Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет90/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   222
Жинак республ docx

Мысал 1: 
Мақсат: Ағашпен үйді жылыту. 
Міндет: 
1. Ағашты кесу. 
2. Үйге әкелу. 
3. Отты тұтату, жағу. 
Нәтиже: Үй жылынды. 
Мысал 2: 


Мақсат: «Информатикадан білімін жақсарту»
Қандай міндет қояр едіңіз? Күтілетін нәтиже қандай болмақ? 
Мақсаттың талдауы: 
Нақтылы емес. Ӛлшеу қиын,мерзімі кӛрсетілмеген. Ол 40минутта орындала 
ма? 
Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша 
сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ. 
Дәстүрлі сабақ беру әдістемесі бойынша біз үш мақсатты белгілеп жүрдік. 
Ол үш мақсаттың орындалғаны маңызды емес, кӛп болып жазылып тұрса, кӛп 
жұмыс жасайтын сияқты түсінікке шырмалып қалғанбыз. Мысалы, қазақ 
тілінен тақырыпқа қатысты жаттығуларды қарап шығамыз да, еңбек туралы 
мақал болса, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу деп мақсат жаза саламыз. Ал 
ойсыз жазылған мақсаттан нәтиже шықпасы белгілі. Бұрынғы сабақ беру 
жүйесіндегі сабақтың мақсаты мен SMART мақсат бойынша құрылған сабақты 
салыстырып қарайық. 
Оқыту мақсаттары - мҧғалімдер оқушыларға ҥйреткісі келетін мәселелер:
• 
Сіз оқушылардың нені білгенін қалайсыз?
• 
Олар қандай түйінді идеяларды түсінгенін қалайсыз?
• 
Ӛзіңіз ойлаған қандай сұрақтарды оқушылардың оқығанын қалайсыз?
Оқыту нәтижелері Сіздің табысқа жеткен-жетпегеніңізді кӛрсетеді :
• 
олар оқушыларға бағытталуы керек; 
• 
кӛп жағдайда дағдыларды сипаттайтын нақ осы шақтағы етістік түрінде 
келеді;
• 
оқушының жетістігі тұрғысынан жазылған.
Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын 
жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын 
азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Джон Кеннедидің 
«Ұлттың дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді» деген ұлы сӛзі 
бар. Демек, мақсатты дұрыс қою арқылы біз сол сабақтағы жұмыстың 
нәтижесін болжаймыз. Сабақты ӛткізген соң мақсатымызға қайта оралып
оқыту тиімділігін анықтай аламыз. SMART мақсатқа сай құрылған сабақ 
табысты оқытудың кепілі болмақ. Мұғалім жұмысында әдістемелік тақырыпты 
таңдап алып, сол бағытта жұмыстанамыз. Кейде сол тақырыптың атын ұмытып 
қалып, мұғалімдердің "Білмеймін, бірлестік жетекшісі біледі" дегенін де естіп 
жүрміз. Ол неліктен? Себебі тақырып та, мақсат та дұрыс таңдалынбаған. Ал 
мұғалімнің қызығушылығын оятпаған тақырып оқушыға қажет пе? Бұл 
ойланатын жағдай. Сондықтан әрбір жұмысты бастаған кезде "Мен нені нақты 
жүзеге асыра аламын, менің қолымнан не келеді?" деген сұраққа жауап беріп, 
кіріскеніміз дұрыс. Мақсатымыз аз болған сайын нәтиженің нақты және сапалы 
болатынына менің кӛзім жетті. 
Мақсат жұмыстың нәтижесін анықтайды. Мысалы оқушы сабақ сұраған кезде 
мұғалімнің ӛткен сабақта айтқанын оқушы қайталаса, ол кӛшірме болып 
саналады. Ал Дербес компьютердің даму тарихы тақырыбын ӛткеннен кейін, 
оқушы "Адамзаттың ойлап таппайтыны жоқ" десе, ол бағалап отыр. Оқушы 
мұғалім берген білімді тек тұтынушы емес, ӛндіруші болса ғана, біздің 
мақсатымыздың орындалғаны. Оқыту нәтижесіне бізді SMART мақсатқа сай 


құрылған сабақтар жеткізеді деп ойлауға негіз бар. Әр жұмысты аяқтаған соң, 
қойған мақсатымызға қайта оралып, нәтижені сараптаймыз. Ғалымдар 
рефлексияны сананың «ӛткенге жүгінуі» деп сипаттайды. Ал ӛткенге жүгіну 
арқылы біз жаңа мақсат қойып, жаңа іске кірісеміз. 
Ұлы Абай: "Мақсатым тіл ұстартып, ӛнер шашпақ!" деген еді. Бар ӛмірлік 
мақсатын тӛрт ауыз сӛзбен түйіндеген ақынның берер жемісі азайып кеткен 
жоқ. Қаншама ғасыр ӛтсе де, сарқылмайтын кенге, таусылмайтын рухани 
азыққа айналды. 
Мақсатты дұрыс қою- адам ӛміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, 
уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде 
қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі 
оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. 
Сондықтан мақсатқа деген талап ӛте күшті болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет