Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет207/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 


1. 
А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988. 
2. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б 
3. 
С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества 
образования // «Государство и образование», 2002. 88-б 
4. 
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті 
арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДАРАЛАП – САРАЛАП ОҚЫТУ 
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӚТЕРУ 
 
Смайлова Жалын Турдалиевна
№87 ЖОББМ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі
Шымкент қаласы 
Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім 
беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі 
педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде 
енгізілуде. Осыған орай, ӛз тәжірибемде жиі қолданып жүрген 
технологияларының бірі – саралап – даралап оқыту технологиясы. Бұл 
технология бойынша оқушылардың білімді ӛздігінен саналы түрде меңгеруіне 
ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық 
әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, 
белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. 
Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы 
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік 
тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың 
ынтасын, белсенділігін арттыру. 
Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда 
саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері 
мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға 
септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай 
туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады. 
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне 
қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан 
сараланған түрде даралап оқыту, сӛйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, ӛзіндік 
ой- пікірін дамыту. 
Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол ӛз бетінше әрі 
мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған 
саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. 
Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті 
Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. 
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға 
қарай ӛрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып 
табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың ӛзегі деп түсіну керек. Саралай 


оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті 
арқасында репродуктивті емес ӛнімді нәтижеге жетеді. 
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен 
олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы 
білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру 
денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне 
диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау 
ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері 
сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа 
тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға 
берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, 
қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері 
тӛмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. 
Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу 
– тәрбие жұмысында мұғалім ӛзіне лайық әдіс енгізеді. 
Ӛзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер кӛзделеді:
1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бӛлу. 
2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды 
оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау. 
3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру. 
4. Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру.
Оқушыларды топтарға бӛлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген 
қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім 
ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша 
оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе тӛмен деп 4 топқа бӛлуге 
болады. 
Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан 
сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол 
тақырыпты егеру кӛзделсе, ӛте пайдалы.
Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі. 
Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп 
оқу, жаңа сӛздерді сӛздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.
Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі білімін 
толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа 
тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін 
меңгергені ескеріледі. 
Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде 
меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету 
үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, 
жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді. 
Тӛртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - ӛз бетімен оқу материалдарын 
менгеру. Құбылысты ӛз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық 
тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. 
Деңгейлік тапсырмалардың ӛзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы ӛз 
қызметін ең тӛменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, 
оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі 


деңгейге кӛшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын 
туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына 
кепілдік береді. Әр оқушының ӛз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары 
жағдай жасайды. 
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық 
қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға ӛз білімін жаңа әдіспен бағалауға 
мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода 
кӛрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің ӛз бағалауы бар. Олардың барлығы 
оқушылардың кӛз алдына тұрады. Мұның ӛзі білім берудегі демократия 
критерийлері болады. 
Даралап – саралап оқытудың маңыздылығы: 
1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі. 
2.Бос отырған оқушы болмайды. 
3.Әркім ӛзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады. 
4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге
қызығушылығы пайда болады. 
5.Ізденіс дағдысы қалыптасады. 
Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже: 
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу. 
2. Әр оқушы ӛз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай 
оны дамытады. 
3. Ӛз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, 
шығармашыл тұлға тәрбиелеу. 
Ерекшелігі: 
1. Таланттылар ӛздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, 
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады. 
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді. 
Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді 
шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға ӛз білімін жаңа 
әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі 
жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім ӛз 
жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да ӛзінің оқу 
жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер 
алып, ӛз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен 
ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы ӛз 
қызметін ең тӛменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге 
кӛшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында ӛзара жарысу жәнеоқушының ӛз 
қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге кӛтерілуіне жағдай туғызады. 
Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ 
тілі сабағында пайдаланған ӛте тиімді.
Мен ӛз іс–тәжірибемде оқушылардың ӛздік білімділігін қалыптастыру үшін 
«Ұжымдық оқыту технологиясын» да қолдануды жӛн кӛрдім. 


Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, 
ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Ӛзін –ӛзі 
басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады. 
Оған мынадай басты талаптар қойылады: 
 әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату; 
 ӛзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен 
қарау; 
 ӛзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту; 
 серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп кӛмектесу; 
 әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім 
болады; 
 әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп 
жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді; 
Әдістеменің ерекшелігі: 
 жекелеу оқыту; 
 қасындағы оқушымен жұптасып оқыту; 
 топпен оқыту; 
 ұжымдық оқыту. 
Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар 
шығармашылық ізденіс үстінде ӛздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда 
оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар 
қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі 
дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ӛйткені ол білім 
сапасының дамуын қамтамасыз етеді. 
Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының 
қабілет деңгейлерін дамытуда ―Сын тұрғысынан ойлау‖, ―Модульдік оқыту ‖
технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау 
– сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып 
оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге 
деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін 
қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана 
бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, ӛз ойын 
дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы 
ӛзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа 
тынымсыз іздене отырып, әр оқушы ӛз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай 
білуге мүмкіндігі бар.
Оқу процесін жеделдету міндетіне байланысты, орыс мектептерінде қазақ 
тілін үйретуінде әр түрлі әдіс тәсілдерді, методикалық құралдарды қолдану 
қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Мен бастауыш сыныптарында ӛзім жасаған
«Дыбысты бағдаршам » деген құралды жиі қолданам. Алғашқы кезеңдерінде 
уақыттың тығыздығына байланысты тақырыпты қайталауға, бекітуге үлгере 
алмайтын жағдайлар болды. Енді «Дыбысты бағдаршамды » қолданғаннан бері 
уақытымды үнемдеп, бірнеше секундта сыныптағы барлық оқушының жалпы 
білім әсерін кӛремін. Жалпы сыныптың айқын білім деңгейі анықталады. 
Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды кӛз аясында ұстап, әр баланың 


ӛткен материалды қалай меңгергенін біледі. Бұл құралды оқушылар мұғалімнің 
басшылығымен ӛздері жасай алады. 
Екінші ―Бақылау сұрау‖ деген құралды үлкен тақырыпты қайталау және 
бекіту кезеңдерінде, әрбір тоқсан соңында, немесе жыл аяғында оқушылардың 
қорытынды білімін тексергенде қолдану ӛте тиімді.
Мұндай бақылау құрал ұжымдық және топтық әрекетті пайдалана отырып 
жүргізгенде нәтиже береді. Тәрбиелік мағынасы ӛте зор - әр оқушы ӛз тобы 
үшін жауапкершілігін арттырады, ӛз үшін ғана емес, ӛз тобы үшін ынтасын 
кӛтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет