4 тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАДАҒАЛАУ
4.1. Техникалық регламенттерді жасағанда сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасын таңдау
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы сәйкестікті міндетті растаудың екі түрін қарастырады: декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растаудың түрі мен сызбасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы сызбалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімін қысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сәйкестікті растау сызбасы – объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.
Сәйкестікті міндетті растау сызбасын таңдау мына критерийлерге сүйене отырып жүргізіледі:
1) келтірілетін зиянның қауіп-қатер деңгейіне;
2) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік факторлардың әсеріне сезімталдығына;
3) өнімнің күрделілік деңгейіне.
Сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың модульдік принципін, қолдануға заңда көрсетілген нормаларға сәйкестіндірілген жағдайларды туғызу керек.
Елімізде техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерге сәйкестігін растауда қалыптасқан ерекшеліктерді мына екі негізгі жағдайлардан көруге болады:
- ЕО міндетті растаудың жалғыз түрі – декларациялау ғана қолданылса ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында оған қоса растаудың екінші түрі-міндетті сертификаттау енгізілген;
- «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәкес декларациялау сызбаларында Еуропалық модульдерге тән типті сертификаттау, сәйкестік туралы декларация берілген өнімге инспекциялық тексеру жүргізу, жобаны сертификаттау сияқты элементтерді қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған.
Келтірілген ерекшеліктерді ескере отырып, сәкестікті міндетті растау түрлерін және сызбасын таңдау жүйесі 5-суретте келтірілген (Ресей мем. стандарты ұсынған).
Сәйкестікті міндетті растаудың түрлерін таңдау
- өнімнің қауіп-қатерлігі де жоғары рынокты қорғаудың арнайы шараларымен қоса өнімнің қауіп-қатерлік деңгейінің жоғары болуы
- сертификаттау саласындағы халықаралық келісімдер
- нақтылы өтінім берушінің декларация қабылдауға мүмкіндігінің жоқтығы
Сәйкестікті міндетті растауды декларация түрінде жүргізу
Сәйкестікті міндетті растауды сертификаттау түрінде жүргізу
Декларациялау сызбасы
Сертификаттау сызбасы
5-сурет. Техникалық регламенттерде сәйкестікті
міндетті растаудың түрі мен сызбасын таңдау
Достарыңызбен бөлісу: |