Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет33/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Акишев

2.5.2. Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі

Өнімді сертификаттау мынындай негізгі жүйеде жүргізіледі:



  • сертификаттау органына сертификаттау жөнінде өтінім беру;

  • өтінімді қарастырып ол жөніндегі шешімді өтінушіге жіберу;

  • өтінуші мен сертификаттау органы өнімді сертификаттау жұмысын жүргізу жөнінде шарт жасайды;

  • өнімнің үлгілерін іріктеу, ұқсастыру және сынаудан өткізу;

  • өндірісті тексеру (егер сертификаттау сызбасында көзделген болса);

  • жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талдау, сертификат беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

  • сертификат беру және сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіліміне тіркеу;

  • сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау;

  • сертификаллаған өнімді оның қабылданған сызбасы бойынша инспекциялық тексеру.

Кейбір сызбалар бойынша сертификаттағанда келтірілген жүйедегі жұмыстардың барлығы бірдей қолданылмауы да мүмкін.
Әрбір жұмыс реттерінің мағынасына толық тоқталайық.

  1. Сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші сертификаттау органына өтінім жолдайды. Бірнеше сертификаттау органы болған жағдайда өтінуші оның қайсысына болса да өтінімін жолдай алады. Өтінуші ретінде өнімін сертификаттауға ұсынып отырған, сертификаттау жүйесінің ережелерін мойындайтын және оны жүргізу шығынын өтуге міндеттеме ала алатын заңды тұлға (немесе жеке кәсіпкерлер) болуы мүмкін.

Міндетті сертификаттауды сәйкестік туралы декларациясы қолданылатын сызбалар бойынша жүргізгенде өтінуші сертификаттау органына өтініммен қоса сәйкестік туралы деклорациясын да ұсынады.

  1. Сертификаттау органы өтінімді қарастырып 2 апта ішінде өтінушіге шешімін айтады. Шешімде сертификаттаудың барлық негізгі жағдайлары келтіріледі: сертификаттау сызбасы (егер өтінуші оны өзі ұсынбаса) қажетті құжаттардың тізімі, тіркеуден өткен сынау зертханаларының тізімі, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттау органдары (егер бұл сертификаттау сызбасында көрсетілсе). Нақтылы сынау зертханасын, сапа жүйесін (өндірісті) сертификаттай алатын сертификаттау органын өтінуші өзі таңдайды.

Өтінуші сертификаттауды өткізу жағдайымен келіскен болса сертификаттау органына бекітілген шартты және белгілінген төлем құжатын жібереді.
3. Өтінімде көрсетілген өнімнің үлгілерін іріктеуді көп жағдайда сынау зерханалары жүргізеді. Сынау өтінуші өндіретін өніммен конструкциясы, құрамы, дайындау технологиясы бірдей үлгілерге жүргізіледі. Іріктеп алынатын үлгілердің саны (іріктеу көлемі), оларды іріктеу методикасы, сәйкестендіру және сақтау нормативтік құжаттардың (сертификаттау органының құжаттарының) талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сәйкестендіру өнімнің нақтылығын, яғни оның атауына, таңбасында көрсетілген партия номеріне сәйкестігін анықтайды.
Сынау өнімді сертификаттауда қолданылатын нормативтік құжаттарда көрсетілген сынау жұмыстарын жүргізуге сәйкес тіркелген сынақ зертханасында жүргізіледі. Сынау хаттамасы өтінушіге және сертификаттау органына беріледі. Сынау хаттамаларының көшірмесі және сынаудан өткен үлгілер сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Сынау нәтижесі бір көрсеткіш бойынша болса да талаптарға сәйкес болмаса, онда сертификаттау мақсатындағы сынаулар тоқтатылады және бұл жөнінде өтінушіге және аймақтық органдарға хабарланады.
4. Сертификаттау сызбасына сәйкес өндіріс жағдайын талдау (2а, 4а, 9а, 10а сызбалары), өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау (5 және 6 -сызбалары) жүргізілуі мүмкін.
5. Сертификаттау органы сынау хаттамасын талдағаннан және өндірісті тексергеннен кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Нәтижелер оң болса сертификаттау органы сертификат толтырып оны тіркеуден өткізеді. Сертификат тіркеу номері болғанда ғана жарамды болып есептеледі.
Міндетті сертификаттауда сертификат өнім барлық нормативтік құжаттардың талаптарына толығымен сәйкес болғанда ғана беріледі. Сәйкестік сертификатының құрамында міндетті түрде өрт қауіпсіздігі жөніндегі сертификат болуы тиіс керек.
Сертификатты қолдану мерзімін сертификаттау органы сертификаттау сызбасына, өнімнің өзінің және оны өндіру ерекшеліктеріне, өнімге қатысты нормативтік құжаттардың қолдану мерзіміне, өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау мерзіміне сәйкес тағайындайды, бірақ та бұл мерзім үш жылдан аспауға тиіс.
Егер сертификаттауға негіз болған нормативтік құжаттардағы нормалардың қатаңдығы жоғарыласа, онда осы өзгеріс енгізілгеннен бастап сертификатты қолдану мүмкіндігі жойылады.
Өнімді сертификаттау халықаралық жүйе немесе келісім аумағанда жүргізілсе, онда сертификат пен сәйкестік белгісінің түрлері, беру тәртібі, қолдану мерзімі осы жүйенің немесе келісімнің ережелерін ескере отырып тағайындалады.
6. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды айқын бейнелеуді, сыртқы әсерлерге төзімділікті, өнімнің жарамдылық мерзімінде өзгермеу қабілетін қамтамасыз ететін әдістермен дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады. Таңбалау әдісі мен орнын, олар сертификаттау тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттарда анықталмаған жағдайда, сертификаттау органы өтінушімен бірлесе отырып ҚР СТ 3.1 талабына сай белгілейді.
7. сертификаттау сызбасында сертификатталған өнімді инспекциялық тексеру қарастырылса, онда оны сертификат берген орган жүзеге асырады. Инспекциялық тексеру сертификат пен өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын қолдану мерзімінде әр жылда кем дегенде бір рет мерзімді немесе жоспардан тыс тексеру түрінде жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеріс сертификатталған өнім сапасына байланысты шағым-арыз түскенде жүргізіледі.
Инспекциялық тексерудің мақсаты – таратылып жатқан өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау. Инспекциялық тексеру нәтижесі актілер түрінде толтырылады. Тексеру нәтижесінде өнімнің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес еместігі анықталса сертификаттау органы сертификатты тоқтатуы немесе қолданыстан шығаруы және сәйкестік белгісін қолдану құқығына берілген лицензияны жоюы мүмкін.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет