өліеттенген ошақтар кездеседі.
Екі айға дейінгі торайларда әдетте ми мен жұлын қабының ми домбығады, ал
оның
бүйіріндегі қарыншаларында едәуір сұйық зат жиналады.
Балау. Алдын ала диагнозды індетганулық және клиникалық белгілері, патанатомиялық
тексерудің нәтижесі арқылы қояды. Аурудың басты белгісі – қышынып, терінің үйкелуі.
Шошқа қышынбайды. Торайларда энцефалиттің белгілері, ал ересек шошқаларда тұмауратқан
пневмонияның белгілері басым болады. Иттер мен мысықтардың арасында болған ауру мен
өлімді, кемірушілердің жаппай қырылуын ескеру қажет.
Түбегейлі диагноз зертханада міндетті түрде үй қояны
мен жас мысықта қойылатын
биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялық тексерудің нәтижесін ескере отырып
қойылады. Зертханаға ұсақ жануардың өлексесін тұтастай, ал ірі малдың басын немесе миын,
ішкі ағзаларының (шошқаның міндетті түрде өкпесінің) кесінділерін және сөл түйіндерін
жібереді. Жаздың күні материалды 50 % глицеринмен немесе ас тұзының қаныққан
ерітіндісімен консервілейді. Материалдан алынған суспензияны зертханалық жануарға бұлшық
етіне жібергенде 3-5 күн өткенде елігіп қасынып Ауески ауруына түн белгілері пайда болады.
Ауруды балау үшін серологиялық әдістерді де қолдануға болады. Олардың ішінде үй
қоянында, торайдың бүйрек торшаларының өсіндісінде
вирусты бейтараптау реакциясын,
сонымен қатар комплементті байланыстыру, диффузиялық преципитация, қосалқы
гемаглютинация және иммунофлуоресценция реакциялары қойылады.
Бұл әдістер бойынша
негізінен бұрын болған инфекцияның нәтижесінде пайда болған антиденелер айқындалып,
ретроспективалық (өткендегі) диагноз қою арқылы вирусты алып жүруші жануарлар
анықталады және Ауески ауруы бойынша індеттік жағдай туралы мәліметтер толықтырылады.
Ажыратып балау. Барлық түліктерде құтырықтан, шошқада обадан,
сальмонеллез,
колибактериоз (домбығу ауруы), листериоз, тұмау, Тешен ауруы, пастереллез, ас тұзынан
улану,
авитаминоз, әртүрлі менингиттер мен энцефалиттен ажырату қажет.
Құтырық кезінде ауырған жануар адамға өшпенділік білдіреді. Негізінен жағы салданып,
ауру кең таралмайды. Оба кезінде тұла бойы қанталап, өлім көрсеткіші 100%-ке дейін жетеді.
Барлық жұқпалы және жұқпайтын аурулардан кешенді індеттанулық және зертханалық талдау,
оның ішінде жемшөпті де тексеру арқылы ажыратылады. Түпкілікті диагноз барлық жағдайда
биосынаманың нәтижесі бойынша қойылады.
Емі. Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына қарсы гипериммунді сарысу мен
иммунді глобулин қолданылады. Емдеу уақтылы, жануар ауыра бастағанда жүргізілсе ғана
нәтижелі болады. Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер
және симптоматикалық ем үшін витаминдер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: