Румынияның газет-журналдары. Соңғы жылдары Румынияның орталық, аймақтық деңгейiндегi мерзiмдi басылымның жалпы жылдық таралымы 23,3 миллиард дананы құрайды. 2006 жылы Румынияда барлық салаға арналған 2100-ге жуық газет-журнал жарық көрiп тұрды, олардың әрқайсысы 176, 9 миллион дана болып, 1980-1985 жылдармен салыстырғанда 7,6 есе артқан екен. Соңғы бiрнеше жылдың iшiнде Румыния баспасөзiнiң құрамында маңызды өзгерiстер орын алған.
Румынияның идеологиялық саясатының модернизациялануы мен экономикалық қайта құру кезінде негiзiнен салалық басылымдар жанданып, таралымының өсуi байқалады. Ғылым, техника, экономика, педагогика, бiлiм беру, құқық, саясат бағытындағы салалық газет-журналдардың қарқынды дамып, бүгiнгi күнде Румынияда көп таралатын iрi газеттерi “Қаржы апталығы“ (“Финансовая неделя“), “Bucharest Bisiness», “Week Manitorub Onli», «Romanian Press Rebieb» т.б.
Bliehan st Bisiness Week газетiнің шығарушыларының айтуы бойынша, бұл iскерлікте жетiстiкке жетем дегендерге аса қажет басылым. “Bisiness Week” – Румынияның ұлттық iскерлiк газетi, тек ағылшын тiлiнде шығады. Румынияның ең жедел ақпарат тарататын газетi, өз оқырманына күнделiктi инвесторлар, шағын, орта кәсiпкерлік, сауда, саяси, мемлекеттiк ұйымдардың, елшiлiктердiң өкiлдерiне, нақты деректерге сүйенiп сенiмдi ақпарат беруге тырысады. Бұл газеттiң ақпараттының сапасы әлемдiк стандартқа сай келедi.
“Bisiness Week” – күнделiктi, көлемi 16-32 бет, көркем безендірілген, түрлi-түстi болып шығады.
«Manitorub Onli» шағын форматты, румын және ағылшын тiлдерiнде, аптасына бес рет, түрлi-түстi болып шығады. Румынияның, шетелдiң саяси, экономикалық, ән-күй, мәдениет, әлеуметтiк өмiр жайлы соңғы жаңалықтарынан ақпарат бередi. Газеттiң көлемi - 20 бет, алғашқы саны 1994 жылы жарық көрдi.
“Priviera” – Румынияның мәдени бағыттағы журналы, аптасына румын тiлiнде бiр рет шығады, көлемi 35-40 бет. Музыка, саясат, сән, жұлдыздар жайлы қызықты жаңалықтар беріп, косметолог, психолог кеңестерiмен қоса оқырман хатына жауаптарын да жариялап отырады.
Румынияның ең көп таралған экономикалық журналдары: “Evro” “Priviera” “Byme Romania” “Банки”. “Банки” румын және ағылшын тiлдерiнде шығады. Оқырман назарына ұсынатын негiзгi ақпарат ұлттық және әлем елдеріндегi (АҚШ, Англия, Франция, Ресей, Германия және т.б.) валюта, айырбастау курсы, салалық, қаржы, банктiк жүйедегi заңындағы өзгерiстер мен толықтырулар, кейбiр шетелдердiң заң актiлерiнен ақпарат бередi. Журнал 1993 жылдан бастап шығады.
“Byme Romania” румын және ағылшын тiлiндегi компьютер саласына арналған журнал. 1993 жылдан бастап айына бiр рет, 24 бет болып шығады. Ол 13-28 жас аралығындағы оқырмандарға арналған, журналда компьютер саласындағы соңғы жаңа технологиялар, компьютерлік ойындар, сол ойындар кiлтiн өңдеу, оны шығарушы фирмалар жайлы ақпараттар жариялайды.
Телерадиосы. Румыния территориясындағы ең танымал “Radio Contract” ұлттық республикалық радиосы. 1990 жылдың 25 ақпанынан бастап хабар таратады, Бухаресте орналасқан. Румыниядан Бельгия, Түркия, Молдавия, Болгария территорияларына тарайды, хабарларын тәулiк бойы румын тiлiнде жүргiзедi. Бухаресте «96,1 FМ», «Байа Марш», «88,5 FМ» диапозондарында тарайды. Бұл радиостанцияға көңiл тоқтатқан тыңдарман өзіне керектi соңғы республикалық, шетелдiк саяси-экономикалық жаңалықтарды тыңдарман талғамынан шығатындай етіп бере алады екен.
“Антена-1” күнделiктi румын тiлiнде ақпарат тарататын тәуелсiз жекеменшiк телеарна. Эфирге алғаш рет 1993 жылдың 29 қарашада шықты. Алғашқы кезде телеарна тәулiгiне 18 сағат жұмыс iстесе, ал 1995 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 20 сағат жұмыс iстей бастады. Телеарнаның экономикалық, саяси жаңалықтар, мәдениет, әлемдiк спорт жайлы бағдарламалары, интеллектуалдық ойындарды тiкелей эфирге береді. Телесериалдар, көркем, деректi фильмдер, ойын-сауық бағдарламалары, сәннiң соңғы жаңалықтары күнделiктi көрсетiлiп тұрады. Ауа-райы және экономикалық жаңалықтар ағылшын және румын тiлдерiнде таралады.
Ақпарат агенттiктерi. “Medua Fax” Румынияның жаңалықтар агенттiгi басылымдар мен телерадио арналарын жаңалықтармен қамтамасыз етедi. “Аджепрес” Румыния мемлекетiнiң баспасөз агенттiгiнің негізі 1949 жылы қаланған.
Грекия газет-журналдары. Грекияда орталық баспасөзге қарағанда, жергiлiктi баспасөз елеулi орын алады. Аталмыш елдiң мерзiмдi басылымдарындағы ерекшелiк кiшкентай форматты газеттердi, үлкен форматқа айналдыру. Соңғы жылдары басылымдарының сапасы бiршама жақсарып әлемдiк стандартқа толығымен сай келедi. Грекияның күнделiктi басылымнан гөрi, апталық газет-журналдар басым болып келедi. Бұрын грек журналистикасында бiрқатар проблемалар орын алды: а) журналист кадрларының жетiспеушiлiгi ә) маман журналистердi дайындау деңгейi төмен болды. б) баспахана технологиясының әлсiздiгi әсер еттi.
Қазiр шетел инвесторлары грек баспасөзiне қаржыны көп бөліп, компьютерлiк технология мен жарнамалық бизнес үлкен қарқынмен дамуда. Осының арқасында мерзiмдi басылымдардың сапасы артып, салалық газет-журналдар дүниеге келiп, күнделiктi және таңертеңгiлiк газеттердiң саны көбейдi.
“Eleflerotoria” 1956 жылдан бастап Грекияда шығатын газет. Елдiң, сондай-ақ бүкiл әлемнiң саяси, экономикалық және мәдени жаңалықтарынан хабардар етедi. Газет барлық жастағы оқырмандарға арналған. А-3 форматты, көлемi – 18 бет, 20 000 данамен таралады.
“O Pothos” гректiң тәуелсiз газетi жұмасына бiр рет грек және ағылшын тiлдерiнде шығады, ерекше қабiлетi бар оқырмандарға арналған. Өзгеше безендiрiлiп, офсеттiк қағазбен басылады. 1993 жылдың ортасында негiзi қаланған, таралымы 20 000 данамен, 28 бет болып шығарылады. Грекияда, оңтүстiк Италияда және Кипрде таралады.
“Prioni” Грек-американдық күн сайын шығатын тәуелсiз газеті 1987 жылдан бастап шығады. Грекияның Америкамен сауда-саттық қатынасы, жекеменшiк кәсiпорындардың дамуы, бағалы қағаздардың рыногы жөнiнде, биржалық қор, өнеркәсiптiң мемлекеттiк секторы, салық және кеден жүйесi тағы басқа да экономика мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялайды.
“Phuket Gazette” Грекияның халықаралық газеті 1985 жылдан бастап шығады. Экономика, саясат, мәдениет жаңалықтарын әлемдiк масштабта таратады, грек және ағылшын тiлдерiнде басылады. Грекияда бұл iрi газеттерден басқа “Ta Nea Kathimerini” газеті көпшiлiкке таралады. Грекиядағы ең танымал журналдар “Metro” (Метро), “Diaspora W.W.W Project” (W.W.W диаспорасы Жоба) айына екi рет шығатын бұл журналдар электрониканың соңғы жетiстiктерiнен хабардар етедi. 1994 жылдан шыға бастаған. “Matsakoni, То” адамның әлеуметтiк құқығын қорғау мәселесiн жазатын, “Monopol I Magazine Strategy Magazine” музыка, кино, театр, көрме, ресторандар туралы ақпарат беретiн грек журналы.
Телерадиосы. Грекиядағы кең тараған iрi радиостанция “100FM Melodia” 1990 жылдардың аяғында Афинада дүниеге келген. Грекияның барлық қалаларында таралады, тыңдармандардың “100FM Melodia» арқылы музыкалық хабарлар, ақсүйектер туралы мәлiметтер, әр түрлi талғамдағы музыкаларды тыңдауға мүмкiндiк береді. “101.9 FM-Studio 19” грек ұлттық радиостанциясы. Грекияда ғана емес, алыс, жақын шетелдерде 18 сағат бойына хабарларын таратады. “88.8 FM-Star FM Corfu” саясат, экономика, мәдениет тақырыбындағы соңғы жаңалықтарды, музыка, ауа райы болжамын, теледидар бағдарламасы туралы ақпараттарды қамтиды. “9.59 FM-Fly 9.61-Flash” әлемнiң саяси жаңалықтары бередi. Хабар ағылшын және грек тiлдерiнде тарайды. Басқа “94.5 FM – Radio Thessaloniki”, “97.5 FM-ANT Radio Thessaloniki”, “Radio ONE FM” радиолары бар.
