Шетел журналистикасы



бет22/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Сауд Арабия корольдiгi. Даму тарихы ХХ ғасырдың 40-шы жылдарынан бастау алатын Сауд Арабиясының бұқаралық ақпарат құралдары Араб баспасөзiнiң астанасы Каирмен бәсекелесе отырып, өз корольдiгiн Таяу Шығыстың "Ақпараттың Меккесiне" айналдырмақшы. Бүгiнгi таңда Сауд Арабия БАҚ-тары корольдiктiң қоғамдық көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 1950 жылдың ортасына дейiн Сауд Арабия корольдігінің БАҚ жүйесi шын мәнiнде болған жоқ. "Ешбiр ислам мемлекетiнде исламға деген берiктiк Сауд Арабия Корольдiгiндей болған емес", - дейдi "Foreign Аffairs" американ журналы. Сауд Арабиясында полицейлердiң бақылауымен намаз уақыттары орындалады. Тiптi соған қатысты жасалған қылмыстары үшiн қатаң жазалау қарастырылған. Сонымен қатар, рухани қызмет етушiлердiң бақылауымен ғана өткiзiлетiн дiни митинг, демонстрация, басқосулардан басқа шараларға тыйым салынған. Мiне, корольдiктiң осындай ерекшелiктерiне орай 1950 жылдың ортасында екi тұрақты мерзiмдi басылым шығып тұрады.


Джиддада 1928 жылы негiзi қаланған “Әл-Биляд” газетi мен 1937 жылдан берi жарық көретiн "Әл-Медина әл-Мунаввара" газетi. Бұл мерзiмдi басылымдар аптасына бір рет шығады, шектеулi және тұрақсыз таралымға ие, себебi, екiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн халықтың сауатсыздық көрсеткiшi өте жоғары 70 пайыз болды және де корольдiкте болып жатқан қысқаша мәлiметтi берiп, түрлi дiни мәселелердi таратумен айналысқан. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяғына қарай Сауд Арабия мемлекетiнiң экономикалық, саяси-әлеуметтiк хал-ахуалы түбегейлi өзгерiске түседi. Көп шетел мамандарының келуiмен корольдiкте ағылшын тiлдi басылымдар пайда болады. 1960 жылдың бас кезiнде Эр-Рияд пен Джиддада жеке меншiк мерзімді басылымдар мен баспаханалар ашыла бастады. Солардың алғашқыларының бiрi "Әл-Жазира". 1994 жылдың мәлiметтерiне қарағанда Сауд Арабия Корольдiгiнде 40-тан астам мерзiмдi басылымдар бар екен. Оның 30-ы араб тiлiнде. Араб және басқа мұсылман мемлекеттерiне таралатын ең iрi, әрi танымал басылымдар "Эр-Рияд" пен "Әл-Жазира" газеттерi. Бiрiншiсi Мысырдың "Әл-Акрам" газетiне ұқсас. Екi газет те астанада редакцияланады, газеттер ресми хабарларға, жергiлiктi ақпаратқа және де АҚШ, Батыс Еуропа баспасөзi мақалаларының аудармаларына ерекше көңiл бөледi.

Сауд Арабия БАҚ-тарына сауда ақшасымен қаржыланатын, бiрақ, мемлекеттен тыс жерде басылып шығатын басылымдарды қосуға болады. "Әл-Шарк әл-Аусат" газетi Лондонда басылып шығады. Таяу Шығыс баспасөзiнде бiрiншi орынды иеленген бұл газет өзiнiң ақпаратты жинау мен он жылдам таратуымен ерекшеленедi. Соған сәйкес бұл газет "Арабтардың халықаралық күнделiктi газетi" деп аталып кеткен. Бұл әйгiлi басылымның таралымы 2 000 000 дана. Араб әлемiнде кең танымал газеттердiң бiрi "Әл-Хайят" жаңалықтарды жедел түрде таратуымен, материалдың әркелкiлiгiмен және сараптама мақалаларының тереңдiгiмен ерекшеленедi. Сауд Арабиясының оқырман аудиториясына бағытталған аудандық газеттер де басылып шығады. Олар: "Әл-Медина Әл-Мунаввара", "Ан-Надва", "Әл-Биляд" т.б. таралымдары 250 000 дана. Соңғы кездерi көзге түсiп жүрген ағылшын тiлдi, күнделiктi басылымдар да бар: "Араб ньюс", "Рияд дейли", "Сауди газет". Бұлар ең алдымен Сауд Арабиясында тұратын ағылшын тiлдi оқырмандарға арналған. Шетел агенттiктерiнiң ақпараттарын қолдана отырып, жергiлiктi және халықаралық жаңалықтарды қысқаша шолып отырады. Мәдени және спорт өмiрiнен де мағлұмат бередi.


Телерадиосы. Фейсал королi билiк жүргiзген уақытта (1964-1975ж.ж) радио жүйесi қолға алынған едi. Қазiргi күнде Сауд Арабиясында ондаған радиостансалар жұмыс iстейдi. Олардың iшiнде үшеуi ең көп тарайтын үкiметтiк басылымдар болып есептеледi де, өз бағдармаларын «Барлық бағдармалар қызметi» арқылы таратса, екiншiсi – «бағдарлама қызметi» және «ағылшын тiлiнде тарататын радио арналары» арқылы iске асырады. Алғашқы екеуi Сауд Арабия, Таяу Шығыс елдерiне араб тiлiнде жүредi. Джиддадағы радио бағдарламалары Батыс Еуропа, Орталық Шығыс және Азия елдерi үшiн ағылшын, француз тiлдерiнде таратылады. "Мекке радиосының" екi бағдарламасы бар: "Ислам үндеуi" және "Қасиеттi құран қызметi". Бұл станса аудиториясы Араб мемлекетiнiң барлық аудандарын, Орталық, Шығыс пен Оңтүстiк Шығыс Азиядағы мұсылман мемлекеттерiн қамтиды.


Сауд Арабия БАҚ-тың бiр ерекшелiгi радио және телевидение бiр уақытта дерлiк дамыды. 1965 жылы корольдiкке ислам фанатиктерiнiң қарсылығына қарамастан телевидение келдi. Америка мамандарының көмегiмен Эр-Рияд пен Джиддада телеорталық орнатылды. Сол жылдың қыркүйегiнде эфирге бағдарламалар шыға бастады.

Қазiргi уақытта екi арна жұмыс iстейдi. Бiрi араб, екiншiсi ағылшын тiлiнде бағдарламалар бередi. Бiрiншi арна консервативтiлiгiмен ерекшеленедi. Халық арасында "Араб арнасы" деп аталып кеткен. Бұл арнада дiни, мәдени, балаларға арналған бағдарламалар берiледi. Сағат сайын эфирге жаңалықтар мынадай тәртiппен шығады: 1. Мемлекет жағдайы, Фахд королiнiң жұмыс уақыты, ресми сапар, кездесу, делегацияларды қабылдау; 2.Таяу Шығыс жағдайы; 3.Әлем жаңалықтары; 4. Спорт ақпараттарын қамтиды. Екiншi арна мемлекет iшiндегi шетел азаматтарына арналған. Бұл арнада АҚШ-тың көркем фильмдерi, көңiл сергiтетін және музыкалық бағдарламалар таратылады. Сонымен қатар, жаңалықтар да берiледi. Арналардың саны аз болғанымен, спутниктiк телевидение iспеттес, саудтық тележүйе бар. Қазiргi кезде бұл жүйе Сауд Арабия халқы үшiн де, миллиондаған шетелдiктер үшiн де ақпарат көзi болып табылады. Үкiмет спутниктiк антенна қолдануға тыйым салған, бiрақ, оған қарамастан АҚШ, Батыс Еуропа елдерiнiң бағдарламаларын халық тамашалауда.

Қазiргi кезде бес арнасы бар Сауд Арабия корольдiгiнiң ең iрi корпорацияларының бiрi 1994 жылы iргесiн қалаған "Араб радиосы және телевидениесi". Сол сияқты, өзiнiң тұрақты аудиториясы бар "Орбит" және "Стар Телевижн" компаниялары. Сауд Арабия корольдiгiнiң алға қойған мақсаты - халық арасында исламға деген берiктiктi сақтап қалу әрекеттерiн БАҚ арқылы жүзеге асыру.

Израиль. "Интерфейс" газетi Израильдiң орыс тiлiнде шығатын мерзiмдiк компьютерлiк басылымы. 1998 жылы ақпан айынан бастап шығады. Газеттiң негiзгi мақсаты оқырмандарына компьютер саласындағы жаңалықтар мен мәлiметтер жайында ақпарат беріп отыру екен. Израильдегi орыс тiлiнде Интернетте өз сайты бар апталық газет - "Русский израильтянин" деп аталады. Газет тек Израиль және ТМД елдерiнiң саяси, қоғамдық өмiрi туралы мақалалар жариялайды. Ал, "Новости недели" атты газет концернiне орыс тiлiнде шығатын жетi басылым кiредi: "Новости недели" - күнделiктi; "Наша страна" – күнделiктi; "Секрет" - апталық; "Эхо" – апталық; "Луч" – апталық; "Время" – күнделiктi; "Вид" – апталық басылым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет