Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет35/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
Акишев

2.6. Қызмет көрсетуді сертификаттау



2.6.1. Қызмет көрсетуде ерікті сертификаттау
жүйесін қолдану ережелері

Қызмет көрсету тек қана ерікті сертификаттаудан өтеді. Қызмет көрсетуді сертификаттауды берушінің өтініші бойынша оларды өздері қабылдаған құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау меқсатында аккредиттелген сертификаттау органы жүргізеді.


Аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім.
Көрсетілген қызметті сертификаттау негізінде өнімді сертификаттауға ұқсас және ол мына ретте жүргізіледі:

  1. Сертификаттау жөнінде өтініш беріледі.

  2. Өтініш қарастырылып ол жөнінде шешім қабылданады.

  3. Сертификаттау сызбасын таңдап алынады.

  4. Көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады.

  5. Сертификат беру мүмкіндігі жөнінде шешім шығарылады.

  6. Сертификат беріледі.

  7. Сертификатталған қызметті инспекциялық тексеру жүргізіледі.

Инспекциялық тексеру – аккредиттеу жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және зертханалардың аккредиттеу шарттарының сақталуын тексеру үшін жүргізіледі.
Көрсетілген қызметті сертификаттауда қолданылатын сызбалар 5-кестеде келтірілген.
1-сызба қызметтің сапасы мен қауіпсіздігі атқарушының (мысалы, экскурсия жетекшісінің, оқытушының, шаштараздың, массажистің, т.б.) шеберлігіне байланысты болғанда қолданылады. Шеберлікті бағалағанда және бақылағанда қызметке ерекше стандарт түрі – қызмет көрсетушілерге қойылған талаптар қолданылады.
2-сызбада қызмет көрсету процестерін мына белгілерге сүйене отырып бағалайды:

3-сызба өндірістік қызметті сертификаттауда қолданылады.
4-сызба бойынша жұмыс пен қызметті орындаушы мекеменің (кәсіпорынның) мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Бағалау жұмысты орындау және қызметті көрсету процестерін 2-сызбада көрсетілген белгілер бойынша жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар қызметке қатысты стандарттардың екінші ерекше түрі – кәсіпорындарды сыныптауды қолдана отырып кәсіпорынға белгіленген санаттардың дұрыстығын да (қонақ үйдің жұлдыз санын, отельдің дәрежесін, қоғамдық тамақтану мекемесін түрін, мейрамхананың қатарын, т.б.) қамтиды.
5-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет