Мегежіндердің сүті қайтып,
жаппай іш тастайды, не өлі туады. Ауру еметін және енесінен
бөлінген торайларда өте зілді өтеді.
Ауруды өлі тиген, эпилепсиялық дел-сал және аралас түрлерге бөледі. Жаңа туған
торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалиттің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың
жылжуға, емуге және дыбыс беруге шамасы келмейді. Қалшылдап, сілекейі ағып, жұтқыншағы
сіреседі. Бір күннің ішінде өліп қалады.
10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менингоэнцефалит түрлері
аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41° С және одан да жоғары көтеріледі, жабырқау
тартып,
әлсіреп құсады, шөлдейді. Кейінірек орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері
байқалып, не қозу (эпилепсия), не тежеу (дел-сал) процестері басым болады.
Эпилепсиялық түрі кезінде торай алға ұмтылып бір жерді айнала береді. Мойын және жақ
еттері құрысып, тістерін шықырлатып, омыртқасы иіледі. Қайта-қайта серендеп, әбден сілесі
құриды. Вирус аңқа мен жұтқыншақта көбейсе ларингофарингит пайда болып, танаудан сора
ағады, шыңғырған даусы қырылдап шығады, немесе дыбысы мүлдем шықпайды (афония). Көзі
мүлдем көрмей қалады, тұла бойының бұлшық еттері салданады.
Дел-сал түрі кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып, танауымен жер тіреп, ебдейсіз
тұрады. Сирақтарын
бауырына қарай тартып, жүргенде тәлтіректейді. Жатқан сиқы ебдейсіз
болады. Менингоэнцефалиттен тыс жүрегі дүрсілдеп, бүйірімен дем алады. Соңғы кезеңде
өкпенің домбығуы мен қабынуы байқалады. Эпилепсиялық және дел-сал түрінің екеуінің де
ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Кейбір торайлар ыстығы көтеріліп,
құсып, ішінен қан кетіп, тез арада өліп кетеді (ішектегі түрі). Ересек шошқалардай торайларда
да орталық жүйке жүйесі зақымданбай өкпедегі түрі кездеседі. Өлі тию белгілері қауырт өрбіп,
жоғарғы тыныс жолдары қабынып, өкпенің домбығуы мен қабынуынан жануар 1-2 күн ішінде
өледі.
Кейде торайларда аурудың өшкін түрі кездеседі. Жануар әлсіреп, маужырап,
бей-жай
күйге түсіп, жөтеле береді. Аурудың ұзақтығы 7 күнге дейін.
Торайлардың ауруға шалдығуы – 70-100%, ал өлім көрсеткіші 2 апталық кезінде 80-100 %,
одан ересектерінде 40-80 %. Басқа жануарлардан шошқаның ерекшелігі олардың денесі
қышынбайды. Басқа жануарларда вирустың ерекше нейротропизмі нәтижесіңде орталық жүйке
жүйесі қатты зақымданып, жануар желігіп, қалшылдап, салданады. Сиырда бастапқыда дененің
қызуы 42° С-қа жетеді, күйіс қайыруын қойып, денесі, әсіресе басы қатты қышынады. Ауырған
мал селқостанып, қышыған жерін жалап үйкей береді. Кейіннен тынышсызданып, шошынып,
мөңірейді, жұлқынады, бірақ өшпеңділгі болмайды. Кейде жақ не мойын еттері құрысады.
Несеп шығаруға ыңғайлана береді, сілекейі ағып, тер шығады, денесі дірілдейді. Қанын шығара
үйкеген қышыған жерлері домбығады. Жануар қалжырап, жатып қалады, ауырғанына 1-2 күн
болғанда, кейде 3-4 күн өткен соң барып өледі. Кейде денесі қышынбайды, бірақ сілекей мен
тер көп ағады, таз
қарынның атониясы байқалады, шөлдеп, бірде тынышсызданып, бірде
мелшиіп қалады. Әлсіреп барып, өледі.
Қой мен ешкіде аурудың белгілері сиырдағыдай. Оларда қышыну күштірек болады да,
жалпы делебесі қозуы бәсең болады. Ауырған мал 1-3 күңде өледі.
Терісі бағалы аңдар, ит пен мысық аурудың басқы
кезінде мінезі бей-жай болып, тамақ
жемейді, кейіннен көз қарасында үрей пайда болып, мазасыңданып, денесі қышынады. Тек қана
күзен мен бұлғында қышыну байқалмайды, көбіңде мелшиіп тұрады. Жануар ыңырсып, тез
елігетін болып, мінез-құлқы құтырықтың клиникасын еске түсіреді, бірақта өшпенділігі
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: