әрекеттерін оқырмандарға әшкерелейтін публицист, журналистер саны көбейді.

Макрейкерлердің туындыларын жариялаған басылымдардың бірі «McClure`s» журналы болды. Оқырмандарын қызықтыру мақсатында ірі бизнестегі былықтарды әшкерелейтін жарияланымдар арқылы көпшілік аудиториясының көңілінен шықты. 1902 жылы «McClure`s» журналының жұмысына макрейкерлердің бастамашысына айналған Линкольн Стеффенс іске кірісті. Жемқорлық және Сент-Луис қала басшылығының қиянаты, басқа да АҚШ-тың қалаларына қажетті тазалау мен мемлекеттік басқару органдарын демократияландыру жайлы деректі, шындықты жазған журналистік зерттеу мақалалары қоғамдық резонанс туғызды. Олар әшкерелейтін циклдер құрды. «Қаланың масқарасы» (1904 ж), «Өзін-өзі басқару үшін күрес» (1906 ж). 1903 жылы «McClure`s» басқа да авторлардың журналистік зерттеулерін жиі жариялайды. «Батпаққа батқан» «Стандарт ойл Компани» мұнай монополиясының заңсыз қызметін зерттеген Ида Тарбеллді, теміржол компаниясының зорлық-зомбылығын әшкерелеген Рэя Стэннард Бейкердің журналистік зерттеулері оқырмандардың қызығушылығын туғызды. Макрейкерлердің әшкерелеу мақалаларын жариялау арқылы «McClure`s» журналының таралымы жарты миллионға жетті.

1905 жылдан соң әшкерелейтін журналистік зерттеулер басатын «Collier`s» журналы таралымы жағынан алға шықты. 1906 жылы «McClure`s» журналымен ынтымақтастықта Л.Стеффенс, И.Тарбелл, Р.С.Бейкер т.б. жұмыс істеді. «American Magazine» макрейкерлік журналының негізі қаланды. Макрейкерлер көптеген журнал беттерінде АҚШ-тағы алдау, өлтіру, бәсекелестерді қорқыту, билікті сатып алу, жұмысшыларды алдау және ұрлау әдісімен алынған қылмыстық істерді әшкереледі. Осындай зардаптардан соң, жарияланымдар еңбек туралы заң шығару қоғамдық қозғалысын құруды жүзеге асырды.

Макрейкерлер ірі компанияларды, клиенттерін және теміржол компаниясының тұтынушыларын алдаған, тресін, сақтандыру мекемелерін, патенттелген медициналық мекемелердің қылмысын зерттеу барысында әшкереледі. Эптон Синклер ет тағамдарын орап, оны дайындайтын компаниялардың айла-шарғыларын тексерді. Макрейкерлердің ірі масштабтағы әшкерелеуі салдарынан теміржолды жөнге салу жайлы заң және «Тағамдардың және сусындардың тазалығы туралы акт» қабылданды. «Cosmopolitan» журналының жарияланымында және басқа да басылымдарда бала еңбегі жайлы тақырып журналистік зерттеудің обьектісіне айналды. Шарт бойынша балалар амалсыздан жұмыс жасау керек болды. Бұл бала еңбегіне қарсы дүмпудің пайда болуына түрткі болды. Журналистердің қысымымен конгресске лайықты заң жобасы жолданды.

«Батпаққа батқандардың» ең жақсы туындысы нақты журналистік зерттеу жұмысының нәтижесі. Дәл, ерінбей іздену, сараптама және тексеріс жасау, дәлелдерді құжаттармен бекіту міндетті болды. Бұл сотта өзінің рас айтып тұрғанын айыптаушыға дәлелдеу беру керек болды. Макрейкерлер өздерінің шығармашылықтарын «сары журнализмнің» ұстанымысыз тәжірибелерін қолдана отырып, журналистиканың қатаң этикалық нормасын сақтауға ұмтылды.

Дәстүрлі әдеби журналдардың мирасқоры болған көптеген журналдар редакциясымен тығыз ынтымақтастықта болған макрейкерлерден журналистік зерттеудің жоғарғы шеберлікпен жазылуын талап етті. Бұл жанр публицистерге өзіндік негізгі әдеби өңдеуді енгізуді талап етті. Қазіргі журналистикадағы классикалық журналистік зерттеулер макрейкерлік қозғалыстың әшкерелеу және зерттеу журналистикасындағы ең жақсы туындылардың дәстүрін өзіне қабылдады.

1911 жылы бұқаралық журналдарда белең алған қаржылық дағдарысынан кейін макрейкерлер қозғалысы басылды. Материалдық қиыншылықты бастан кешкен баспагер Мак Клюр журналынан айырылды. «American Magazine», «Everybody`s» сатылды және бағыты өзгерді. Херстке тиесілі «Cosmopolitan» журналы әйелдер басылымы болып өзгерді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әшкерелеуші журналистика радикальды, басқа да журнал беттерінен уақытша жойылды. АҚШ-тағы макрейкерлер қозғалысы қазіргі заманғы журналистік зерттеудің қалыптасуына жағдай жасады. Кейбір шетел зерттеушілері мұны журналистиканың ерекше жанры санайды. Дәстүр бойынша әлі де «макрейкер» деп әшкерелеу мен тексеріске ақы алатын журналистерді атайды. Мысалы, С.Херша Вьетнам соғысы кезіндегі Майлай ауылындағы бейбіт тұрғындарды құртудың сырын ашады, Р.Карсон ДДТ химикатының қоршаған ортаны жою ықпалын тексеріп АҚШ-тағы экологиялық қозғалысының тууына түрткі болады. «Washington Post» газетінің қызметкері Б. Вудворд пен К. Бернстайн Р.Никсон сайлауындағы әкімшіліктің заңсыз әрекеттерін әшкереледі. Бұл белгілі Уотергейт жанжалына және Никсонның биліктен аластатылуына әкеліп соқты.

Латын Америкасында 1980-1990 жылдары әшкерелеу және журналистік зерттеу дамыды. Әскери, азаматтық хунттар сайлауда билікке алмасып келеді. Демократияға ресми мәлімделетін ауысым мемлекеттік шенеуніктердің кең ауқымды сыбайластығын біріктірді. 1991 жылы Бразилияның «Jornal Brazil» газеті мемлекеттік жоғары шенді шенеуніктерді әшкерелеуді бастады. Газеттің репортеры М.Роша Бразилия Қаржы министрлігіне компьютер желісі арқылы базаға еніп, қаражаттық қордың маңызды бөлігі қайырымдылыққа емес, Ф.Коллор Президенттің әйелінің төлемдеріне жұмсалғанын зерттеу арқылы нақты дәлелдермен журналистік зерттеу жазады. Газет Президенттің ірі қаржыны жымқыруын осылай әшкереледі. Күнделікті журнал «Veja» («Смотри») Президент маңайындағы жемқорлық науқанын әшкерелеуді жалғастырды. Бұл Ф.Коллорды биліктен аластатуға алып келді.

Панамалық «La Prensa» газетінің редакторы Г.Горрити Э.Перес Валладарес пен Колубиялық наша сатушылармен байланысын анықтап, нәтижесінде журналистік зерттеу жүргізу арқылы әшкереледі. Бұған Панамалық мемлекеттік банк арқылы наша мафиясының ақшаны жымқыруға жол бергенін, Президент сайлау науқанында қаржыландырудың маңызды үлесін сол топ қосқанын дәлелдеп жазды. «Pagina 12» («Страница 12») Аргентиналық газеттің шолушы Х. Вербицки мемлекеттің ел басқару шеңберінде жанжалға себеп болған мемлекет Президенті К.Менемнің мол қаржы көзін жымқыруын ашты. Қазіргі заманғы макрейкерлер журналистік зерттеуді жазу барысында қылмысты әшкерелеу мақсатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, шенеуніктердің қылмыстық істері мен сауда құрылымындағы қызметін әшкерелеуге компьютер технологиясының жетістіктерін, оның ақпараттарын алу арқылы сараптауды белсенді меңгерді.



Журналистиканың кәсіби қызмет ретінде қалыптасуы. Газеттердің ірі баспасөзге айналуы қызметкерлердің штатын кеңейтуді талап етеді. Алғашында журналистердің көпшілігі тұрақты жұмысқа алынбады. XIX ғасырдың бірінші жартысында штаттан тыс журналистерге тұрақты табыс төлемей, жарияланған мақалаларына ақы төлеу арқылы ұстады. Редакцияның баспа ісінің қиындап, жаңа баспаханалық және коммуникациялық технологиялар енгізілді, редакцияның дамуы мен құлдырауында еңбек бөлінісі туды, ендігі дифференциялық журналистика жанрында редакцияның ұжымдық ұйым жұмысында жаңа пішін керек болды. Газетте жұмыс істейтін мамандарға қажеттілік туды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ірі газет редакциялары біршама бөлім мен қызметтер ашты. Құрылтайшы мен бас редактордан басқа штатта әдеттегідей әр түрлі бөлімнің мамандарынан тұрды. Қалалық жаңалықтар бөлімінің басшылығында кез келген сәтте жаңалықты түрлендіруге дайын репортерлар тобы болды. Әдеби қызметкер - стилистер тобы редакциялаумен, репортерлерден түсетін материалдарды баспаға жіберумен айналысты. Телеграфты ақпарат бөлімінде ақпарат агенттігінен жіберілген материалдарды өңдейді. Арнайы журналистер тобы мен көркемдеушілер жексенбілік газеттің суретті шығарылымдарымен айналысты. «Жаңалық энциклопедиясы» үлгісімен «New York Times» газеті редакциясы ірі шығарылымдарды XX ғасырдың басында шығара бастады. Өзіндік жүйеге келтірілген мұрағаттары және бөлім құжаттарын жинаумен жұмысты толық жетілдіруіне жағдай жасап, ақпаратты тексере бастады. Редакцияда машинкамен басатын бюро мен телефон қызметтері пайда болды.

XX ғасырдағы Форд пен Тейлордың ғылыми негіздегі еңбек ұйымдарында редакциялық қызмет жоспарлы мінездемеге ие болды. Түрлі ақпарат науқанын өткізу барысында қаржымен, техникамен қамтамасыз ететін ұйым құру жоспарланды. Журналистер арасында жұмыстың басқа түрлеріне немесе нақты тақырыптарға маманданған журналистер тобы құрылды. Ең қабілетті және тәжірибелі публицистер үнемі редакциялық мақала мен комментариилерді жазады. Біршама сенсациялық басылымдар қылмыс, жанжалды хроника, маманданған спорт тақырыптарында хабарлар жазып дағдыланды. Редакцияда қылмыс және сот репортерлері, спорт журналистері пайда болды. «Сары басылымның» негізін салушы Дж.Пулитцер «World» газетінде бірінші рет спорт бөлімін ашты. Оның үлгісімен басқа да басылымдар жүрді. Оқиғалық суреттің дамуы маманданған фоторепортерлардың пайда болуына мүмкіндік туғызды.

Редакцияда бұрынғыдай көп жаңалық беретін журналистермен қатар аз жалақы алатын журналистер де болды. Бірақ коммерциялық жарнаманы жариялаудан пайданың өсуіне, бәсекелестік тууына байланысты газет, журнал қызметкерлерінің еңбекақысы артты. Редакторлар мен тәжірибелі публицистер жоғарғы жалақы алу мүмкіндігіне ие болды. Біртіндеп журналистер кәсіби маман ретінде қалыптасты. Атақты журналистер мен редакторлардың әлеуметтік дәрежесі мен қызметі көтерілді. Журналистер элитасы пайда бола бастады. Баспагерлер өткір бәсекелес шарты бойынша біршама қабілетті публицистер мен көркемдеушілерді тартуға ұмтылды. Журналистік қызметтің қиындауы баспасөзде істейтін мамандарды арнайы дайындықтан өткізуді талап етті.

XIX ғасыр соңына дейін журналистер кәсібі өндірісте ғана жұмыс істеді, ал жас репортерлерді міндетті түрде редакцияда оқытты. Жаңадан келген журналистерді дайындайтын оқу орындары болмады. Көп баспагерлер, мысалы, Э.У.Скриппс репортарлерді арзан күш деп санады және жалпы журналистерді колледж, университет деңгейінде оқыту қажет екенін жоққа шығарды.

1890 жылдары АҚШ университеттерінде қысқа мерзімді курстарда журналистерді репортерлік техниканы меңгеруге оқытуды ұйымдастыра бастады. Бірінші кезекте анықтамалықтар, журналистика туралы оқулықтар шығарылды. Журналистерді жан-жақты бағдарлама негізінде оқыту 1893-1901 жылдары Пенсильван университетінде жүзеге асты. Иллинойс университетінде 1904 жылы журналистерге арналған төрт жылдық оқу бағдарламасы енгізілді. Ал, 1908 жылы Миссури Штатындағы университетте бірінші рет журналистика факультеті ашылды. Осы кезде баспасөз қызметкерлерін оқыту Еуропа елдерінде де қолға алына бастады. Репортерлік мектеп пен университеттерде журналистерді дайындау алғашқыда осылай жүзеге асты. Францияда бірінші журналистика мектебі 1899 жылы Парижде Әлеуметтік зерттеу институтында ашылды. Оқу әлеуметтануды, бұқаралық коммуникация теориясын үйрету негізінде болды. 1924 жылы Лиль университетінде журналистика жоғарғы мектебі ашылды. Бірінші рет бұл елде толық масштабты маманданған журналистерді дайындау жүзеге асты. Жиырмасыншы жылдан бастап АҚШ пен Батыс Еуропада баспасөз мамандарын дауындаудың қыр-сыры туралы ғылыми-зерттеу еңбектері жазыла бастады.

Журналистика ережелерінен құрылған негізгі кәсіби қызмет ретіндегі алғы шарттары мен кодексі, мамандықтың нормативтік негіздері бекіді. Бірінші рет баспасөз кодексі АҚШ-та, Еуропа елдерінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында пайда болды. Бірінші басылымның пайда болғанына, журналистиканың қоғамдық институт ретінде қалыптасқанына үш жүз жыл толғанда ғана Кодекс қабылданды. Шетел тарихшыларының зерттеуінде бірінші кәсіби журналистік Кодекстің қабылдануы мен өңдеулуінің үлкен оқиға болғанын айтады. Онымен қоса, баспасөздің қоғаммен ара қатынасында XIX ғасырдың ортасында сынның өскенін жазды. Бұл АҚШ пен Еуропа елдеріндегі журналистикада коммерциялық әдіс кеңінен орын алуымен де байланысты еді.

Қоғамның көрнекті өкілдері баспасөздің коммерциялық қызметін сынға алды, журналистер ірі бизнес пен жарнамашыларға бағынышты деп кінә тағып, ірі баспагерлер бірігуінің шарты бойынша еркін бәсеке ережесі кейін шегінді, адамның жеке өміріне қол сұқпау, адамгершілік принциптері бұзбау, журналистердің ақпаратты таза жолмен алуы, оқырмандардың ақпаратты дұрыс қабылдауы мен этикалық норманың үнемі бұзылмауына септігін тигізді. Қоғамға бұқаралық баспасөздің есінен тандыратын әсеріне алаңдаған америкалықтар негативті тенденцияның өскенін айыптады (Марк Твен, Эптон Синклер, Уилл Ирвинг). Сондай-ақ коммерциялық баспасөздің бірінші сыншысы, Солтүстік Америка журналистикасына әр қырынан мінездеме берген 1860 жылы «Біздің газеттік шайкамыз» кітабының авторы Л.Вилмер бұқаралық баспасөздің, «сары басылым» журналистиканың дамуы, тұңғыш рет ірі баспа компаниясының құрылуы қоғамда жаңа сынды туындатты деген пікір айтты. «Collier`s» журналының беттерінде 1911 жылы публицист Уилл Ирвинг он бестен аса журналистік зерттеу мақалаларын жазып, «Баспасөз билігі» деген атпен жариялады. Америкалық зерттеушілер М.Марцолф пен Х.Дикен-Гарсиа 1880-1950 жылдар аралығында сыншылардың назары екі негізгі мәселеге аударылғанын айтады. Ол қоғамдық еркіндік пен демократияның сақталуындағы баспасөздің рөлі мен қоғамдық мәдениеттің рөлінің маңызы орын алғанын баса көрсетеді.

Зерттеушілердің ойынша, журналистиканың кемшіліктері коммерциялық мінездемесімен анықталған. Алғашқы сыншылардың бірі баспасөзде хабарланған атақты Латын Америка публицисі Хосе Марти болып табылады. Ол өзінің Нью-Йорктік қызметі кезінде (1880-1890 жж.) АҚШ-тағы коммерциализацияның зардаптарын бақылады. Публицистикалық циклде «Солтүстік Америкалық сахнаны» АҚШ баспасөзінің гуманистік позицияның ағартушылық ақауларын айыптады.

1920 жылдары белгілі жазушы, журналист, макрейкер Эптон Синклер «The Brass Check» атты кітабын шығарды. Бұл баспасөздің концентрациясындағы мәселелер мен журналистиканың жағымсыз жақтарын ашты. Басылымдардағы жарнама мен жарнама беруші рөлі, коммерциялық қызметі сынға ұшырады. 1921 жылы шыққан полемикалық «Масқара чегі» атты кітабында Э.Синклер «New York Times» газетін кінәлады. Оның адвокаты Нью-Йорк университетіндегі журналистика мектебінің деканы Дж. М.Ли кәсіби этиканың негізгі принциптерінің өрескел бұзылуын сынады. 1920 жылы журналистикаға қатысты бірінші рет сыни еңбектер пайда бола бастады. Атақты публицист Джордж Сельдес 1988 жылғы өліміне дейін жемқорлыққа қарсы және баспасөздегі бұрмалауға қарсы шыққан кәсіби журналист болды. Осы кезде «сары басылымдардың» иесі У.Р.Херст: «Журналистика этикасы әлемдегі басқа мамандықтарға қарағанда жоғары дәрежеде болуы керек» [2,23-б],-деп баға берді. Уолтер Липпманның 1920 жылдары жазған сыни жұмыстарында баспасөздегі қоғамдық қызмет ету миссиясының коммерциялық ауытқуын хабарлады. Басылымның жағдайына байланысты қоғамға көңілі толмау журналистік сыни көзқарас туғызады және «сары журнализм» өмірде әр түрлі қозғалысты туғызды. Баспасөзде кәсіби қызметтің этикалық принциптерінің қатал сақталуы басты орында тұруы тиіс болды.

1923 жылы (ASNE) Америка қоғамының газет редакторлары, ірі газет қызметкерлерінің басшылары бірігіп, журналистиканың және АҚШ басылымдарының «ойын ережесін» он жыл анықтаған «Журналистика қағидалары» алғашқы кәсіби Кодексті қабылдады. Баспасөздің және журналистің қоғам игілігіндегі жауапкершілік принциптері, шыншылдық, дәлдік, әділдіктің, сыпайылықтың және адам өміріне сыйластықпен қарау ұстанымы басты назарда болды. Кодекс газет тәжірибесінде «сары журнализмге» тән сыни әдістерді қолдануға тыйым салуға бағытталды. Мысалы, жарияланымдардың тақырыбы мазмұнына сәйкес келуі, бұқаралық коммерциялық баспасөзде тақырыбы мәтін мазмұнынымен сәйкес келмей жатуы, әдеттегідей құбылыс болып отырғанын ескерді. Кодексте маманданған журналистер қоғамында «Сигма Дельта Кай» (АҚШ, 1926 ж.) көп баспасөз қызметкерлерінің өздеріне тән ерекшеліктері, журналист этикасының белгілері айқындалды. Кодексте журналистердің статусы қоғам өкілдері ретінде көрсетіліп, жалпыға бірдей игілікке қызмет етуге міндеттейтін және шындықты қамтамасыз ететін ақпарат таратуға, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды.

Бұрынғы кодексте журналистика этикасы, баспасөз қызметкерлеріне жауапкершілік пен әлеуметтік ағартушылық рөл жүктеді. 1923 жылы шыққан «Журналистика қағидаларында» газет білім беру мақсатында қызмет етеді деп жарияланған. Кодексте маманданған журналистер қоғамы: (1926 ж) «Біз қоғамның әділдік шартымен гүлденетініне сенеміз»,-деп жазды. Бұл жағдай журналистиканың либертариандық концепциясының принциптеріне кодексті құрастырушылардың әсері байқалды. Баспасөз қоғамның әлеуметтік гүлдену функциясын атқарады және демократиялық өзін-өзі басқару қабілетін қамтамасыз етеді. Радионың, одан кейін телевидениенің пайда болуымен кодекс қайта-қайта өңделіп, қабылданды. Онда ақпарат индустриясы қызметкерлерінің кәсіби тәртібін реттейтін Кодекс ережелерін сақтауға шақырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының дәрежесіне қарай редакция өзіндік ішкі кодекстермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда тек ірі басылымдар ғана емес, телекомпания мен радиохабар қызметінің өзіндік ішкі кодекстері бар. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы құжатқа ұқсас аналогияны ішкі тәртіпті реттеу мақсатында қолданады.

Америкалық журналистер ассоциациясы «ANPA» 1887 жылы пайда болды. Бұл ұйым АҚШ және Канада баспагерлерінің алдында пайда болған экономикалық, технологиялық, құқықтық мәселелерді ұжымдасып шешеді. Шетелде XIX-XX ғасырда маманданған журналистер дайындалып, оларды біріктіретін одақтар пайда болды. Журналистік баспасөз клубы құрылып, баспасөз қызметкерлерінің бірлестігін біріктіру, олардың бос уақыты және демалысын ұйымдастыру жағы да қарастырылған. Шетелдерде журналист мамандарын дайындау барысында журналистикаға кіріспе, баспасөз қызметкерінің этикалық кодексі, журналистиканың тарихы, баспагерлер мен редакторлардың жұмысы, басылымды безендіру техникасы мен технологиясы т.б. кәсіби пәндер бағдарламаларға енген.

Журналистердің қоғамдағы рөлі мен қызметін қорғау мәселесіне ғасырдың басында көп мемлекеттерде пайда бола бастаған журналистік ұйымдар мен қоғамдар тереңірек бағыт алды. 1909 жылы АҚШ-та құрылған «Сигма Дельта Кай» кәсіби журналистер қоғамы тек қана журналистердің еңбек құқығын қорғау мәселесімен айналысқан жоқ, сонымен қатар, кәсіби этика нормалары, журналистік зерттеуді де терең қарастырды. Қоғам 1912 жылы әлемдегі ең алғаш журналистік басылым – «Тhe quill» («Қылқалам») айлық журналын шығарды. Ол 1967 жылы журналистердің ресми ақпараттарға кедергісіз қол жеткізуіне жол ашты, сонымен қатар, ақпарат бостандығы туралы Акті бекітілді.

ХҮІІ-ХҮШ ғасырдағы мерзімді басылымды түріне қарай бөлу газет-журналдардың негізгі түрлерінің пайда болуына әкелді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жалғасын тапқан баспасөздің эволюциясы газет-журналдардың сақталған үлгісін нарыққа сай етіп бағыттап, жаңа түрлерін қалыптастыруға ықпал етті.



Таблоидтар. Кішкентай форматтағы газеттер (таблоидтар) ХІХ ғасырдың аяғында шыға бастаған. Алайда, бұл басылымдар мен газеттердің арасында ешқандай айырмашылық бола қойған жоқ. Таблоид бұқаралық сенсациялық баспасөз болды. 1900 жылдың желтоқсанында Дж. Пулитцер британ баспагері А.Хармсуортпен бірге Атлантиканы кесіп өткен. Хармсроут 1896 жылдан бастап «Daily Mail» («Күнделікті пошта») «сары басылымды» шығарумен айналысқан. Ағылшын баспагері «төменгі сатыдағы» басылымдардың болашақ өмірі жайлы болжаулар айтқан. Жаңадан туған ойын тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін Пулитцер Хармсурға өзінің «New york Word» газетінің бір санын шығаруға рұқсат береді. Хамсуорт даярлаған тәжірибелі нөмір 1901 жылы 1 қаңтарда жарық көреді. Ол қалыпты «Word» газетінен көлемі бойынша кем түсті. Алайда, иллюстрациялармен безендірілген болды. Оқырмандар жаңа үлгіні жақсы қабылдағанына қарамастан, келесі сандар бұрынғы қалыппен шығып отырды.

АҚШ-та сенсациялық таблоид газеттерінің шығуы 1920 жылдармен тұспа-тұс келеді. 1919 жылы Нью-Йоркта Паттерсон мен Маккормик шығарған «Іllustrated daily news» атты ірі алғашқы таблоид газет пайда болды (кейінірек «illustrated» сөзі газет атауынан алынып тасталды). Бұл таблоид газет аз уақыт ішінде ең көп таралыммен шыға бастады. 1930 жылы экономикалық дағдарыстың салдарына қарамастан оның таралымы 1 500 000 жетті. «Daily news» газетінің жетістігі бәсекелестеріне таблоидтарға мән беруге итермеледі. 1924 жылы Херст Нью-Йорк газеттерінің қатарына «Daily Mirror» атты өзінің таблоидын енгізді. Ол ағылшын прототипінен тек қана моделін емес, газеттің атауын да тура сол күйі алды. Бірнеше айлардан соң Макфадден оқырмандарға өз газетін ұсынды. Ол таблоид стиліне тән «Daily Graphik» газеті еді.

Интеллектуалдық жағынан онша дамымаған және білімі орташа оқырмандарға бағытталған таблоидтың мазмұны көбінесе, айқай-шу мен келеңсіздіктерге ұрындырды. Таблоидтарды «газетка» деп тек оның кішкентай көлеміне қарап атаған. Таблоидтарға иллюстрация тән, сонымен қатар, көңіл көтеретін материалдар жиі басылып отырғандығымен, «қалыпты емес» атаулары мен бірінші беттегі көлемді шапкалармен ерекшеленеді. 1930 жылы иллюстрациялар Америка таблоидтарының бетінің 40 пайызын алып жатты. Газеттің 25 пайызы ғана негізгі форматты құрады. Әрбір баған тақырып бойынша материалдарды қамтыса, ортаңғы баған иллюстрациялардан тұрды.

Апталық жаңалықтар журналы. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары журнал басылымында жаңа пішін – жаңалықтар журналы пайда болды. Бұл «Time» («Уақыт») журналынан бастау алады. Бұл журнал 1923 жылы Йель университетін енді ғана бітірген Х.Люс пен Б.Хадденнің басқаруымен шығып отырған. Журналдың шығарушылары индустрияландыру нәтижесінде пайда болған жаңа қоғамның орта тап өкілдерінің қажеттілігін ескеріп отырған. Сонымен қатар, түрлі оқиғаларды мен әрқилы тақырыпты қамтуды мақсат етті.

1920 жылдардағы орта таптың қатарын толықтырған Америкалық университеттер мен колледждерді бітірушілер өздерінің саласынан басқаны түсінуді қажет етпеді. Сондықтан да жаңа журнал «сараптамашыға» емес, «қолы бос адамға» бағытталды. Журналды шығарушы жастар «АҚШ халқы көп басылымдарға ие болса да, ақпараттандырылмаған» деген ойда болды. Сондықтан олар жиырмадан астам тақырыптарды қамтитын жүйелік іріктеу мен қатаң ұйым құру керек деп шешті. Себебі, сол арқылы оқырман журналды оқуын ыңғайлатып, тез бағыт алатынына нық сеніммен қарады.

Олар енгізген қатаң тәртіп негізінде қалыптасқан журнал мазмұны субъективтілігімен ерекшеленді. «Time» бір қалыпты стильмен шығып отырды. Оқырман көз алдына барлық ақпарат бір адамның атынан бір адамға беріліп отыр деген ой қалыптастырды. Сол мақсатпен басылымдағы авторлардың материалдарын редактор өңдеп, «Time» журналының стиліне ыңғайлады. Сенімді, ирониялық, скептикалық, өткір стильді ұстанды, бұл «ұжымдық журнализмнің» қалыптаса бастағанын көрсетеді.

Басылымды білімі орта топқа негіздеу үшін Люс пен Хадден студент пен жастар стилімен, неологизм және экзотизм сарынымен жазылатын беттер енгізді. Оқырмандардың осы категориясын тарту мақсатында «адам қызығушылығын» туғызатын материалдары пайдаланды (спорт, демалыс, ойын- сауық, жыныстық қатынас, өмір стилі, денсаулық).

«Time» журналындағы жарияланымдар экспрессивті сипатта болды. Журнал жаңалықтарды тарихи баяндау сипатында жеткізуге талпынды. АҚШ-та тараған фактологиялық репортаждан мүлдем бас тартты. Журнал мазмұны оннан аса тақырыптар бойынша бөлінді. Олардың көпшілігі дайджест сипатын ұстанып, редакцияның жекеменшік зерттеу орталықтары болды. Сол арқылы бұл журнал жақсы ақпараттанған мерзімді басылым ретінде танылып, нәтижесінде «Time» журналы бұқаралық басылым мен «сапалы» баспасөзге тән болды. Журналдың мақсаты – «Әлемді көру және көрсету» екенін айта отырып, оның шығарушылары оқырманға жарқын, эмоционалды сипаттағы оқиғаларды, оқиғалардың визуалды имиджін жеткізуге тырысты. «Time» журналына иллюстрациялық материалдарды, оқиғалық фотосуреттерді енгізу осы сипатты одан ары дамытты.

Басында «Time» журналына субъективті элементтер тән болып, журналдағы жаңалықтар мазмұны интерпретивті аспектіге толы болды. Сол үшін жаңашыл журналистер сын айта бастады. Олар журналда дерек пен көзқарас қатар жүретінін, классикалық талапқа сай деп санады, сондықтан скептикалық көзқарастағы Х.Люс журналистикада ең бастысы «шынайылық» деп есептеді. Сыншылар «Time» журналының шынайылығына күмәнмен қарай бастады. Жаңалықтарды жеткізудің астарында үгіт-насихат жатыр деп есептеп, себебі, көп жағдайда журнал бетіндегі ақпараттың қайдан алынғандығына сілтеме жасалмады. Редакция дайджест әдісін қолданып, ақпарат басқа басылымдардан алынып отырғаны жасырылды. Журналдың сипаты ретінде жаңалықтардың персонализациялануын атап өтуге болады. Болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат іріктеу белгілі саясатшылар, бизнесмендер жайлы оқиғаларға негізделді. Редакция мұны «Есімдер жаңалық туғызады» деген принципті ұстанды. Журнал басшылары «Time» журналындағы жыл адамын анықтауы зор жетістік болды. «Жұлдыздар» категориясындағы жаңалықтар бойынша жыл адамы анықталып отырды.

Қоғамдық-саяси иллюстрациялық апталық «Time» жаңалықтар журналы 1930 жылдары үлкен коммерциялық жетістікке жетіп, әлемдегі ең көп таралымды басылымға айналды. Қазіргі таңда оның 40 шетелде таралады. Соның ішінде Еуропалық үлгідегі «Time-Atlantik Edition» газетін ерекше атап өтуге болады. Оның жалпы таралымы 1960 жылы 2 500 000 миллион болса, 1970 жылы 4 000 000 жетіп, қазіргі таңда 5 000 000 данадан асады.

«Time» журналының түрі мен редакциялық концепциясы АҚШ пен басқа шетелде де белгілі болды. «Time» журналының аналогы және ең басты бәсекелесі 1933 жылы АҚШ-та шыққан «Newsweek» («Апта жаңалықтары») журналы болды. Олардың арсында пішіні, мазмұны, құрылымы бойынша ұқсастықтар көп болды. «Newsweek» журналын «Time» журналында көп жылдар қызмет атқарған Дж.С.Мартин шығарған. «Time» журналының редакциялық қызметін жақсы меңгерген Дж.С.Мартин өзінің жаңа басылымында он жыл бұрын Люс пен Хадден айтқан идеяларды негізге алды. «Newsweek» - қоғамдық-саяси иллюстрациялық апталық жаңалықтар журналы. Бүгінгі таңда «Time» журналының басты бәсекелесі болып табылады. Оның 25 шетелдік басылымы бар. Сонымен қатар, Еуропа елдерінде тарайды. Журналдың таралымы – 3 100 000 дананы құрайды. «Time» журналының әсерімен Американдық баспагер Д.Лоуренс 1933 жылы өзі шығарып отырған 1926 жылдан бастап шығатын «Uniyed states daily» атты газетін апталық жаңалықтар журналына айналдырды. 1948 жылы оған тағы бір «Word Report» журналын қосты. Лоуренс журнал саласына өзінің «Time» журналының типологиялық аналогын ұсынып, оған «US News and World Report» деген атау берді. АҚШ-та және басқа да елдердегі апталық журналдардың негізгі ерекшелігі - әр санының негізгі репортаждарының болуы еді. Ол ең маңызды оқиға мен жаңалықтарды қамтыды. Америкада бүгінгі күні шығатын саяси-қоғамдық жаңалықтар журналдары да бұрынғы сияқты жоғары білімді оқырманға бағытталған.



Бұқаралық иллюстрациялық журналдар. Баспа ісінің даму жетістіктері, фото шығару өнері мен технологияның жетілуі заман талабына сай жаңашыл бұқаралық иллюстрациялық журналдарды шығаруға ықпал етті. Олардың ішінде ең ірі және танымалы Люс шығарған «Life» («Өмір») журналы болды.

ХІХ ғасыр соңында иллюстрациялық материалдар мен фотосуреттерге бай журналдар тарай бастады. Соның бірі америкалық танымал «Saturday Еvening Рost» журналы еді. 1897 жылы бұқаралық журналға айналған ол 25 цент тұратын және дәстүрлі орта тап өкілдеріне бағытталған. Бұл басылымдарда иллюстрациялар орын алады және мәтіндік материалдардың әсерін арттыру үшін пайдаланылды. Фотожурналистика жанрының қалыптасуында фотоиллюстрация алдыңғы қатарға шықты. Оған баспаханалық өндірістің дамуына ықпал етті. Бұқаралық сипаттағы заман талабына сай жаңашыл бұқаралық иллюстрациялық журналдар миллиондаған данамен шыққанына қарамастан, оларды шығару жұмысының шығыны шектеулі болды. Ол тек қымбат қағаз, сапалы түрлі-түсті басылым қымбатқа түсе қоймады. Бұқара халыққа бағытталған түрлі-түсті басылым коммерциялық жарнама тарату ықпалымен көзге түсті. Жарнамадан табылған көп қаржының арқасында шығарушылар шығынды өтеп қана қоймай, баспа бизнесін арттырып, оқырманға журналды төмен бағамен сату мүмкіндігіне ие болды. Қымбат иллюстрациялық «Life» («Өмір») журналының бағасы не бары 10 цент болған. Сол арқылы ол өте қолжетімді болды. «Life» («Өмір») журналының бұқаралық баспасөзге жатуы оның мазмұны және бейнесіне негізделеді. Люстың «Әлемді көру және көрсету» принципін бұл журнал да толық қабылдады. Апта жаңалықтарын журнал фотоиллюстрациялар арқылы бейнелі түрде таныстырды.

Телеарналардың пайда болуына дейін кешкі жаңалықтар 15 минут уақытты қамтыған. Ал түрлі-түсті телеарналар әлі толық тарай қоймады. Люс «Life» («Өмір») журналын шығару Бродвейде жаңа тележоба шығарумен тең екенін түсінді. Сапалы фото ұлттық масштабтағы материалдармен жақсы үйлесім тапты. «Life» («Өмір») журналының редакциялық шығындары бәсекелес журналдарға қарағанда екі есе көп болды. «Life» («Өмір») журналының коммерциялық және қоғамдық жетістіктері америкалық және шетел баспагерлерін типологиялық анологын танытуға итермеледі. 1937 жылы Г.Коулсон екі апталық «Look» иллюзиялық журналын шығарды. Ол ұзақ уақыт бойы «Life» («Өмір») журналының басты бәсекелесі болды. «Life» («Өмір») журналының басқа мықты бәсекелесі «дәстүрлі» апталық иллюстрациялық «Saturday Еvening Рost» журналы болып табылды. Оның таралымы иллюстрациялық журналдардың «алтын кезеңінен» кейін 1950 жылдары 6 000 000 данаға жетті. 1945 жылы АҚШ-тың журналдарында афро-американдықтарға арналған «Еboy» иллюстрациялық журналы шыға бастады. Оны шығарушы Дж.Х.Джонсон – Люстың жақын досы «Saturday Еvening Рost» журналының типологиялық аналогын жасады. 1930-1940 жылдары жиналған тәжірибелер негізінде 1954 жылы «Тime ins» компаниясы пайдаланды. Бұл компания спорт жаңалықтарын иллюстрациямен жеткізетін «Sport Illustrated» журналын шығарды.

1950-1960 жылдары иллюстрациялық журналдар телевидениемен бәсекеге түсіп, жарнама арқылы табылатын қаржыдан айырыла бастады. Себебі, телеарналар ақпаратты тірі картиналар арқылы жеткізіп отырды. 1959 жылы «Life» («Өмір») журналының рекордты таралымға жетуіне қарамастан жарнамалық материал басу мәселесі телеарнамен бәсекеге түсе алмады. Кейінгі жылдары журнал телеарнамен бәсекеге түсе отырып жарнама арқылы қаржы табу көзін мақсат етті. 1962 жылы «Saturday Еvening рost» АҚШ-тағы ең танымал иллюстрациялық журнал көп миллионды таралымымен қоса 1891 жылдан бері алғаш рет дағдарысқа ұшырады (4 миллионға дейін құлдырады). Экономикалық құлдырау кезеңіне байланысты ол өзінің бұқаралық оқырманынан айырыла бастады. 1970-1972 жылдары «Life» («Өмір») журналының таралымы 8 500 000миллион данадан 5 500 000 миллионға дейін түсті. Журналды жабуға тура келеді. Кейінірек Лук журналы да дәл сол тағдырды басынан кешті. 1945 жылы 2 000 000 дана болса, 1955 жылы 4 000 000 болды. Көзделген мақсаттық таралымға жетпей (8 млн.) журнал 1971 жылы жабылады.



Америкадағы журналдардың рөлi. Бiрiншi американдық журналдар газет шыққаннан кейiн араға жарты ғасыр салып жарық көрдi. Америкада бiрiншi журнал 1893 жылдан бастап шықты. 1969 жылы «The Safurday Euening Рost», 1971 жылы «Look», 1972 жылы – «Life» деген журналдар жарыққа шықты. «The Safurday Euening Рost» және «Life» журналы ай сайын шығып тұрады. Сонымен қатар, “Теннис” (Tennis), “Жизнь автопутешественника” (Trailer Life), “Модели железных дорог” (Model Railroading) журналдары да жарық көрдi. Басқа журналдар ақпараттарды, оқырмандардың нақты мекен-жайларын жариялап отырды. «Tv Guide», «Time», және «Newsweek» қазiр аймақтық шығарылымдар болып табылады. Кейбiр журналдар әр нөмiр сайын оқырмандар тобын қызықтыруға тырысады. 1970 жылы АҚШ-та 6 960 журнал, ал 1994 жылы 11 000 дана болды. 1994 жылы 50 журналдың данасы бiр миллионға өстi. Зейнеткерлерге арналған журналдар да шығарылып отырады. Оларға «Reader’s Digest» ( 15126664), «TV Guide» (14037062) және «National Geographie» (9283079), «NRST - AARP Bulletin» (21875436) және «Modern Mafurity» (21716727) журналдары жатады.

1993 жылы “Time” журналдар iшiнде бiрiншi орынға ие болып, жазылушыларға компьютерлiк нұсқасын ұсынды. 1996 жылы компьютер саласының магнаты Билль Гейтс «Slafe» журналын шығара бастады, бұл журнал саясат және мәдени өмiрдегi жаңалықтарды үзбей жариялап отырады.

1990 жылы Америка баспасөзi өзiнiң 300-жылдығын тойлады. Американың газетi “Publick Оccurrences”, «Bost Foreign» және «Domestick» 1960 жылы жарық көрдi, не бары бiр күн-ақ өмiр сүрген басылымдар болып тарихта қалды.

1730 жылы баспасөз күшi қуатты болып, штат губернаторларын сынап отырды. 1734 жылы Нью-Иорктiң губернаторы Джона Питер Зенгердiң «New York Rallkly Journal» деген журналын айыптады. Тергеушi Зенгер өзінің заң жайындағы мақалаларын жариялап, қорғап отырды. Заң баспасөздi еркiн ұстады.

АҚШ-та 1820 жылы 25 күнделiктi және 400 апталық газет шығып тұрды. 1841 жылы Горас Грили «The New York Tribune» газетiн шығарды, бұл газет ұлттық газет болып табылады. Азамат соғысынан кейiн 1861-1865 жылдары екi империяның Джозеф Пулитцер мен Уильям Рэндольф Херстiң газеттерi болды. Олар бәсекелесу үшiн “сары басылымдарға” сенсациялық мақалаларды оқырмандардың талаптарына сай жариялап отырды. ХХ ғасырдағы газет редакторының бірі: “Ең жақсы әдiс - оқырмандарды тарту үшiн не нәрсенiң болса да деректердің нақты тарихын бiлу мен оны түсінікті тілмен жариялау керек”, - деп айтты.

«U.S.News and World Report» АҚШ пен шетелде жақсы танымал, айына бір рет шығатын журнал. Ол Америкада, дүниежүзiнде орын алған iрi саяси-қоғамдық оқиғалармен таныстырады. «ELLE» әйелдерге арналған журналдардың бiрi. Мұнда да сан алуан кеңестер, көңiл сергiтетiн материалдар мен суреттер басылады. «Empire Home» компьютер тақырыбындағы материалдарды оқитын адамдарға арналған журнал. «Loaded» ер кiсiлерге арнап шығарылған көп беттi, түрлi-түстi журнал. «Premiere» көпшiлiкке арналған журнал, негiзiнен көңiл сергiтетін тақырыптағы материалдарды жариялайды. «Riderz Digest» басқа басылымдардан материалдар көшiрiп басып, Америка мен шетел оқырмандарына 17 тiлде тарайды, басқа да әйелдерге арналған «Vogue», «Good Housekeeping» журналдары бар. Компьютер саласына арналған журналдар «Pcweek», «Netguide», «BYTE», «Pcworld», «Computer Shopper», «Unix Review». Танымал журналдар «LIFE», «Wired», «FHM», «SL online Premiere» түрлi тақырыптағы материалдарды басады және АҚШ-та оқырмандар тарапынан жоғары бағаланып, үлкен беделге ие [3,2-б].



Дайджест журналдар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында журналдардың таралуы - өнделген, өзге баспадан басылған, ақпарат көздерінің аталмыш журнал бетінен табылуымен түсіндіріледі. Журнал «Дайджестер» деген атты иеленді. «Дайджест» ағылшын тілінен аударғанда «қысқа мазмұн», «түйіндеме» деген мағынаны білдіреді. Дайджесттің негізін салушылар арзан бұқаралық ақпарат құралдары аудиторияға жаңаша әсер етіп, бар аймақты ақпаратпен қамтамасыз етуге күші жететіндігін дәлелдегісі келді. Дайджест редакторлары оқырмандарына болған оқиға, құбылыстардың ішінде таңдаулы, қызықты, мәнді материалдарын жариялап отырды. Сондай-ақ, дайджест түріндегі басылымдар баспагерлік-коммерциялық, экономикалық бағытта да жетістіктерге қол жеткізді. Журналдағы ақпараттың өнделіп, түзеуден өтуінің басты мақсаты – материалдың оқырман аудиториясына түсінікті етіп жеткізу болатын [4,130-б].

1890 жылы АҚШ-да апталық «Literary Digest» («Литературный дайджест») журналы жарыққа шықты, ол өз заманының ойшылдары шығармалары мен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ғалымдардың ашқан жаңалықтарын газет беттерінде насихаттады. Данасы 10 цент тұратын журнал АҚШ, Канада, Англия, Франция, Италия сынды алпауыт мемлекет басылымдарындағы ақпарат көздерін өндеп басып отырды. Сондай-ақ, Америка баспасөзінен алынған апталық жаңалықтар, сұхбат пен шолулар топтамасы да жарияланып отырды. Шетелдік баспасөз ақпараттарын өндеген дайджестік журналдардың бірі, әрі ақысыз әлем жаңалықтарымен елді құлақтандырып отырған «Literary Digest» сол дәуірдің белді басылымдарының бірінен саналды. 1920 жылы оның таралымы 1 500 000 дананы құрады. Басылымның басқармасы қаржы көзін есептеу кезінде қателік жіберіп, журнал өз жұмысын тоқтатты. Бедел мен экономикалық жоғарғы нәтиже дайджест журналдарына көптеп баспагерлердің назарын аудартты. Ерлі-зайыпты баспагер Уоллестер 1922 жылы «Riders Digest» айлық журнал шығара бастады. Кең ауқымды тақырыпты қамтыған, көпшілік аудитория құрамына арналған бұл басылым, салтанатты түрде тұсауы кесіліп, журнал ағартушылық бағатты ұстанды. «Riders Digest» білім, ғылым, мәдениет құндылықтарын насихаттауды қолға алды. Оның редакторы: «Адам өз білімін өзі жетілдіре алады, біз соған бағыттауға қызмет істейміз»,- деп мәлімдеме жасады. Журнал адамға кеңесші қызметін атқаратын бірден-бір құрал болуы тиіс еді, сондықтан оның форматы әрқашан жанынан табылатын абзал дос қызметіндегі қалта формасында болды. Журналдың әрбір санында 31 мақала жарияланып отырды. Ұрандары: «Каждый день-по одной статье постоянного интереса». Алғашында журналдың негізін қалаушылар журнал редакциясы американдық айлық басылым жаңалықтарын түгелдей жарияламай, ақпараттарды іріктеп алатындығын айтқан еді. Ақпарат берудің бағыттары тұрақтала түсіп, айдары нақтыланды. Айдар оқырман сұранысымен реттеліп, салтанатты ашылулар, бизнес, саясат, өнер, әйгілі адамдар өмірі, спорт, денсаулық, әзіл-сықақ, бала тәрбиесі жөнінде пайдалы кеңестер беріліп тұрды. Әртүрлі өмір ситуациясында шешім табатын, әрқашан дұрыс кеңес беретін журнал қалта анықтамалығына айналды. Бұқара халықтың сеніміне ие болған «Riders Digestтің» жетістігі коммерциялық жарнаманы жариялап одан пайда табуында еді. Журналдың саясаты орта біліммен шектелген азаматтарға кеңес беру, оқырман көңіліне оптимистік көңіл-күй сыйлап, өз-өзіне деген сенімді бойына ұялата білуді көздеді.1980 жылғы көрсеткіш бойынша таралымы 18 000 000 данадан асқан. Дайджест басылымдар қазіргі таңда салалық бағытта да шыға бастады.



Ғылыми-танымдық, танымдық журналдар. Журналистиканың коммерциялануы ықпалынан ғылыми-танымдық журналдар жарыққа шығып, таралуына әкеп соқты. Ең алғаш мұның ықпалы «National Geographic» - ғылыми-танымдық журналына әсер етті. 1888 жылы Ұлттық География қоғам ұйымының тұсында шықты. Жарнамадан түсетін жоғары пайда мен таралым көрсеткіші ауқымдылығы нәтижесінде басылым 1980 жылы 10 000 000 данаға жеткен. Журнал неміс тілінде шыққан. «Geo» журналы 1976 жылы шыққан айлық суретті журнал сапалы географиялық очерк, репортаж, мақалаларды жариялап, жер-сулардың көркем фотосуреттерін де басып отырды. Журнал тек ғылыми-танымдық ақпаратпен қамтамасыз етумен шектеліп қалған жоқ, көңіл сергітетін материалдар мен қызықты жаңалықтар легімен оқырман көңілін таба түсті. Журналдың мақсаты оқырман аудиториясын Жер шарының құпиясымен таныстыру, әлем кереметтерінен де құлағдар ету болды. Табыстың қайнар көзіне айналған әлемдік туризмді насихаттайтын «Geo» журналы көп бөлімін коммерциялық жарнама еншісіне берген. ХХ ғасырда кең өріс алған коммерциялық басылымдардың жоғарғы талғамға сай болуын БАҚ нарығы талап етуде.

Космополитен” (“Cosmopolitan”). «Cosmopolitan» әйелдерге арналған журнал. Сан түрлi кеңестер, көңiл сергітетін мақалалар бередi. Бiрiншi бетiне мiндеттi түрде танымал өнер жұлдыздарының суретi басылады. Сырты да, iшi де түрлi-түстi.

Бұл Американың ең көне журналы, өткен ғасырдың 1886 жылы негiзi қаланған. Ол жанұялық, әйелдер журналы және әлемдiк БАҚ-та өзіндік орны бар. “Космополитен” Херстiң ең iрi американдық корпорациясында 1895 жылы тағы жарық көрген. Журналдың негiзiн У.Р. Херст қалаған. Америка мен Европада 1905 жылы 14 күнделiктi және 30 апталық газет, 20 журнал шығады, сондай-ақ кiтап басу жұмысы, радио және теледидармен айналысады. “Космополитен” - әлемдегi 80-ге жуық елде 33 баспада 21 тiлде шығады, оның әлемдегi оқырман аудиториясы 27 000 000 әйелді құрайды екен. 2004 жылы “Космополитен” журналының орыс тiлiнде жарық көргенiне он жыл толды, “Cosmo - бұл табыс деген сөзден шыққан екен.

Ресейдегі таралымы 450 000 дана, оның оқырман аудиториясы 2000 000 жуық, әрбiр нөмiрiн қалдырмай, күнiне шамамен 5 000 000 адам оқиды. Бiздiң елде ол “Ең бiрiншi басылым” компаниясы “Гендепендет Медиа” (Еndependent Мedia), осы журналды және басқа да журналдарды Херст корпорациясы шығарады. “Гендепендет медиа”- Голландиялық компания 1992 жылы Ресейде құрылған. “Гендепендет Медиа”- Ресей нарығындағы газеттер мен журналдар басылымы. Ағылшын тiлiндегi журналдар “Москоу таймс” (“The Moscow Times”), “Санкт-Петербург Таймс” (“The St.Peterburg Тimes”), орыс тiлiнде “Капитал”, ағылшын тiлiнде “Раша Ревью” (“Russia Revieue”) журналы басылып шығады. Херст компаниясы 1998 жылдың соңында 17 басылым шығарды. “Космополитен” компаниядағы ең бiрiншi әйелдер журналы болып қала бередi. “Пилотный” журналы 1994 жылдың сәуiр айында - “Харперс базар” (70 000 дана) және төртiншi 1997 жылы наурыз айында “Мари Киер” (50 000 дана) болып жарық көрдi.

“Космополитен” журналының бiрiншi ресейлiк нөмiрi 1994 жылы 60 000 дана, 130 бет болып жарыққа шықты. Бұл журнал қазiргi жас әйелдерге арналған, сән, әдемiлiк, денсаулық және тағы басқа тақырыптар жайында жазады. Бiрақ “Cosmoның” басты тақырыбы – әлем әйелдерiнiң сезiмi, оның жұбайына деген сүйiспеншiлiгi, достары және ұжымы, балалары және ата-аналары жайында көбiрек жазады. Бiрiншi нөмiрi үш бөлiмнен тұрған: “Сен және әдемiлiк”(тоғыз мақала). Келесi нөмiрiне тағы да екеуi қосылады: “Өмiр” және “Жұлдыз”. Сондай-ақ журналдың мынадай айдарлары: “Бiзбен бiрге”, “Жүрек соғысы” (оқырмандардың хаттарына психолог жауап бередi). “Денсаулық”, “Үйдегi спорт зал”, “Ақша”, “Оның көзқарасы”, “Тамара Глобаның жұлдызнамасы”, “Саяхат”, “Сiз мұны қайдан сатып алдыңыз?” (дүкеннiң мекен–жайы, қайда аяқ киiм сатылады, киiм және аксессуар) осының барлығы журнал беттерiнде жарияланады. Барлық айдарлар ағылшын әйелдер журналы “Космополитеннен” алынған. Журналдың көпшiлiгi аударылған метериалдар. Бiрiншi нөмiрi 45-бет болды, сондай-ақ “Cosmo” тегiн, бұл жарнама негiзiнде батыстық фирмада басылып, “Эскада” (киiм жарнамасы), “Христиан Диор” (иiс су және косметика), “Синержи” (косметика) “Карты” (сағат) жарнамалары көптеп берiледi, сондықтан “Cosmo” қолдан-қолға таратылып отырады. Ресейде “Космолитен” бiрiншi “глянцті журнал” (“Glossy magarine”) - сәндi, иллюстрациялық жағынан бай журнал болып шықты. Ол американдық марканы пайдаланып, әлемде өзiнiң экономикалық көрсеткiшiмен танылды. “Космолитен” әйел-аналарға арналған басылым, тілі өте қарапайым, түсiнiктi және сапалы. Әйелдер “Космоны” оқып, өзiнiң білімiн толықтырады. 1997 жылы 350 000 данаға дейiн көтерген. “Cosmopolitan” ағылшын журналы Ресейде 1994 жылы мамыр айында 320 бет және қосымша арнайы бетпен шығарылды, бағасы 2,5 доллар тұрады.

“Космополитен” журналында жарнама көп берiледi, онда жарнама мамандары, астрологтар, психологтар және сексологтар, танысу хаттары, әйелдер үшiн әртүрлi сенiм телефондары қызмет істейді. “Космополитен” әйелдер журналы барлық басылымдар iшiнде бiрiншi орын алып, таралымы көп болған. Бұл журнал супермаркет, дүкендер, дүңгішіктер арқылы сатылады.



Баспасөз және жарнама. ХХ ғасырдағы коммерциялық фактор баспасөзге әсер етпей қоймады. Ақпарат көздеріне сүйенсек, АҚШ басылымдарының бюджетінің 80 пайызын жарнамадан түскен қаржы құраса, қалған 20 пайыздық көрсеткішті газет сатылымынан түскен ақша құрайды. Оқырман мен баспасөздің бюджетке әкелген үлесі АҚШ-та ¼ болған. Нью-Йорк басылымдары ішінде күнделікті газет «New York Times» коммерциялық жарнама кірісі жағынан алдыңғы орында. Бұл дағдарыстық кезеңге тойтарыс беріп, жоғарғы көрсеткішке ие болған Америка басылымдарының көбi газет трестерiнiң, синдикат пен компанияларының еншiсiнде болды. Олардың алдыңғы қатарында - «Ганнет компаниясының» 90 -нан астам басылым, «Найт Ридер Ньюзпейперз» 32 газет, «Херст Корпорейшн» 26 күнделiктi газет, 17 жексенбiлiк газет, 13 журнал, «Трибюн компани», «Нью - Йорк Таймс компани», «Нью Америка паблишинг», «Тайм инкорпорейтид» компаниялары болды [5,23-б].

«The Washington Post» - ұлттық және халықаралық жаңалықтарын жазатын, тiлi күрделi, тiптi американдықтардың өздерi де кәсiби сөздiктердi қолдануына тура келетін басылым. Таралымы - 763 305 дана.

«The New York Times» Нью-Йорк қаласының жаңалықтары басылады. Саясат, экономика, финанс, спорт, мәдениет тақырыбындағы материалдарды оқуға болады. Газеттiң ұраны – «Басуға болатын кез-келген жаңалықты басамыз». Таралымы - 1086 293 дана. «Los Angles Times» Лос - Анджелес қаласы мен қала шетел жаңалықтарымен таныстырады. Таралымы - 1078 186 дана.

АҚШ-та басылымдарға бақылау жасайтын ұйымдар көп. Соның бірі «АIМ» “Accuracy in Media» БАҚ-ты бақылайтын ұйым. «FAIR» “Fairness and Accuacy in Reporning» ақпарат таратудағы әдiлеттiлiк пен нақтылықты қадағалайды. Бұл ұйымдар АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдардың мазмұнына ерекше назар аударып, оларға бақылау жасайды [6].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет