1.2 ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен оған қойылатын талаптар.
Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Биологиядан жүргізілетін мектептік олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстану ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми – зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру. Бұнда негізгі көңіл талантты, қабілетті оқушыларға бөлініп, болашақ интеллектуалдығын дамыту үшін қалыпты жағдай жасау. Олимпиада ғылым, білім министрлігінің бұйрығымен бекітілген ұлттық мемлекеттік статусқа ие. Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсақ, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу - әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:
- ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;
- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсетуге, оның себеп–салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек;
- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.
Биология олимпиада оқушыларға міндеттейді:
- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;
- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;
- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілуін;
- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;
- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуін;
- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;
- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға және т.б.
Кез – келген жұмысқа дайындық керек. Олимпиадаға да әділ қазылар алқасы, ұйымдастыру бөлімі және қатысатын оқушылар дайындалады.
Ұйымдастыру бөлімі олимпиаданың өткізілуін және оған дайындықты қадағалайды.
1) Олимпиаданың өткізілу орнын және уақытын анықтау керек;
2) Олимпиада сұрақтарын даярлау және өткізу формаларын анықтайды;
3) Олимпиаданы өткізу;
4)Қорытынды жасау және марапаттаудан тұрады.
Биологиялық олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші турдың ерекшелігі бұнда оқушылар жалпы биологиялық білімін анықтау үшін берілген тапсырмаларға жазбаша түрде жауап береді. Мысалы: тест тапсырмалары немесе сәйкестендіру парақтары беріледі. Екінші турдың ерекшелігі оқушылар әртүрлі биологиялық обьектілерді демонстрациялап, биологиялық зерттеу жұмысының әдістемесін меңгергендіктерін көрсететіндей тапсырмаларды орындайды. Екінші турға оқушылар бірінші турдан алған балдары негізінде жіберіледі. Олимпиадаға қатысушы оқушыларды тапсырмаға сәйкес жабдықталған кабинетке отырғызады. Екінші тур ауызша немесе басқада форма күйінде сарамандық, зертханалық жұмыс түрінде өткізіледі. Бұл кезде оқушылар белгілі бір сарамандық жұмыс жасайды. Нәтижесінде оқушы білімі комплексті түрде бағаланады: бақылау, анализ жасау, зерттеу бойынша есеп дайындау, график құру т.б. Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін толық көрсете алатындай барлық жағдай жасалу керек, бұл ұйымдастыру бөлімінің міндеті болып табылады.
Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылатын арнайы курс бағдарламасының негізгі міндеттері:
1. Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;
2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
3. Биология курсы бойынша білімдерін тереңдету болып табылады.
Күтілетін нәтиже: ізденімпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушыны дайындау.
Ұстаздар , өз тәжірибесінде оқушыларды биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарлайды:
І. Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс, оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін алғашқы сауалнаманы алу.
ІІ. Теориялық дайындық:
• Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.
• Клетканың химиялық құрамы.
• Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Систематика. Патшалықтар белгілері.
• Өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериалар патшалықтарының жалпы ерекшеліктері.
• Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.
• Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.
• Жалпы биологияның теориялық негіздері.
• Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау. Кеңес беру.
• Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер құрастыру.
• Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру.
ІІІ. Практикалық дайындық– іскерліктерін қалыптастыру.
1. Арнайы құралдармен жұмыс жасау, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін анықтау мен тану, микропрепараттар дайындау, биологиялық коллекциялар дайындау және т.б. біліктіліктерін қалыптастыру бойынша практикалық сабақтары.
2. Цитология бойынша тапсырмаларды орындау.
3. Генетикалық есептерді орындау.
4. Бұрынғы жылғы олимпиадалардың практикалық тапсырмаларын талдау.
5. Түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау жолдарын талдау.
IV. Өзіндік дайындық
1.Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
2. Бұрынғы жылғы олимпиалардың түрлі күрделілік деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау;
3. Логикалық тапсырмаларды орындау;
4. Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу.
Жүргізілген зерттеу жұмысының негізінде оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысының мазмұнын, құрылымдық бөліктерін нәтиже өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін атап көрсетуге болады.
Мотивациялық деңгейде: дарындылықты дамытуда пәнге қатысты танымдық тапсырмаларды орындаудың қажеттілігін түсіну;
Мазмұндық деңгейде: олимпиадалық тапсырмалардың жауабын жүйелі зерттеп, іздеу жолдарын білу (ақпарат көздерін білу);
Іс - әрекеттік деңгейде: олимпиадалық тапсырмалар мазмұны бойынша білімдерін жаңа тапсырмалар жүйесінде қолдану .
Педагогикалық шарттары:
- оқушылардың дарындылықтарының деңгейін анықтау;
- оқушыларда оқу-зерттеу біліктіліктерін, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту;
- оқушылардың жеке даму бағдарламаларын құрастыру;
- оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу;
- жан-жақты ақпараттандыру;
- байқаулар ұйымдастыру.
Ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс. Биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсетуге, оның себеп–салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.
Қазіргі уақытта педагогикалық технология (ПТ) белгілі бір педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған мұғалімнің дәйекті, өзара байланысты іс-қимыл жүйесі ретінде түсіндіріледі. Бұл қажетті оқу нәтижесіне әкелетін осындай жұмысты ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерін құруды қамтиды. Айта кету керек, кез-келген педагогикалық технологияны жүзеге асыру барысында мұғалімнің тұлғасы толығымен көрінеді.
Олимпиада - бұл сыныптан тыс оқыту түрі. Педагог - тәлімгер үшін олимпиадаға дайындық эксперименттік жұмыстың құтты алаңы болып табылады. Барлық шығармашылық табулар, әдістемелік әзірлемелер педагогикалық тәжірибеге енгізіліп, айтарлықтай нәтиже бере алады.
Олимпиадаға дайындық кезінде көп көңіл бөліп, білім алушының өзіндік жұмысын көтермелеу керек. Өзіндік шығармашылық ізденіс олимпиадаға дайындықтың ең тиімді және маңызды түрі болып табылады. Сіз дәстүрлі емес мәселелерді шешудің әдістері мен тәсілдерін көрсететін элективтерді өткізе аласыз, сіз жас дарынмен жеке-жеке айналыса аласыз, бірақ егер оқушы қандай да бір сәтте жаңа білім іздегісі келмесе, қиын мәселелерді шешу үшін пәнге деген қызығушылығын жоғалтса, олимпиадаларға қатысу оған қанағат әкелуі екіталай және сәтсіз болады.
Оқушыларды олимпиадаларға сәтті дайындау үшін мыналар қажет: Біріншіден, мұғалімнің бұған деген ықыласы. Ішкі мотивация болмаса, кез келген жағдайда нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Екіншіден, ізденімпаз, білімді, жаратылыстану ғылымдарына құштар білім алушылардың болуы. Гуманитарлық білімге құштар оқушыларға биологияны тереңдетіп оқытудың табыстылығы туралы айту қиын.
Оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауда психологиялық тренинг басты және маңызды рөл атқарады. Жасыратыны жоқ, олимпиадаға қатысушы стрессті бастан кешіреді, ал олимпиаданың деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым стресс көп болады. Қатысушының нәтижесі ғана емес, оның психологиялық денсаулығы да дұрыс көңіл-күйге байланысты. Сондықтан мектеп психологтарына олимпиадаға қатысушылармен жұмыс істеуге тарту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |