Шетел журналистикасы



бет24/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Публикацияның тиімділігі - бастапқы кезеңде таңдап алынған деректің қоғамдық мәнін, саяси маңызы, әлеуметтік бағытын қаншалықты бейнелей алды дегенмен тығыз сабақтасады. Сондай-ақ, тиімділік – публикация тақырыбының мезгілін тапқандығы, практикалық өзекті проблемаға берген жауабы, қоғамдық өмірге байланысты белсенділігінің деңгейі т.б. Жалпы публикация тиімділігі редакция жұмысының алыс және таяу мерзімде жасалатын жоспардың біртұтас сапасы, ғылыми негізділігі, кәсіби шеберлігі, өзара үйлесімі және мақсаттың орындалуына сай туындайды.

Пресса - француз (presse) сөзі, мерзімдік баспасөз (газет, журналдар) деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде «пресса» да, «печать» та бір сөзбен «баспасөз» деп аталады.

Радио - («Radio») латынның «radiare» – жарық шашу, сәуле тарату деген сөзінен шыққан. Бағдарламаны дауыс, дыбыспен шексіз кеңістікке тарататын техникалық құрал. БАҚ-тың бір түрі, журналистиканың ажырамас бөлігі.

Радиобайланыс – радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы.

Радиоқабылдағыш – радиосигналдарды немесе радиосәулелерді қабылдауға және таратуға арналған құрылғы.

Радиоторап – сыммен хабар тарату желісінің абоненттеріне орталық радиохабарларын, жергілікті хабарларды таратуға арналған қабылдағыш.

Радиохабар – радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық, саяси, мәдени хабарларды тарату құралдарының бірі.

Ресми баспасөз - үкіметтің және тәуелсіз баспасөз құрылтайшылары мен меншік иелерінің көзқарасын айқындайтын басылым.

Сапалы басылым - интелектісі жоғары қоғам өкілдеріне және бұқаралық оқырманға арналған басылым.

Саясиланған басылым - негізінен қандай да бір партия мен қозғалыс арасында саяси күресті көрсетуге бағытталған баспасөз.

Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекетті басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді. Саясат - өз мүддесін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі.

Сапа – тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың не қызметтің қасиеті мен сипаттамасының жиынтығы.

Сапалы басылымдар - элиталық баспасөз дәстүрін жалғастырушылары басылымы.

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы.

Сканер – мәтіндік мәліметтерді тікелей оқуға арналған құрылғы.

Спутниктік теледидар – телевизияның ең көп дамыған түрі, көптеген сигналдарды қабылдап, кескінін анық көрсете алады. Ғарыштық телевидениенің өркендей түсуінде спутниктік байланыстардан бағдарламаны қабылдап алу үшін өте қымбат, үлкен жерге арналған кешендер қажет етілді. Ғарыштан жіберілген телевизиялық «сурет», үйдегі теледидардың көгілдір экранында көрсетілуі үшін, әлсіз спутниктік қабылдауға берілген белгі жердегі серіктеспен бірге қабылданып, кейін ТВ арналарынан немесе кабельдік тележүйелерден көрсетіліп отырады.

Социал-демократиялық басылымдар мүшелері социалистік интернационалдар партия органдары шығарған бұқаралық ақпарат құралдары.

Сюжет – телевидение, радио шығармаларындағы іс-әрекеттің, оқиға желісінің дамуы.

Сценарий – экранға дайындалған әдеби шығарманың сюжеттік нобайы.

Таблоидтар мерзімді басылымды оқуға уақыты жете бермейтін адамдарға арналған газет. Олар көшедегі сатушылар арқылы таратуды мақсат етеді. Көлемі кішкентай, жеңіл газетті трамвайда, метрода, барда оқуға ыңғайлы болды. Таблоидтың көп бетті болғанына қарап оқырмандар газетке қарағанда көп ақпарат алуға болады деген қате пікірде жүрді.

Тактика - қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекет тізбегі, экономикалық іс-әрекет.

Телевизия - («Телевидение». «Television») гректің «tele» – алыс, шалғай, латынның «viseo» – қарау, көру деген сөздерінен пайда болған. Көрермендерге бағдарламаны бейне, дыбыс, дауыс арқылы жеткізетін техникалық және бұқаралық ақпараттың құралы.

Технократия - әлеуметтік-экономикалық факторды және техникалық шешімді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.

Трансұлттық басылым – алыс және жақын шетелдерде таралатын, шығарылатын басылым.

Триллер - ағылшынның «to thrill» сөзі «үрейлендіру» деген мағынаны білдіреді. Бұл бағдарламаның аудиториясын ер адамдар құрады. Қылмыстық оқиғалар, шу туғызған көріністер бейнеленген сенсациялық триллер көбіне кешкі уақыттарда эфирге беріледі, арасында ерлерге арналған тауарлар қоса жарнамаланады.

Тиімділік - латынның «эффективность» яғни орындау, нәтиже деген сөзінен шыққан. Саяси сөздік анықтамасында көзделген мақсаттың орындалу мөлшері іс-қимылдың нәтижесін мақсатпен теңестіру немесе мақсаттың орындалу өлшемі деп анықтаған. Ал, басқару теориясында тиімділік принципі алға қойған мақсатты, еңбек, материал, қарыз жағынан ең аз бөлігін жұмсап, ең қысқа мерзімде нәтижеге жету деп түсіндіреді. Көптеген ғалымдар тиімділікті алға қойған мақсаттың орындалған мөлшері деп тұжырымдаған

Ұлттық басылым – республиканың барлық аймағын қамтитын басылым түрі.

Функция - латынның істеу, жасау, атқару, орындау іс-әрекеттің мақсаты деген мағынаны білдіретін сөзі. Екі обьектінің бірі өзгергенде келесісі де бірге өзгеру қатынасын да функция деп атайтыны тағы бар. Олай болса, қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің бірі өзгергенде келесісінің де бірге өзгеруін де функция деп атайды. Олай болса қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің қажетті талабын функция деп көріп оны элемент ретінде өз аумағында өзара сабақтастықтарымен тану дұрыс. Функция нендей бір ұғымның теориялық ішкі сипатын көрсетеді. Белгілі жүйенің іс-әрекеттік тәсілі мен оның ішкі характерін функция анықтайды деген тұжырым бар.

Хабарлардың жалпыға бірдей болуы барлық азаматтарды географиялық орналасуына қарамастан, бағдарламаларды еркін қабылдауына тең мүмкіндіктер туғызуды қамтамасыз етеді.

Христиандық демократиялық баспасөз ақсүйектер партиясының тірегі. Олар христиандық демократияның идеологиялық ұстанымға негізделген басылым түрі.

Цикл (айналым) белгілі уақыттың ішінде орындалған істің жиынтығы.

Цифроанологиялық әдісте – теледидар экранынан түзелген кескінді көруге болады.

Цифрологиялық әдісте – теледидар бағдарламаларындағы қорларды, архивтік материалдарды сақтауға көмектеседі, көрсетілген бадарламаларды көркем хаттауға жаңа мүмкіндіктер береді.

Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.

Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.

Іскер, экономикалық басылым – іскер адамдар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсететін басылым түрі.

Эксперимент – бір немесе бірнеше айнымалы факторлар өзгерісінің бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалын анықтайтын маркетингтік зерттеу әдісі.
Семинар (практикалық) сабақтардың тақырыптары

1 семинар сабақтың тақырыбы: Еуропадағы алғашқы газет-журналдардың пайда болуы, дамуы. ХVІІ-ХІХ ғасырдағы Еуропа журналистикасы.

2 семинар сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдағы Еуропадағы баспасөздің дамуы. Еуропадағы телевидение дамуы.

3 семинар сабақтың тақырыбы: Италияның бұқаралық ақпарат құралдары. Италиядағы ақпарат агенттiктерi. «АНСА» ақпарат агенттiгi. Италияның ұлттық агенттiктерi.

4 семинар сабақтың тақырыбы: Испания БАҚ тарихы. ХҮ ғасырда негiзi қаланған баспаханалар. 1785ж. «Диарио де Мадрид» күнделiктi газетi. Испания журналистикасындағы Марьяно Хосе де Ларроның орны.

5 семинар сабақтың тақырыбы: Испанияның iрi ақпарат агенттiктерi. “ЭФЕ” агенттiгi. 1939 жылы “Фабра”, “Фаро”, “Фебус” агенттiктерiнiң қосылуы. Шетелдерге, елшiлiктерге ақпарат тарату деңгейi. Штаты мен бөлiмдерi, мүмкiндiктерi.

6 семинар сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания журналистикасының даму тенденциясы. Ұлыбританияның атақты монополиясы. «РОИ ТОМСОН» мекемесi, «Таймс» газетiнiң шығу тарихы. Англияның ақпарат агенттiктерi.

7 семинар сабақтың тақырыбы: Францияның БАҚ-тарының тарихы. Алғашқы баспаханалар. «Газет француаз» газетi. Жалпы және саяси басылымдар. Арнаулы басылымдар. «Франс пресс» ақпарат агенттiгi.

8 Семинар сабақтың тақырыбы: Болгария, Румыния, Венгрия, Хорватия, Чехия, Грекия, Югославия Социалистiк Федеративтiк Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары. Электронды бұқаралық ақпарат құралдары.

9 семинар сабақтың тақырыбы: Поляк Халық Республикасы, Нидерланды Корольдiгi, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Финляндияның бұқаралық ақпарат құралдары.

10 семинар сабақтың тақырыбы: АҚШ, Канада журналистикасы. Америкадағы әйелдерге арналған басылымдар. “Нью-Йорк таймс”, “Ю-Эс-Эй тудей” басылымының ерекшелігі.

11 семинар сабақтың тақырыбы: ХҮIIIғ. Америкада пайда болған газет-журналдар. «Дейли ньюс», «Уолт-стрит-джорнэль» т.б. бүгiнi, шығу тарихы. Америкадағы алып баспасөз империялары. Херст концернi. Ерекшелiгi, iскерлiгi, ақша мен билiк үшiн бәрiн құрбан етуi. Бүгiнгi таңдағы газеттерiне шолу.

12 семинар сабақтың тақырыбы: Америкада радиохабардың дамуы. Америкадағы телевидение дәуірі, дамуы мен қалыптасуы. Канада баспасөзінің монополиялануы. Қостілділіктің баспасөзге ықпалы.Ақпарат агенттіктері.

13 семинар сабақтың тақырыбы: Латын Америкасы, Африка журналистикасының дамуы. Мерзімді баспасөзі мен телерадиосының дамуы.

14 семинар сабақтың тақырыбы: Азия елдерiнiң журналистикасы. Түркия Республикасы, Ирак Республикасы, Мысыр Араб Республикасы, Танзания, Сауд Арабия корольдiгiнiң бұқаралық ақпарат құралдары.

15 семинар сабақтың тақырыбы: Үндiстан, Пәкiстан, Ауғанстан, Қытай Халық Республикасы, Монғол Халық Республикасы, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Жапонияның бұқаралық ақпарат құралдары.



Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар

1. Америка Құрама Штаттары БАҚ. ХҮIIIғ. Америкада пайда болған газет-журналдар. «Дейли ньюс», «Нью-Йорк таймс», «Уолт-стрит-джорнэль»т.б. бүгiнi, шығу тарихы. Америкадағы алып баспасөз империялары. Херст концернi. Ерекшелiгi, iскерлiгi, ақша мен билiк үшiн бәрiн құрбан етуi. Бүгiнгi таңдағы газеттерiне шолу.

2. АҚШ-тың ақпарат агенттiктерi мен беделдi журнлдары. «Тайм», «Форчун», «Лайф», «Ньюсуик», «Юнайтед», «Стейтс ньюс энд уорлд рипорт», «Плейбой», «Ридерс дайджест» журналдары, таралымы. «Ассошиэйтед пресс «Юнайтед пресс интернэбил» ақпарат агенттiктерi, құрамы, ақпарат тарату әдiстерi.

3.Ұлыбритания БАҚ тарихы. Англияда алғаш пайда болған газет-журналдар. «Уикли ньюс» газетi.

5. Ұлыбританияның атақты монополиялары. «РОИ ТОМСОН» мекемесi, «Таймс» газетiнiң шығу тарихы. Англияның ақпарат агенттiктерi.

6. Францияның БАҚ тарихы. Алғашқы баспаханалар. «Газет француаз» газетi. Жалпы және саяси басылымдар. Арнаулы басылымдар. «Франс пресс» ақпарат агенттiгi.

8. Италия, Испания БАҚ. «Жаңа оқиғалар туралы» жазбалар апталығы. ХҮ-ХҮIҒ. «Жаңалық хабарлары» саяси газетi.

9. Италиядағы ақпарат агенттiктерi. «АНСА» ақпарат агенттiгi. Италияның ұлттық агенттiктерi. “АДЖИП”, “КРОНОС”, “АСКА”, “АГА” және “РАДИО-КОР” қызметi, дамуы. 1953 жылғы алғашқы ақпарат агенттiгi «СТЕФАНИ».

10. Испания БАҚ тарихы. ХҮ ғасырда негiзi қаланған баспаханалар. 1785 ж. «Диарио де Мадрид» күнделiктi газетi. Испания журналистикасындағы Марьяно Хосе де Ларроның орны. Коммунистер шығарған «Ла Анторча» газетi, маңызы. Тәуелсiз газеттер арнасы.

11. Испанияның iрi ақпарат агенттiктерi. ЭФЕ агенттiгi. 1939 жылы Фабра, Фаро, Фебус агенттiктерiнiң қосылуы. Шетелдерге, елшiлiктерге ақпарат тарату деңгейi. Штаты мен бөлiмдерi, мүмкiндiктерi.

12. Канада баспасөзі. Дамуы мен қалыптасуы. Ерекшеліктері. Қостілділіктің баспасөзге ықпалы. Канада баспасөзінің монополиялануы. Ақпарат агенттіктері.

13. Жапония баспасөзінің тарихы. Өзіндік ерекшеліктері. Европалық басылымдардың дүниеге келуі. Ірі газет-журнал топтары. Ақпарат агенттіктері.

14. Түркия баспасөзінің қалыптасуы. Ақпарат агенттіктері.

15. Қытай баспасөзінің пайда болуы мен даму ерекшелігі. Ақпарат агенттіктері.

16. Оңтүстік Корей елінің баспасөзі. Ақпарат агенттіктері.

17. Египет баспасөзінің пайда болуы мен даму тарихы.

18. Орыс баспасөзінің тарихы.

19. Шетелдегі қазақ баспасөзі. Моңғолия, Қытай, Ресей бойынша қазақ баспасөзінің даму тарихы, негізгі аспектісі.

20. Шетел баспасөзі мәселесі.. Бұқаралық ақпарат құралдарының эволюциясы. БАҚ-тың монополиялануы.

21. Ағылшын баспасөзіне тән ерекшеліктер. Ағылшын баспасөзінің монополиялануы.

22. Франция баспасөзінің қалыптасу тарихы. Франция мерзімді басылымдарының негізгі категориясы. Франция баспасөзінің монополиялануы. Франция БАҚ-тарының халықаралық нарықтағы рөлі.

23. Германия баспасөзінің тарихы. Әлем баспасөзінің дамуындағы Германияның рөлі. Кітап басу ісінің Германияда дүниеге келуі.

24. Неміс баспасөзіне тән ерекшеліктер. Газет, баспа монополияларының құрылуы мен журналистикадағы ірі тұлғалар.

25. Италия баспасөзінің тарихы. Пайда болуы мен дамуы.

26. Италия баспасөзінің монополиялануы. Газеттер типологиясы.

27. Испания баспасөзінің ерекшелігі.

28. Ерте кезеңдегі Америка баспасөзінің тарихы.

29. Америка баспасөзінің қалыптасу тарихы.

30. Америка баспасөзінің монополиялануы.

31. Канада баспасөзінің дамуы мен қалыптасуы.

32. Канада баспасөзінің монополиялануы.

33. Жапония баспасөзі пайда болуы мен дамуы.

34. Европалық басылымдардың дүниеге келуі. Ірі газет-журнал топтары.

35. Түркия баспасөзінің тарихы.

36. Қытай баспасөзінің пайда болуы мен даму тарихы.

37. Қытай ақпарат агенттіктерінің жұмысы.

38. Оңтүстік Корей елінің баспасөзінің қалыптасу тарихы.

39. Египет баспасөзінің пайда болуы мен даму тарихы.

40. Орыс баспасөзінің қалыптасу кезеңдері.

41. Ресейдің ақпарат агенттіктерінің тарихы, қазіргі жағдайы.

42.Шетелдегі қазақ баспасөзі.

43. Ұлыбританиядағы І Карлдың цензура туралы заң шығаруы.

44. Германия ақпарат агенттіктері.

45. Италиядағы баспаханалық тәсілмен басылған Цицеронның алғашқы шығармасы.

46. Францияның Роберт Эрсон басқаратын баспасөз монополиясы.

47. Ағылшын баспасөзіндегі Н.Баттердің газеттерінің рөлі.

48. Л.Эстранжтың Сити Меркьюри газетінің мазмұны.
«Шетел журналистикасы» пәнінен тест тапсырмалары

1. Ұлыбританиядағы І Карлдың цензура туралы заң шығаруы қай жыл еді? A) 1630 жылы B) 1637 жылы C) 1640 жылы D) 1655 жылы E) 1650 жылы

2. Берлин қабырғасы қашан құлады? A) 1980 жылы B) 1985 жылы C) 1990 жылы D) 1995 жылы E) 1993 жылы.

3. Германияда қанша ақпарат агенттігі бар? A) 400 B) 300 C) 500 D) 100 E) 200.

4. Италиядағы баспаханалық тәсілмен басылған Цицеронның алғашқы шығарма қай жылы басылды? A) 1360 жылы B) 1400 жылы C) 1450 жылы D) 1468 жылы E) 1465 жылы.

5. Францияның Роберт Эрсон басқаратын баспасөз монополиясының аты қалай? A) Эрсон тобы B) Ашетт тобы C) Толкан тобы D) Пирсон Лонгман E) Эриксон тобы.

6. Ағылшын Н.Баттердің газетінің аты. A) Оксфорд газеті B) Уикли Ньюс C) Сити Мерькюри D) Ньюс E) Ньюс тайм.

7. Л.Эстранжтың Сити Меркьюри газетінің мазмұны. A) Мәдени B) Әдеби C) Спорттық D) Жарнамалық E) Сән туралы.

8. Канадалық баспасөз алпауытының аты. A) Рой Томсон B) Рупер Мердок C) Сесиль Кинг D) Нортклиф E) Мердек Томсон.

9. Испаниядағы ең ірі ақпарат агенттігі. A) Табра B) Фаро C) Фебус D) Эфэ E) Фора.

10. Италиядағы әйелдерге арналған атақты журнал. A) Уолт Дискей B) Донна модерна C) Оджи D) Дженте E) Донна.

11. Кореядағы алғашқы күнделікті газеттің аты. A) Тэхан Мэйль B) Дейли Ньюс C) Тэхан Мейл синбо D) Мейль Синмун” E) Рой Синмун”.

12. Жапонияда газеттің жеке түрі қалыптасқан: A) Тәуелсіз, жергілікті префектуралық B) Тәуелсіз және тәуелді C) Жергілікті, аймақтық D) Орталық және жергілікті E) Тәуелді.

13. Канадағы ең үлкен ақпарат агенттігі: A) Тайм B) Маклин Хантер C) Ридерс дайжест D) Канадиен пресс E) Иарын.

14. Алғашқы түрік газетінің аты. A) Жериде-и-Хауадис” B) Тержуман-и ахуал C) Тас-вир-и ефкар D) Тақвим уақайе E) Иарын.

15. Жапонияның ең көне газеті: A) Асахи B) Асахи Симбун C) Мэдзамаси D) Санхей E) Иомнури симбун.

16. 1873 жылғы Жапониядағы алғашқы журнал: A) Дзегасу дзасси B) Хакубункан C) Мейроку дзоси D) Дзиди цусин E) Асахи.

17. Египеттегі алғашқы газет Аль-Ахрами қашан шықты? A) 1860 ж. B) 1870 ж. C) 1876 ж. D) 1880 ж. E) 1871 ж.

18. Корея журналистикасындағы қаралы күндер қай жылдары болды? A) 1910-1920 жж. B) 1905-1910 жж. C) 1910-1915 жж. D) 1915-1920 жж. E) 1907-1912 ж.ж.

19. Кореядағы 1392 жылғы патша сарайында шыққан газеттің аты: A) Хансон Сунбо B) Чобо C) Кибелчжи D) Чубо E) Хансон чубо.

20. «Нью-Иорк таймс» газетінің көлемі. A) 25 бет B) 10 бет C) 50 бет D) 100 бет E) 20 бет.

21. АҚШ-тағы жалпы ұлттық газет қалай аталады? A) Ю-Эс-Эй B) Ю-Эс-эй тудей C) Нью-Иорк таймс D) Вашингтон-пост E) Ақша.

22. АҚШ-тағы жаңалықтар журналы. A) Тайм B) Репортер C) Нью-Иорк D) Адамдар E) Эссе.

23. ХХ ғасырдың екінші жартысында Германияның ең ірі баспасөз алпауыты: A) Франц Бурда B) Форанк C) Аксель Шпрингер D) Генрих Бауэр E) Губерт.

24. Генрих Бауэрге қатысты баспа концерні. A) Генрих Бауэр Ферлаг B) Нойе ревью C) Пралине” D) Квин E) Дас Хаус.

25. АҚШ-тың алып ақпарат агенттігі: A) ЮПИ B) Медна Ньюс C) ЭФС D) АП E) Нью ЮПИ.

26. Ағылшынның Абсерьвер жексенбілік газеті кімді жақтайды? A) солшылдарды B) коммунистерді C) лейбористер D) консерваторлар E) либералдарды.

27. «Шпигель» журналы қай жылы шыға бастады? A) 1945 жыл B) 1940 жыл C) 1943 жыл D) 1947 жыл E) 1950 жыл.

28. Түріктің «Тақвим уақайе» газетінің редакторы кім? A) Сейіт Мехмет B) Уильям Черчилл C) Ибраһим Шинаси D) Агах Эпенді E) Намық Кемал.

29. Египеттің «Аль-Ахрам» газеті қашан шықты? A) 1876 жыл B) 1870 жыл C) 1871 жыл D) 1880 жыл E) 1875 жыл.

30. Кореядағы алғашқы күнделікті газет. A) Мэиль Синмун B) Тэхан Мейль Синбо C) Дейли Ньюс D) Тэдон Конбо E) Куклинбо.

31. Түрік баспасөзінің бостандығы толығымен қай жылдары жүзеге асты? A) 80 жылдардың басында B) 50-шы жылдары. C) 60-шы жылдары D) 70-ші жылдары E) 90-шы жылдары.

32. Корей баспасөзі үшін 1960 жылдар қандай кезең? A) Дамымаған кезең B) Тәуелді болған кезең C) Тәуелсіз кезең D) Қарқынды дамыған кезең E) Демократиялық кезең.

33. «Сити меркьюри» газеті қандай мазмұндас газет? A) мәдени B) жарнамалық C) спорттық D) экономикалық E) техникалық.

34. Ағылшын журналистикасындағы тиындық газеттердің шығуы қай жылдары болды? A) 1900-1910 жж. B) 1910-1915 жж. C) 1920-1950 жж. D) 1950-1960 жж. E) 1955-1960 жж.

35. Италия журналистикасы өз бастауларын қай кезеңнен алады?

A) XVIII ғасырдың басынан B) XX ғасыр басынан C) XV-XVI ғасырларда D) ежелгі Рим шежірелерінен E) қайта өрлеу дәуірінен.

36. Италиядағы алғашқы агенттік Стефани Туринде қашан дүниеге келді? A) 1853 жылы B) 1851 жылы C) 1854 жылы D) 1855 жылы E) 1856 жылы.

37. Испания баспасөзінің тарихы қай ғасырдан басталады? A) Ежелгі дәуір B) ХХ ғасыр C) ХІХ ғасыр D) Орта ғасыр E) ХУІІІ ғасырдың 80-ші жылдары.

38. «Ганнет» компаниясы қай елдің басылымдарын шығарды? A) Америка B) Англия C) Франция D) Италия E) Испания.

39. Корея елінде қашан тәуелсіздік орнады? A) 1940 жылы B) 1941 жылы C) 1945 жылы D) 1946 жылы E) 1950 жылы.

40. Египеттегі тұңғыш жекеменшік басылым. A) Шуа-аль-Кавакив B) Вади ан-Нил C) Нурхат-аль-Афкар D) Иасуб ат-Тыбб E) Аль-Кавнаб.

41. ҮІ ғ. Италияда араб тілінде басылған кітап. A) ИбинСина B) Әл-Фараби C) Библия D) “Мың бір түн” E) Құран кітап.

42. «Аль-Ахрам» газетін шығарушылар.A) Салим мен Бишара Таклалар B) Габриал C) Мұхаммед Хасанейн D) Хейхал E) Даут Барақат.

43. Жапониядағы 1873 жылғы алғашқы журнал. A) Кагэцу синси B) Мэйроку дзаси C) Синбунси D) Хомэй синси E) Тюо корон.

44. ХІХ ғасырдың 30 жылдарындағы баспасөздің дамуына кең жол ашқан газет түрі. A) коммерциялық газеттер B) қымбат газеттер өмірге келуі C) монополиялар газеттері D) күнделікті газеттері E) тиындық газеттер.

45. «Ассошиэйтед пресс» агенттігі қашан құрылды? A) 1945 жылы B) 1943 жылы C) 1950 жылы D) 1948 жылы E) 1955 жылы.

46. Канададағы ең үлкен газет тобы. A) Томсон ньюспейперс лимитед B) Саузем инкор-порейтед C) Ситизен D) Лондон фри пресс E) Спектей тор.

47. Әр газеттің өзінің қозғаушы күші бар деген сөздің авторы /АҚШ/.

A) Джон Куини B) Ньюхарт C) Джон Уолт D) Генри Люс E) Бритон Харден.

48. «Тайм» журналы қашаннан шыға бастады. A) 1925 жылы B) 1921 жылы C) 1926 жылы D) 1924 жылы E) 1923 жылы.

49. «Заман» газеті қандай бағытта шығады. A) Оқшыл-демократиялық B) Республикалық C) коммунистік D) демократиялық E) халықтық партиялық.

50. Канаданың ең үлкен қаласы Торонто қаласында неше күнделікті газет бар? A) 5 B) 2 C) 1 D) 3 E) 4.

51. Түрік баспасөзіндегі 1938 жылдан бастап жаңалықтарға себепші болған тұлға. A) С.Димерел B) Алладин Кая C) Тұрғыт Өзал D) Хусейн Гулерджс E) Фехми Кору.

52. Канада журналистикасының экономикалық кезеңі. A) жарнама B) газет бизнесмендері C) шетел баспагерлері D) газет-журнал монополиялары E) саяси топтар демеуі.

53. АҚШ-тағы арзанқол газеттерді сатып алушы адам. A) Г.Реймонд B) А.Окс C) Дж.Уолт D) Джон Хуин E) Фрэнк Ганнет.

54. Италиядағы тәуелсіз газеттер кооперативі түрінде құрылған агенттік. A) АДЖИП B) АДН C) АНСА D) АГА E) АФП.

55. АҚШ-тағы БАҚ-ның табысының неше пайызы жарнамадан түседі?

A) 50% B) 30% C) 40% D) 80% E) 20%.

56. «ЮПИ» - әлемдік ақпарат агенттіктерінің қатарындағы қандай кәсіпорын? A) өкіметтің меншігіндегі B) тәуелді C) жеке меншіктегі D) тәуелсіз E) Бір топтың меншігіндегі.

57. Италия журналистикасындағы партиялық басылымдар қай топқа кіреді? A) Саяси газеттер тобы B) Іскер адамдар тобы C) Экономикалық газеттер тобы D) Аралас газеттер тобы E) Спорттық газеттер тобы.

58. Германиядағы ең ірі газет-журнал концерні. A) Бурдо-Группа B) Танго C) Грукер унд Яр D) Томак E) Генрих-Бауэр.

59. Ағылшынның алғашқы газеттері қай жылдары шықты? A) 1600-1660 жж. B) 1601-1605 жж. C) 1607-1620 жж. D) 1606-1624 жж. E) 1608-1625 жж.

60. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Германияның ең ірі баспасөз алпауыты.A) Шпрингерь B) Грунер унд яр C) Генрих Бауэр-ферлаг D) Бурда-группа E) Аксель Шпрингер.

61. Германияда қанша ақпарат агенттігі бар? A) 200 B) 300 C) 100 D) 500 E) 50.

62. Францияның Роберт Эрсон басқаратын баспасөз монополиясының аты қалай? A) Ахмет тобы B) Томсон тобы C) Пирсон тобы D) Эрипсон тобы E) Эпсан тобы.

63. Испанияның ең ірі ақпарат агенттігі. A) Фабра B) Фаро C) Фебус D) Эфэ E) Фора.

64. Италиядағы әйелдерге арналған атақты журнал. A) Урол Дисней B) Донна Модерна C) Оржи D) Джента E) Донна.

65. Жапонияның ең көне газеті. A) Асахи симбун B) Асахи C) Мәдзами D) Санхей E) Иомиури симбун.

66. Египеттегі алғашқы газет «Аль-Ахрам» қашан шықты? A) 1860 ж. B) 1870 ж. C) 1876 ж. D) 1878 ж. E) 1871 ж.

67. Кореядағы 1382 жылғы патша сарайында шыққан газеттің аты. A) Хансон сумбо B) Чобо C) Чубо D) Кибелчжи E) Хансон Чубо.

68. АҚШ-тағы жаңалықтар журналы. A) Репортер B) Тайм C) Нью-Иорк D) Адамдар E) Эссе.

69. Генрих Бауэрге қатысты баспа концерні. A) Нойе ревью B) Генрих Бауэр - ферлаг C) Пралине D) Квип E) Дас Хаус

70. АҚШ-тың алып ақпарат агенттігі. A) Медиа Ньюс B) ЭФС C) АП D) Нью ЮПИ E) ЮПИ.

71. Ағылшынның либералдарды жақтайтын жексенбілік газеті. A) Моринг пост B) Дейли ньюс C) Обсервер D) Оксфорд газет E) Уикли диспетч.

72. Түріктің «Тақвим уақайе» газетінің редакторы. A) Уильям Черчилл B) Ибраһим Шинаси C) Сейіт Мехмет D) Агах әпенді E) Намық Кемал.

73. 1876 жылы шыққан Египеттегі газет. A) Вади ан-Нил B) Аль-Ахрам C) Аль-Анба D) Аль-Иттихад E) Аль-Ахбар.

74. Корей баспасөзі үшін 1960 жылдар қандай кезең? A) мәдени B) спорттық C) жарнамалық D) экономикалық E) техникалық.

75. Италия баспасөзі өз бастауларын қай кезеңнен алады? A) XVIII ғасырдың басынан B) XX ғасырдан C) XV-XVI ғасырларда D) Ежелгі Рим шежірелерінен E) Қайта өрлеу дәуірінен.

76. Түрік баспасөзінің бостандығы толығымен қай жылдары жүзеге асты? A) 80-ші жылдардың басында B) 50-ші жылдары C) 60-шы жылдары D) 20 ғасырдың басында E) 20 ғасырдың аяғында.

77. Испания баспасөзінің тарихы қай ғасырдан басталады? A) Ежелгі дәуір B) Орта ғасыр C) XIX ғасыр D) ХХ ғасыр E) XVIII ғасырдың 80-ші жылдары.

78. Жапониядағы 1873 жылғы алғашқы журнал. A) Кагэцу-синси B) Мейроку дзаси C) Синбужи D) Хомэй синси E) Тюо корон.

79. «Тайм» журналы қашаннан шыға бастады? A) 1925 жыл B) 1921 жыл C) 1923 жыл D) 1924 жыл E) 1926 жыл.

80. Канада журналистикасының экономикалық негізі. A) Газет бизнесмендері B) жарнама C) саяси топтар демеу D) газет-журнал монополиялары E) шетел баспагерлері.

81. Канада 80 жылдары әлемде радио мен телебағдарламадан саны бойынша қаншасыншы орын алды? A) 2-ші орын B) 1-ші орын C) 3-ші орын D) 4-ші орын E) 5-ші орын.

82. Канада газеттері қай тілде шығып тұрады? A) Ағылшын және француз тілдерінде B) Француз және испан тілдерінде C) Ағылшын және латын тілдерінде D) Ағылшын және орыс тілдерінде E) Француз және неміс тілдерінде.

83. Мексикадағы спорт тақырыбына арналған газетті ата? A) Ла Пресса /Пресса/ B) Эль Универсаль/ “Всеобщая”/ C) Новедадес /Новости/ D) Информасьонес / Информация/ E) Эсто /Это/.

84. Мексикадағы спорт тақырыбына арналған газетті ата? A) Нотисиас Мехикансс – Нотимакс B) Информасьонес Мехиканас – Инфовмекс C) Итонут Исраэль Меухедет – ИТИМ D) Аджепрес E) Media Fax.

85. Мексикадағы жастарға арналған радионы ата? A) La Z – 92 1 FM B) Palsar – FM – 90 5 FM C) Radio Variedades – 1320 AM D) Pulsar – FM – 90,5 FM E) Alfa Radio – 91,3 FM.

86. Испаниядағы «Ла Расон» газетінің редакторы кім? A) Луис Мария B) Гарсия Лорки C) Хоакин Вила D) Алехандро Гангара E) Мир Вильнер.

87. Испаниядағы «Си-эн-эн» телеканалының бас директоры кім? A) Фрасиско Бастерра B) Тэрнер Бродкастинг C) Хоакин Вила D) Эмтиию Аскаррага E) Луис Мария.

88. Польшада қай газет товарға айналған?A) Супер экспресс B) Вечернье C) Газета выборка D) Жечи посполита E) Столичная газета.

89. Израильда көбінесе газет-журналдар қай тілде шығады? A) латын B) ағылшын C) парсы D) араб E) еврит.

90. Израильда таза араб тілінде шығатын журналды ата. A) Гаарец B) Аль-Гадд C) Вег D) Арахим E) жоқ.

91. Израильдің ақпарат агенттігін ата. A) Штонут Исраэль Меухедет – ИТИМ B) Аджепрес C) Media Fax D) Нотиснас Мехиканас – Нотимакс E) REUTERS.

92. Венгриядағы Будапештское «Солнца» газеті қай жылы шықты? A) 1993 ж. B) 1991 ж. C) 1990 ж. D) 1995 ж. E) 1992 ж.

93. Венгриядағы мемлекеттік телеканалды ата? A) ТВ – 1 B) ТВН C) TVE – 2 D) TVE – 1 E) TV-1 және TV-2.

94. Румыниядағы республикалық ұлттық радионы ата? A) Radio Gontart B) Radio Etalon Rm C) Radio Arad 99,1 FM D) Radio Free Еuюре E) Radio Buzau 69,8 FM.

95. Румыниядағы румын тілінде шығатын журналды ата? A) “Privirea” B) “Банки” C) “Финансовая неделя” D) “Bucharest Business Veek” E) “BYTE Romania”.

96. Грециядағы халықаралық газетті ата? A) Kathimerini B) O Pothos C) Phuket Gazette D) Ta Nea E) Proni.

97. Грециядағы ең ірі радиостанциялар саны қанша? A) 10 B) 2 C) 1 D) 8 E) жоқ.


  1. Болгариядағы мемлекеттік телеканалды ата? A) Bulgaнan National television B) Антенна 1 C) ТВ 4 D) TV – 2 E) TV – 1.

  2. Румынияда қанша ақпарат агентігі бар? A) 2 B) жоқ C) 1 D) 3 E) 4.

  3. «Hurriууеt» қай жылдан бастап Түркияда шыға бастады? A) 1948 B) 1954 C) 1940 D) 1963 E) 1961.

  4. Түркиядағы ең алғашқы телеканал қандай? A) ST B) Kanfi D C) ТRT - 1 D) TRT - AVRASYA E) Krai TV.

  5. Иран Ислам республикасындағы ең ежелгі “Ettelant” кешкілік газеті қай жылдан бастап шығады? A) 1911 ж. B) 1923 ж. C) 1930 ж. D) 1925 ж. E) 1929 ж.

  6. «Бизнес Балтия» газеті қай елде шығады? A) Литва B) Эстония C) Латвия D) Камбоджа E) Лаос.

  7. Латвия елінің алғаш радиосы қай жылдан бастап шығады?

A) 1911 ж. B) 1913 ж. C) 1925 ж. D) 1932 ж. E) 1940 ж.

105. «B IV S» ақпарат агенттігі қай елдерде орналасқан? A) Италия, Испания B) Украина, Белорусия, Малдова C) Литва, Латвия, Эстонония D) Россия, Балгария E) Египет, Алжир.

106. Белоруссиядағы тиражы 100 мыңнан астам дана жалғыз жекеменшік күнделікті газет; A) Белорусская газета B) Вечерний Минск C) Знамя Юности D) Madus Vivendi E) Международный клуб.

107. «Видеообзор» радиобағдарламасы қай елде шығады?

A) Латвия B) Ресей C) Белоруссия D) Эстония E) Украйна.

108. Украйнадағы «Компьютеры + Программы» журналы қай жылы шықты? A) 1995 ж B) 1992 ж C) 1989 ж D) 1978 ж E) 1998 ж.

109. Сингапурде қанша радиостанция бар? A) 5 B) 10 C) 7 D) 9 E) 20.

110. Сингапурдағы «Золото 90.5 радиосы» телевидениесі қай жылдары дами бастады? A) 1950- 40 ж B) 1980 – 90 ж C) 1955 – 60 ж D) 1960 – 70 ж E) 1980 – 90 ж.

111. «TV Channel 9 /ТВ канал 9/» қай елдің телевидениесі? A) Түркия B) Тайланд C) Жапония D) Қытай E) Корея.

112. Индиядағы БАҚ көбінесе қандай тақырыпта шығады? A) Мәдениет B) Діни бағыт C) Техника мәселелері D) Білім беру мәселелері E) Әскер, қару-жарақ мәселелері..

113. Индиядғы «E P W Pesearch Zundation» апталық газеті қандай бағытта шығады? A) Саясат және экономика B) Тарих C) Мәдениет D) Әлеумет мәселелері E) Құқық қорғау мәселелері.

114. Сингапурдағы «Citta Bella» кімдерге арналған журнал? A) дәрігерлер журналы B) мұғалімдерге арналған журнал C) әйелдер журналы D) Балалар журналы E) Жастар журналы.

115. Баспасөздің ұлттық тресті қай жылы ашылды? A) 1925 B) 1931 C) 1940 D) 1964 E) 1973.

116. Пакистандағы «Джанг тобының» басшысы /бірнеше газеттерді біріктіруші/. A) Халилуп Рахман B) Али Халиб C) Ахмад Гамад D) Амед Шахин E) Биназир Бухутто.

117 . «Кримская правда» газеті қай елде шығады? A) Белоруссия B) Украина C) Ресей D) Эстония E) Латвия.

118. Univtrsitates Avize қай ел университетінің газеті?

A) АҚШ B) Франция C) Германия D) Латвия E) Белоруссия.

119. Иран Ислам республикасының «ИРНА ақпарат агенттігі» қай жылы құрылды? A) 1934 B) 1920 C) 1943 D) 1957 E) 1960.

120. Польшаның либеральдық бағыттағы саяси басылымын ата A) Газета Ворабей B) Магазин C) Жечь посполита D) Политика E) Агара.

121. Ұлыбританиядағы парламенттің үлгі көрсетуімен 1641 жылы жарық апталық газет. А) “Уикли ньюс” Б) “Диурнал оккеренсиз” В) “Меркуриус британникус” Г) “Ньюс” Д) “Интеллидженер”.

122. 1684 жылы Англияда Л-Эстранждың басқаруымен аналитикалық бағытта мақалалар жариялап отырған газет. А) “Обсерватор” Б) “Уикли ньюс” В) “Оксфорд газеті” Д) “Ньюс” Е) “Меркуриус прагматикус”.

123. Англияда сатиралық баспасөздің қалыптаса бастаған кезі. А) 16 ғасырдың 1 жартысы Б) 13 ғасырдың орта кезі В) 19 ғасыр Г) 17 ғасырдың екінші жартысы Д) 20 ғасыр.

124. ХҮІІ ғасыр соңында Ұлыбританияда мерзімді басылымдар қандай түрде дамыды. А) информациялық, жарнамалық Б) аналитикалық, сатиралық В) информациялық, аналитикалық, сатиралық, жарнамалық Г) аналитикалық, жарнамалық, әдеби Д) информациялық.

125. “Таймс” газетінің алғашқы атауы. А) “Санди экспресс” Б) “Уик энд” В) “Дейли экспресс” Г) “Санди таймс” Д) “Дейли юниверсал реджистер”.

126. 1851 жылы негізі қаланған Ұлыбритания ақпарат агенттігі. А) Рейтер Б) Франс пресс В) Пресс Ассошейшн Г) Эксгейндж телеграф Д) Дойчер Депешендинст.

127. Францияда 1604 жылы алғаш жарық көрген газет қалай аталды. А) “Газет француаз” Б) “Француз меркурий” В) “Газетт” Г) “Пресс” Д) “Юманите”.

128. Францияда алғашқы баспаханалар қай жылы дүниеге келді.А) 1420 Б) 1470 В) 1390 Г) 1422 Д) 1475.

129. Әлемдегі ең алғашқы журнал қай елде жарық көрді. А) Ұлыбритания Б) Испания В) АҚШ Г) Мексика Д) Франция.

130. Король Людовик 13 цензура туралы заңды қай жылы жариялады. А) 1629 Б) 1630 В) 1620 Г) 1632 Д) 1635.

131. 1835 жылы әлемдегі ең алғашқы ақпарат агенттігінің негізін қалаушы. А) Джулиус Рейтер Б) Теораст Ренадо В) Жан пруво Г) Шарль Луи Гавас Д) Жан Поль Марат.

132. Гутенберг ойлап тапқан типографиялық станокта алғашқы рет басылған басылым. А) “Інжіл” кітабы Б) “Құран” кітабы В) “Авизо” газеті Г) “Таймс” газеті Д) “Санди таймс”.

133. “Гамбургер абенблат”, “Бильд цайтунг”, “Ни вальт” неміс газеттері қай концернге қарады? А) Генрих Бауэр-Ферлаг Б) Аксель Шпрингер концерні В) Бурда-группа Г) Пирсон Лонгман Д) Грунер Унд Яр.

134. Германияда иллюстрациялық журналдар шығаратын әйгілі концерн. А) Генрих Бауэр-Ферлаг Б) Ассошейтед ньюспейперс В) Грунер Унд Яр Г) Бивербрук Д) Бурда-группа.

135. “ДПА-Дойче Пресс Агентур” – ақпараттық агенттігі қай жылы құрылған. А) 1942 Б) 1949 В) 1940 Г) 1950 Д) 1947.

136. Эудженио Скальфари дүниеге әкелген Италияндық беделді газет.

А) “Коррьера делла сера” Б) “Экспрессо” В) “Джорноле” Г) “Репубблика” Д) “Воче”.

137. Италиядағы әйелдерге арналған алғашқы журнал қалай аталады.

А) “Эпоха” Б) “Донна Модерна” В) “Эспрессо” Г) “Новелла 2000” Д) “Лиза”.

138. 1853 жылы құрылған алғашқы Италия ақпарат агенттігі:

А) Кронос Б) Радиокор В) Стефани Г) АГА Д) АДЖИП.

139. 1661 жылы Испанияда алғаш рет жарық көрген газет: А) “Гасета нуэва де Мадрид” Б) “Диарио де Барселона” В) “Мундо обреро” Г) “Дестино” Д) “Мадрид”.

140. “Нью-Йорк таймс” газеті қай жылы жарық көрді? А) 1896 Б) 1900 В) 1851 Г) 1850 Д) 1849.

141. 1963 жылы 7 сәуірде “Нью-Йорк таймс” газетінің әлемдегі ең үлкен номерінің салмағы қанша болды? А) 2 кг Б) 3 кг В) 4 кг Г) 1 кг Д) 3,5 кг.

142. Батыста “Америка мемлекетінің орталық нерв жүйесі” деп аталатын газет: А) “Ю-эс-эй тудей” Б) “Ньюс” В) “Сан” Г) “Сан-Франциско Кроникл” Д) “Нью-Йорк таймс”.

143. “Таймс” журналы қай жылы жарық көрген? А) 1930 Б) 1927 В) 1932 Г) 1950 Д) 1923.

144. “Ассошейтед Пресс” агенттігінің штаб-пәтері қай елде орналасқан? А) Францияның Париж қаласында Б) Американың Нью Йорк қаласында В) Испания Мадрид қаласында Г) Америка Вашингтон қаласында Д) Ұлыбританияның Лондон қаласында.

145. Ресейде жарық көрген сатиралық журнал: А) “И то и Се” Б) “Трудолюбивая пчела” В) “Собрание новостей” Г) “Утренние часы” Д) “Санкт-Петербургский вестник”.

146. “Собрание новостей” журналының алғаш редакторы: А) М. Херасков Б) М. Ломоносов В) И. Богданович Г) В. Тузов Д) Л. Бройко.

147. 1392 жылы Оңтүстік Кореяның патша сарайында жарық көрген газет: А) “Чобо” Б) “Хансон Сунбо” В) “Тоннип синмун”Г) “Мэнль синмун” Д) “Тэхан мэиль синбо”.

148. Корея Республикасының тұңғыш президенті Ли Сын Ман қай газеттің алғашқы редакторы болды? А) “Тэхан миэль синбо” Б) “Хансон сунбо” В) “Чобо” Г) “Миэль синмун” Д) “Тоннип синмун”.

149. 1989 жылы дейін корей газеттері дәстүр бойынша қай күні шықпайтын? А) жексенбі Б) сейсенбі В) сәрсенбі Г) жұма Д) дүйсенбі.

150. «Канадиен Пресс» ақпарат агенттігі қай жылы құрылды? А) 1920 Б) 1919 В) 1890 Г) 1917 Д) 1915.

151. Стамбулдағы француз елшісі С. Вернинактың дипломаттар мен шенеуліктерге арналған бюллетені қай ғасырда жарық көрді? А) 18 ғасырдың соңы Б) 18 ғасырдың басы В) 17 ғасырдың соңы Г) 15 ғасыр Д) 19 ғасыр.

152. “Утренние часы” журналы қай бағыты ұстанды? А) либералдық Б) сатиралық В) көркем-әдеби Г) прогрессивтік Д) ресми.

153. Н. М. Карамзиннің (1791-1792) шығарған журналы: А) “Зритель” Б) “Московский журнал” В) “Почта духов” Г) “Беседующий гражданин” Д) “Вестник Европы”.

154. 1853 жылы Герцен “Ерікті орыс баспаханасын” қай қалада құрды? А) Мәскеу Б) Нью-Йорк В) Лондон Г) Берлин Д) Санкт-Петербург.

155. 1836 жылы А. С. Пушкин іргетасын қалаған журнал қалай аталады?

А) “Отечественные записки” Б) “Европеец” В) “Полярная звезда” Г) “Библиотека для чтения” Д) “Современник”.

156. 1847 жылы Алжирде араб тілінде шыққан алғаш газет қалай аталады? А) “Әл-Маса” Б) “Әл-гумхурия” В) “Әл-Мубашир” Г) “Әл-Муджахид” Д) “Ан-Ниль”.

157. Ливия ақпарат агенттігін атаңыз: А) СУНА Б) ДЖАНА В) ТАП Г) КУНА Д)САНА.

158. Мексиканың прогрессивті демократиялық бұқаралық көзқарасын білдіретін газет: А) “Уно Мас Уно” Б) “Аси Эс” В) “Эсто”Г) “Эль Диа” Д) “Эксельсиор”.

159. Израильдегі “Итонут Исраэль Меухедет-ИТНМ” ақапарат агенттігі қай жылы құрылды? А) 1950 Б) 1949 В) 1922 Г) 1991 Д) 1948.

160. Қай жылы Пәкістанда Баспасөз этикасының кодексі бекітілді? А) 1963 Б) 1961 В) 1950 Г) 1980 Д) 1964.

161. Пәкістан баспасөз қызметкерлері неше категорияға бөлінген?А) 3 Б) 5 В) 2 Г) 9 Д) 7.

162. Хераковтың жетекшілігімен Москва университетінде шыққан журнал: А)Свободные часы Б) Трудолюбився пчела В) Адская почта С) Всякая всячина Д) Ежемесячная сочинение.

163. М.В.Ломоносов қай журналдың редакторы болды? А) Иностранное ведомсти, Санк-Петербургские ведомсти Б)Трудолюбивая пчела В)Живописец С) Всякая всячина Д) Ежемесячное сочинение.

164. Утренний свет журналы қай кезден бастап шыға бастады?

А)1839 Б)1789 В)1836 С)1777 Д)1778.

165. А.И.Крылов қай журналдың редакторы болды? А) Утренний свет Б)Московский журнал В) Полярная звезда С) Зритель Д) Почта духов.


  1. Декбристердің журналы мен альманахы: А) Телескоп, Молва Б) Московсуий журнал, Аглая В) Невский зритель, Полярная звезда С) Сын отечества Д) Русский вестник, Вестник Европы.

  2. Телескоп журналының редакторы болған публицист (1831-1836). А) Булгарин Б) Надеждин В) Полявой С) Рылеев Д) Кралвский.

  3. Белинскийдің журналистік қызметі қай жылы, қай журналда басталды? А) 1836 жылы Отечественные записки журналында Б) 1846 жылы Современник журналында В)1833 жылы Телескоп және Молва журналдарында С) 1838 жылы Московский наблюдатель Д) 1847 жылы Современник журналында.

  4. Санкт-Петербургские ведомсти газетінің бірінші редакторы: А) Миллер Б) Херасков В) Герцен С) Краевский Д) Ломоносов.

  5. Кітап басуды кім алғаш ойлап тапты? А) Лейбниц Б) Гутенберг В) Нострадамус С) Федоров Д) Попов.

  6. Ағылшын баспасөзіндегі ең алғашқы газет қалай аталады?

А) Сан Б) Инднпендент В) Уикли Ньюс С) Миррор Д) Оксфорд газет.

172. Ағылшынның алғашқы мерзімді баспасы қашан шықты?

А) 1701 Б) 1638 В) 1689 С) 1815 Д) 1645.

173. Ағылшын мерзімді баспасөзіне алдын-ала цензура қашан енді? А) 1641 Б) 1667 В) 1705 С) 1904 Д) 1782.

174. Рейтер агенттігі қай жылы құрылды? А)1868 Б) 1872 В) 1936 С) 1851 Д) 1954.

175. Ағылшын баспасөзіндегі алғашқы жарнамалық газет. А) Дейли пост Б) Дейли экспресс В) Сити меркьюри С) Миррор Д) Таймс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет