Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет206/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы – 2012ж 
2.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде – Алматы,2002ж 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: ЖОСПАРЛАУ МЕН САРАЛАУ 
ТАПСЫРМАЛАРЫ 
Имашева Зада Кадыркановна 
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мҧғалімі 
«Кӛктерек орта мектебі» КММ 
Катонқарағай ауданы ШҚО 
Қазіргі таңда жаңа мазмұндағы білім беру жүйесінің ең басты міндеті- ғылым 
мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жас ұрпақтың білім деңгейін әлемдік 
дәрежеге жеткізу.Сабақ-мұғалімнің жұмыс процесінің кӛзге кӛрінетін негізгі 
бір бӛлігі.Мұғалімнің әрбір сабағы біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге 
асыруға бағытталады.Яғни, оқыту процесі мазмұнды, қызықты және қолжетімді 
болуы шарт.Сабақ жоспарын жоспарлау-табысты сабақты құрылымдаудағы 
жауапты кезең. Сабақтың тиімді және нәтижелі болуын арттыру, оның
табыстылығын қамтамасыз ету- әрбір ұстаздың біліктілігі мен кәсіби 
шеберлігіне негізделеді .Осы бағытта зерттеушілер нәтижелі сабақты 
ұйымдастыруда кездесетін проблемаларды анықтаған: 
-сабақта уақытты тиімді қолданбау; 


-әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы; 
-АКТ-ны тиімді қолданбау; 
-ресурстардың жеткіліксіздігі; 
-оқушылардың жеке тұлғалық ерекшелігін ескермеу; 
-субьектінің танымдық әрекетке тартылуын қамтымау; 
-шектен тыс тапсырмалармен жалықтыру; 
Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі-сабақты белсенді әдістер 
қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады. Бүгінгі мектеп ӛміріндегі 
ӛзекті мәселенің бірі-саралап оқытуды ұйымдастыру.Саралап оқыту принципін 
жүзеге асыру кезде теориялық мәліметтер қажеттілігі байқалды. Профессор 
Говард Гарднер ойлауды лингвистикалық, музыкалық, логика-математикалық, 
кеңістік, дене-кинестетикалық, тұлғаралық, тұлғаішілік, табиғат зерттеуші деп 
сегізге жіктеген.Бұл оқушыларды қабілеттеріне қарай бӛлу үшін ӛте маңызды., 
яғни тұлғаның есте сақтау қабілет ерекшелігі, тапсырмаларды орындауы мен 
түсінуі әртүрлі деңгейде. Г.Гарднердің зерттеуінше, егер мұғалім оқыту мен 
бағалаудың түрлі әдістерін қолданса, оқушылардың білім сапасы жақсарады. 
Бұл кӛп оқушыны қамтып, олардың мазмұнды игеруін жақсартуға мүмкіндік 
береді. Саралау-білім беру мазмұнын табысты игеруге, жеке тұлғаның қабілетін 
дамытуға қолайлы білім беру ортасын құру. Ал саралап оқыту әрекеті-білім 
алуға бағытталған әрекет. Яғни, оқу бағдарламасындағы белгілі бір 
тақырыпты ӛтуде барлық оқушыларға әртүрлі оқыту әдістерін қолданып 
оқыту, оладың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру әдістерінің бірі. Ол ӛз 
бетінше, әр мұғалімнің бағыттауымен жүзеге асады. Яғни, мұғалім ақпарат 
беруші және ұйымдастырушы, бағыттаушы қызметін ғана атқарады.Ұстаздар 
оқушыларға сапалы білім беруде барынша нәтижелі жетістіктерге жетуге 
қолайлы жағдай жасайды.Оқушылардың жеке және тұлғалық ерекшеліктерін, 
білімін, танымдық мүмкіндіктерін ескеру-ойлауды, талқылауды, жоспарлауды 
талап етеді. 
Сондықтан әр сабақта саралау тапсырмаларды оқушы үшін ескере отырып 
ұйымдастыру қажет.(Топ құрамында әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірігіп 
жұмыс жасайды және белсенді жұмыс атқаратын оқушылар басқаларға кӛмек 
кӛрсетеді). Сабақ барысында саралау тәсілдерін дұрыс таңдау арқылы 
(«Айнымалы бекет», «ПОПС формуласы», «Кестені толтыру», Венн 
диаграммасы, РАФТ т.б) оқушының ойлау ,зерделеу, есте сақтау қабілеттерін, 
ынта-зейінін, жалпы білім деңгейін анықтай аламыз.Саралап оқыту дегеніміз 
не? Саралап оқыту технологиясының мақсаты неде? Саралап оқыту – бір 
материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту әдістерін қолданып оқыту. 
Саралап оқыту технологиясының мақсаты: 
–субьект ӛзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруді қамтамасыз етеді; 
-әр оқушыға ӛз мүмкіндіктерін пайдалана отырып , білім алуына жағдай 
жасауға мүмкіндік береді; 
- оқушының ӛзіне деген сенімділігін қалыптастырады; 
-әртүрлі деңгейдегі оқушыларға саралау тапсырмаларымен жұмыс істеуге 
мүмкіндік туғызады; 
-деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы тұлғаның шығармашылық 
деңгейге кӛтерілуін анықтайды; 


Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында оқуды меңгерудің үш деңгейі 
қарастырылады: 
А) ең тӛменгі деңгей (базалық), В) бағдарламалық, С) күрделенген деңгей. 
Қазіргі дамыған заман ағымында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден ӛздігінен 
білімді игеру қабілетін талап етеді.Сондықтан жаңаша кезеңдерден ӛтуіне 
қарай ӛз-ӛзіне сенімді жеке тұлға ең нәтижелі болады.Саралап оқыту 
технологиясы тиімді және нәтижелі болу үшін субьектінің жеке 
ерекшеліктеріне, технологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді 
меңгеру деңгейіне кӛңіл бӛліп отыру қажет. Саралап оқыту тәжірибесі 
кӛрсеткендей, бастапқы кезеңде мұғалімдер жасырын саралау, кейін айқын 
саралау жүргізеді.Оның барысында оқушылар оқу үдерісіне саналы әрі 
белсенді түрде қатысады.
Мұғалімдер сабақ процесінде оқушыларды жоғары деңгейлі тапсырмаларды 
таңдауға ынталандырады.Бұл үдерісте әр оқушы оқу материалының 
күрделілігіне қарай ӛзінің жеке ерекшеліктеріне байланысты шешім қабылдап, 
саралау тапсырмаларын орындайды.Алайда бұл барлығына міндетті деңгейден 
тӛмен болмауы тиіс. Нәтижесінде оқыту үрдісінде саралау стратегияларының 
тиімділігі:: 
-оқушының сабаққа қызығушылығы артады; 
-уақытты тиімді пайдалануға ұмтылыс болады; 
-ӛзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыра алады; 
-нәтижелері бойынша ӛзара және ӛзін-ӛзі бағалауды жүзеге асырады; 
-ресурстарды саралау; 
-диалог/сұрақтар қолдану; 
- түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар оқушыларға қолдау кӛрсетіледі; 
-оқушылардың жұмыстары әділ бағаланады; 
-дарынды оқушыларды анықтап, олармен жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің 
орнауы; 
-оқушы мен мұғалімнің шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы; 
-заттық-кеңістік ортаны ұйымдастыру; 
-білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі; 
Қорыта келгенде, саралау тапсырмаларының түрлерін тиімді қолдану әр 
тұлғаның жеке қажеттілігін жетілдіру мен қолдау кӛрсетуге, оқыту процесін 
меңгеруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат-міндеттеріне жетуге және
ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.Мұғалімдерге сабақты 
жоспарлауда дағдыларды дамытуға негізделген саралау тапсырмаларын 
анықтау, саралау түрлерін алдын-ала жоспарлау мен қолдауды қажет ететін 
оқушыларға бағыттау үшін әдістерді қолдану қиындық тудырады.Сондықтан 
мұғалімдер ӛзінің сабақ беру емес, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, 
оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Жоғарыда кӛрсетілген саралау 
түрлері осы кездескен қиындықтарды шешуге кӛмек бола алады. Қалыптасқан 
тиімді дағдылар оқушылардың кез келген жағдаятта қалай бейімдеу керек 
екенін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген шешімі күрделі 
тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет