Спорт психологиясы



бет10/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

ЧЕМПИОН СИНДРОМЫ

Жоғарғы жетістіктер спортында «чемпион синдромы» жиі кездеседі. Өзі таңдап алған спортта жоғары көтерілген сайын спортшы чемпион – ең жақсы, бірінші, бетке ұстары болғысы келеді. Кейде ол «жұлдыздар ауруына» шалдығады, оның симптомдары – өзіне-өзі тым сенімділік, менмендік, тәртіпті және жаттығу жүйесіне бағынуға қатысты мотивацияның төмендеуі, жеңіске әкелген бапкерге қатынасын өзгерту (жаттықтырушы тапсырмалар жалықтыратын, қызық емес, бірдей болып қабылданады), жарыстарда «старт алдында салғырттық» күйі пайда болады /2/.



Европа чемпионы боксер Т. әлем чемпионатына қатысуға дайындалған кезде өзінің спорт құрамының біріншілігіне қатысып жеребе бойынша шебер кандидатымен күреске шықты. Үміттенушінің бапкері, жағдайды түсініп, оған бірінші раундты белсенді өткізіп, ал содан кейін қорғаныста жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар берді. Ал Т. болса өзінің бапкерін «естіген жоқ», жарысты салғырт бастап, басты соққы беруге дайындалды. Бірақ күтпеген жерде жас боксшыдан күшті соққыны жіберіп алды, төреші шот ашты, ал дәрігер қабағынының айырылып кетуіне байланысты жарыстан босатты /2/.



Психологиялық тұрғыдан қарасақ, бұл жерде мақсатқа ұмтылу мотивтері мен бұрынғы тәртіпте жұмыс жүргізгісі келмегені арасындағы қайшылық ретінде ішкі тұлғалық конфликт байқалады.
Кейде басқа да синдром орын табады - психосоматикалық олқылық, іс-әрекетте психикалық және физикалық шиеленістің шыңында қимыл-қозғалыс аппаратын басқаруының бұзылуы. Ол «әлі чемпион емес», бірақ өзін «мен чемпионмын» деп сезінуден пайда болады.

Күресші Р. Олимпиадалық турнирде шот бойынша бастап келе жатқан, белдесудің соңына 1 минут қалғанда, «үйге телеграмманы – сенің чемпионың» деп жіберемін деп ойлапты. Одан кейін не болғанын былай жазады:... кенеттен бұлшық еттерімде бір суықтық пайда болды, еш нәрсе істей алмадым, қатып қалдым, баяу түсіне бастадым. Ал ол, сезгендей, көтеріліп мені талқандады... жылағым келеді. Сондай ақымақ болып жеңілдім... /2/.



В.Ф. Сопов «чемпион синдромының» мәселелері тез арада шешілмейді деп есептейді. Адам чемпион болу фактісіне, жаттығуларға, бапкердің беретін тапсырмаларына қатынасын өзгертуі қажет. Өте жақсы спортшыға төмен бағалануын көтеру өте қиын. Ол үшін батылдық болу керек және өзін салғырт ұстағанын мойындауы керек. Чемпионның барабар мотивациясын қайта қалыптастыруда "маңызды басқалардың" рөлі өте зор.

2.2 . Спортта өзара түсіністік және өзара әрекеттестік


Спортшылармен жұмыс жүргізгенде, бапкер спорт ұжымында өзара түсіністік тәжірибелік мәселесіне жолығады. Көп жағдайда ол психологиялық «атмосфера» туралы айтады, кейде жылы, кейде суық болуы мүмкін және бұл спортшыны кейде бақытты немесе бақытсыз сезімдеріне бөлентеді. Психология ғылымдарының докторы, профессор Р.М. Загайнов былай деп жазған: «...егер біз қамқор болып жүрген әрбір адамға қанша пайыз махаббат, көңіл, қамқорлық, мейірімділік, керісінше қанша пайыз талапкерлік, сыншылдық, бақылау, қатандық, тіпті авторитарлық көрсету керек екендігін білсек, қаншалықты жеңіл болар еді. Өйткені баяғыдан баршамызға белгілі: 100% махаббаттан және табынушылықтан құралған психологиялық атмосфера спортшыны жеңілістерге әкеледі, одан нашары – тұлғасының «ауытқуына» (А.Кемпински ұсынған термин) әкеледі, осы тұлғаның барлық қалған өміріне өшпейтін із қалдырады» /3/.


Психологиялық атмосфера туралы Р.М. Загайнов айтады: «одан спортшы тұлғасы да, жаны да қуат алады. «Онымен» олар дем алады, ол адамды бақытқа және қайғысыздыққа жеткізетін «оттегі» болады. Және керісінше – «оттек» пайызы аз болса – адам басқа болады: қам жеген, күйгелек, кейде бақытсыз... шартты түрде айтқанда психологиялық атмосфера әр адамның қосқан үлестерінің соммасынан құралады, әр адам өзінің жеке үлестерін әкеледі: тұлғалық ерекшеліктерін, мінезін, рухани, интеллектуалды ерекшеліктерін, білім деңгейін және әр сәтте адамның басқалардан айырмашылығын: көңіл-күйін, өзін бағалауын, топтың басқа мүшелеріне қатынасын (спорттағы команда)» /3, 11 б./.
Психологиялық атмосфераның негізгі көрсеткіштері қандай? Профессор Р.М. Загайновтың тек қана өзінің байқаулары негізінде емес, тәжірибелі бапкерлердің тәжірибесін жалпылау негізінде қалыптасқан концепциясын жан-жақты қарастырайық. Психологиялық атмосфера адамдар арасында қатынастар соммасы ретінде қалыптасады. Егер бұл қатынастар жағымды болса (махаббат, достық, симпатия, сыйластық, дұрыс бәсекелестік), онда бұл топтағы атмосфера бастапқыдан жағымды болады, үлгілі жанұяда сияқты. Және керісінше, егер адамдар арасында жағымсыз қатынастар болса (өзара жауластық, бір біріне сенбеушілік, күдіктенушілік, қызғаныш, бұрыс бәсекелестік), онда топтағы атмосфера да жағымсыз болады, басқаша болуы мүмкін емес.
Өмірде басым жағдайларда аралас немесе үйлескен атмосфера кездеседі. Онда нақты бір топта жағымды және жағымсыз өзара қатынастар кездеседі, сонымен қатар психологиялық атмосфера өзгермелі болып келеді, оған спорт әрекетінің нәтижелері – жеңістер мен ұтылыстар, турнирлік кестедегі команданың алатын орны да әсер етеді.
Психологиялық атмосфераның 5 негізгі көрсеткіштері бар:

  1. Ұжым имиджін құрайтын визуалды ақпарат: құрал-саймандардың сапасы, ғимараттарды көркейту ерекшеліктері, жиһаз, тамақтану сапасы (спорттық-жаттығу базасында), тазалық, әр адамның сырт келбеті, қонақтарды қабылдауы.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет