4.2. техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау объектілері ретінде өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар болып табылады.
Бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүргізеді.
Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары бақылау мен қадағалауды өнімді өткізу сатысында жүзеге асырады.
Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) Өздерінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республиксының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді өткізудің жолын кесуге және оған жол бермеуге ықпал ету шараларын қолданады.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жататындар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның басшысы.
2) Қазақстан Респуликасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторының орынбасарлары – уәкілетті орган басшысының орынбасарлары.
3) Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары – аумақтық органның басшылары.
4) Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының – орынбасарлары аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшерінің басшылары.
5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік, аумақтық органдардың басшылары, аумақтық органдардың басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары өз құзіреті шегінде мемлекттік органдар белгіленген тәртіппен аттестатталуға тиіс.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау кезінде тексеріледі:
- өнімге міндетті талаптарға сәйкестігі расталғаны туралы құжаттардың болуы, олардың жалған болмауы, қолдану мерзімі, дайындалу мен тіркелуінің дұрыстығы немесе ілестірілетін құжаттарда сәйкестікті растайтын мағлұматтардың болуы;
-тексерілетін өнімнің атауының ұсынылып отырған сәйкестік сертификатында (немесе көшірмесінде) немесе декларациясында көрсетілген атауы мен бірдейлігі;
- сертификатталған өнімді сертификаттау органының инспекциялық тексеруден өткізгені және оның нәтижелері туралы құжаттардың болуы;
- сәйкестік белгісі мен дұрыс таңбаланғаны;
- сертификатталған (декларацияланған) өнімнің техниклық құжаттарына немесе өндіріс үдерісіне енгізілген және басқа да өзгерістер жөнінде сертификаттау органын уақытылы хабардар ету.
Техникалық байқауды мемлекеттік инспектор мекме мамандарын қатыстыра отырып жүргізеді. Техникалық байқаудың және экспертизаның нәтижелері бойынша өнімнің міндетті ьалапьарға сәйкестігі бағаланады.
Мемлекеттік бағалау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мынадай жағдайларда нұсқама щығарады:
- өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
- сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттардың көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәкестік туралы декларацияларының көшірмелері) болмаған;
- өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда.
Мемлекеттік қадағалау және бағалау жүргізу нәтижесінде анықталған қиғаштықтырды жою үшін және нұсқамалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер қайталанып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |