Шымкент-қосалқы


Арнайы педагогиканың салалары



бет4/17
Дата31.05.2022
өлшемі322.5 Kb.
#458839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
. Арнайы педагогика

1.3 Арнайы педагогиканың салалары
Тифлопедагогика – бұл зағиптар мен нашар көретіндерді оқыту
Сурдопедагогика – саңыраулар, нашар еститіндер, кейін саңырау болғандарды оқытатын сала.
Тифлосурдопедагогика – көрмейтін, естімейтіндерді оқыту саласы.
Олигрофенопедагогика - интелектісі бұзылған, кемақылдарды оқыту.
Логопедия – тілдік бұзылу бар балаларды оқыту.
Тірекқимыл аппараты – қызметіне ДЦП бұзылуы бар балаларды оқытатын сала.
Эмоционалдық - ерік – жігер бұзылысы бар балаларды оқытатын сала.
Қазіргі кезде ұзақ уақыттық кемтар болған және бірнеше түрлі бұзылулары бар, баланы қарастыратын екі сала дамып келеді.

  1. Арнайы педагогика

  2. Статистика

Арнайы педагогика – оның саласы басқа ғылыммен тығыз байланысты. Олар зерттеу іс – дәреже жұмыстарында арнайы білім беру, технолоияны жасауда, арнайы оқытудың технологиялық құралдарын жасауда қолданылады. Олар философия, тарих, педагогик, психология, клиникалық психология. Медициналық, физиологиялық, әлеуметтік психология, арнайы психология, лингвистика, әлеуметтану, психолингвистика, әлеуметтік педагогика, физиа, информатика, жаратылыстану ғылымдары.


Статистика – халқаралық ұйымдар даму бұзылысының түрлерімен, жиелігі жөнінде мәліметтерді жинақтаудың жүйелігінің жұмысын атқарады.


II Тарау. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі

    1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі

70 жылдардың басында келесі түрде арнаулы бастапқы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, кең түрдегі, дифферинциалды жүйесі қалыптасты:
- ясли – бақшалар
- балалар бақшасы
- мектепке дейінгі балалар үйі
- ясли – бақшалар, балалар бақшасы мен жалпы арнаудағы балалар үйлері, сондай – ақ арнаулы мектептер мен мектеп – интернаттар ішінде мектепке дейінгі топтар.
Арнаулы мектепке дейінгі мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарды, мектепке дейінгі жастағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуге көптеген үрдістер жатқызылды. Олардың негізінде қазіргі кезеңге дейін арнаулы мектепке дейінгі білім беру жүйелері құрылды. Арнаулы мектепке дейінгі оқуды құрудың келесі ұйымдастырулышылық ұстанымдары өміре келді.
Дамуында басты ауытқудың ұстанымы бойынша мекемелердің жинақтау. Осылайша келесі балалар категориясына арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелері құрылды:

    • есту қабілеті бұзылған (керең, нашар еститін)

    • көру қабілеті бұзылған (зығип, нашар көру, қийлы көзді және амблиопиясы бар балалар)

    • сөйлеу қабілеті бұзылған (тұтығу, тілдің толық дамымаған, фонетико – фонематикасы жетік дамымаған балалар үшін)

    • ақыл – ой өрісі бұзылға (ой – санасы жетілмеген)

    • тірек – қозғалыс аппараты бұзылған

Жалпы балалар бақшасымен салыстырғанда топтарда 15 баладан аспау тиіс.
Арнаулы мектепке дейінгі мекемелер штатына олигрофенопедагогтар, сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, логопеттер және қосымша дәігерлер ғана құрау тиіс.
Арнаулы мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру процесі ауытқуға ие мектепке дейінгі жастағы балалардың әрбір категориясы үшін жасап шығарылып, Қ.Р. білім беру мен тәрбиелеудің арнаулы кешендік бағдарламаларында сәйкес жүзеге асырылады.
Тәрбиелеушілер мен дефектологтар арасында сабақ түрлерін қайта орналастыру. Кейбір арнаулы мектепке дейіні білім беру мекемелеріндегі тілді дамыту, элементарлы математикалық пайымдаулары қалыптастыру, конструкциялау, ойын іскерлігін дамыту бойынша сабақтарды тәрбие берушілер емес, оқытушы – дефектологтар өткізеді.
Естуді қабылдауды және дыбыстық сөйлеудің коррекциясын дамыту, көруді қабылдау, емдік денешынықтыруды дамыту секілді, сабақтардың арнаулы түрлерін ұйымдастыру. Жұмыс жүргізудің мұндай бағыттары кәдімгі балалар бақшаларында да орын алған, онда олар жалпы дамытушы сабақтар құрамына енгізілді, және ережеге сәйкес құрлымды түрде сабақ ауқымына бөлінбейді.
Төлем ақы жағына келетін болсақ, ата- аналар балалары кәдімгі балалар бақшасында тәрбиеленгені үшін кейібір төлем ақы енгізетін болса, дамуында ауытқуы бар балалар үшін мұның қажеті жоқ – олардың ата – аналарынан ешқандай төлем ақы алынбайды. Өйткені Қазақстан Республикасының бекітен заңы бойынша мұндай балалар мектепке дейінгі және мектеп жасында барлық әлеуметтік – педагогикалық және медециналық көмекті тегін ала – алады.
Арнауы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бүкіл жұмыс бір ғана мақсатқа жұмылдырылған – потенциалды мүмкіндіктерін максималды дамыта отырып, балаларға тәрбие беру, отбасына көмектесу, қол ұшын беру.
Білім берудің кеңістік жүйесінің сипаттамалық белгісі дамуында ауытқуы бар балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдаудың жеткілікті қатаң ережелері болып саналады. Біріншіден, мұндай балалр жалпы балалар бақшасына қабылданбайды, егер жалпы білім беретін мекемелердің тәрбиеленушісінен дамуында ауытқу кешірек, білім беру барысында анықталса, онда оны мекеме құрамынан шығару және арнаулы білім беру мекемесіне ауыстыру жеткілікті қатаң түрде өз шешімін табатын болған.
Нәтижесінде мамандар, оның ішінде кеңістік білім беруге баға беруші шетелдік бақылаушылар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуға арналған мекемелердің аса жасырындылығын, оқшаулығын, тәрбиеленушілердің бірқалыпты дамушы құрдастарынан және тұтастай қоғамнан жасанды түрдегі жаттылығын атап көрсетеді.
Екіншіден, қоғамдық мектепке дейінгі білім алу мүмкіншілігін жоққа шығаратын диагноздарын жеткілікті кең ауқымы орнатылды. Осыған орай, арнаулы мектепке деінгі білім беру мекемелерінен дамуында комбинациялы, кешенді ауытқулары бар балаларды қабылдамады. Мәселен, есту қабілеті бүлінген балаларға арналған мектепке дейінгі оқыту мекемелеріне зағип әрі еститін, ой – санасы жетілмеген балалар қабылданбады. Сонымен бірге, көру қабілеті мен интелектісі бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру мекемелері керең және әлсіз еститін балаларды өз қатарларына алмады. Мұндай балаларға көмек білім берудің бірліктік мекемелерінде ғана жүзеге асырылды. Сонымен қатар, эпилепсиядан, шизофрениядан, психопаттық жүрі – тұрыстан зардап шегетін, имбецильдік және идиотиялық дәрежедегі саналық жетіспеушілікке ие балалар, жеке күтімді қажет ететін тірек тік – қозғалыстық аппараттардың бұзылуынан ие балаларға қабылдануға жатпады. Мұндай балаға тәрбие беруші отбасылар, оларға білім беру қатынасында өз кұш – жігеріне арқа сүйеуге мәжбүр болды және медициналық іс – шаралармен шектенуге тура келді.
Сондай – ақ айта кетерлік бір жайт, баланы ясли бақшасында беруге тек 2 жастан, ал бала бақшаға 3 жастан беруге ғана мүмкіндік болды. Ерте жастағы балалар денсаулық сақтау бөлімінің назарындағы объектісі болып табылады және психолого - педагогикалық көмекке ие бола алады.
Осыған байланысты арнаулы мектепке дйінгі білім беру мекемелерінің құрылған желісі жалпы мектепке дейінгі білім беру жүйесін ұйымдастыруды орасан зор оң салым енгізді, алайда бұл мекемелердің таңдау нормасы мен жинақтауына түспейтін, арнаулы қажеттіліктерге ие балаларды үлкен топтары қатынасында жеткілікті иілімді бола алады.
Соңғы жылдары қабылданып, бекітілген әрбір әрекет етуші әрі жаңа білім беру мекемелеріне арналған сәйкес типтік жағдайлар мектепке дейінгі жастағы балалар, сондай – ақ олардың қажетті психолого – педагогикалық және медициналық - әлеуметтік көмек алатын білім беру мекемелерінің кең желісін қалыптастыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашты.
Бірқалыпты дамушы баланың ата - аналары үшін бала бақша – бұл ол қарым – қатынас жасауға, өзге балалармен ойнауға, ата – анасы жұмыста болғанда уақытын қызықты өткізуге, жаңаны білуге арналған орын. Дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеуші отбасы үшін, бала бақша мұндай балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған біріңға жалғыз ғана орынға айналды.
Дамуында ауытқуы бар көптеген балалар компенсациялаушы түрдегі балалар бақшасында және комбинациялық түрдегі балалар бақшасының компенсациялаушы топтарында тәрбие алады. Мұндай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқыту және тәрбиелеу дамуында ауытқуы бар балалардың әрбір категориясы үшін жаспа шығарылған арнаулы корекциялық дамытушы бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Топтардың бөліну түріне және жас ерекшелігіне байланысты орнатылады (екі жас аралық және 3 жастан жоғары) және келесі түрдегі балалар үшін мына сан аралық шаманы құрайды:
-сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылуына ие балалар – 6 дан 10 адамға дейін:
- 3 жастан бастап кездесетін тілдің фонетико – фонематикалық бүлінулеріне ие – 12 балаға дейін
-кереңдер – екі жас аралық топтар үшінде 6 балаға дейін;
-әлсіз еститіндер – 6 дан 8 балаға дейін;
-зағиптар – екі жас аралық топтар үшін де 6 адамға дейін
-амблиопияси, қитарлығы бар балалар үшін, әлсіз еститіндерге – 6 дан 10 балаға дейін;
-тірек – қозғалыстың аппараттарының бүлуіне ие балалар – 6 дан 8 балаға дейін;
-интелектісі бұзылған балалар үшін - 6 дан 10 балаға дейін;
-психикалық дамуы артта қалған балалар – 6 дан 10 адамға дейінгі;
-3 жастан жоғары жаста ғана ой – санасының терең артта қалуына ие балалар – 8 балаға дейін;
-туберкулездік интоксикацияға ие балалар - 10 нан 15 балаға дейін;
-жиі ауыратындар – 10 нан 15 балаға дейін;
-күрделі дефектілері бар балалар – 5 баладан аспайды;
- дамуында өзге де ауытқулары бар – 10 нан 15 балаға дейін;
Түрлі себептерге байланысты кәдімгі режимде мектепке дейінгі мекемелерге бара алмайтын, дамуында ауытқуы бар балалар үшін, МДББМ- де қысқа мерзімге келіп – кетуге арналған топтар ұйымдастырылады. Мұндай топтардың мақсаты осындай балаларға дер кезінде психолого – педагогикалық көмек көрсету, баланы оқыту мен тәрбиелеуді ұймдастыруда олардың ата-аналарына консультативтік - методикалық қолдау көрсету, балаларды әлеуметтік бейімдеу және оқу әдістемелері қалыптастыру болып табылады. Мұндай топтарда сабақтар ата-аналардың қатысумен, оларға ыңғайлы уақытта, жеке немесе азғана топтармен (2-3 бала) жүргізіледі. Мұндай жаңа ұйымдастырушының форма МДББН түрлі мамандармен сабақтар өткізуді қарастырады, олардың жалпы ұзақтығы аптасына бес сағатпен шектеледі.
Отандық білім беру сферасындағы көптеген өзгерістер шетелдік тәжірибенің ықпалы әсерінен жүреді. Осынған орай, дамыған елдерде арнаушы қажеттіліктерге ие балаларды бірқалыпты дамушы балалар ортасы интеграциялаудың түрлі модельдері пайдаланылады. Ресейлік мектепке дейінгі білім беру жағдайында интеграцияланған түрдегі білім беру тәжірибеге бояу, әрі мұқият енгізілуде, өйткені оны жүзеге асыру үшін жлпы дамытушылық түрдегі балалар бақшалары жалпы жағдайларға ие болуы тиіс, яғни олар корекциялық – педагогикалық және емдік – сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін арнаулы кадрлық және материалдық – техникалық қамтуы қажет. Интеграциялық идеяларды таратушы мамандар қазіргі таңда келесілерде мұндай жағдайлар орнату оңай деп жорамалдайды: а)компенсациялық таптар да қалыптасып комбинациялық түрдегі балалар бақшаларының жалпы дамытушы топтарында; в)МДББМ-нің барлық тәрбиеленушілермен коррекциялық жұмысты іске асыру алдымен уставка енгізілуі тиіс, баланы дамыту орталықтарында;
Дамуында ауытқуы бар мектепке дейінгі жастағы балалар мектепке дейінгі және кіші мектепке жасындағы балаларға арналған жалпы білім беру мекемелеріне бара алады.
Жапы түрдегі білім беру мекемелері 3 тен 10 жасқа дейінгі балалар үшін құрылады. Мекемелердің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш жалпы білім беру арасында артықшылықты, баланың денсаулығын, физикалық және психикалық дамуын қорғау және бекіту үшін оптималды жағдайларды қамтамасыз етеді.
Әрбір бала үшін мектеп оқу кезеңіне өту периоды кризисті болып табылатын белгілі. Бала іскерліктің жаңа түрі – оқу іскерлігіменұшырасып қана қоймай, сонымен бірге балалар мен ересектердің жаңа ұжымына, жаңа режимге, жаңа жағдайға бейімделуі тиіс. Оқуда, пікірлісуде, әлеуметтік бейімделуде құндылықтарға ұшырайтын, арнаулықажеттіліктерге ие балалар үшін мұндай бастан кешіру өте ауыр болып келеді. Сол себепті «бастауыш мектеп- бала бақша» білім беру мекемесі дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған ең комфортты организациялық форма ретінде қарастырылады. Бала етіне таныс, үйреншікті жағдайда мектеп өмірін бастауға мүмкіндік алады. Сондай ақ бастауыш сынып оқушылары, ережеге сәйке, мектепке даярлықтағы топтағы балаларды жақсы тануда және әрбір «пробелеманы» бастауыш сынып оқуышысына индивидуылдық – дифференционалды жақындасуды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Арнаулы қажеттілікке ие балаларды оқыту және тәрбиелеу ұйымдастырылатын білім беру мекемелерінің тағы бір түрі - психолого- педагогикалық және медико - әлеуметтік көмеекке зәру балаларға арналған білім беру мекемелері.
Мұнда түрлі орталықтар: диагностикалық және консультациялау орталықтары жайлы, психолого – педагогикалық және медико – социалдық көмек көрсету, психолого – педагогикалық реабилитациялар және коррекциялар; емдік педагогика және дифференционалды оқыту жайлы сөз болуда. Бұл мекемелер 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға есептелген. Бұл мекемелердің контингенті спецификалы – бұл келесі балалар:

    • жалпы білім беру мекемелеріне барудан бас тартатын педагогикалық тастандылықтын үлкен деңгейіне ие;

    • эмоционалдық – еркіндік сферасының бүлінулеріне ие;

    • психикалық және физикалық зорлықтын түрлі формаларына ұшырғндар;

    • отбасын тастауға мәжбүр болғандар, оның ішінде анасының кәмелетке толмағаны себебінен тастап кеткендер;

    • қашқындар, мәжбүр болған, жер аударғандар отбасынан шыққан балалар, сондай-ақ стихиялық апаттар мен техногенді катастрофадан зардап шеккендер

Шындығына балалардың тізілген топтауның арасынан психикалық және физикалық дамуында ауытқулары бар балаларда жиі кездеседі. Олармен пеагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, оқытушы – дефектологтар, оқытушы – логопедтер, медициналық персонал жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мұндай мекемелердің іскерлігінің негізі бағыттары:

  • баланың жүріс – тұрысындағы психофизиологиялық даму мен ауытқулар деңгейіне диагностика жасау

  • балаларға олардың жастық және жеке ерекшеліктеріне, соматикалық және психикалық денсаулығының күйіне сәкес білім беру;

  • корекциялық – дамытушы және компенсациялаушы оқытуды ұйымдастыру;

  • балалар мен психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыс жүргізу;

  • емдік – сауықтыру іс – шаралар кешенін жүргізу

Сонымен қатар, біздің елімізде ұзақ емдеуді талап ететін балаларға арналған санаторийлік типтегі түрлі білім беру сауықтыру мекемелері жұмыс істейді.
Дамуында шектеулері бар балалар 5-6 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленген жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай балаларды мектепке оқытуға даярлау үшін бірқатар ұйымдастыру формалары қарастырылады. Дамуында айқын ауытқулары бар балалар үшін арнаулы (коррекциялық) мектептерде және мектеп – интернаттарда мектепке дейінгі бөлімдер (топтар) құрылады. Олардағы білім беру бағдарламалары 1-2 жылға есептеледі, осы мерзімі ішінде балада қажетті коррекциялық – дамытушы ортаға бейімделуге оқу іскерлігі қалыптастырылады Мұндай бөлімдердің (топтардың) контингентік дамуындағы ауытқуы кем табылған балалар немесе бұрын арнаулы білім беру мекемелеріне баруға мүмкіндігі болмаған балалар құрайды.
Дамуында ауытқуы бар балалардың білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлеріне таңдауды психолого – медико – педагогикалық комиссия жүзеге асырады. Ата – аналар өз бетіне осы комиссияға қабылдауға өтініш білдіре алады. Алайда әдетте олар бұл жерге емдік- профилактикалық мекеменің бағыт берумен келіп жатады. Комиссия баланың психо – физиологиялық даму жағдайы жайлы қарастырылады және оқытудың ары қарай формаларына ұсыныстар береді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет