Соңғы жылдары түрлі пәндік олимпиадалардың міндеттері артқан


– сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары



бет7/10
Дата01.06.2022
өлшемі352.71 Kb.
#458906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
курсов био ашонэ

2.2 9 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары

Бірінші тур тапсырмалары:


Бір дұрыс жауабы бар тест. Әр сұрақ – 2 балл
1. Барлық органикалық қосылыстар құрамына кіретін көміртек атомына байланысты дұрыс тұжырымды табыңыз.
А. Органикалық молекулалар құрамына өсімдіктермен енгізілді
Б. Қант құрамына фотосинтез нәтижесінде енгізілді
В. Органикалық қосылыстардағы көміртек көзі СО2 болып табылады
Г. А+В
Д. А+Б+В
2. Төмендегі екі жағдайды өз-ара әрекеттесуін ең жақсы сипаттайтын нұсқасын тандаңыз.
j. Қаныққан май қышқылдардағы цис-қос байланыстар саны
k. Қанықпаған май қышқылдардағы цис-қос байланыстар саны
А. j пункті k пунктінен көп
Б. j пункті j пунктінен аз
В. Екі пунктте орташа есеппен тең
Г. j және k пункттері өзара байланысы жоқ
3. Төменде көрсетілген сүретке сәйкес қай тұжырым дұрыс.
А. Бұл қаныққан май қышқылы
Б. Осы заттың жиі қолдануы артериосклероз ауруына себеп болу мүмкін
В. Молекулардың осы түрі бөлме температурасында сұйық болады
Г. А+Б
Д. А+Б+В
4. Өсімдік жасушасында плазмалық мембрана астындағы кеңістік көлемі жануар жасушасынан орташа есеппен көп. Осыны келесідей түсіндіруге болады …
А. Өсімдік жасушасында аудан мен көлемнің қатынасы жануар жасушасындағы осындай қатынастан артық.
Б. Өсімдік жасушасының плазматикалықмембранасы иілімдірек болады
В. Өсімдік жасушасында цитоплазма көлемін азайтатын үлкен вакуоль бар
Г. Жануар жасушасының пішіні шар тәріздес, ал өсімдіктікі сопақша болып келеді.
5. Бауыр улар мен дәрілерді уытсызданыру үрдісіне белсенді қатысады. Бауыр жасушаларында қандай жасушалық құрыламдарды көп мөлшерде кезіктіруге болады?
А. Бұдыр ЭТ
Б. Тегіс ЭТ
В. Гольджи аппараты
Г. Ядролық мембрана
Д. Тасымалдау везикулалары
6. Жануар жасушасында бетінде олигосахаридтер жоқ мембрана келесі қызметті орындауға қабілетсіз..
А. Иондарды электро-химиялықградиентке теріс бағытта тасымалдау
Б. Жасуша аралық тану
В. Мембрананың сұйық қалпын ұстау
Г. Цитоскелетке бекіну
7. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы берілген реакцияны дұрыс сипаттайды.
С6Н12О6+6О26СО2+6Н2О+Энергия
А. С6Н12О6 тотығады, О2 тотықсызданады
Б. О2 тотығады, Н2О тотықсызданады
В. СО2 тотықсызданады, О2 тотығады
Г. С6Н12О6 тотықсызданады, СО2 тотығады
8. Гликолиз кезінде АТФ келесі үрдіс нәтижесінде түзіледі..
А. Субстрат дәрежесінде фосфорлану
Б. Электрондардың тасымалдану Транспорта
В. Фотофосфорлану
Г. Хемоосмос
Д. НАДН-тің НАД+ –қа дейін тотығуы
9. Егерде құрамында оттектің ауыр изотобы (18О) болған СО2 бар ортада фотосинтездеуші балдырды өсірсек, келесі қосылыстардан бөлек құрамында 18О табылмайды..
А. 3-Фосфоглицерат
Б. Глицеральдегид- 3-фосфат
В. Глюкоза
Г. Рибулоза Бисфосфат
Д. О2
10. Сіз Калвин циклі кезінде 1 сағатта қолданылатын АТФ пен НАДФН мөлшерін өлшеп жатырсыз. Тәжирибе нәтижесінде 30000 АТФ молекуласы және тек 20000 НАДФН молекуласы қолданылды. Артық АТФ молекулалары қайдан пайда болды?
А. Фотожүйе II
Б. Фотожүйе I
В. Циклдік жолы
Г. Циклді емес жолы
Д. Хлорофилл

Екінші тур тапсырмалары:


1-тапсырма
Мыналардың қайсысы қабыршақтылар отрядына жататын жорғалаушылар. болып табылады?
_____________________________________________________________
гавиал, су жылан, геккон, сары бауыр кесіртке, қолтырауын.
2-тапсырма
Бауырсорғыш құртының даму циклын ретімен орналастыр.
1. _____________________
2. _____________________
3. _____________________
4. _____________________
5. _____________________
6. _____________________
аделоскарий, марита, редий, церкарий, жұмыртқа, мирацидий
3-тапсырма
Төмендегі өсімдіктердің көбею мүшелеріне қарай сәйкестендір.
колеус -------------түбірлік сабы беже ---------------мұртша жер алмұрты--------------жас өркен бүлдірген -------------сабақты өркен терек ------------------түйнек
Дұрыс жауабы:
4-тапсырма
Қай химиялық элемент жетіспеуінен немесе тым көп болуынан өсімдіктерде қандай өзгерістер өтеді?
өсімдіктердің дамуы тежеледі, жапырақтары сарғайып түседі ---- өсімдіктердің бойлап өсуі тежеледі, сабағы, жапырағы нашар дамиды ---- жеміс түзілуі тежеледі, салмағы аз болады ---- шеткі бүрлер және тамырдың зақымдануы мен өлуі --- жапырақ түссізденеді -----
азот, калий, фосфор, магний, кальций
5-тапсырма
Келесі отряд сипаттайтын тиісті жануармен сәйкестендір.
_____________________ аяғында 4/2саусағы бар, көшіп қону тән, азу тістерінде шайнау беті жақсы дамыған ___________ __________жақсы дамыған 3 саусағы, күрек тістері ит және азу тістеріне ұқсас ______________________жоғарғы және төменгі жұп күрек тістері бар, ішегі ұзынырақ келедіт _______________жоғарғы және төменгі жұп , кішірек күрек тістері бар, ішегі ұзын келеді ____________________айдары бар тұмсығы ұзартылған, алдыңғы миында иірім жоқ _____________________тістері қызметіне қарай аз жіктелген, көруі нашар дамыған, қанаттары тері жарғақтарынан тұрады, төс қыры бар
керік, құлан, шиқылдақ тышқан, ондартра, жұпар тышқан, құлақты жарқанат.
6-тапсырма
Терминдермен жұмыс:
Гентика
Биохимия
Цитология
Тарнскрипция
Репликация
Митоз
Гетеротрофтар
Ассимиляция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет