Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


ІІ тарау.СӘЙКЕСТІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ



бет30/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
Акишев

ІІ тарау.СӘЙКЕСТІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ШАРАЛАРЫ


2.1.Сәйкестікті растаудың негізгі мақсаттары мен
принциптері

Сәйкестікті растау мынандай мақсаттарға жетуге бағытталған:


-өнімнің және оның өмірлік циклінің процестерінің,көрсетілетін қызметтің (немесе басқа да объектілердің) техникалық регламенттерге,стандарттарға,келісім-шарттарға сәйкестігін растау;
-өнімнің,көрсетілетін қызметтің еліміздегі және (немесе) халықаралық нарықтарда бәсекелестігін арттыру;
-сатып алушыларға өнімді,көрсетілетін қызметті сенімді түрде таңдауға көмектесу;
-тауардың елімізде еркін айналуына және халықаралық сауда айналымына кіруіне жағдай жасау.
Сәйкестікті растау принциптері.
Сәйкестікті растауды жүргізгенде мына принциптерді басшылыққа алу керек:

  1. сәйкестікті растауды жүргізу тәртібі жөніндегі ақпараттарға мүдделі тұлғалар қол жеткізе алатын болуы;

  2. техникалық регламенттерде объектілерде,қарастырылып отырған өнім түрлеріне қатысты сәйкестікті міндетті растау түрлерінің тізімі мен сызбасын белгілеуді;

  3. сәйкестікті міндетті растау жұмысын оны жүргізу мерзімін және өтінушінің шығынын азайтуға бағыттауды;

  4. сәйкестікті растауды ерікті түрде жүргізуғе мәжбүрлеуге тыйым салуды;

  5. сәйкестікті растаудың міндетті түрін ерікті сертификаттаумен алмастыруға тыйым салуды;

  6. өтініш берушінің мүліктік мүддесін қорғауды,сәйкестікті растау кезінде алынған деректер жөнінде коммерциялық құпияны сақтауды;

  7. техникалық регламенттерде талаптар қойылмаған объектілерге сәйкестікті растаудың міндетті түрін қолдануға тыйым салуды;

  8. сәйкестік белгісімен белгіленген өнімнің сәйкестік презумпциясын болжамалы сәйкессіздікті тексеру мекемелері дәлелдеуі керек.



2.2. Міндетті және ерікті сертификаттау

Сәйкестікті растау міндетті және ерікті түрлерде жүргізілуі мүмкін.Бұл тарауда сәйкестікті растаудың міндетті түрі-міндетті сертификаттау және сәйкестікті растаудың ерікті түрі-ерікті сертификаттау қарастырылады.Сәйкестікті декларациялау түріндегі міндетті растау кейінгі тарауларда қарастырылады.


Міндетті сертификаттау өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде тексеру болып табылады.Міндетті сертификаттауда тек қана заңнамаларда көрсетілген міндетті талаптар расталады.Міндетті сертификаттаудан өткені туралы сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісі Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады.
Ерікті сертификаттау өтінуші мен сертификаттау органының арасындағы келісімге байланысты жүргізіледі.Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамасы 3-кестеде келтірілген.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттау,ал шетелдерде-ерікті сертификаттау басым.
Кемелденген нарықтық экономика жағдайында ерікті сертификаттауды қолдану саудадағы техникалық кедергілерді жою шарты ретінде қалыптасып келеді,өйткені бәсекелесу мүмкіндігін ұлғайта отырып дайындаушыға рыноктан орын алуға мүмкіндік береді.Мысалы,ерікті сертификаттау Францияда осы елдің «NF» стандарттарына сәйкестікті растайды және оның нәтижесінде өнім NF белгісіне ие болады.Мұндай белгісі жоқ өнімдерге дұрыс сұраныс жоқ.Сол себепті француз фирмаларының 75% өнімі ерікті сертификаттаудан өтеді.


3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет