9 тақырып. ВИРУСТАРДЫ ТИТРЛЕУ
Сабақтың мақсаты: вирустарды титрлеу әдісімен танысу; вирустарды
титрлеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдісін зерделеу және оның вирустың
инфекциялық дозасын анықтау жағдайындағы міндеттерді шешуде қолдана
білу.
Материалдық қамтамасыз ету: вирустың инфекциялық титрін анықтауға
арналған тапсырмалар; вирус жұқтырылған тауық эмбриондарының аллантоис
сұйықтығы; тауық эритроциттерінің 1%-ды суспензиясы;
физиологиялық
ерітінді; шыны түтіктер; зертханалық ыдыстар; бір каналды механикалық
дозаторлар;
дозаторларға
арналған
ұштамалар
(200,0-1000,0);
дезинфекциялағыш ерітіндісі бар ыдыс.
Зерттеуге алынған материалдардың құрамынан вирустардың сандық
көлемін бағалау жұмыстары титрлеу әдісімен жүзеге асырылады. Бұл әдіс
бейтараптау
реакциясын қояр алдында, зертханалық тірі жүйелерді
эксперименталды жұқтыруға арналған вирустардың оңтайлы дозасын есептеу
қажет болған жағдайда, түрлі вакциналарды өндіруде, диагностикалық
жиынтықтарға
арналған
вирустық
антигендерді
дайындауда,
донор
жануарларды гипериммундеу және олардан телімді қан сарысуларды алуда, т.б.
жұмыстарда қолданылады.
Вирустың титрі зерттелетін вирустың көлем бірлігіндегі мөлшерінің
көрсеткіші болып табылады. Вирустардың санын мөлшерімен немесе масса
бірліктерімен көрсету мүмкіндігі болмағандықтан вирустардың белсенділік
бірліктері немесе вирустардың әсер ету бірліктері арқылы көрсетіледі. Бұл
барлық вирустарда болатын инфекциялық (репродуктивтік) белсенділікті
иеленген,
гемагглютинациялаушы
белсенділік
болса
тек
гемагглютинациялаушы вирустарға ғана тән қасиет.
Осының негізінде
вирустардың
титрі
көрсетілген
бірліктерді
инфекциялық
немесе
гемагглютинациялаушы деп атайды. Аталмыш бірліктердің өлшемі
материалдағы жетілген вириондардың және ақаулы интерференциялық вирус
бөлшектерінің (АИ-бөлшектері) арақатынасына, титрлеуге алынған тест-
нысанаға,
вирустың инфекциялық әсеріне, т.б. байланысты болады. АИ-
бөлшектер – ақаулы геномдары бар мутантты вирустық бөлшектер (
Defective
Virus Genomes - DVGs). Кейбір АИ-бөлшектер туа біткен иммунитеттің күшті
активаторы болып табылады.
Практикада вирустардың сандық бірліктерін анықтаудың үш типі қолдау
тауып отыр: І – вирустардың әсерінен болған жергілікті зақымданудың
инфекциялық бірліктері; ІІ – вирустар сезімтал тірі жүйелердің 50%-ына (яғни
жартысына) инфекциялық әсер ету бірлігі; ІІІ – гемагглютинациялаушы бірлігі.
Вирустардың
әсерінен
болатын
кеңінен
таралған
жергілікті
зақымдануларға жұқтырылған
жасуша өсінділеріндегі түйіндақтар (тірі
жасуша өсінділері дара қабатының арасындағы өлімге ұшыраған
жасушалардың жиынтығы) мен тауық эмбриондарының ХАҚ-ғы
шешек
бөртпелері (некротикалық түйіндер) жатады. Вирустардың инфекциялық
белсенділігі осылай байқалған жағдайда вирустың мөлшерін түйіндақтарды
түзу бірліктерімен (ТТБ) немесе шешек бөртпелерін түзу бірліктермен (ШТБ)
өлшеуге болады. Бір ТТБ бір түйіндақты түзе алатын вирус дозасына тең, ал бір
ШТБ бір шешек бөртпесіне тең болады. Вирустардың титрі ТТБ немесе ШТБ
анықтау арқылы іске асырылады. Ол үшін зерттеуге
алынған вирусы бар
материалды бірдей көлемде өлшеп алып, бірнеше матрастардығы жасуша
өсінділерін немесе тауық эмбриондарының ХАҚ-на жұқтырады. Сонан соң
әрбір матраста (беткейі бейтарап қызыл бояу қосылған агармен жабылған)
түзілген түйіндақтарды немесе әрбір тауық эмбриондарындағы шешек
бөртпелерін санап, оның орташа арифметикалық
көрсеткішін есептеп
шығарады. Бұл көрсеткіш жұқтыруға алынған материалдың құрамындағы
вирус дозасы мен ТТБ немесе ШТБ қалыптастыратын вирус мөлшерінің тең
болатындығын білдіреді. Жұқтыруға алынған дозаның көлемі әрдайым белгілі
болғандықтан, құрамында вирусы бар материалдың бір бірлігіне қанша ТТБ
немесе ШТБ болатындығын есептеу оңай. Бұл жұқтыруға алынған
материалдың құрамындағы вирустың концентрациясы
немесе титрі болып
табылады. Вирустың титрін келесі формула бойынша есептеуге болады:
𝑇 =
𝑛
𝑉𝑎
Достарыңызбен бөлісу: