5.2. Мемлекеттік стандарттардың міндетті
талаптарын және сертификаттау ережелерін
бұзғаны үшін жауапкершілік
Мемлекеттік стнадарттардың міндетті талаптарының сақталуын және сертификатталған өнімді (қызметті) бақылау жүргізгенде мемлекеттік стандарттарды бақылайтын мемлекеттік инспекторлар мекемені тексеру актілері негізінде тыйым салу, жою, кемістікке жол бермеу шараларын қолданады және жіберілген кемістіктердің себептерін анықтайды. Осы мақсатта олар талаптар мен ережелерді бұзушыларға жарлық береді және стандарттардың міндетті талаптарын, сертификаттау ережелерін бұзғаны, жарлықты орындамағаны үшін айыппұл салады.
Жарлық мына түрлерде берілуі мүмкін:
Міндетті талаптардың, соның ішінде қауіпсіздік талаптарының
бұзылғаны және ол кемістіктерді жою қажеттігі туралы. Орындаудан бас тарту немесе уақытылы орындамау орын алса, онда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады (мысалы, ресейде айыппұл 5000 еңбек төлемнің ең кіші мөлшері деңгейінде белгіленген);
өндірілген өнім, көрсетілген қызмет мемлекеттік стандарттардың
міндетті талаптарына сай болмаса оларды таратудан бас тартқан дағдайда таратылған өнім (көрсетілген қызмет) бағасына тең айыппұл салынады.
өнім өндіруді (егер өнімнен келетін зиянды жою мүмкін болмаса)
және зиянды тауарларды сатуды тоқтату жөнінде. Орындаудан бас тартқан жағдайда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.
Тұтынушылардан қауіпті тауарларды қайтарып алу. Жарлықты
орындамаған жағдайда немесе осы теуарлар зиян келтірсе, онла белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.
Тауарды міндетті сертификаттау ережелерін бұзғаны үшін сертификаттау органдарына тауар (жұмыс, қызмет) бғасынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Ережелерді бұзу сәйкестік сертификатының дұрыс берілмегені түрінде болуы мүмкін:
- сынау деректері дұрыс болмаса да;
Достарыңызбен бөлісу: |