«Antenna TVS” (“ТВ Антенна”) телерадио жүйелерiнiң бiрi. “Antenna TVS.A” телевидениесiнiң бағдарламасының табысының көп үлесiн жарнамалық бизнестен алады. Телевидение көрермендерi арасында үлкен беделге ие. Шамамен он миллионнан астам адам көредi. “Antenna TV» тәулiк бойы өз аудиториясына саяси-экономикалық жаңалықтарды, ток-шоу, көркем фильмдер, белгiлi сериалдарды, опералар, спорт хабарларын ұсынады. Телекомпанияның түсiмi соңғы 2010 жылы 19% көбейген, ол жергiлiктi валютаның он миллиардын құрайды. Компанияның телебағдарламасын Грекияның барлық отбасының 99% көредi [5,4-б].
Интернет. “To Matsakoni” интернеттегi ақпараттық бет. 1985 жылдың қазанында Грекияның студенттiк тобы құрған. Құрылу кезiнде университеттiң фотокөшiрмелiк құралдарын пайдаланылып, “сөз бостандығын” қорғау, жасырын цензураға наразылық, коммерциялық бұқаралық ақпарат құралдарының шындыққа жанаспайтын ақпараттарымен күрес жүргiзуді көздейді. Бүгiнде бұл бағдарламаның өрiсi кеңейіп, интернет жүйесiнде жаңа беттер ашуға мүмкiндiк алған [6,47-б].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Деннис Э., Мэррил Д. Беседы о масс-медиа. - М., 1997.
2 Воскобойников Я.С., Юрьев В.К. Журналист и информация. Профессиональный опыт западной прессы. - М., 1993.
3 Каппон Р. Слово или Как профессионально писать для «Ассошиэйтед Пресс». - М., 1995.
4 Мелюхин И. С. Информационное общество: истоки, проблемы, тенденции развития. - М., 1999.
5 Вартанова Е.Л. Европейский Союз в поисках информационного общества // Вестник МГУ. Сер. Журналистика. - 1998. - № 2,3.
6 Кашлев Ю.Б. Информационный взрыв: Международный аспект. - М., 1988.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. Чех мерзiмдiк басылым нарығындағы iрi монополистер кімдер?
2. Этникалық қақтығыстар кезiнде хорват баспасөзiнде қандай жанр дамыды?
3. Румынияның қандай жаңалықтар агенттiгi бар?
5. “Priviera” Румынияның мәдени бағыттағы журналы қай жылдан бері шығады?
6. “Антена-1” тәуелсiз жекеменшiк телеарнасының қандай жұмыс істеу ерекшелігі бар?
7. Грекияда қандай баспасөз елеулi орын алады?
8. “Antenna TVS.A” телевидениесiнiң бағдарламасын кім қаржыландырады?
9. Грекияда кең тараған қандай iрi радиостанциялар бар?
ҮШІНШІ БӨЛІМ
АМЕРИКА, КАНАДА ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
3.1 ХVІІ-ХІХ ғасырдағы Америка журналистикасы
Солтүстік Американың отар елдеріндегі алғашқы баспа станогының пайда болуы 1638 жылдармен тұспа-тұс келеді. Бұл оқиға Жаңа Англияның Кембридж деген жерінде (Масачусетс) Гарвард колледжінің ашылуымен тығыз байланысты. Колледж сол аймақтарға қажет журналист мамандарын дайындау үшін ашылып, аймақтағы жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдарына тарату үшін қажет болды.
Жаңа әлемге Голландиядан арнайы тапсырыспен алынған баспаханалық станогымен бірге Гловер есімді баспагер шақырылып, өкінішке орай, ол жолда қайтыс болады. Масачусетс колониясының негізін қалаушылардың бірі Джон Уинтроптың күнделігінде мынадай жазба сақталған. «Типография Кембриджде Гловер мырзаның көмекшісі Дэемнің көмегімен орнатылды. Онда басылған алғашқы туынды жеке азаматтың анты болатын, кейін Жаңа Англия үшін жасалған Уильям Пирстің альманағы, содан кейін поэзиялық өлшемге салып жазылған кітап басылып шықты»[1,45-б]. Осылай, тағдырдың басқа салуымен американдық бірінші баспагер Стивен Дэй тарихта Кембриджде алғаш баспахана ашқан адам болып қалды. 1639 жылғы алғашқы басылым клерикалды әдебиеттің жарқын үлгісі болған, пуританды ұйымның интеллектуалдық сұранысын қамтамасыз еткен, заңды құжат – альманах (қазіргі бұқаралық мәдениеттің аналогы) болды.
Солтүстік Америка колонияларының ХVІІ ғасырдағы баспа өнімдерін атай отырып, басты назарды Жаңа Англияның баспасөз құралдарына аударуымыз қажет. Себебі, Пенсильваниядағы алғашқы басылымдар 1685 жылы, Нью-Иоркте 1693 жылы, Виржинияда 1730 жылдары пайда болып, бұл станоктарда басылған баспа өнімдері көбіне арнайы әдебиет, памфлет, брошюралар болды.
Жаңа Англияда цензура 1662 жылға дейін болмады, бірақ қоғамға қайыры жоқ басылымдар пуритандықтардың қатаң сынына ұшырап отырды. Цензуралық шектеулер алғаш рет Уильям Пинчонның 1650 жылы шығарған «Достохвальная цена нашего искупления» атты памфлетіне қойылды. Оған «қате және шерік қатушылық» деп қана баға беріп қоймай, Бостонның орталық алаңында кітаптың бар басылымын өртеу туралы бұйрық шығарылған. Төрт жыл өткеннен кейін мұндай тыйым мен санкция жаңа Англияны енді жайлап келе жатқан квакерлік трактаттарға тарап, 1669 жылы сот басылымға енді дайындалып жатқан Фома Кемпийскидің «О подражании Христу» кітабының мәтінін тексеріп, өзгертулер енгізеді.
Баспа өнімдеріне бақылау жұмыстарын жүргізу жұмыстарын ағылшын үкіметі бірінші кезекте Солтүстік Америка колонияларындағы король губернаторларына тапсырады. 1686 жылы провинциялардың губернаторларына бағытталған ресми жарғыларда: «Сізге тапсырылып отырған талаптардың бірі, жоғарыда аталған жер аумағында ешкім де өз станогымен баспа өнімдерін, брошюраларды шығармауы тиіс. Шығаратын болса, арнайы рұқсат, не лицензия алуы керек»,-делінген. Сондықтан да, солтүстік америкалықтардың жерінде шыққан газеттердің қатаң цензураға ұшырауы ешкімді таң қалдырмайды. Бұл атаулы оқиға Бостонмен тікелей байланысты себебі, 1690 жылы 25 қыркүйекте Лондоннан көшіп келген Бенджамин Харрис атты баспагер алғашқы американдық газеттің негізін салуға талпыныс жасайды. Газет «Publick Ocurrences Both foreign and Domestick» («Шет елдің және жергілікті қоғамдық мәселелер») деп аталып, айына бір рет ақпараттың көптігіне байланысты көп шығаруға негізделеді. Ол шағын форматты, төрт жолды, екі бағанаға ақпараттар беріп, көбіне астыңғы жағы ақпарат аздығынан бос қалатын болған. Харрис Бостонға газеттің қажеттігі туралы бірінші санында: «Біріншіден, басылым бетінде түрлі мәселелер жазылып, оқырманға жетеді. Екіншіден, бұл шетелдік және жергілікті ақпараттар адамдардың сауда жүргізуіне мүмкіндік береді. Үшіншіден, нақты ақпарат беру арқылы арамыздағы өтіріктің шырмауынан құтыла аламыз»[1,4.-б],- деп жазған болатын.
Америкалық алғашқы газет бетінде нақты уақыты көрсетілмеген мақалаларда шоқындырылған үндістердің Плимутке келуі, екі баланы жабайы үндістердің алып қашуы, әйелі қайтыс болған соң, жалғыз қалған шалдың өзіне-өзі қол жұмсауы, нәтижесінде ер бала қайтыс болып, баспа станогы сынған Бостондағы өрт туралы жарияланып отырды. Соңғы жолға Харрис жаңа түскен жаңалықтарды орналастырып, «Бір жолдық жаңалық» деп атаған екен. Бұл жолда оқиғаның уақыты мен мекенін атау міндетті болды. Алайда, газеттің ақпаратты жанрда жазылғанына қарамастан, көп ұзамай, газеттің бірінші санынан кейін оны шығару тоқтатылды. Оның бірден-бір себебі, Масачусетс губернаторынан алынбаған лицензия және халықты алаңдатып, шындыққа сай келмейтін мақалалар деген сылтау себеп болады. Осы жағдайдан кейін көңілі қалған Харрис бес жылдан кейін Лондонға қайтып, «The London post» газетін шығара бастайды. Арада он төрт жыл өткеннен кейін Бостонда газет шығару ісі қайта жолға қойылады. Оны ашқан Бостонның почтмейстері Джон Кэмпбелл болды. Ақпараттарды ағылшын газеттерінен алған апталық газетті алдымен қолжазба түрінде жазып, колония губернаторларына жіберіліп, солардың рұқсаты мен ескертулерінен кейін жарыққа шығарып отырған.
Бостондық қолжазба парақтары қандай арнада жазылғанын анықтау үшін 1703 жылы 14 маусымда басылған газеттің мына данасынан үзінді келтіре аламыз: «8 маусым. Ассамблеяның тұрақты жиналысы осы айдың соңғы сәрсенбісінде болды. 9 маусым. Король бірнеше бағыныштыларымен және серіктерімен Нью-Гэмпширге аттанды. 10 маусым. Кэмпичи бұғазынан келген шлюп ешқандай жаңалық әкелмеді». Осы ағымдағы ақпараттарды уақытында шығарып тұру үшін Джон Кэмпбелге баспаханалық станоктарды алу қажет болады. Соңында 1704 жылдың сәуірінде Джон Кэмпбел баспа станогын жалға алып, «The Boston News-Letter» («Бостондық жаңалық парақшалары») деген атаумен газет шығара бастайды. Бұл шығарылымның уақыты 1704 жылдың дүйсенбі 17-сінен 24-ші сәуір деп көрсетілген. Сондықтан «The Boston News-Letter» газетінің нақты шыққан күні 1704 жылдың 24 сәуірі деп есептеледі.
Бенджамин Харриске қарағанда, Кэмпбелл газетінің жоғарғы бұрышына «Биліктің рұқсатымен басылған» деп жазып отыруды ұмытпайды. Ал, газеттің бірінші нөміріндегі бас мақала жаңадан шыққан тауардың жарнамасына ұқсайды: «News-Letter» апта сайын шығады. Оның бетіне кез келген жер, мүлік, тауар мен бұйымдардың иелері, олардың сатылуы, не жалға берілуі жөнінде он екі пенстен 5 шиллингке дейінгі аралықты қаржы төлеп, жарнамасын шығаруға болады. Сонымен қатар, қашып кеткен құлдар, жоғалған, не ұрланған заттар туралы хабарламалар да қабылданады. Қала және осы аймақтағы тұрғындар почтмейстер Джон Кэмпбеллмен келісіп, газетті ала алады»,–деп жазылған. Форматы жағынан да, ақпаратты жинау жағынан да Кэмпелдің газеті Харристің газетінен ерекшеленбеді. Жергілікті жаңалықтар жылдам, шетелдік жаңалықтар – кешігіп жарияланды. Жоғарыда атап кеткен, газеттің бірінші нөмірінде сол жылдың желтоқсанында жарияланған «The London Flying Post» және «The London Gazette» басылымдарынан алынған ақпараттар жарияланады. Кэмпбелл ақпарат көзін әрқашан көрсетуге тырысып отырады. Мысалы, «Ағылшын колонияларына қыста француздар мен үндістердің шабуыл жасауы мүмкін» деген мақаласында ақпаратты Олбаниге келген үндістен алғанын жазған. Кей кезде редактор өзі де ақпарат көзі болған. Оған мысал, 1704 жылдың 30 маусымындағы 6 пираттың дарға асылғаны туралы хабар.
1722 жылы өзі қартайған Кэмпбелл газет шығару ісін Бартоломее Гринге тапсырады. Өз кезегінде Грин газетті оның жабылғанына дейін, яғни 1776 жылға дейін басқарған Ричард Дрейперге сатты. Негізінен, Кэмпбелл шығарған газет өміршең болып, 72 жыл бойы шығып тұрды.
Американдық үшінші газеттің де шығуы Бостонмен байланысты. 1719 жылы Джон Кэмпбеллді почтмейстер қызметін Уильям Брукер айырбастады. Ол да өз атынан газет шығармақ болып, оны «The Boston Gazette» деп атады. Бұл жағдай Кэмпбеллді қуанта қоймады, газеттің 1719 жылы 21 желтоқсандағы саны туралы: «Мен ол газеттің оқырмандарына жаным ашиды. Газет парақтары түнгі шамның майымен емес, сыра иісімен аңқып тұр. Бұл газет – сыпайы адамдарға арналмаған» [1,25-б],- деп баға берді. Ал, бір күн өткеннен кейін, сол жылдың 22 желтоқсанында баспагер, редактор Эндрю Брэдфордтың басшылығымен, алғаш рет Бостоннан тыс Филадельфияда «The American Weekly Mercury» газеті жарыққа шықты. Газет Брэдфордтың әкесі, Нью-Иорктік баспагердің арқасында біраз уақыт бойы Нью-Иоркте де таралады. Газеттің бейтарап көзқарасына қарамастан, Брэдфорд жергілікті өкімет басшыларымен жиі қақтығысып отырды. Оның бірден-бір себебі, өкімет саясат туралы жазылған мақалаларға қатты шүйлігетін болған. 1721 жылы Бостонда өзара үш газет бәсекеге түсті. Алдындағы екеуіне Уильям Брукердің көмекшісі болған Джеймс Франклин шығарған «The New Englnd Courant» («Новоанглийские куранты») газеті қосылады. 1721 жылдың 7 тамызында шыққан газеттің бірінші нөмірі Америка журналистикасына жаңа леп әкелді. Джеймс Франклин жергілікті әкімшілікте ешқандай қызметте болмағандықтан, газеттің таралуында қосымша қиындықтар туындайды. Достары оның ойын қайтармақшы болып, «Америкаға бір газет жететінін» айтып көндірмекші болады, алайда, Франклин өз айтқанында тұрады. Сонымен, «The New Englnd Courant» жергілікті әкімшілік басқаруынан тыс шыққан, олардың саясатына сын айтқан бірден-бір газет болды. Ондағы жазылған мақалалар Бостонның клерикальды қоғамының наразылығын туғызды.
Джеймс Франклиннің газеті кезекті мақалаларының бірінде пуритандық қоғамның көп өкілін тәрбиелеген Мэзерлер жанұясының қытығына тиді. Соған жауап ретінде, «The New Englnd Courant» басылымына қарсы Инкриз Мэзер «The Boston Gazette» газетінде «Оқырман көпшілікке кеңес» деген мақала жарияласа, памфлет жанрында жазылған мақаласында Коттон Мэзер «Әлемнің ешбір христиандық, түріктік немесе тілдік елінде жоқ екенін атап, апталық газет шығарушылар елдің қамын жеген ел азаматтарының абыройын түсіреді»,- деп өз көңілі толмайтындығын білдіреді. «The New Englnd Courant» басылымының пуритандық көзқарастардың принципиалды қарсылығы эссе жанрын дамытты. Қалай дегенімізбен, солтүстік америкалық саясаткерлер колонияларды бағындыруда тікелей газеттердің көмегіне сүйенді. Джеймстің атақты бауыры Бенджамин Франклин жазған бір эссесін, «Ой еркіндігі болмайынша, даналық болмайды, сөз бостандығынсыз қоғам бостандығы жөнінде сөз де жоқ, әр адамның құқығы сақталуы керек, ал әрбір адам өзге адамның құқығын құрметтеуі керек» [2,58-б],- деп ой қорытады.
1722 жылы губернатордың саясатына сын айтқан Джеймс Франклинді «жала жапқаны» үшін бір айға қамауға алынады. Осындай айыптауды пайдаланған жергілікті өкімет, көңілдерінен шықпаған авторлар мен баспагерлерді де сотқа тартуды әдетке айналдырады. Ағасының жоқтығынан газетті біршама уақыт Бенджамин Франклин басқарады. Ол сол уақытты өзінің өмірбаянында: «Ағам екеуміздің қарым-қатынасымыз соншалықты жақсы бола қоймаса да, мен ол жоқта газетті басқарып, басқару органдарының қытығына тиетін екі мақала жарияладым. Оған ағам жақсы қараса да, маған «кішкентай білгіш» ретінде қырын қарайтындар пайда болды. Ағам қамаудан шыққан кезде, «Джеймс Франклин «New Englаnd Courant» газетін шығаруға тыйым салынады» деген жарлық шығады. Сол күні баспаханаға барлық достар жиналып, әрі қарай не қылатынымызды ақылдастық. Газеттің атауын өзгертейік дегенге қарсы шыққан ағам, газеттің шығарушысы ретінде мені тағайындады» [2,56-б],-деп баяндайды.
Ағасымен арадағы күрделі қарым-қатынасына байланысты Бенджамин Франклин газетте көп уақыт бола алмайды. Бірақ, сол аралықта «Жесір Сайленс Дугуд» деген бүркеншік атпен 8 эссе жариялайды. Стильдік жағынан Джон Аддисон мен Ричард Стильден үлгі алған Бенджамин Франклин «Бумаги вдовы Дугуд» сериялы эсселерімен дәстүрлі американың эссеистикасының негізін салды.
«The New Englnd Courant» газеті аз уақыт қана 1721-1728 жылдары шығып тұрса да, Масачусетс колониясынан да тыс жердегі саяси-қоғамдық өмірге өз ықпалын тигізді. Сөз бостандығы ақырындап Америка саясатында өз орнын ойып алды. «Ағартушылық» дәуірде жарық көрген газеттердің легін тоқтату мүмкін болмады. 1725 жылдың 8 қарашасында Нью-Иорктің ресми баспагері Уильям Брэдфорд бірінші Нью-Иорктік газет «The New-York Gazette» басылымын шығарды. 1730 жылы жеті газет жүйелі түрде төрт колонияда, ал 1735 жылы Бостонның өзінде ғана бес газет шығып тұрды.
1726 жылдың қазанында баспа өнерінің шыңына жеткен, америкалық журналистиканың жаңа дәуірін ашу үшін Бенджамин Франклин оралды. Америка журналистикасындағы Бенджамин Франклиннің еңбегі зор. Жан-жақты талант иесі өз өмірінде журналистикаға үлкен мән берген тұлға. Франклин Бостанға келген кезінде оған жұмыс табылған жоқ, сондықтан ол Филодельфия қаласына көшуге бел буады. Филодельфия Бостон қаласына қарағанда кітап баспасының аймағы болып көрінеді. Бірақ онда баспа өнімдеріне сұраныс төмен және баспа сапасы нашар болады. Аз ғана оқырмандар альманах, памфлет және теологиялық трактаттарды сатып алып оқитын болған.
1728 жылы Франклин Хью Мередитпен бірге баспахана ашып, жекеменшік газет шығаруды ұйғарады. Сол уақытта Филодельфияда тек “The American Weekly Mercury” газеті ғана басылып шығарылатын. Франклин Брэдфордтың газетіне назарын аударып, оның ойынша Брэдфордтың газеті: «Түкке тұрамайтын, жөнсіз, ұсақ-түйекті жазатын газет болса да, оған кіріс әкеледі. Демек, жақсы газет қолдаусыз қалмайды»,- деп ойлады.
Франклин өзінің жекеменшік газеті туралы ойланып жүрген кезінде, 1728 жылдың желтоқсаныңда баспагер Сэмюел Кеймер аптасына бір рет шығатын «The Universal Instructor in All Arts and Sciences: and Pennysylvaniya Gazette» («Универсальный наставник во всех искусствах и науках, или Пенсильванская газета») атты газетін шығара бастады. Кеймердің басылымының үлгісі жеңіл болады. Ол материалдарды Чэмберстің Лондондық «Энциклопедиясынан», Дефо туындыларынан, жергілікті авторлардан шағын үзінділер алу арқылы жариялап отырды. Кеймердің газеті Брэдфордтың газетіне қарағанда оқырмандар үшін қызықты болған.
Кеймердің газеті тек 39 нөмерге дейін ғана шыққан, өйткені, 1729 жылы ақпан айында Франклин Брэдфордтың газетіне «Хлопотун» деген әзіл-оспағы аралас эссені жасырын жаңа атпен жазған еді. «The American Weekly Mercury» газетінің танымдылығы осы эсседен кейін ұлғаяды. Кеймер өзінің оқырмандары мен авторларын жоғалтып, өзінің баспаханасын Франклин мен Мередитке арзан бағаға сатуға мәжбүр болады. Жаңа газеттің басылып шығуы Мередитті қызықтырмайды. Сондықтан 1732 жылдың мамырында Франклин Мередиттің бөлігін сатып алып, өзі ғана баспахананың бастығы, газеттің редакторы болады.
1729 жылы 2 қазанда ең алғаш «The Pennsylvania Gazette» атты газеттің бірінші нөмері жарыққа шығып, Франклин газеттің атын жеңіл және тез есте қалатындай етіп өзгертті. Ең бірінші газеттің нөмірі Кеймердің басылымымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы болып көрінді. Ең бастысы Франклин өзінің газет беттерінен энциклопедиядан мәліметтерді көшіруден бас тартты, оның орнына өзі жазған эсселерді басып отырады. Бұл газет оқырмандарды өзінің тың жаңалықтарымен қызықтырып, Франклин аз уақыт ішінде Кеймердің қызықсық басылымынан ақпараты мол, кәсіби, қызықты және өте пайдалы газетке айналдырады. Франклиннің газеті бір ғана бағытты ұстанып, ол ақпаратпен қоса саясат, өнер, мәдениет, әлеумет және т.б. мәселелерді де жариялап отырады.
«The Pennsylvania Gazette» газетінің үшінші нөмірінде Франклин оқырмандарға: «Барлығы ойлағандай жақсы газет шығару оңай емес. Газет бетіне мақалаларды жариялаған автор, яғни журналист сегіз қырлы, бір сырлы болуы қажет. Оның тіл байлығы мол, ақпаратты тиянақты және түсінікті етіп жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, ол өзге ұлттың дәстүрін, әртүрлі мемлекеттердің саяси жағдайын, география, тарих, экономика, әлеуметтану және т.б. мәселелерді жан-жақты және терең білуі тиіс» [2,36-б],- деп жазады.
«The Pennsylvania Gazette» газеті шыққаннан кейін интеллектуалдық орталық пен журналистік өмір белгілі бір мерзімге Филодельфия қаласына ауысады. Ал газеттің өзі тек Пенсильванияда ғана емес басқа да қалаларда таратыла бастайды. Филодельфия қаласында Франклин үшін Брэдфордтан басқа лайықты бәсекелес болған жоқ. Франклин саясатқа қатысты қисынды және өзекті мәселелерді де жариялап отырған. Ол тек қана өмірден алған жаңалықтарды ғана емес, сонымен қатар, шетелдің жаңалықтарын, оның барлығын біріктіру арқылы оқырмандарын қызықтырған. Ол редактор үшін деп өз-өзіне хат жазып, өзі сұрақтарына жауап беріп те отырған. Демек, сол кезде хат жазысу өнері дами бастады. Осының барлығы газеттің таралымы мен жарнамаларды көбейте түсті. Ал Брэдфордтың газетінің сапасы төмендей бастады.
«The Pennsylvania Gazette» газеті басқа басылымдардан өзгешелігімен көзге түседі. Оның айырмашылығы газеттің бағана түрде шығарылуы, әдеби сапасының жоғары болуы және американдықтардың көңіліне керек ақпараттармен қамтамасыз ете білуімен ерекшеленді. Франклиннің газетінде эссе, сатиралық памфлеттер, хабарландырулар мен жарнамалар көп жарияланып тұрған. Ол оқырмандарын көбейту үшін бар күшін салып, жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүрмей, өзінің қарсыластарынан озып шығуға ұмтылады. Бірақ бұл әдіс тек 1748–1765 жылдар аралығында өз нәтижесін көрсетіп, бұл «The Pennsylvania Gazette» басылымының кірісінің 60 % - ын құрады.
Америка журналистика саласында көптеген жаңартулар енгізген «The Pennsylvania Gazette» басылымы жабылған жоқ. Франклин ең бірінші өзінің назарын неміс тіліне аударды. Олар ақпарат алуға мұқтаж болып, бірақ оларға тіл мәселесі тосқауыл болады. Сондықтан 1732 жылы Франклин Льюиса Тимотиды редактор қызметіне шақырып «Phiadephische Zeitung» газетін шығара бастады. Бұл газет шет тіліндегі ең алғашқы басылымдардың бірі болды. Франклиннің ойы сәтті болғанымен, ол өз заманның уақытынан озып шықты. Сондықтан «Phiadephische Zeitung» газеті көп уақыт ұзамай жабылып қалады. Бірақ жеті жылдан кейін бұл газет «Germantawn Zeitung» табысын көріп қайта басылып отырды. Франклиннің назары Пенсильваниядағы басылымдарда болса да, сонымен қатар, ол бірнеше газеттің ашылуына себепші болған. Мысалы: «The South Carolina Gazette» және «The Rhode Island Gazette» 1732 жылы Франклин шығарған Пенсильваниядағы қоғамдық басылымдар.
1732 жылы Франклин Томас Уайтмаршты Оңтүстік Каролинаның астанасына жіберіп, ол келісімшарт бойынша Томасқа станок першрифт берілді. Бұл баспахананың 3/1 бөлігі Франклинге пайда әкелген. Сонымен Чарльстонда «The South Carolina Gazette» басылымы шықты. 1733 жылы Уайтмарш кенеттен қайтыс болды. Ал оның орнын Льюис Тимоти басты. 1738 жылы Тимоти қайтыс болғаннан кейін оның жесір әйелі Элизабет Тимоти ең алғаш американдық әйел редактор ретінде тарихта аты қалады. «The South Carolina Gazette» және «The Virginia Gazette» 1736 жылы Уильямсбургте алғашқы Оңтүстік Американың газеттері болып табылады. Ол 1755 жылы өзінің газеттерінің басылымынан бас тартады, бірақ ол қаржы жағын қарастырудан бас тартқан жоқ.
Бенджамин Франклин өзі альманах шығаруға ұмтылады. ХҮШ ғасырда Америкада альманахтар көп сұранысқа ие болды. Альманах тақырыптары кеңейіп, оны таратушылар өте көп болды. Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін олар қалтаға сиятын форматта басылып шығарылды. Сол кезде Пенсильванияда альманах ең тиімді және табысты басылымдардың бірі болды. Франклин Филодельфияға келген уақытында Эндрю Брэдфорд «Американдық альманах» атты басылым шығарды. Сонымен бірге Кеймер де өзінің баспаханасында альманах шығарған болатын. Франклиннің өзі де альманах жазуға кірісті. Франклин «Альманах Бедного Ричарда» («Poor Richard's Almanack») жазуға ұмтылды. Ол альманахты жазғанда Ричард Сондерс деген жаңа бейне тауып, осы жаңа бейнесімен атағы шыға бастады. Ол өзінің дәстүрлі пішінін қалдырып, құпияның кілтін тауып, альманахтың оқырмандар үшін қызықты болатынына үміттенген. Бұл альманахтың сұранысы өсіп, бір жылдың ішінде 10 000 данамен басылып шықты. Альманах туралы әңгімелер көптеген провинцияларға тарады және онда күнтізбе, мақал-мәтелдер, нақыл, шешендік сөздер басылып, өзінің оқырмандарын көбейте түсті.
«Альманах Бедного Ричарда» 1732 жылдың желтоқсанынан 1757 жылға дейін қайта-қайта басылып тұрды. Ричардтың бейнесінің көркем сомдалуы Франклин үшін сәтті болды. Ол Ричардтың өмірбаянын өзі ойдан шығарғанын, Ричард қарапайым, кедей адам болғанын оқырмандар алдында ашып салады. Ең бірінші альманахтың басылымында оқырмандарға Ричард Сондерстың бейнесін суреттеген. Оның суреттемесінде: «Мен сіздерге альманахты қоғам үшін қажет деп айтатым болсам, оның бәрі өтірік, жалған болады. Бұл жағдайда мен сіздерге шыңдықтың көзін жабушы боламын. Енді шындыққа келетін болсақ, мен кедеймін, ал менің әйелім өте жақсы адам. Жұбайымның айтуы бойынша, ол тоқыма тоқып, ал мен жұмыссыз, аспандағы жұлдыздарымды санап отырамын»,-деп суреттейді.
Келесі жылы Франклин бұл ойынды оқырмандармен жалғастырады. Ол Ричард Сондерстің атынан альманахты жазу үшін қаражат табылды деп жазған. Альманахтың көп данасы Франклин үшін сенімді қаражат әкелетін болды. Франклиннің афоризмі Америкаға әйгілі болып қалады. Оларды әр адамның аузынан естуге болады. Бұл афоризмдерді, яғни қанатты сөздерді американдықтар әлі күнге дейін айтады екен. Мысалы: «Өзің үшін дұрыс тамақтан, ал бөтен үшін дұрыс киін», «Шыдамдылық барлығын жеңеді», «Тиімді келісімнің достары да, туған-туысқандары да жоқ», «Мысық тышқанды қолғаппен ұстамайды», «Ақша балдан да тәтті», ал американдықтар үшін ең әйгілі нақыл сөзі «Уақыт – ақша». Франклиннің альманах жазу үлгісі бара-бара нақыл сөздермен жазылған. Американдық мәдениеттің даму кезеңімен американдық журналистикада бұл құбылыс үлкен өзгерістер әкелді.
Бенджамин Франклин Америкада мерзімді баспасөзді алғаш шығарушылардың бірі болып тарихта аты қалды. Үлгі ретінде оның Лондондық «The Gentlemen's Magazine» журналын айтуға болады. Бұл журналдың редакторы Джон Уэббты тағайындайды. Бірақ Уэбб бұдан көп табысты күткенімен, ал журналдың табысы аз болғаннан кейін оны Франклиннің бәсекелесіне береді. 1740 жылы 6 қарашада Эндрю Брэдфорд өзінің газетінде жаңа журнал шығаратынын жариялайды. Журналдың аты «The American Magazine, or a Monthly View of the Political State of the British Colonies». Бұл мақалаға Франклиннің жауабы бір жұмадан кейін «The Pennsylvania Gazette» газетінде «The General Magazine and Historical Chronicle for All the British Plantations in America» журналының шығарылуы туралы жазылады. Франклин бәсекелестердің қулықтарын айыптайды.
Жанталасқан бәсекелестік жарыс басталады. Уэбб және Брэдфорд өздерінің басылымдары Франклиннің басылымдарынан әлдеқайда арзан болатынын айтады. Олардың жауаптарына Франклин өзінің журналдарына оқырмандардың жазылуын тоқтатты, ал оның орнына әр газеттің данасын 6 пенсқа төмендетті. Бірақ Уэбб пен Брэдфорд үш күн бойы өздерінің басылымдарын 6 пенсқа сатып жүр екен. 1741 жылы 13 ақпанында «The American Magazine» журналы басылымнан шықты. Осы жылдың 16 ақпанында «The General Magazine» журналы шыға бастады.
Бұл екі журнал көп уақыт шыққан жоқ. Бредфордтың «The American Magazine» журналы үш ай, ал Франклиннің «The General Magazine» журналы алты ай басылды. Бұл ең алғашқы екі журнал мазмұны басқа басылымдардан өзгеше болатын. Брэдфордтың журналында көбіне саяси тақырыптар қозғалатын. Мысалы: парлементтегі отырыстар мен болып жатқан оқиғалар, саясат тақырыбына қатысты жазылған шолулар көп беріліп тұрған. Ал Франклиннің журналында саясатқа әдеби тұрғыдан баға беру жағы басым. Мысалы: «The General Magazine» журналының 76 бетінде саясат тақырыбы, Англия мен Испания арасындағы соғыс, сол кездегі экономиканың қыр-сырын біріктірліп сарапталған материалдар берілген. Сонымен Американың алғашқы журналдары британдық журналдардың көшірмесі деп айтуға болады. Себебі, бұл жылдары авторлық құқық деген болған жоқ. Сондықтан бір ақпараттың немесе мақаланың дәлме-дәл сол күйінде басқа газет-журналдарда басылса таң қалатын жағдай болмады. Э. Кросстың зерттеуі бойынша 1741–1794 жылдар аралығында Америкада 45 журнал басылып шығарылғанымен олардың ешқайсының ғұмыры жарты жылдан аспаған екен. Даниел Бурстин: «Американдық журналдардың тарихы отаршылдық кезеңінде әсіресе «қоғамдық басылымдар» мүлдем жоқ деп айтуға болады»,-дейді. Американдық алғашқы газеттерге назар аударсақ, олардың қожайындары кәсіби баспагерлер болғанымен, өздерінің баспа техникалары болғанымен, мемлекетке қарсы келетін пікір айта алмады және сөз бостандығы жоқ екенін біліп, мемлекет мүддесін төмендеткілері келмегенін байқаймыз.
Сөз бостандығы үшін күрес туралы айтқанда Джон Питер Зенгердің атын атамауға болады. Джон Питер Зенгер Баварияда туған. 1710 жылы Америкаға оның ішінде Нью-Йорк қаласына көшіп келеді. 1711 жылдан 1719 жылға дейін Джон Бредфордтың баспаханасында үйренуші болып істейді. Ал 1725 жылы Брэдфордпен бірге Нью-Йорктегі «The New-York Gazette» газетін шығара бастайды. 1726 жылы Джон өзінің жұмыстарымен айналысып, сәтті кітап баспаханасын ашады. Оның осындай жайбарақат өмір сүруі 1733 жылға дейін созылған. Ал дәл осы жылы ол жұмасына бір рет шығатын «The New – York Weekly Gazette» газетін шығара бастайды. Зенгер бұл газетті шығаруды саясаттағы ықпалды адамдардың көмегімен шешеді. Зенгер екінші нөмерінен бастап «Баспасөз бостандығы» деген мақаласын жариялап, Зенгерге журналистика саласына белсенді араласуға жол берілген жоқ. Өйткені, 1734 жылдың 17 қарашасында Зенгер түрмеге қамалады, ол түрмеде отырғанымен өзінің басылымын тоқтатпайды. 1734 жылы 25 қараша күні «The New- York Weekly Gazette» газетінің №55 нөмірінде оқырмандардан бір нөмірдің шықпағанына кешірім сұрайды. Оның жазғаны:
«Ханымдар мен мырзалар!
Өткен аптада сіздер газеттің жоқтығынан көңілдеріңіз түскен шығар, бірақ мен осындай қылық үшін кешірім сұраймын. Менде себебі бар бір жағдай болды. Мені түрмеге отырғызды. Бірақ сіздер алаңдамаңыздар. Журнал басылымы тоқтамайды, мен жазуымды жалғастырамын. Сіздер үшін Джон Питер Зенгер» [3,11-б],-деп жазады.
Зенгердің түрмеде отырған кезінде ол Брэдфордтың «The New-York Gazette» газетінен көптеген материалдар оқыды. Брэдфордтың газеті оған қарама-қайшы бағытта болды. Бұл қарама-қайшылық баспасөз бостандығы үшін күресудің бастамасы еді. Джон Питер Зенгерді әйгілі адвокат Эндрю Гамильтон қорғауды өз мойнына алды. Гамильтон «The New–York Weekly Gazette» газеттің тек қана шындықты жазып отырғанын дәлелдейді. Сонымен қатар, сот отырысында ол Зенгерді қорғау барысында шешен дәлелді сөз сөйлеп, сотты иландырады. Сөз барысында ол баспасөз бостандығы ойдың бостандығы екенін де айтып кетті. Қорытынды сөз сөйлегенде Гамильтон сотқа төмендегі сөздерді айтады: «Бүгінгі шешімді қабылдаған кезде, ханымдар мен мырзалар! Бұл тек Зенгерге қатысты емес бұл тек Нью-Йоркке қатысты емес. Жоқ! Мұның бәрі біздер үшін, қоғам үшін маңызды. Бұл жерде бостандық туралы сөз қозғалып отыр»,-дейді. Зенгерге шыққан үкім Америка баспасөзі тарихындағы бірінші оқиға болып табылады. Гамильтон Зенгердің кінәлі емес екенін соттың алдында дәлелдеп шықты. Соттан кейін де Зенгер өзінің газетін шығарып, өмірінің соңына дейін журналистикамен айналысты.
1840 жылдың қарсаңында алғашқы жарнама агенттігінің құрылуына байланысты 1841 жылы В.Палмердің «Филодельфиялық жарнама агентігі» бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатты. Жарнама экономикалық қызметтің бір көрінісі ретінде қалыптасып, газет-журналдардағы жарнамалық хабарламалардан түскен қаражаттың пайда көзіне айналуы, жарнама мен БАҚ-тың бір-біріне тәуелді екенін дәлелдеді.
1848 жылдың мамыр айында Нью-Йорктің танымалы да белсенді алты газетінің он өкілі телеграфтың пайда болуына байланысты жаңалықтарды алу барысында шығынның азайтылуын талқылауға жиналды. Бұл мәселе бір жыл бұрын Дейвид Хейлмен кездесуде талқыланған, «The Journal of commerce» («Комерческий журнал») газетінің баспагері Джеймс Баннет. Бұл кездесуден кейін келіссөздің ұзақ топтамасы басталды. Оның шешімімен «Associated Preess of New York», содан кейін тек «Associated Preess», «Ассошэйтет пресс» корпоративтік баспасөз бірлестігін құру жүзеге асты. Бұл қауымдастықтың бастапқы идеясы бойынша шығындарды бiрлесіп шығаруда, пароходтарды Бостоннан жіберіп, Еуропа мен Галифакстан (Жаңа Шотландия, Канада) келгендерді бірігіп қарсы алу болды. Бостоннан Нью-Йоркке телеграфтан алған жаңалықтардың берiлуi бойынша шығындар мен ақы төлеу қауымдастықтың міндетіне кірді. Телеграф сызығын Бостон мен Нью-Йорктiң аралығында бар болуы, Еуропадан мәлiметтерді алу шығындарын шындығында қысқартты. Сонымен бiрге телеграфтың қызметi де бірігіп төлендi. Бір жылдан соң, Галифаксте телеграф сызығы орнатылып, алғашқы «Associated Preess» ақпарат агенттігінің бюросы ашылды. Алынған жаңалықтар өтiмдi тауар болып қалыптасты, басқа газеттерге сату мүмкiндігі пайда болды. Осылай бiрiншi рет Америкада ақпарат агенттiгі пайда болды. «Associated Preess» ақпарат агенттiгі әртүрлi бұқаралық ақпарат құралдарына жаңалықтарды сату арқылы қаржылай пайда түсеретін табыс көзіне айналды. Елдегі баспасөздің озық үлгілері ХIХ ғасырдың ортасында Нью-Йорк, Филодельфия, Бостон және Вашингтон қалаларында шығып тұрды. 1851 жылы Нью-Йорктің «Рenny press» атты бәсеке туғызған басылым шығаратын тағы бір баспасөз орны өмірге келді. Бұрынғы көмекшісі Хороса Грили Генри Реймонд негізін салған «The New York Times», «Нью-Йорк Таймс» тез арада атақты, әрі сенімді шығарылым атауын ұлттық көлемде жаулап алды.
Жаңадан газет шығару үшiн қажеттi капитал 15 жыл iшiнде өзгергені туралы мәлiметтер бар. Егер Жеймс Беннет «The new York Herald» негiзін 1835 жылы 500 доллор ақшамен шығарса, ал 1841 жылы Хорасу Грили «The New York Tribune» үшін 3000 доллор жұмсаған, 1851 жылы Генри Реймонд және оның екi серiктесi 70 000 доллор қаражатпен газет шығауды бастаған екен. Реймонд Грили саясатқа қатты қызығып, өз газетiнде бұрынғы басшыларынан өзгешелену мақсатында жаңалық блогын бірінші орынға сыйғызуға, ал содан соң саясат туралы материалдарға орын беріп отырған. Маңызды Нью-Йорктік немесе Бостондық басылымдармен қатар, журналистика тарихында өз орындарын әр штаттың аймақтық газеттер алды. Олар мына басылымдар: «Chicago Tribune» («Чикаго Трибюне», 1847 ж), «Missouri Democrat» («Миссурийский демократ» Сент-Луйс, 1852 ж), «Charleston News and Courier» («Чарльстонские новости и курьер» 1803 ж), «Cleveland Leader» («Кливленский лидер» 1854-1885жж).
Ірі газеттердің көбі жекеменшiк астаналық тілшілердiң штаты болу мүмкiндiгiн алып үлгердi, өз оқырмандарына елдегі барлық саяси жағдайлар мен ахуалды толық жеткізіп отырды. Саяси күреске қатысқан Хорас Грили, Джеймс Беннет, Генри Реймонд (Грилидің тұрақты оппоненті) аймақтық шығарушылардан Сэмюэл Баулз «The Springfield Reepublican» («Спрингфилдік республикашыл»), Джозер Мейдилл «The Chicago Tribune», Мюрат Хэлстед «The Cincinnat Commercial» («Саудалық цинциннати») т.б. атауға болады.
1850 жылдары Америкада ең көп таралымымен «The New York Herald» және «The New York Tribune» шықты. Таралымның едәуір бөлігі Нью-Йорктен ары қарай таралды. Жексенбілік таралым «The New York Tribune» 176 000 данаға дейін жететін, АҚШ-тың солтүстiк және батысындағы әрбiр үйге жетіп отырды.
1850-1865 жылдары газеттер журналдарға қарағанда көбірек оқылды. Баспасөз ұлттың білімді болып, қараңғылықтан шығу үрдісiнде үлкен рөл атқарды. Бұл үрдістің оң және теріс жақтары да болды. Он жылдық ішінде 1850 жылдан 1860 жылға дейін АҚШ-тағы баспасөз саны екі есе өсіп, 1860 жылы 3 000 данаға жетті.
Оқырман нарығынан өзінің күн сайынғы нөмірін шығаратын газеттерiмен қатар апта сайын шығаратын басылымдар да орын ала бастады. Бiрқатар жылдар iшiнде жақсы жетiстіктерге қол жеткізген Натаниэль Уиллистің «The New York Mirror» («Нью-Йорк айнасы» 1823-1857ж.ж) болды. 1848 жылы Уиллис басқа басылымдарды да шығарумен айналысты. «Home Journal» («Домашний журнал») атты әлеуметтің интелектуальдық мүмкіндігіне және таңдауына бағытталған басылымды өмірге алып келді. Уиллистің редакторлығымен шағатын басылымдар ғасырдың ортасында белгілі бір аудиторияны қамтыды. Сол мерзiмде Нью-Йоркте шығатын дiни «The Independent» («Тәуелсіз», 1848-1928жж) апталық газеті өркендеді.
1850 жылы Нью-Йоркте үш көркем суретті апталық басылым танымалдыққа қол жеткізді. Ең алғашқы жетістік «The New York Ledger» («Нью-Йорк Леджер» 1844-1898жж). Роберт Боннер осы басылымнаң таралымын 1851 жылы 300 000 данаға, ал 1860 жылы 400 000 данаға дейін көтерді. Апталық басылымның бағасы төрт цент («Рenny press» дәстүріндегі) жаппай оқырманның таңдауына бағытталған, жарнаманы басылымға көп шығаратын болды. 1850 жылы ол газетке роман жариялауын тәжiрибеге енгiздi, осы арқылы окырманның бұл басылымға қызығушылығын оятты.
«The New York Ledger» басылымындағы сөздердің әдеби сапасы жоғары болды. Редактор ретінде Боннер жаппай оқырманның мүддесi мен интелектуалдық элитаны біріктіре бiлдi, белгiлi авторларды қызықтыра отырып "Алтындай қармақ жемдi және темiр таласымен" қолдана отырып, ол көптеген әйгілі адамдарды Генри Уорд Бичер, Эдвард Эверетт и Лонгфеллоны, Фанни Фернді баспасөз әлеміне тартты.
Фрэнк Лэсли Нью-Йоркке Бостоннан көшіп келіп, 1855 жылы «Leslie’s Illustrated Newspaper» («Суретті газет Лесли» 1855-1922ж.ж), үлгі ретінде британдық «London Illustrated News» («Лондондық суреттi жаңалықтар») басылымдарын шығарды. Фрэнк Лэслидің журналының көп беттерін қылмыс пен даңғаза оқиғалардың сипаттамасы беріліп отырды.
Саясилану себебінен ұлттық басылымдар дағдарысқа ұшырап, соғысқа дейiнгi шыққан БАҚ көбіне апталық сипат алды, бұл кезде әртүрлі қылмыс әлемінің оқиғалары мен шытырман оқиғалы әңгімелерін жариялауға әуес болды. Газет жолақтары сот мәжiлiстерi туралы толық есептер беру нәтижесінде толтырылды, әсіресе атышулы оқиғаларға оқырманның сұранысы жоғары болды. 1850 жылы көктемде американдық газеттердiң көпшiлiгi Гарворд университетiнің химия профессоры Джон Уэбстердің iсі бойынша процестi өз оқырмандарына жақын таныстырды. Ол өзінің бай досы дәрiгер Джордж Паркманды өлтiріп, содан соң денені бөлшектеп, мәйiттен арылады. 1859 жылы газеттердiң беті басқа бір қылмыстық iстiң мәліметтерімен толтырылады. Даниэл Сиклс Нью-Йорк конгресмені, оның әйел азғырып әкеткен қорғаушының өлтiрілуiн айыптаған. Газеттер соттық тергеудiң қиын-қыстау кезеңдерiн қадағалап отырды. Бірақ бұл оқиғада айыпкер ақталып шығады.
«The National Police Gazette» («Улттық полициялық газет») суреттері көп басылымның негізін 1845 жылы Нью-Йорк қаласында белгілі журналист, әрі сенсация iздеушi Джордж Уилкс қалаған. Уилкстің газетi оқырманға қылмыс әлемі туралы толық ақпарат беріп отырды. Уилкстiң газетiне деген сұраныс жоғары болды, бұған айғақ «The National Police Gazette» газеті Американың қырықыншы жылдарында көп данамен таралды. Бұл басылымда құл иеленушілік тақырыбы бiртiндеп негiзгi ұлттық мәселе болып қалыптасты. Iске қосылған аболиционист баспасөзi құлдыққа қарсы позициясын күшейткен «The New York Tribune» газетінің бетiнде 1852 жылы шыққан санынан мынадай жолдарды оқуға болады: «Бiз құлдыққа ең үлкен моральдiк және әлеуметтiк зұлымдық ретінде қараймыз, әділдiктiң бас-көзi емес және теңдік бар жерде құлдық болмайды. Біз құлдықты үлкен әділетсіздік деп санаймыз, бiрде-бiр адамның басқа адамның еңбегін заңсыз қолдануға құқығы жоқ, адамды өзінің жылжымаайтын мүлiгiн сияқты сатуына немесе өзінің жағдайын жақсарту үшін пайдалану әділетсіздік» [3,41-б],-деп жазды. Осы тақырыпта «The Chicago Tribune» газетінің редакторы Джозефа Медилланың бас мақалалары қозғады, оны «Громовержц, құл иелiк қатты әсер ететiн мақалалар» деп атады. Дегенмен, барлық баспасөздің ұстанымы бiр жерден шықпады. Джеймс Гордон Беннет және оның «The New York Herald» аболиционист қозғалысына кенет қарсы шыққан оңтүстiктiкте шығатын газеттер жеке адамның құқығы мен құл иеленушiлiк жүйесін толығымен қорғады. «The New York Herald» газетінің танымалдылығы оңтүстікте өте жоғары болды. Оңтүстiк халқының жетекшiлерi конгресс қабырғаларында сөз сөйлегенде ондағы мақалалардың мазмұнынан жиi дәйектеме келтiрудi әдетке айналдырды.
1854 жылы Канзас-Небраска заң жобасының қабылдануы, Канзастағы соғыс, республикалық партияның бөлiмiнің құрылуы, Виржиниядағы Джон Браунавының қарулы жорығы, оның отрядының жойылуы және Браунның өлiм жазасы, оның жақтаушыларының барлығы басылым беттеріндегі оқиғалардың өзегіне айналды. Қоғамдағы жікшілдік туралы ашық жазыла бастады. Соңғы нүкте 1860 жылдың 6 қарашасында қойылып, аболиционистердің белсендi қолдауымен Авраам Линкольн Республикалық партия атынан Президент болып сайланды. Оңтүстiктердің жауабы сецессия болды. 1860 жылы желтоқсаныңда Оңтүстік Каролина одақтың құрамынан бөлініп шықты. 1861 жылдың басында оған 10 штат еріп, 1861 жылы 18 ақпанда Джефферс Дэвистың уақытша Президентiгімен конфедерация құрды.
Сецессияның идеялары мерзімді баспасөзді шығарушылардың және публицистикалық әдеби шығарма жазатын журналистерді құлшындырды. Сецессия туралы мәселе тұңғыш рет Оңтүстiк Каролинада 1828 жылы көтерілді. 1830-1840 жылдары сецессия туралы тек қана оңтүстiк және солтүстiктiң батыл басылымдары ғана жазды және ешкім бұл мәселені шындық деп қабылдамады. «The Charleston Mercury» («Чартолиндік Меркурий») газетінің редакторы Роберт Бануэлл Ретт, оны «Сецессияның әкесі» деп те атайды, сол мерзiмді басылымдарда «жексұрын фигура» ретінде қабылданды. Солтүстiк пен оңтүстiктiң аралығындағы одақ У.Л.Гаррисонға "Өлiмi және тозағы бар келiсiмшарт, бұл шарт дереу жойылу керек " деп есептелді. «Оңтүстiк солтүстiктiң нағыз отарына айналып кеттi»,- деп Ретт өзінің озық мақалаларында жазды. Алайда, 1851 жылы Роберт Ретт сенатқа оңтүстік Каролинаның қалаулынан шығып, бұл оңтүстік қоғамдық өзгерістің көрінісі болып табылатынын айтты. Оңтүстіктің баспасөзі («The Richmond Enguirer», «De Bow’s Review», «The Charleston Mercury» және басқа да басылымдар ) құл иеленушілікті айқындап, кезектесе мақала жазды. Оңтүстіктің даусы «Fire-eaters» («Бретер», «Огнедыщащий») деп аталып, нық үндеу жасады. Өздерінің мүддесін астанада қорғау үшін оңтүстіктің адамдары тіпті жекеменшік («The Southern Press» («Оңтүстік прессасы») газетінің негізін Вашингтон қаласында қалады.
1850 жылы осы оқиғаларға байланысты атақ-даңққа ие болған Виржиниялық журналист оңтүстіктегі «Fire-eaters» басылымының жетекшісі Джордж Фицхью болды. «The Richmond Enguirer» және «De Bow’s Review» газеттерінде жарық көрген мақалалардан басқа Фицхью екі пікірталасқа толы кітабын шығарды «Оңтүстік үшін социалогия немесе қоғамдағы еркіндіктің жойылуы» (1854ж) және «Барлығы Каннибал немесе иесіз құлдар» (1856ж). Бұл дарынды публицист жазған кітаптар еді, мұнда құл иеленушілік жүйесі жан-жақты және қызықты қорғалды ежелгі демократияның нағыз идеясы сияқты шұғыл солтүстіктің капиталистік жүйесін мінеп, аболиционист елін таң қалдырды.
АҚШ Президентінің бекетіне Линкольдың сайлануын оңтүстіктің баспасөзі қабылдамады. Оңтүстік газеттерінде жаңа үкіметпен ынтымақтастықтан бас тарту және «Линкольдің синогогиясында» орын алудың қажеті жоқ деген үндеулер жарияланды. Алайда, конфедерацияның пайда болуы соғыстың басталатынын белдірген жоқ. Хорас Грили есебі бойынша, тәуелсіздік деклорациясына сәйкес оңтүстіктің сецессияға деген моральдық құқығы бар еді, Линкольдің өзі ымыраға келтірер жолды іздеді, бірақ түсініспеушілік аса ұзаққа созылып кетті. Сомтера фортындағы 1861 жылы 12 сәуір күні оңтүстікке алғаш оқ жаудырып, Оңтүстік пен Солтүстік арасында азаматтық соғыс басталды. Самтеру фортында бірінші оқты ату құрметі журналист Эдмундо Раффинге беріледі, сөйтіп қаламның ұшынан басталған соғыс аяғында шын соғысқа ұласады. Солтүстік аймақтардың баспасөзі соғыстың барысы туралы толық ақпараттарды беріп отырады. 1861 жылдың қаңтарында Харос Грили «The New York Tribune» газетінде өзінің бірінші рет таңдаулы мақалалар топтамасын жариялап, бұл мақалалар сол кездегі Президентті сынауымен көпшілік оқырманның көңілінен шықты. Ақпан айында оңтүстік сепаратизміне қарсы бірігуге бүкіл халықты шақыру басталды. Харос Грилидің мақаласының тақырыбы ірі қаріппен терілді және үндеу сипатында болды. «Опасыздарға ешқандай ымыра, ешқандай кешірім болмайды, бұл конституцияда көрсетілген», - деп жазылды. Самтера форты оңтүстікті жаулап алғанда Грили кезекті мақаласында мынадай жауап жазады: «Самтерден уақытша айырылдық, бірақ еркіндікті сақтадық! Самтерден айырылу қиын, бірақ шындығында біз халық бірлігін нығайттық. Республика жасасын!»,-деп жазды.
1861 жылы жазда солтүстік әскердің көңіл-күйі нақты әскери әрекетке икемділе бастайды, сол жылы 26 маусымда Хораса Грилидің газеті әйгілі мақаласымен жұрт алдында сөйледі: «Ұлттың әскери ұраны: «Алға Ричмондқа!» Конгресс 20 шілдеде жиналуға тиіс емес. Осы күнде қала ұлттық әскермен қоршауға алынуы керек еді». Бұл идея кейін де дәйекті түрде Грили газетінің жарияланымдарында қайталанады. Мақала жазуға шабыты келген Грили газетті Чарльз Данның қамқорлығына қалдырып, Федеральды әскер басшысы Булл Рандамен бірге атыс-шабысқа шықты, бұл шайқас солтүстік аймақтың жеңілісімен аяқталды.
Әскери әрекеттердің ушығып тұрған кезінде «The New York Times» газеті Президент жағына шығып кетеді. Оның редакторы Генри Реймонд осы уақытқа дейін Линкольн ұстанымына қарсы шыққандардың бірі еді. Соғыс өзінің заңдары арқылы үкімет пен баспасөздің арасындағы қарым-қатынасты айқындады. Сөз еркіндігі - федеральді үкімет шектеулерін қоюға дейін апарды, бірнеше газеттер жабылып қалды. Әсіресе, үкіметке белсенді қарсы шығатын газеттер бұқарашыл партия ұйымының қатарынан аластатылды. Бүлікшілдерді жақтап сөйлегені үшін, жұрт алдында ашық пікір білдірген баспагерлерді және саяси қызметкерлерді тұтқынға алып отырды.
Солтүстік елдің қатал цензурасына «Associated Press» ақпарат агенттігі ілікті. Сол цензура өзінің әрекетін 1862 жылы «Баспасөздің конфедеративтік ассоциация» қызметі арқылы жасап отырды. «Associated Press» жұмысын қадағалай қарады, осы ақпарат агенттігінің тілшісі бірінші болып оңтүстік әскерінің капитуляциясы жайлы жаңалықты хабарлады.
1864 жылы федералдық үкімет солтүстік аймақта шығатын газеттердің қызметі уақытша тоқтатылды, орын алған құл иеленушілікке қарамастан, оларды пошталық артықшылықтардан шығарды. Оған мынадай басылымдар енді: «The Chicago Times» («Чикаго Таймс») «The Journal of Commerce» («Сауда журналы») «The New Yourk Daily News» («Нью-Йорктің апталық жаңалықтары») т.б. басылымдар.
Цензуралық шектеулер енгізіліп, майдандағы және ел ішіндегі жағдайларды жариялауға шектеу қойылды. Генри Реймонда өз мақаласында, Хорасом Грилимен бірге Булд Ран шайқасының куәсі болғанын, цензураның қысқартуынан кейін небәрі бірнеше сөйлемдер жазып үлгерді. Жауынгер әрекеті толық ашылғанымен, қиындықтар туды. Генералдар әскери әрекеттің сызығынан тілшілерді шығару туралы әмір берді, басқа шектеулер де журналистердің тұтқындалуына дейін апарды. Журналистика ардагері «The New York Herald» газетінің тілшісі Томас Нокс тұтқынға алынды.
Азаматтық соғыс кезеніңде қызықты феномен әскери мерзімдік басылым болды. Ол көбінесе өлең жолдарымен басылды. Солтүстік елдің қарулы әскері Макон қаласы, Миссури штаты арқылы өтіп жергілікті газет редакциясында қалдырылған баспасөзді басып алды. Бірнеше журналистер мен баспагерлер солтүстік әскер қатарында соғысып, өздерімен бірге станок алып, «The Union» («Союз») атты әскери газетті шығарды. Азаматтық соғыста әскери тілшінің рөлі арнаулы мәртебеге ие болды. Әскери хат-хабарлар арқылы өз есімдерін шығарған журналистер қатары өсті. Уайтлоу Ридтің «The Cincinnati Gazette» («Газета Цинциннати») газетіндегі жарияланымдары өте әйгілі болды. Чарльз Карлтон Коффиннің «The Boston Journal» («Бостондық журнал»), Генри Реймонд жиі соғыс ортасынан көрінді. 63 жастағы репортер Джеймс Беннет газеттерге әскери жаңалықтарды «The New York Herald» тілшілері арқылы жеткізумен айналысты.
Азаматтық соғыс басталуы басылымдардың сұранысына әкеліп соқты. Жеңілістер мен жеңістер туралы жаңалықтар, шайқастар жайлы толық есептер көп жазылып, газеттер бұрын болмаған көлемде сатылды. Солтүстік елдің көлемді күнделікті газеттерінің таралымы бірнеше есеге өсті.
1865 жылы 31 қаңтарда қабылданған конституцияға он үшінші рет түзету енгізілді, ол құлдықты Құрама Штаттар аумағында мәңгі жою туралы еді. У.Л. Гаррисон өз ісінің мәресіне жетіп, 34 жыл бойы жарық көріп келе жатқан «The Liberator» газетінің жабылатыны жайлы хабарлады. Газеттің соңғы санында Гаррисон: «The Liberator» газетінің мақсаты - құлдық еңбек жүйесінің жойылуы еді, ол өз шыңына жетті, бұл газеттің әр жылы тарихи күреске арналды, енді эмансипациялар басқа жолмен шешілетін болады, менің жүз емес енді миллион одақтастарым бар» [4,15-б],-деп жазды. Соғыстың толық аяқталуына бірнеше ай қалғанда 1865 жылы 14 сәуірде Вашингтон қаласындағы «Форд» театрында Президент Линкольн қатты жарақат алды. Бұл жаңалық телеграф арқылы барлық алдыңғы қатарлы баспасөз беттерінен көрініс тапты. Тілшілер барлық мағлұматты толыққанды бір параграфқа енгізді. Линкольнге жасалған қастандыққа арналған «The New York Tribune» газетіндегі мақала тақырыбы былай аталады: «Президентті театрда бүгін кешқұрым атты және қатты жаралады». Осылай газет беттерінде жаңалықтарды таратудың жаңа стилі туып, бұл жанр «Төңкерілген пирамида» деген атты иемденді. «Төнкерілген пирамида» стилінде ең бастысы оқиғалар (Кім, не, қалай, қайда, және қашан) бірінші жолға шығарылды.
Оңтүстік елдің толыққанды капитуляциясынан кейін 1865 жылы 8 мамырда бүкіл ел Реконструкция кезеңіне кіреді (1865-1877ж.ж). Журналистика үшін бұл мерзім үлкен өзгерістер әкелді, себебі, бұған жаңалықтарды жеткізудің жаңа әдіс-тәсілдерін ойластыру, жаңа техникалық инновациялардың пайда болуы әсер етті. Сол кезеңнің техникалық жаңалығына 1867 жылғы газет қағазы үшін шикізат ретінде енді талшық немесе ағаш қалдықтары қолданылатын болды, ал бұрын бұл қағаз шүберектен жасалатын. Осы жайттар газеттердің арзандауына әкелді. Бір жыл бұрын Европа мен Американы байланыстырған телеграфтық кабель жүйесі жүргізілді.
1868 жылы Кристофер Шоулз қаріп теретін машинаны ойлап тапты. Бұл жаңалық журналист жұмысын мүлдем өзгертті. 1868-1873 жылдары Шоулз, Карлос Глидден және Джеймс Денсмор қаріп теретін машиналардың жаңа түрлерін ұсынды. 1873 жылы қаріп теретін машинаның жаңа моделі жарыққа шықты. Бұл машинка көлемді өндіріске жарамды еді. Бір жыл өте Марк Твен машинкамен хат жазғанда: «Бұл аспап, менің жазу машығымнан тез жазады екен. Креслода отырып бұл аспаппен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Көп сөздерді бір бетте сыйғыза алады. Ол еш бір нәрсені былғамай, ешбір сияның ізін қалдырмайды. Қағаз бетін үнемдейді екен» [4,16-б],- деп қуанды. 1869 жылы Тынық және Атлантика мұхиттарын біріктіретін, темір жол құрылысы аяқталды. 1876 жылы Александр Белл телефон аппаратын ойлап тауып, осы телефонсыз газеттің және тілшінің жұмысын елестету мүмкін емес еді. Телефон байланысы тез арада күнделікті өмірге енгізді.
Бұл өткен ғасырдың сахнасында алып тұғалар болғанын, Америка баспасөзінің тарихи даму кезендерімен тығыз байланыста дамығанын көрсетеді. Осы уақытта біртіндеп Америка журналистикасының ардагерлері Генри Реймонд, Хораса Грили, Джеймс Беннет, Самуэл Баулз, Уильям Каллен Брайант өмірден озды. Олардың ізін жаңа есімдер: Чарльз Андерсон Дана Нью-Йорктің «The Sun», Мэтью Марбл «The World», Уйтлоу Рид «The Chicago Tribune», Генри Уоттерсон «The Louisville Courier-Journal», Мюрат Холстед «The Cincinnati Commercial», Джозеф Пулитцер «The St. Louis Westliche Post» басты. Бірақ бұл редакторлар дербес журнализм дәстүрінде өсті. Бұл дәстүр соғысқа дейін дамыған болатын. Американың редакция, баспасөз, ақпарат агенттігі, баспагерлерге қатысты саясатына жаңа үрдістер енді. Ол бес үрдіс жаңа түзету енгізуге мәжбүрледі [5,48-б].
Бірінші үрдіс. Американың газеттері негізгі бетбұрысты ақпараттық нақтылыққа аудару керек болды. Соғыс оқырманның көңілін жаңалық колонкаларына бөлуге үйретті, бірақ дербес журналистикада түрлі тақырыптағы мақалалар өте қымбат қазына болып қалыптасты. Сондықтан жаңа буын редакторлары болған оқиғаларды тез, әрі нақты репортаж жанры арқылы дайындауға көп көңіл аударды.
Екінші үрдіс. Журналистика әлемінде маңызды орынды Американың батысы иемденді. Батыстың астанасы Сан-Францискода 1850 жылдары шығарылған газет саны Лондоннан әлдеқайда көп болған. «Associated Press» ақпарат агенттігі «Western Union Telegraph» телеграф агенттігімен бірігіп, жаңалықтар әлемінде нық орын алып, бұл агенттік монополистік жүйеде жұмыс істей бастады. Мағлұматтарды жергілікті газеттерге Нью-Йорк газеттерінің деңгейінде таратты. Сол жылдары маңызды ықпалды иеленген басылымдар қатарына: «The Chicago Daily News» («Чикагоның күнделікті жаңалықтары» 1875), «The Indianapolis News» («Индианаполистің жаңалықтары» 1869), «The San Francisco Examiner» («Сан-Франциско Икзэминер» 1865) жатады.
1866 жылы «American News Company» ел бойынша 650 000 дана апталық пен 296 000 дана айлық журналдарды тарата бастады. Бұл АҚШ басылымдарының таралымының өсуіне ықпал етті.
Үшінші үрдіс. Бұл кезеңде саяси баспасөз өз тәуелсіздігін алып, «Тәуелсіз журнализм» атты үрдіс жойылды. «The New York Evening Post», «The Springfield Republican», «The New York Times» және т.б. басылымдар үкіметке қарсы шығуға даяр болды.
1870 жылы «The New York Times» басылымында көптеген әшкере сарындағы мақалалар басылды. Соның бір көрінісі, билiгiн асыра пайдаланушының бірі Нью-Йорк партиясының басшысы Уильям Твидтің келеңсіз істері ашылып, баспасөзде жарық көрді. Осының салдарынан Уильям Твидт бас бостандығынан айырылды. Бұл істің газет беттерінде көрінуі журналистиканы «төртінші билік» [6,58-б] ретінде жаңа қырынан танытты.
Төртінші үрдіс. Материалдың берілуiн таң қаларлық етіп ұсыну әдісін қалыптастырды. Журналистиканың Беннеттік стилі Американың БАҚ-да көбiрек қолданыла бастады. Беннеттің принциптерін Чарльз А.Дана өзінің «The Sun» газетінде 1868 жылы қолданған. Ол өз газетінің оқырмандарына әлемде болып жатқан оқиғаларды жылдам, әрі өте қызықты етіп жеткізіп қана қоймай, әр оқиғаның суретін бірге шығарамын деп уәде береді.
Джемс Гордон Беннеттің баласы – Джеймс Гордон Беннет - кіші «The New York Herald» газетінің редакторы болып 1867 жылы сайланды. Ол тек өз әкесінің берген бағытын ғана емес, сонымен қатар жаңалықтарды «шулатып беру» әдісімен оқырманға танымал болды.
1874 жылы Беннет - кіші Лондонның «Daily Telegraph» басылымымен бірігіп Африкаға екінші экспидиция ұйымдастырады. Осы экспедиция барысында Стенли Конгоның ағысын тауып, 1879 жылы Солтүстік Полюске экспедиция апарып, «Дженнет» кемесін құрады, бірақ бұл экспедиция қайғылы оқиғаға душар болады.
Бесінші үрдіс. Тәуелсіз журналистиканың пайда болуымен бірге журналистика мамандығының беделі көтеріліп, жігерлі, білімді, батыл адамдардың мамандығына айналады.
Нью-Йоркте 1860 жылы екі мықты апталық өмірге келді. Олар: «The Round Table» («Дөнгелек үстел» 1865-1869 ж.ж) және «The Nation» («Ұлт» 1865ж). Бірақ «The Round Table» бәсекелістікте бірінші орынды алып, «The Nation» баспасына кірді. Бұл басылымның редакторы Эдвин Годкин Ирландиядан келген иммигрант болған. Ол бұл басылымды сол кездегі әйгілі газетке айналдырды. Оның беттерінде Лонгфелло, Уиттьер, Лоуэлл, Нортон және т,б дарынды авторлардың шығармашылығы көрініс тапты. Басылымның ұраны: «Демократия, индивидуализм, мәдениет» болды. Қайта құру кезеніңде жаңа мықты экономикалық апталықтар «The Commercial and Financial Chronicle» («Коммерциялық және қаржылық хроника» 1865ж) пайда болды [7,48-б].
1870 жылға дейін Америка басылымдарында жарнама пайдаланылмай, тек рұқсат етілген кітап жарнамасы басылып тұрды. 1870 жылы «The Scribner’s Monthly» журналында жарнама пайда болды, бірақ оның кітапқа еш қатысы жоқ еді. Уақыт өте жарнама журнал мен газет беттерінен көрініс тапты. Жарнаманың өтімділігі басылымның өтімділігіне тәуелді болатын жағдайға жетті. Ал жарнамадан түскен қаражат басылымның пайдасын арттырып отырды. «The Scribner’s Monthly» журналындағы суреттер сапасы өте жоғары болды. Сол кезде журналдың көркемдік редакторы Александр Дрейк еді.
ХIX ғасырдың соңыңда журналистика әлемінде тағы бір жаңа түр пайда болды. Бұл журналистиканың түрін «Сарғылт басылым» («Желтая пресса») деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |