1.4 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері.
1. Жалпы ережелер
1.Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік кезеңін, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.
2.Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтықолимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, мектептегі білім берудің беделiн көтеру.
3.Бұл ереже Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларын, орындаушылардың республикалық байқаулары мен кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы негізінде әзірленді.
4. Олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты ғылыми-әдістемелік орталық:
1)Осы ережемен белгіленген олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;
2)Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;
3)Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
4) Мектеп директорына олимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;
5)Олимпиаданың қорытындысын талдайды;
6)Олимпиада материалдарын жариялайды.
5.Олимпиаданың мектепішілік кезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (3 адамнан кем емес).
6. Олимпиаданың қазылар алқасы:
1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесіментаныстырады;
2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзеді
3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін әкімшілікке ұсынады;
4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
5) Ғылыми-әдістемелік орталықпен бiрлесе отырып, аймақтық олимпиадаға қатысушы үміткерлерді анықтайды.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 8-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 8-11 сыныптар оқушылары қатысады.
2. Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктер дайындайды және ғылыми-әдістемелік орталық бекітеді.
3. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере алады.
4.Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды шыққанна кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы керек..
3. Қорытынды ереже
1. Мектепішілік олимпиаданың жүлдегерлерi мектеп дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.
2. Олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысушылар саны әр пән бойынша жүлдегерлер санымен анықталады.
3. Егер бірнеше қатысушы бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.
Олимпиадалық тапсырмаларды тексеру кезінде қазылар алқасына әр тапсырма жабдықталуы тиіс білім алушылардың болжамды жауаптарының үлгілерін (таңдаудың не жауаптың қандай да бір нұсқасын таңдаудан бас тартудың негіздемелерін) басшылыққа алу ұсынылады. Бұл ретте теориялық турдың тапсырмасы шығармашылық сипатқа ие екенін және конкурсқа қатысушылардың ұсынылған жауаптарының мысалдары эталондық және түпкілікті болып табылмайтынын есте ұстаған жөн. Білім алушылардың жұмыстарын тексеру, даулы мәселелерді шешу кезінде қазылар алқасының мүшелері өздерінің сарапшылық тәжірибесі мен біліміне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |