«Солоновка орта мектебі»кмм-нің бастауыш сынып мұғалімі. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамасы мен әдістері


Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар



бет14/24
Дата15.12.2022
өлшемі436 Kb.
#467323
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамасы мен әдістері

Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар:

  1. «Болжам», «ой», «концепцияға» анықтама бер?

  2. Божам дегеніміз не?



Қолданыған әдебиеттер тізімі:

  1. Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономис тердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. – Астана, 2007.

  2. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. - Самара, 1994.

  3. Николаев И.Г. Педагогические условия моделирования воспитательных систем. – Краснодар, 2000.

  4. Рузавин Г.И. Методология научного исследования: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 1999.

  5. Ядов В.Я. Социоллогическое исследование: Методология. Прогамма. Методы. – М.: Наука, 1972.

  6. Валеев Г.Х. Гипотеза педагогического исследования// Педагогика. 1999.

10‑Дәріс. Педагогикалық зерттеудің өлшемдерінің сапалығы.


Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің өлшемдерінің сапалығын қарастыру.


Жоспар:

  1. Өлшем, диагностика, параметрға анықтама беру.

  2. Педагогикалық зеттеудің сапалығы.

Кез келген ғылыми - зерттеудің нәтижелі аяқталуы проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білумен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеулерде көбінесе тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Ғылыми - зерттеудегі қойылған проблеманың нәтижелі шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді.


Ғылыми-зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе екені белгілі. Ғылыми-зерттеу проблемасының табиғаты өте күрделі, сондықтан зерттелетін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа білім өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымдық процесті дамытып, жаңа ғылыми нәтиженің пайда болуына әкеледі. Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді.
Ғылыми білімнің даму барысында қайшылықты тенденция пайда болады:

      • біріншіден – ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, бұрынғы теорияның фундаментальды, яғни іргелі негіздерін сақтап қалу керек;

      • екіншіден, педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары – оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт.

Зерттеу проблемасын таңдауда басты төрт мәселені ескеру керек:

        • оқу-тәрбие жұмысына қажеттiлiгi;

        • адам тәрбиелеудегi қоғамның перспективалық талабы;

        • педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуы;

        • зерттелмеген тың мәселелердi ескеру.

Педагогика ғылым саласының жеке зерттеулеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары келешекпен сабақтастық заңдылықтарын сақтауы тиiс. Сонымен, проблеманы нақты анықтай білу - зерттеу логикасын iске асырады. Зерттелетiн проблема нәтижелi болу үшiн педагогикада және оған ықпал ететін басқа ғылым салаларында зерттеу нысанасына алынатын мәселелер, зерттелген болуы тиiс.
Егер зерттелетін проблема дұрыс белгіленсе, онда зерттеудің жетекшi идеясының басты бағыты белгiлі болады. Проблеманың шешім табуы, оның идеясының нақты белгіленуімен және зерттелуiмен анықталады. Жетекшi идея – зерттеу жұмысының ең басты мәселесi болып саналады.
Кейде жетекшi идея тек бiр қырынан ғана зерттелiп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерiлмей қалады. Осыған орай, жетекшi идеяны қойылған мақсатқа байланысты жан - жақты талдау қажет.
Жетекшi идея мен зерттеудiң жалпы бағыты – зерттеудiң басты координатын, оның «өзгешелігін» сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететiндер - iргелi ғылыми-зерттеулер мен маңызды идеялар екені белгілі. Идеяларды ғылымның алтын қоры деуге болады.
Ғылыми-зерттеу проблемасын анықтауда ізденуші практика мен өмiрдiң қажеттiлiгiн ескеріп, бұрынғы зерттеушiлердiң ғылыми-зерттеулерiн талдап, өзінің нақты зерттеу мақсатын белгілеу керек. Зерттеу проблемасының құндылығын міндетті түрде практика анықтайды.
Қазiргi кезеңде педагогикалық проблемалардағы болжамның рөлiн нақты анықтаудың маңызы ерекше.
Педагогикалық ғылыми-зерттеудің нәтижесінде ақиқатқа жету үшін, болатын нәрсенi ойда түйiндеп, оны iске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері алдын ала болжанады. Болжау - ғылыми зерттеудiң тiрек көзi саналады. Болжам құра бiлу өте күрделi мәселе. Болжам жетекшi идеямен бiрге туындап, проблеманың мәнiн түсiну барысында дамиды. Болжамның екі түрі болады:
- біріншісі, жұмыс болжамы, уақытша бар фактiнi жүйеге келтiру үшiн қолданылады;
- екіншісі, ғылыми немесе шынайы болжам - ауқымды материал жинақталғаннан кейiн, оны қисынмен қорытып, оған кейбiр түзетулер енгізіп, оны ғылыми теорияға айналдырыуға көмектеседі.
Жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелiк салыстырмалы түрде ғана болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет