2.3 11 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары.
I бөлім. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады. Жинау қажет балдардың максималды саны– 35 (әр тест тапсырмасы үшін 1 балл).
1. Адамның демалуы қалай қамтамасыз етіледі:
а) өкпе көпіршіктерінде бұлшық ет талшықтары бар;
б) жамбас сүйектеріндегі арнайы бұлшық еттер диафрагманы төмен тартады;
в) ерекше бұлшық еттер қабырғаларды жоғары көтереді, фиафрагма көтеріледі, бұл көкірек қуысының үлкеюіне және демалуды жүзеге асыруға әкеледі;
г) іш прессінің бұлшық еттері іш қуысының мүшелерінің тартуына әкеледі.
2. Адам ағзасында лимфа қалай жасалады:
а) бүйректердің қайту жүйесі қаннан артық сұйықтықты бөледі, ол бүйрек тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне өтеді, сол жерден лимфа жүйелерінің түтікшелеріне бөлінеді;
б ) трубалы сүйектерде қосатын ткань бар, бұл ткань лимфалық сұйықтықты шығарады;
в) бауырдың жағалы жүйесі қанның фильтрациясы мен лимфаның жасалуын жүзеге асырады;
г) капиллярлардың қабырғалары арқылы қаннан қан плазмасының кейбір бөліктері шығады, тканьдік сұйықтық құрылады, әріқарай бұл сұйықтық лимфатикалық түтікшелерге жетіп, лимфаны құрады.
3. Симпатикалық нерв жүйесінің белсенуі кезінде байқалмайды:
а) қарашықтардың үлкеюі;
б) қан түтікшелерінің тарылуы;
в) ішек қабырғаларының жиырылуы күшейеді;
г) сілекей бөліну күшейеді.
4. Нерв жүйелерінің қозуы ... бірге болады:
а) Na+ иондарының клеткадан сыртқа шығуы;
б) Са2+ иондарының клеткадан сыртқа шығуы;
в) К+ иондарының клеткаға кіруі;
г) калий-натрий насосы жұмысының күшеюі.
5.Аштықта немесе қысқы ұйқы кезінде энергиялық субстраттардың қоры келесі кезекпен шығындалады:
а ) майлар– ақуыздар – көмірсулар;
б ) ақуыздар-майлар-көмірсулар –
в) көмірсулар-майлар – ақуыздар;
г) ақуыздар-көмірсулар – майлар.
6. Жержаңғақтың жемісі – бұл:
а ) қорапша; б) бұршақ;
в ) жаңғақ; г ) бұршаққын.
7. Жүректің жалпы босаңсу фазасында оның клапандары:
а ) жартылай ай - ашық, жабылмалы - жабық;
б ) жартылай ай - ашық, жабылмалы – ашық;
в ) жартылай ай - жабық, жабылмалы - ашық;
г ) жартылай ай - жабық, жабылмалы- жабық.
8. Тірі организмдердің мекендеу ортасы ретінде табиғатты өзгертуге әкелетін, олардың өміріне қауіп төндіретін адам қызметі факторларға жатады:
а) экологиялық; б) абиотикалық; в) биотикалық; г) антропогенді.
9. Жасушалық теорияға пайымдауы жатпайды:
а) жасушалардың көбеюі олардың бөліну жолы арқылы жасалады;
б) жасуша–барлық тірі организмдердің құрылуы және дамуының негізгі бірлігі;
в) туа біткен өзгергіштік хромомсомалар мен гендерді қамтиды; барлық біржасушалылар мен көпжасушалы организмдердің жасушылары құрылымы бойынша ұқсас.
10.Спиральдану, хромосомалардың қысқару және кеңеюі өтетін жасушалардың бөліну фазасы:
а) анафаза; б) профаза; в) метафаза; г) телофаза.
11. Аш ішектегі ортаның реакциясы қандай:
а) әлсіз қышқылды; б) нейтралды;
в) қышқылды; г) сілтілік.
12. Гомологиялық үлгілердің мүшелері болып табылмайды:
а) кактус тікенектері мен бұрыш мұртшалары;
б) бөріқарақат тікенектері мен долананың тікенектері;
в) шықшөптің жапырақтары мен түйінді пияздың қабықтары;
г) інжіргүлдің тамырлары мен картоп түйіндері.
13. Жасушалардың құрылымы, химиялық құрамы, қызметі қай ғылымның зерттеу пәні:
а) экология; б) эмбриология; в) палеонтология; г) цитология.
14. Екі сипаттың тәуелсіз мұралануы немен байланысты:
а) гендер гомологиялық емес хромосомалардың түрлі жұптарында болады,
б) гендер гомологиялық хромосомаларда болады,
в) гендер бір хромосомаларда болады,
г) берілген гендер аллельді емес болып табылады.
15. Гликоген органикалық қосылулардың келесі сыныбына жатады:
а) көмірсулар, б) липидтер,
в) ақуыздар, г) нуклеин қышқылдары.
16. Парниктік эфектінің себебі:
а) атмосферада көмірқышқыл газының азаюы,
б) атмосферада оттегінің газының азаюы,
в) атмосферада көмірқышқыл газының көбеюі,
г) атмосферада оттегінің көбеюі.
17. Ксилеманың өткізуші элементтері:
а) түтіктер және елек тәрізді трубкалар,
б) елек тәрізді трубкалар мен трахеидтер,
в) кеңірдек пен түтіктер,
г) елек тәрізді трубкалар және талшықтар.
ІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл. Жалпы балл-20 ұпай
1.Симбиотикалық қатынас мысалдарын көрсет:
1. Қайың мен ағашқұлақ арасындағы ,
2. Мүйізтұмсық пен теріжегіш құс,
3.Жабысқақ балықтар мен акулалар арасы,
4. Кірпілер мен жертесерлер арасы,
5. Тақуа шаян мен актиния арасы,6.сарышымшық пен тышқан арасы.
а/ 1,2,3; б/ 1,2,6; в/1,3,4; г/ 2,5,6; д/2,3,5
2. Экожүйеде агроценоз неге тұрақты емес
1. Онда қоректік тізбек жоқ, 2. онда қоректік тізбек қысқа, 3.онда редуценттер болмайды, 4.онда консументтер болмайды, 5.онда продуценттің бір түрі ғана бар, 6.онда түрлер саны аз.
а/ 1,3,5, б/ 1,4,6, в/ 1,2,4, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
3.Аш ішектегі асқорытылу кезеңдерін көрсет.
1.қуыстық асқорыту, 2.қабырғалық асқорыту, 3.ұйқы безінің белсенділігі, 4.ас ботқасының түзілуі, 5.судың көп бөлігінің сіңірілуі, 6.негізгі қоректік заттардың сіңірілуі
а/ 1,3,4, б/ 1,2,6, в/ 2,3,6, г/2,4,5, д/ 3,5,6
4.Асқорыту процесіндегі тұз қышқылының қызметін көрсет.
1.ауру тудырушы организмдері жояды, 2.өздігінен қорытылу кезінде қарын қабырғасын механикалық зақымданудан қорғайды , 3.қарын сөліндегі ферменттердің белсенділігін арттырады, 4.ұйқы безінен сөлді бөлуді және ішектің қозғалысын қамтамасыз етеді, 5.нәруыздың қорытылуын қамтамасық етеді, 6.онда көптеген барлық органикалық заттарды ыдырататын ферменттер бар.
а/ 1,2,4, б/ 1,3,5, в/ 1,4,5, г/ 2,3,6, д/ 2,5,6
5.Адам адамтәрізді маймылдан ажыратылады:
1.төрт бөлімді жүрек, 2.тік жүру, 3.күмбез тәрізді табан, 4.тырнақтың болуы, 5 S-тәрізді омыртқа, 6.сүт тістің тұрақты тіске ауысуы
а/ 1,4,6, б/ 3,4,6, в/ 2,3,5, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
6.Қосмекенділер класының отрядтарын анықта:
1.қабыршақтылар отряды, 2.құйрықтылар отряды, 3.Жыртқыштар отряды, 4.құйрықсыздар отряды, 5.тасбақалар отряды, 6.аяқсыздар отряды.
а/ 1,3,5, б/1,2,6, в/1,3,4, г/2,3,5, д/2,4,6
7.Мүктәрізділер бөліміне жататын өсімдіктерді көрсет
1.көкек зығыры, 2.аталық усасыр, 3.плауын, 4.сфагнум, 5.шолпаншаш, 6.маршанция
а/ 1,3,5, б/1,5,6, в/1,4,6, г/2,3,4, д/3,4,6
8.Берілген мысалдардан араморфозға жататындары қайсысы:
1.ашықтұқымды өсімдіктердің тұқыммен дамуы, 2.орамжапырақты домбықтаудан кейін жанама тамырларының санының артып дамуы, 3.құтырған қиярдың жемісінің шырынды жұмсағының түзілуі, 4.хош иісті темекінің иісті заттарды шығаруы, 5.гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы, 6.өсімдіктерде механикалық ұлпалардың түзілуі.
а/ 1,3,4, б/ 1,5,6, в/ 2,3,4, г/ 2,4,5, д/ 3,5,6
9.Тұқымқуалау өзгергіштігі түрлерін анықта:
1.мутациялық, 2.модификациялық, 3.үйлесімді, 4.цитоплазмалық, 5.топтық, 6.айқын
а/1,2,4, б/ 1,3,4, в/1,4,5, г/2,3,5, д/2,5,6
10.Эволюцияның палеонтологиялық дәлелдемелеріне жатады:
1. адамдағы үшінші қабақтың қалдығы, 2. тас көмір бетіндегі өсімдік таңбалары, 3. қырықжапырақтардың тасқа айналған қалдықтары, 4. туылған адамдардың денесіндегі қалың түктер жамылғысы, 5.адам қаңқасындағы құйымшақ, 6.жылқының филогенетикалық қатары
а/ 1,4,6, б/1,3,4, в/2,4,5, г/ 2,3,6, д/ 3,5,6,
Достарыңызбен бөлісу: |