Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет38/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
Акишев

2.7. Сапа жүйесін сертификаттау


2.7.1. Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы.

Соңғы жылдардың әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80 –нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибиесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5 – 2,0 есе өседі.


Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар.
Маңызды сыртқы себептердің бірі – көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау процедурасына енгізуі. Мысалы Еуропалық Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты 11 дерективаның жетуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды.
Егер өнім сапасының төмендегі ткралы соқта арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады.
Көптеген елдердің үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді.
Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапа деген жауапкершілікті арттыру.
Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертефикатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ –та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алыныап отыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарпынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамассыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001 жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа » бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.
2.7.2. Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау

Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген.


Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
-өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
-өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куаландыру;
-сыртқа шығаратын (Экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
-дүниежүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің басекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және шын растау.
Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2 –мен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелерін мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі органлар жүргізіледі,
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды бас сарапшы аудитор басқаратын сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген:
-еріктілікке;
-құқықтылыққа өтуіне;
-бағалаудың әділдігіне;
-бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне;
-құпиялылығына;
Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады.ҚР СТ 3.11 –дің талабына сәйкес олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады.
Сапа жүйелерін сертификаттау жөніндегі талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10- ға сәйкес шағым –арыз беруіне болады.
Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:

  1. Сапа жүйесін алдын ала бағалау;

  2. Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау;

  3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.

Бірінші ретте өтініш берушінің сапа жүйесін сертификаттауға дайындығын алдын ала бағалау үшін комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды. Бұл рет екінші реттегі жұмысты өткізуге болатыны туралы жазбаша қорытынды шығарумен аяқталады. Тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер елеулі және елеусіз болып екіге бөлінеді.
Елеулі сәйкессіздік - сапа жүйесінің кейбір элементінің немесе элемент бөлігінің болмауы, қолданбауы немесе толық бұзылуы, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптардан ауытқуы, мұндай кезде бұл ауытқуды жою мәселесі кәсіпорынның ұйымдық құрылымын өзгертуді, көптеген материалдық шығындарды, ұзақ уақытты қажет етеді және өнімнің сапасына елеулі әсер етеді.
Елеусіз сәйкессіздік – кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен, көптеген материалдық шығындармен байланысы жоқ, тек белгіленген талаптарды орындауда байқалатын бірен-саран кемістіктер, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптар бойынша басқадай ауытқулар және олар сапа жүйесін бағалау жөніндегі коммиссия жұмысының барысында, не олардың анықталған кезінен бастап бір айдың ішінде жойылады.
Сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін:
-сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес;
-сапа жүйесі негізінен стандартарға сәйкес, бірақта жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған.
-сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған.
Егер елеулі сәйкессіздіктер болмаса немесе 10 не одан аз елеусіз сәйкессіздіктер анықталса, сапа жүйесі стандартарға сәйкес табылады. Бір елеулі сәйкессіздік болмаса немесе 10 нан астам елеусіз сәйкессіздіктер анықталған болса, онда сапа жүйесі стандарттарға сәйкес емес деп табылады.
Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификатау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялық тексеру жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды.
Инспекциялық тексеру (3-ші ретке сәйкес ) сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі. Сертификатталған күшінде болу мерзімінің ішінде сапа жүйесінің барлық элементтері кем дегенде бір рет тексерілуі керек. Сертфикатталған сапа жүйелеріне бақылау жүргізу жоспарлық және жоспарсыз болуы мүмкін. Жоспарлық инспекциялық тексерудің кезеңділігін сертификаттау жөніндегі орган анықтайды, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауы керек.
Инспекциялыө тексеру кезінде анықталған елеусіз сәйкестіктерді жою жөніндегі кәсіпорынның түзету жұмыстарын жүргізілуі туралы, сапа жүйесінің тексерілетін элементтерінің сәйкестігі немесе сәйкессіздігі және басқадай инспекциялық тексеру оюъектілерінің нақтылы жағдайы туралы көрсетіледі.
Инспекциялық тексерудің нәтижелері сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшін дәлелдеу, тоқтаға тұру немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға негіз болады.
Э. Деминг сапа 98% мөлшерінде сапа жүйесіне, 2 %мөлшерінде адамдарға байланысты деген болатын. Мұның дәлелі ретінде өндірісі дамыған елдерде орын алып отырған бәсекелестіктің өнімнен сапа жүйелеріне ауысуын келтіруге болады.
ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес құрылған сапа жүйелерін қолданушылардың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан өндірісте TQM (жалпыға бірдей сапа менеджменті) прнципі негізінде қалыптастырылған сапа жүйелерінін қолдануға көп көңіл бөлуінде.
TQM негізінде қалыптастырылған жүйеге мыналыр тән:
-сапаны жақсарту жұмысьарына бүкіл қызметкерлермен жұмысшыларды қажетті шикізатты дайындаушыларды және тұтынушыларды жұмылдыру;
- сапаны жақсарту жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отыру, мысалы зақымдалған өнім мөлшерін ең кіші деңгейге жеткізу (1 млн. Өнім ішінен тек қана 100 – 10 зақымдалған өнім);
- өнімнің өзіндік құнын азайту;
- TQM –ның бағыт ерекшеліктері оның өнімнің рыноктағы бәсекелестігін арттыруды басқаруға лайықты екенін көрсетеді.
ИСО 9000 сериялы стандартының 2000 ж. шыққандарында TQM-ның кейбір принциптері ескерілген. Бұл жаңа стандарттар 14000 сериялы (қоршаған ортаны басқару жүйесі) стандарттарымен үйлестірілетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет