ІІ ТАРАУ. БИОЛОГИЯДАН ОЛИМПИАДА ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 6, 7, 8 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми – зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.
Биологиялық олимпиаданың оқушыларға міндетті:
- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;
- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;
- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін;
- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;
- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді;
- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;
- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т.б.
Олимпиада екі турдан тұрады. 1 – тур жазбаша(теориялық), 2 – тур ауызша(практикалық).
Теориялық турдың тапсырмалары (1 тур)
1 тапсырма: Дұрыс бір жауапты белгілеңіз.(1 ұпай)
1. Тірі ағзаларға тән белгілер
а) көбею б) ешқандай белгілер жоқ с) зат алмасу д) тыныс алу
2. «Жануарлар» оқулығын жазған Қазақстандық ғалымды ата
а) Х.Досмұхамедов б) К.Линней с)А.Грачев д) Ж.Құдерин
3. «Қызыл кітап»....
а) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатында жасалынған
б) сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін қорғау мақсатында жасалынған
с) өсімдіктер түрлерін қорғау мақсатында жасалынған
д) ) сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғау мақсатында жасалынған
4. Қазақстанда қорықтар саны
а)4 б)5 с)7 д)9
5. Микроскоппен нені көруге болады
а) өте ұсақ заттарды б) ештеңіні с) жұлдыздарды
д) ауа райын
6. Өсімдік жасушасы қанша бөлімнен тұрады
а) 5 б) 7 с) 4 д)9
7. Хлоропластар қайда орналасады
а) ядрода б) пластидтерде с) вакуольде д) цитоплазмада
8. Ұлпа ол
а) Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы
б) Жай жасушалар тобы
с) Мүшелер жүйесі
д) Өсімдік бөлігі
9. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтап қорғайды
а) бөліп шығарушы ұлпа б) түзуші с) жабын д) негізгі
10. Кіндік тамыр, шашақ тамыр
а) тамыр жүйелері б) тамыр мүшесі с) тамыр бөлімі д) тамыр
11. Тамыр бөліміне кірмейтін бөлімі
а) бөліну б) сору с) тамыр оймақшасы д) өткізу
12. Минералды тыңайтқыштар
а) азот, фосфор, калий б) азот, фтор с) калий, қи д) шымтезек, фосфор
13.Микроскоппен жұмыс жасағанда не себептен оны орнынан қозғауға болмайды?
а) тұтқасы түсіп кетеді
б)окуляр көрсетпейді
с)микропрепарат бұзылады
д)жарықтың түсуі бұзылады
14. Пластидтер тек қандай жасушаларда кездеседі?
а)жануарлар жасушасында
б)өсімдік жасушасында
с)адам жасушасында
д)бунақденелілер жасушасында
15. Дала жануарларын белгіле
а)ақ аю
б)үкі
с)борсық
д)андатра
16. Өсімдіктер көбеюіне байланысты бөлінеді
а)дара жарнақта
б)қос жарнақты
с)қос жарнақты және дара жарнақты
д)тек қос жарнақты немесе жыныссыз
17. Өсімдіктер тыныс алғанда өздеріне сіңіреді
а)көмірқышқыл газын
б)оттекті
с)азот
д)сутекті
18. Қандай өсімдіктерде тұқым көп болады?
а)асбұршақта
б)бидайда
с)барлығында
д)күнбағыста
19.Тірі табиғаттың дүниеге жіктелуі
а) бірге
б)беске
с)төртке
д)екіге
20.Жасушалар құрылысын зерттейді
а)вирусология
б)бактериология
с)цитология
д)анатомия
2 тапсырма: Тамыр түрлерін атап жазыңыз және оларға сипаттама беріңіз (3 ұпай)
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
3 тапсырма: Микроскоп бөлімдерін атаңыз(3 ұпай)
_ ______________________________________________
______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
2 – тур ауызша(практикалық)
1 - тапсырма /5ұпайдан/
1.Жұлынның құрылысына сипаттама бер?
2.Есту мүшелерінің құрылысына сипаттама бер?
3.Хромосоманың түрлерін атаңыз:
1…………………………………………………….
2…………………………………………………….
3…………………………………………………......
2 – тапсырмалардың бес жауабынан үш дұрыс жауапты таңдап алыңдар:
Тірі жасушадағы липидтер мынадай қызмет атқара алады:
Құрылыстық
Энергетикалық
Катализдік
Транспорттық
Қозғалыстық
3 - тапсырма: Ашық түрдегі тапсырма (3 ұпай)
Жасушаның ашылу тарихында еңбек еткен ғалымдардың біріне сипаттама бер.
4 – тапсырма (10 ұпай)
1 – кестеде берілген жануарлардың кейбір класстарына сәйкес келетін белгілерді анықтандар.
Кесте 1.
Белгілері
|
Шаянтәрізділер
|
Көпаяқтылар
|
Бунақденелілер
|
Өрмекші-тәрізділер
|
Нефридилері болмайды
|
+
|
+
|
+
|
+
|
Көбінесе суда өмір сүреді
|
+
|
|
|
|
Екі жұп антеннасы бар
|
+
|
|
|
|
Құрсағы11 бөліктен тұрады
|
+
|
|
+
|
|
Нағыз ауыз аппарыты болмайды
|
|
|
|
+
|
5 - тапсырма (20 ұпай)
Төменде берілген 1 – суретте (1,2,3,4...) сандармен көрсетілген бөлімдердің аттарын төменде жазылған сөздермен байланыстыр.
Сурет 1. Иық белдеуі және қол сүйектері.
Бұғана, жауырын,тоқпан жілік, шынтақ сүйек, кәрі жілік, білезік сүйектері, алақан сүйектері,саусақ сүйектері.
5 - тапсырма:
Бүршіктің сипатына сәйкес келетін сөздерді тауып қойып шық.
Керекті сөздер:
1.тыныштық күйде;
2.үшқат, сары қараған;
3.бүршіктен;
4.қабыршақпен;
5. бастама сабақ;
6.төбе бүршік
Кесте 1.
Достарыңызбен бөлісу: |