Телерадиосы. 1989 жылы Израильде тек екi телеарна ғана жұмыс iстейтiн: Бiрiншi және екiншi арна. Үш жылдан кейiн кабельдiк теледидар қолданысқа ендi. Қазiр Израильде елуден аса телеарна бар. Израиль телевидениесiнiң бiрiншi арнасы – мемлекеттiк арна. Екiншi арна – коммерциялық арна. Бұл арна бiрiншi арнаға қарағанда әлдеқайда биiк рейтингке ие. Бұл аталғандардан басқа кабельдiк телеарна арқылы берiлетiн шетел арналары баршылық: Германия, Испания, Индия және Араб елдерiнiң арнасы мен “CNN» арнасы бар.
"РЭКА" радиосы Парсы шығанағындағы соғыстан кейiн дүниеге келдi. Мұнда 1990 жылдан бастап орыс тiлiнде бағдарламалар шыға бастады. Жай хабарландырулар мен жаңалықтар да орыс және алхар тiлiнде шығып тұрады. Иврит тiлiндегi радио бағдарламаларына аты танымал радиоарна "Решет Бет" жатады. Таңғы сағат 6.00-ден 14.00-ге дейiн саяси бағдарламаларға арналса, 14.00 пен 17.00 уақыт аралығында өзектi шолулар мен сұхбаттар берiледi. Бұл арнада танымал әндер мен әуендерге де уақыт бөлiнген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Желтая газета. Интернет-справочник. М., 1999. - С.45.
2 Вестник МГУ. Серия 10. Журналистика. 1999.№1. - С. 68-74.
3 Сеферова М.В. Реклама в СМИ Японий в 1995-1996. М., 1997. - С. 134.
4 Нуртазина Р.А. Проблематика корейской журналистики. - Алматы: Қазақ университетi, 1996. - С. 39.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. «Индия Пресс Эйдженси» ақпарат агенттiгiнiң жұмысы қашан басталды?
2. Қытай Халық Республикасында көп таралатын қандай басылымдар бар?
3. Қытай теледидарының тарихы қай жылдан басталады?
4. "Синьхуа" агенттiгi қашан құрылды?
5. Кореяның қандай алғашқы күнделiктi газеттерін білесің?
6. Корейлiктерде алғашқы ақпарат агенттiгi қашан, қалай қалыптасты?
7. Оңтүстiк Кореяда радио тарату iсi қандай шаралардан кейін бастау алды?
8. Кореяның “Нодон синмун” күнделiктi шығатын газетінің ерекшелігі неді?
9. Иракта шығатын газет, журналдар қай тiлде басылады?
10. “Iragi News Agensi” Ұлттық ақпарат агентiгi қай жылдан бастап жұмыс істейді?
11. Тәулiк бойы араб тiлiнде жұмыс iстейтiн спутниктi телеканал қалай аталады?
12. “Әл-Жазира” бiрiншi рет эфирге қай жылы шықты?
13 Сауд Арабиясында көпшілік оқырманға бағытталған қандай аудандық газеттер бар?
14. Джиддада негiзi қаланған “Әл-Биляд” газетi қашан шықты?
15. "Әл-Хайят" жаңалықтарды қалай таратады?
16. "Мекке радиосының" тарихы мен тәжірибесі туралы не білесің?
17. Сауд Арабиясы корольдiгiнiң ең iрi телердио корпорациясының жұмыс ерекшелігі неде?
18. Израильде қандай орыс тiлді мерзiмдiк компьютерлiк басылымдар бар?
19. Израильде неше телеарна бар?
20. "РЭКА" радиосы Парсы шығанағындағы қашан дүниеге келді?
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда шетел журналистикасының дамуына үлкен мән берілуде. Бұл орайда БАҚ-ты зерттеудің ғылыми әдістеменің маңызы зор. Шетел журналистикасының теориясы мен концепциясы қазіргі қоғамдағы құбылыстарға ғылыми анықтама беруге мүмкіндік туғызып отыр. Зерттеудің бұл бағыты таза күйінде өте сирек кездеседі, көбіне автордың көзқарасы мен тарихи шарттарға байланысты өзара байытылып отырады. Демократияның қазіргі заманға сай концепциясы (популистік, бұқаралық, полиархиялық және т.б.) плюрализм теориясының түрлері ретінде көрініс табуда. Халықты басқару үшін демократиялық принциптерді жүзеге асыру қажет. Оның ішінде баспасөз бостандығы маңызды орынға ие. Қазіргі қоғамда саяси көзқарас біркелкі емес. Сондықтан да БАҚ-ты бақылау деңгейі басты назарда болып отыр.
Бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары барлық елде де геосаяси мақсатқа жету үшін қолданылады. (Мысалы, АҚШ-тың үгіт-насихат компаниясы, Ирак және басқа мемлекеттерге қарсы бағыттар және т.б.) мемлекеттің ішкі саясаты билеуші топтың мүддесін көздеп, үгіт-насихатқа бағдарлап отырады.
Журналистика дамуының әлемдік тенденциясы ақпараттың ғаламдануы әлемдік қауымдастықтың стратегиясын қайта қарастыруға итермелейді. Жаһанданған ақпараттың «аумақтың қажеттілкке» сай келуі БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастыру барысында тиімді. Әлемнің барлық мемлекеттерінде журналистер мен экнономистердің тығыз байланысы орнығуда. Соңғы жылдары БАҚ-тың экономикалық құрылымы да өзгеріске ұшырады. Жарнама БАҚ үшін ең негізгі қаржылық түсім көзі. Көп мемлекеттерде билік БАҚ-ты тікелей және жанама түрде субсидиялайды. Көп жеңілдіктер беріп, үкіметті жарнамалағаны үшін гранттар тағайындайды. Сондықтан БАҚ-ты өндірістік-қаржылық саланың бір бөлшегі ету БАҚ-тың тұрақтылығын арттырады.
Шетел тәжірибесіндегі журналистикадағы көп өзгерістерге сай бірнеше бағытты көрсетеді: халықтық, тұтынушылық, зерттеушілік және «жаңа журналистика» бағыты. Олар газет, журнал, радио, телеарна материалдарын тұтыну деңгейін арттыра түсуге күш салады. Ғылым мен техниканың дамуы қазіргі БАҚ пен коммуникацияға, журналистің қызмет істеу әдісіне әсер етеді. Көп жағдайда инновациялық саясат БАҚ-тың болашағын анықтап береді. Ғылым мен техниканың дамуы ақпаратты жинау, сақтау және таратуда жаңа бағыт ойлап табуға әкеледі. Бұл шартта инновациялық саясат БАҚ-тың одан әрі дамуына септігін тигізе алады.
Журналистика әлемнің әр түрлі аумағында дамудың ортақ тенденциясын қалыптастырды, бірақ бұл жағдайда әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері де ескеріледі. Америка, Еуропа БАҚ-тың даму тенденциясы іскерлік пен жеделдікті, ақпаратты компьютер жүйесіне енгізуімен сипатталады. Тропикалық Африкадағы БАҚ-тың дамуы инфрақұрылым мен экономиканың артта қалуы БАҚ-та да көрініс тауып отыр. Күрделі әлеуметтік-саяси үрдістер БАҚ-та қалыптасқан құрылымдар арқылы жүзеге асады. Мысалы, Африкалық БАҚ-тың ішінде ең дамыған радио саласы болып келеді. 1990 жылдан кейін оны жергілікті тілде таратуға көп мән берілмесе де қарқынды дами түсті.
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде журналистиканың одан әрі дамуы күрделі сыртқы саяси мәселелерге, тұрғындардың сауаттылық деңгейіне байланысты қалыптасты. Саясаттың негізгі мәселесі – араб бірлігінің қиындығы, араб-израиль қарым-қатынасы, Ирандағы ислам революциясы және оның салдары, Солтүстік Батыс Африкадағы жағдайды реттеу, БАҚ-ты исламизациялау журналистика және саясат қызметкерлерінің басты назарында болып отыр. Ал Азия елдері Қытай, Тайвань, Жапония және Оңтүстік Кореяның ақпарат саласы алдыңғы қатарлы АҚШ, Еуропа елдердің тәжірибесін пайдалануда. Қазіргі таңда БАҚ-та жаһандану үрдісіне байланысты жаңа жанрлар қалыптасты. Сондықтан әлем елдеріне тән журналистік қызметтің пішіні мен әдісті әлемдік мәдениетті байытады деуге толық негіз бар.
Глоссарий
Ақпарат – информация (лат. Informatio-түсіндіру, баяндау, хабардар ету/. 1) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру. Ақпарат “хабарландыру”, “хабар-ошар” деген ұғымды білдіреді. Ақпарат ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап ақпарат мәселесіне өзгеше көзқарас пайда болды. 1948 жылы АҚШ ғалымы Клод Шэннон ақпарат теориясының негізін жасағаннан кейін оның мазмұны байып, ғылыми категорияның деңгейіне көтерілді.
Ақпараттық бостандық - («Свобода информации». «Freedom of Information») әр адам заңмен рұқсат етілген тәсілмен ақпарат алуға, қабылдауға және таратуға құқылы. Ақпараттық бостандық сөз еркіндігімен тығыз байланысады.
Ақпарат көздері - («Источники информации». «Sources of Information») дегеніміз - айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер. Сондай-ақ, журналистің жазған материалына, дайындаған бағдарламасына арқау еткен дәйегінің түп негізі.
Ақпараттың лиді - («Лид информации». «Lead of news») журналистикада хабардың бірінші сөйлемі немесе алғашқы абзацы, мәселенің тоқ етері мағынасында қолданылатын термин.
Ақпараттарды қадағалау әдісі - бұл электронды БАҚ-қа және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын толық әсер етеді. Қадағалаудың негізгі мәні хабарлардың нарықтық либерализациясын тереңдетіп, үкімет тарапынан қадағалауды күшейту болып табылады. Қадағалау көп мәселені шешіп, нарықтық монополизацияға әкеледі.
Ақпарат құралдарының тәуелсіздігі – мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.
Ақпараттық процестер – адамдар, тірі организмдер, техникалық құрылғылар арасында және қоғамдық өмірде ақпаратты тасымалдау, жинақтау және түрлендіру процесі болып табылады.
Ақпараттық саясат – мемлекеттік ұйымдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе БАҚ-ты ғана емес, барлық түрдегі – іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық, т.б сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды.
Ақпараттық технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.
Әлеуметтік таптар - қоғам шеңберіңде сатылық тәртіппен орналасқан, табысы, байлығы, білімі, тұрғылықты мекенінің көлемі мен орны, меншігі, айналысатын ісі арқылы анықталатын салыстырмалы тұрақты адам топтары.
Әмбебаптылық радио тыңдаушылар мен телекөрермендердің түрлі талғамы мен қызығушылығын ескере отырып, бұқараның әр түрлі топтарының ойын-сауықтық, ағартушылық, білім беру, публицистикалық, ақпараттық, мәдени сапалы бағдарламаларға деген қажеттіліктерін ескере отырып, аудиторияға қызмет көрсетуге негізделеді.
Байланыс - әр түрлі құралдар арқылы хабар беру мен хабар қабылдау, материалдық өндірістің барлық саласы үшін тікелей қызмет көрсету жолында түрлі хабарларды таратуды қамтамасыз етеді.
Басқару - экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.
БАҚ ақпаратын қабылдаушылар - («Аудитория СМИ». «Audience of Mass Media») негізінен объективтік және субъективтік әртүрлі жағдаймен біріккен БАҚ материалдарын қабылдаушы қауымның жекелеген топтары. Олардың сипаттарын сана механизмдері анықтайды. Оларды салыстырмалы түрде тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады.
БАҚ-тың коммерциялық сипаты - («Коммерциализация СМИ». «Commersalization of Mass Media») газет-журнал басу, бағдарлама дайындау үрдісінің ақпараттық өндіріске айналуы, аудиторияның қажеттіне сай іскерлік сипаттың, тиімді қызмет атқарудың менеджменті мен маркетинг стандарттарының қалыптасуы. Коммерциялық журналистиканы «profit seeking» деп атайды.
Басқару функциясын атқарушы басылым - саяси және экономикалық билік құрылымдарының жұмыстарына үгіт-насихат жасауға бағытталған басылым.
Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.
Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.
Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.
Бақылау - таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі.
Баспасөзіндегі капитал концентрациясы - баспасөз капиталының концентрациясына деген қажеттілік ең алдымен экономикалық жағдайдан туындайды. Кірістің артуы, инвестицияның болуы, басылым көлемін арттыру, жарнаманың аздығы бәрі-бәрі әсер етеді. Сонымен қатар, психологиялық фактор да ықпал етеді. Капитал концентрациясы баспасөз плюрализміне қиындық туғызды.
Бейсаяси - саясаттан бойын аулақ ұстайтын басылым түрі.
Бейресми (тәуелсiз) басылымдары - белгiлi бiр компанияларды, партияларды, ұйымдарды қолдайтын баспагерлiк топтардың, газет-журнал трестерiнiң, массмедиа магнаттарының иелiгiндегi газет-журналдар.
Бренд - атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.
Бұқаралық ақпарат құралдары - («Средства массовой информации». «Mass Media») бұқара халықты журналистік туындылардың көмегімен объективті ақпаратпен жедел әрі тұрақты қамтамасыз етуді мақсат еткен мерзімді баспасөз, радио, телевизия, ақпараттық агенттік, деректі фильм, онлайн басылымдар.
Бұқаралық иллюстрациялық журналдар - баспа ісінің даму жетістіктері, фото шығару өнері мен технологияның жетілуі заман талабына сай жаңашыл бұқаралық иллюстрациялық журналдарды шығаруға ықпал етті.
Докудрама - Батыстың коммерциялық телевидениесінде кеңінен таралған жанрлық пішін. Бейнекадрлар мен фототүсірілімдермен деректі нағыз, шынайы оқиғаларды көрсету докудрамада оқиғалардың драмалық құрылымымен үйлесім табуы мүмкін. Осындай тектегі бағдарламаларды шығаруда әртістер өздерінің ойындарын, дерексіз көріністерді шынайы орындауы тиіс.
Докумыла - «көбікті опера» стиліндегі жан тебірентер драмалық оқиғаларды эфирге шығару кезінде монтаждалған және комментарийленген деректі бейнекадрларды іріктеп алып, оларды «құрылыс материалы» ретінде қолданатын сентименталды (сезімтал) мазмұндағы фильмдер мен бағдарламалар.
Газет - («Газета». «Newspaper») күнделікті немесе апталық түрінде тұрақты шығарылатын, ақпаратты, тың жаңалықтарды, танымдық материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөздің бір түрі, ақпарат құралдарының атасы. Сөздің түп төркіні ХҮ ғасырда Венецияда таратылған парақшаларды «La gazetta» деп тиынның атауынан туған.
Газет дизайны - («Дизайн газеты». «Newspaper design») нақты мақсат пен қажеттілікке арналған, өзіндік сипаты бар, айырықша кескін-келбет пен форманы біріктірген және баспасөздің әртүрлі элементтерін газет бетіне шеберлікпен орналастыру үрдіс әрі өнер.
Дайджест журналдар - «дайджест» ағылшын тілінен аударғанда «қысқа мазмұн», «түйіндеме» деген мағынаны білдіреді. Дайджесттің негізін салушылар арзан бұқаралық ақпарат құралдары аудиторияға жаңаша әсер етіп, бар аймақты ақпаратпен қамтамасыз етуге күші жететіндігін дәлелдегісі келді. Дайджест түріндегі басылымдар баспагерлік-коммерциялық, экономикалық бағытта да жетістіктерге қол жеткізді. Журналдағы ақпараттың өнделіп, түзеуден өтуінің басты мақсаты – материалдың оқырман аудиториясына түсінікті етіп жеткізу болатын.
Жарнама - қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.
Жарнама агенттіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.
Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.
Жарнаманы қамту ауқымы – берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы.
Жарнама жеткізушілері – жарнаманы тарататын нақты құралдар: нақты журналдар, телешоу, радиобағдарламалар және т.б.
Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өңдірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін – тұтынушыға жылжыуына байланысты құрылатын арналар.
Журналистика – қоғамдық институт, қоғам айнасы. Қазіргі заман тақырыптары мен проблемаларын қамти отырып, оқырман қауымның әртүрлі өкілдерінің қажеттілігін күнделікті қоғамдық ақпаратпен негізінен публицистика формаларын пайдалана отырып қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қоғамдық өзекті проблеманы қозғаған ғылыми, көркемдік әртүрлі туындыны жариялайды. Журналистика қоғамдық пікірдіи қалыптастырушы, жасаушы бірден-бір қоғамдық институт. Зерттеушілер журналистиканы жоғарыда айтылған француздың «journal» - «күнделік», «jour» - «күн», латынның «diurna» - «поденный» сөздерінен туындатып жүр. Жинақтап айтқанда, бұл - газет-журналдардағы, телерадиодағы әдеби-публицистикалық қызмет немесе күнделікті баспасөз, телерадио деген мағынаны білдіреді.
Журнал - француздың «journal» - («дневник» - «күнделік») деген сөзінен шыққан. Ол газет пен кітап арасындағы басылым дегенді білдіреді. Алғашқы журналдар XVII ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған.
Журналист - журналистикамен шұғылданушы адам. Еңбек қатынастары және өзге де шарттық қатынастар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі.
Журналистика тарихы - («История журналистики». «History of Journalism») жалпы тарихпен бірдей әлемдік және белгілі бір ұлттың тарихындағы журналистиканың ағымдарын, типологиясын, бағытын, тәсілдерін, әр кезеңдегі үлгілерін, өрлеуі мен құлдырауындағы заңдылықты уақыт реті бойынша зерттейтін ғылым.
Идея - журналистің сөз болып отырған нәрсеге көзқарасы, қатынасы. Өз шығармасындағы айтайын, білдірейін, ашып көрсетейін деп отырған түпкі мақсаты.
Идеялық плюаризм мен көп мазмұндылық тек халықтың көп бөлігін ғана емес, сондай-ақ, шағын этникалық, діни және мәдени топтардың да ақпараттық сұранысын қанағаттандыру мен қоғамдық форум функциясын қалыптастыруды қамтамасыз етуді көздейді.
Инновация - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалық енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықты әртүрлі аймақ пен ортада қолдану.
Интернет – жалпыға бірдей ақпараттық ресурс.
Инфотейнмент - «entertainment» ағылшынның «көңіл көтеру» деген сөзінен шыққан ұғым, ақпараттық маңызы жоқ, жаңалықтар сипатында аудиторияның таза көңілін көтеретін сюжеттер ұсынатын массмедиялық материалдар тобы.
Инфомершианс - «information» – ақпарат, «commercials» – жарнамалық хабарландыру ұғымы пайда болды. Бұл белгілі бір аудиторияға арналған бағдарламаларға тиянақты енгізілген, телевизиялық бағдарлама түріндегі ақылы жарнама.
Имидж - қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.
Концепция – белгілі құбылыстар жайындағы көзқарас жүйесі, бірдеме туралы негізгі пікір.
Корреспонденция – күнделікті оқиғалар туралы газет-журналға жіберілген хабар.
Контекс – текстің мағына жағынан тиянақты болуы.
Коммерциялық басылым - өз тапқан қаржысына өмір сүретін басылым.
Коммерциялық ақпараттық-музыкалық радиолар – өз қызметтерін «танымал әуендер, жаңалықтар, жарнама формуласымен құратын және жарнамадан түскен ақшамен қаржыланатын радиостанциялар.
Коммуникация - адамзаттық, субъективтік, жеке тұлғалық факторлар аса маңызды болып келеді. Коммуникациялық үрдісте коммуникатордың құндылық бағыты, психологиялық әсері, көзқарасы, әдеті негізгі рөл атқарады.
Көңіл көтеруге арналған бағдарлама, басылым көрерменге, оқырманға демалыс ұйымдастыруға, жақсы көңіл-күй сыйлауға арналған басылым түрі.
Легитимді басылым –ақпарат министрлігінде ресми түрде тіркелген және легитимді емес – билік құрылымдарын мойындамайтын басылым;
Лицензиялау – шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау тауар белгісін, потентін қолдануға беретін құқық.
Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды басқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.
Маркетинг – нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждығы мен қажеттілігін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабідеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріктірілген қызмет. Тауарды өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждығы мен қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару прцесі. (Ф.Котлердің анықтамасы).
Мәміле – белгіленген шартқа сәйкес тауар мен қызметті өткізуді іске асырудағы екі немесе бірнеше тараптардың өзара келісімі.
Мемлекеттік басылым – қазынадан қаржы алатын басылым.
Мемлекеттік модельдік телевидение - соғыс жылдарынан кейін пайда болып толығымен үкімет шенеуніктерінің басқару мен бақылауында болды.
Мемлекеттік хабар тарату көп елдерде телерадиохабарды тарату мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, редакцияның саяси бағдарламаларды жасағанда мемлекеттік бюрократияның бақылауында болады.
Мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы.
Миссия - компанияның қайсыбір қызмет түрін және нарықтағы алатын орнын анықтайтын ұзақ мерзімді бағдар.
Миссионерлік басылымдар - миссионерлердің (дін таратушы) қолдауымен жергілікті тұрғындарға діни мазмұндағы газеттер арнап шығарады. Басылымдар отар елдің тілінде басылады.
Модератор – бұл сөздің үш мағынасы бар. 1. тілді музыка аспаптарында үннің күшін реттеп тұратын тетік. 2. машинаның жүріс қарқынын реттеп тұратын тетік. 3. бағдарлама компоненттерін бір жерге жинақтайтын тележүргізуші деп немесе дискуссияны жүргізушісі айтуға болады.
Нарық (маркетинг тұрғысынан) – нақты және әлеуетті (потенциалды) тұтынушылар жиынтығы.
Насихат - адам белгілі бір мақаласын жазып, баспасөзде бастыра отырып, белгілі бір қызығушылықтарды көздейді. Насихат ақпарат беріп қана қоймай, адамның сезіміне, жан-дүниесіне әсер ете алуы керек. Насихаттың негізгі элементтері: субьект, обьект я5ни насихат бағыттаған аудитория.
Образ адам бейнесін, мінез-бітімін суреттеу арқылы ашуы. Типтендіру тәсілдері арқылы көптеген тұлғаларға тән қадір-қасиеттерді, ерекшелік сипаттарын бір кейіпкердің бойында сомдап бейнелеу.
Оппозициялық басылым билік басындағыларды сынап, қоғамды дамыту үшін әзірлеген өз жобаларын ұсынатындар адамдар тобының басылымы.
Өмір стилі – тұтынушының тұрақты әдетін, талғамын, мүддесін білдіретін өмір сүру бейнесі және мінез-құлықтың белгілі бір түрі.
Өмір сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын өмір мәні.
Редакциялық еркіндік - телебағдарламаның қызметі мен хабарлардың мазмұнына саяси партиялар, коммерциялық құрылымдар, үкімет тарапынан бақылаудың болуын шектейді.
Ресми баспасөз - үкіметтің және тәуелсіз баспасөз құрылтайшылары мен меншік иелерінің көзқарасын айқындайды.
Паблик рилейшнз (PR) – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара түсінісу, оң қарым-қатынасты және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шараларды құру.
Принтер – мәліметтерді басуға арналған құрылғы.
Принцип – латынның негіз, бастау деген сөзінен шыққан, өзара байланысты бірнеше мағына мен қоғамдық-саяси қызметтің барлық саласында кеңінен қолданылады. Принцип - ғылыми, қоғамдық, саяси шығармашылықтағы барлық іс әрекеттің теориялық-методикалық түп негізі. Принцип журналистиканың да іс қимылының теориялық негізі болатындықтан істі жүргізуші сол аумақтағы мағлұматтан бастау алады. Принцип - журналистиканың дамуы мен іс-қимылы заңдылығының жиынтығы. Сонымен қатар, танымдық процесс, көзқарасты қалыптастыру мен ұйымдастыру ісінің бірлігін қамтамасыз етудегі журналистикалық қызметтің әдістемелік негізі болып табылады.
Портрет - журналистің өз кейіпкерінің болмысын, оның кескін-келбетін, сыртқы, ішкі бейнесін жасауы.
Пікір сұрау (опрос) – бастапқы ақпаратты алу мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі.
Публицистика – публицистика мерзімді басылымдарды мазмұны жағынан байытып, қоғамдық-саяси материалдық ой-идеяларды жазбаша әшкерелеп, замана талабын бейнелейді. Зерттеушілер публицистика журналистиканың пайда болуына алғы шарт болған деп пайымдайды. Публицистика – қоғамдық өмірдің ең өзекті проблемаларын көтеріп, саяси іс-қызметке белсенді араласады және ғылым мен өнерге де тікелей сабақтастығы бар. Публицистика латынның «publicus – қоғамдық» деген сөзінен шыққан. Түпкі мағынасы бойынша, ол – әдебиеттің қоғамдық пікірге тікелей әсер ету мақсатын көздейтін, маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған, мерзімді баспасөзбен тығыз байланыста болатын бір түрі. Публицистика – журналистиканың мәндес мағынасы ретінде орныққан. Бір айта кетерлігі, публицистика дами келе журналистиканың ғылыми өзегіне, яғни, дербес ғылыми объектіге айналып келеді деген пікір қалыптасуда. Бұған журналистиканың барған сайын тәжірибелік мәнінің артуы басты себеп болуда.
Достарыңызбен бөлісу: |