айырмашылығы бар? 6 Қандай жасуша өсінділері диплоидты және тұрақты деп
аталады? 7 Жасуша өсінділерін қандай әдіспен сақтайды? 8 Жасушаларды
өсіруде қандай ерітінділер мен қоректік орталар қолданылады?
8 тақырып. ВИРУСТАРДЫ ЖАСУША ӨСІНДІЛЕРІНДЕ ӨСІРУ және
ЖАСУША ӨСІНДІЛЕРІНДЕГІ ВИРУСТАРДЫ АНЫҚТАУ
Сабақтың мақсаты: вирустарды жасуша өсінділерінде өсіру және оларды
құрамында вирусы бар материалдармен жұқтыру әдісін меңгеру; жасуша
өсінділеріндегі вирустарды анықтау (индикация) әдістерімен танысу; жасуша
өсінділеріне вирустардың цитопатиялық әсерін жарық микроскопиялау әдісін
үйрену; жасуша өсінділеріндегі гемадсорбциялық белсенділікті зерттеу.
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: жарық микроскоп, тұрақты
жасуша өсінділері бар матрастар, микроскопияға арналған демонстрациялық
препараттар.
Вирусология практикасында жасуша өсінділері
көбінесе вирустарды
бастапқы анықтау және оларды патологиялық материалдан бөліп алу
мақсаттарында қолданылады. Сонымен қатар, бейтараптау реакциясының
көмегімен
бөлініп
алынған
вирустардың
идентификациясында
да
пайдаланылады.
Вирустардың
биотехнологиясы
саласында
жасуша
өсінділерін
вирустардың референс-штамдарын (эталонды штамдары) сақтау, оларды
инфекциялық белсенділігі бойынша титрлеу, сондай ақ вирусқа қарсы
вакциналар мен диагностикалық жиынтықтардың жекелеген компоненттерін
өндіру үшін кеңінен қолданылуда.
Вирустарды жасуша өсінділерінде өсіру жұмыстары:
жасуша өсінділерін
таңдау; құрамында вирусы бар материалдарды алу; оларды жұқтыруға
дайындау; вирустық материалдармен жасуша өсінділерін жұқтыру; вирустарды
жасушаларда өсіру; жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтау; өсінді
сұйықтықтарын жинап алу және ондағы вирустарды айқындауды қамтиды.
Жасуша өсінділерін таңдау. Жасуша өсінділері кез келген вирустарға
сезімтал бола бермейді. Сондықтан, белгілі бір вирусқа сезімтал келетін
жануарлардың организмінен алынған алғашқы жасуша өсінділерін пайдаланған
жөн. Әдетте вирустарды өсіру үшін жас, яғни
жаңадан дара қабатты құрған
жасушаларды қолданады. Кейбір вирустар болса бөліну сатысындағы
жасушаларда (жасушалардың логарифмдік өсу сатысында) жақсы өсіп-өнеді.
Табиғи жағдайда белгілі бір вирусқа сезімтал жануардың мүшелерінен алынған
алғашқы жасуша өсінділерінде сол вирус жақсы репродукцияланады. Тропизмі
әлсіз вирустарды тұрақты жасуша өсінділерінде өсіруге бейімдеуге болады.
Вирустық материалдармен жасушаларды жұқтыру үшін 80-100%
моноқабатты түзген жасуша өсінділерін қолданады. Алайда кейбір
вирустардың түрлерін өсіру үшін белсенді түрде бөлініп жатқан жасушалар
қажет, яғни логарифмдік өсу фазасындағы жасуша өсінділері қолданылады.
Жұқтырар алдында
құрамында вирусы бар материалды алып, оны
жұқтыруға дайындайды. Сондай-ақ жұқтыру жұмыстарында вирустардың
эталондық штамдарын да қолдануға болады.
Вирустық материалдармен жасуша өсінділерін жұқтыру жұмыстары
вирустармен жұмыс істеу талаптары мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
1 Бірыңғай моноқабатты түзген жасуша өсінділері бар ыдыстағы қоректік
ортаны төгіп, оны қан сарысуынан (қан сарысуының құрамында вирусқа қарсы
антиденелер мен телімсіз ингибиторлардың болуы мүмкін) тазарту үшін Хенкс
ерітіндісімен 1-2 рет шаяды.
2 Жасуша өсінділері бар әрбір ыдысқа (шыны түтіктер, матрастар) 0,1-0,2
мл вирустық материалдарды қосып, тербелту арқылы жасуша бетіне біркелкі
үлестіреді. Вирустардың жасуша беткейіне адсорбциялануына жағдай жасау
үшін ыдыстарды бөлме температурасында (+22ºС) немесе термостатта (+37ºС)
1-2 сағат бойы ұстайды.
3 Ыдыстардағы құрамында вирусы бар суспензияны төгеді де, оған
жасушалардың тіршілігін сақтаушы қоректік ортаны қажетті мөлшерде қосады.
Вирустарды бөліп алуда қолданылатын кейбір патологиялық материалдар
жасуша өсінділеріне улы әсер етуі мүмкін. Сондықтан вирустар
адсорбцияланғаннан кейін жасушалар моноқабатын 1-2 рет Хенкс ерітіндісімен
немесе қоректік ортамен шайып алған жөн.
4 Жасушаларды өсіруге арналған қоректік орталарда (қан сарысуы
қосылған) жұқтырылмаған жасуша өсінділері бар 2-4
ыдысты және
жасушалардың тіршілігін сақтаушы қоректік ортада (қан сарысуы қосылмаған)
жұқтырылмаған жасуша өсінділері бар ыдыстарды бақылау ретінде қалдырады.
5 Жұқтырылған және жұқтырылмаған жасуша өсінділері бар ыдыстарды
+37ºС температураға реттелген термостатта инкубациялайды. Жасушалардың
беткейінің қоректік орталармен біркелкі жабылуы үшін матрастарды
горизонтальды, ал шыны түтіктерді қиғаштап қояды. Көптеген зертханаларда
вирус жұқтырылған жасуша өсінділерін айналмалы – роллерлік әдісті
пайдалана отыра өсіреді. Бұл әдісті қолдана отыра инфекциялық титрі жоғары
болып келетін вирустарды көп мөлшерде жинап алуға мүмкіндік береді.
6 Жасуша өсінділерінде вирустардың репродукциялану белгілерін анықтау
үшін жарық микроскоппен күнделікті бақылап отырады.
Вирус жұқтырылған жасуша өсінділерінің қоректік ортасын 7 тәуліктен
кейін ауыстыруға болады. Қоректік орта рН-ын (6,9-7,4) натрий
бикарбонатының 7,5%-ды ерітіндісімен ретке келтіреді.
Вирус жұқтырылған
жасуша өсінділерін ұзақ уақыт бойы өсірген (аденовирустар, т.б.) жағдайда
қоректік орталарды міндетті түрде ауыстырып отыру қажет.
Жасушаларға адсорбцияланған вирион жасуша ішіне еніп, онда
репродукциялана бастайды. Жасуша ішінде пайда болған вириондар жасушадан
шығып (толығымен немесе жартылай), басқа жасушаларға енеді де, соны
зақымдайды. Осы процестердің нәтижесінде ыдыстардағы барлық жасушалар
вируспен зақымдалады. Көп жағдайда вирустар өсінді сұйықтығында, ал
олардың кішкене бөлігі болса зақымдалған жасуша ішінде қалып қояды.
Сондықтан жасуша ішіндегі вирустарды босату үшін оларды бірнеше рет
мұздатып-еріту арқылы немесе ультрадыбыс көмегімен талқандайды.
Вирустардың репродукциясы барысында кейбір
вирустар жасуша ядросында
немесе цитоплазмасында денешіктерді-қосылыстарды қалыптастыруы мүмкін.
Вирустардың вириондары көршілес жатқан сезімтал жасушаларға
адсорбцияланады және оларға енеді, осылайша репродукция процесі
қайталанып отырады. Бұл процесс жасуша-нысана таусылғанша қайталана
береді. Нәтижесінде вирус қоректік ортада көп мөлшерде жиналады, ал
жасушалар болса цитопатиялық әсерге ұшырайды.
Цитопатиялық әсер (ЦПӘ) деп вирустардың репродукциялануының
әсерінен жасушаларда болатын морфологиялық және функционалдық
өзгерістерді айтады.
Жасуша өсінділеріне барлық вирустар бірдей
ЦПӘ етуге қабілетті бола
бермейді. Ондай вирустарды цитопатогенді емес деп те атайды (құтырық және
доңыздардың классикалық оба вирустары, ІҚМ вирустық диареясы
вирустарының кейбір штамдары, т.б.). Жасуша өсінділеріндегі мұндай
вирустарды анықтау (индикация) флюоресцентті антиденелер немесе иммунды
ферменттік талдау сияқты басқа әдістер арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: