Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет101/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146
вирус

Жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтау әдістері. Жасуша 
өсінділеріндегі вирустарды анықтауда әртүрлі әдістер қолданылады. Оларға 
вирустардың жасушаларға цитопатиялық әсерін жарық микроскопиялау, 
гемадсорбция реакциясы, иммунды флюоресценция реакциясы, түйіндақтар 
(бляшка) түзу, иммунды ферменттік талдау және т.б. әдістер жатады.
Вирустарды ЦПӘ бойынша анықтау жарық микроскопия әдісі арқылы 
жүргізіледі. Ол үшін жұқтырылған және бақылау жасуша өсінділерін 
микроскопиялайды. Бақылаудағы жасушамен салыстырғанда жұқтырылған 
жасушалар морфологиясындағы кез келген айырмашылықтар ЦПӘ көрсеткіші 
болып есептеледі. Кейбір вирустардың жасушаларға ЦПӘ 24-48 сағаттан кейін, 
ал басқаларында 5-7 тәуліктен соң пайда болады.
Вирустардың ЦПӘ ету қарқындылығы өзгеріске ұшыраған моноқабаттың 
ауданына байланысты пайызбен («крестпен») көрсетіледі. Мысалы, жасуша 
моноқабаты 100% өзгеріске ұшыраса «+ + + +» бағаланса; ал 75% – «– + + +»; 
50% – «– – + +»; 25% – «– – – +» бағаланады.
ЦПӘ-ді сол вирустардың биологиялық қасиеттеріне, жасушалардың 
морфологиялық ерекшеліктеріне, жұқтыру дозасына және т.б. байланысты 
жасуша морфологиясының өзгеріске ұшырауына қарай есепке алынады. 
Вирустардың жасушаларға ЦПӘ-нің үш негізгі түрі бар: жасушалардың 
дөңгелектенуі, олардың бөлшектенуі (фрагментация) және жасушалардың 
симпласт түзуі (бірігуі). 
Жасушалардың дөңгелектенуі – бұл жасушалардың адгезивтік қасиеттерін 
(ыдыс беткейіне бекітілуі) жоғалтуы. Мұндай жағдайда жасушалар дөңгелек 
пішінді қалыптастырады, десорбцияланады (адсорбент беткейінен ажырауы) 
және қоректік орталарда еркін қалқып жүреді. ЦПӘ-дің бұл түрі вирустық 
инфекцияның литикалық емес формасында жиі кездеседі (аденовирустар, 
вирустық диарея вирусы, т.б.).
Жасушалардың бөлшектенуі – бұл вирустардың репродукциясы 
барысында жасушалардың ыдырауы салдарынан жеке фрагменттер түзіледі 
және олар қоректік орталарда еркін суспензия күйінде болады. ЦПӘ-дің 


аталмыш түрі жасушадағы вирустық инфекцияның литикалық формасына тән 
(аусыл, везикулярлы стоматит, т.б. вирустары). 
Жасушалардың сипласт түзуі – бұл жағдайда бірнеше жасуша 
қабықшаларының бірігіп кетуі және цитозолдарының қосылуы байқалып
пішіні дұрыс емес көпядролы алып құрылым пайда болады (ауэски ауруы, 
жылқы ринопневмониясы, т.б. вирустары).
Егер вирус жұқтырылған жасушалардың морфологиясы мен бақылаудағы 
жасушалардың морфологиясы арасында айырмашылық болмаса, онда мұндай 
вирустың пассажын «соқыр пассаж» деп атаған жөн, себебі бұл жағдай 
вирустың жоқтығын растауға негіз бола бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет