4.3. Стандарттардың әр түрлі санаттарының жалпы сипаттамалары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен нормативті құжаттарға мыналар жатады:
Халықаралық стандарттар.
Өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері.
Ұйымдар стандарттары.
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдар.
Шет мемлекеттердік ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар төмендегілерге сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қабылданады). Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚРСТ.1.2 бойынша.
ТЭӘА мемлекеттік сыныптауыштары – ҚР СТ. 5.0, ҚР СТ. 5.1.
ҚР СТ. 5.2 бойынша мемлекетаралық стандарттар мен сыныптаушылар МЕМ СТ.1.2.
Стандарттау және сертификаттау салаларындағы шетелдік нормативтік құжаттар – ҚР СТ. 1.9.
Стандарттау саласындағы ережелер мен ұсыныстар ЕР 50.1.20 бойынша техникалық шарттар – ҚР СТ. 1.3 бойынша.
Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
Өңірлік стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
Мемлекеттік стандарт – уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт.
Ұйым стандарты – ұйым бекіткен стандарт.
Үйлестірілген стандарты – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт.
Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.