Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет39/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
Акишев

3 тарау. СӘЙКЕСТІКТІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ


3.1. Декларациялау туралы түсініктеме

Сәйкестік туралы декларация – дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.


Сәйкестікті декларациялау мынандай қажеттіліктен туындайды:
- сәйкестікті міндетті растау тәртібіне икемділік беруден;
- базарда сатылатын өнімнің қауіп-қатерлігін арттырмай оған жұмсалатын шығын мөлшерін азайтудан;
- тауар айналымын арттырудан;
- мемлекетаралық сауданы жақсартудан және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолайлы жағдай туғызудан. Дайындаушы сәйкестікті міндетті түрде дәлелдей алуы керек.
Дәлелдеме ретінде болуы мүмкін:
а) өнімге дайындаушының өзі өткізген сынақтың немесе сынақ зертханаларында өткізілген сынақтың протоколы;
б) шикізатқа, материалдарға, жинақталған бұйымдарға берілген растау сертификаты немесе сынақ хаттамалары;
в) белгіленген өнімге заңнамаларда көрсетілген және оған құзыреті бар органдар мен мекемелер берген құжаттар (гигиеналық қорытынды, ветеринарлық куәлік, т.б.);
г) сапа жүйесіне берілген сертификат;
д) өнімінің белгіленген талаптарға сәйкес екендігін тікелей немесе жанама түрде дәлелдейтін басқа да құжаттар.
Дайындаушы қабылдаған декларацияда белгіленген тәртіп бойынша аккредиттелген сертификаттау органында тіркелуі керек. Мұндай тіркеу декларация қабылдаған дайындаушыны біліп отыру үшін қажет. Осы мақсатта декларацияның көшірмесі сертификаттау органында сақталады, ал оны тіркеу нөмірі осы органның кодына енгізіледі.
Тіркеуден өткен декларация өнімді сәйкестік белгісімен белгілеуге негіз болады. Сәйкестік белгісі өнімнің, көрсетілетін қызметтік техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.
Тауарға ілестірілген ақпарат дегеніміз – сәйкестік белгісімен белгілеу және ілестірілетін құжаттарда декларация қабылданғаны және тіркеуден өткізілгені туралы жазу.
Декларацияның құқықтық табиғатын мына жағдайларды ескере отырып анықтауға болады. Сәйкестік сертификаты мүдделі емес мекеме (сертификаттау органы) беретін құжат, ал декларация – мүдделі тұлғаның өнімді сатуға құқықты болуы үшін керек, белгіленген түрдегі өз еркімен жасалатын құжат.
Декларацияда көрсетілген ақпарат өнімге қатысты техникалық регламентке сәйкес келмесе, онда ол жарамсыз деп танылады.
6-кестеде сәйкестік декларациясының сәйкестік сертификатымен салыстырғандағы айырмашылығы көрсетілген.
«Техникалық реттеу» заңы бойынша сәйкестікті декларациялау үшін мына сызбалар негізінде жүргізіледі:
1) дайындаушының өз дәлелдері негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау
2) сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестіктер туралы декларацияны қабылдау; а) өзінің дәлелдемесі бойынша; ә) сертификаттау органымен немесе аккредиттелген зертхананың қатысуымен алынған дәлелдеме бойынша.
Техникалық регламентте үшінші жақтың қатысуымен сәйкестікті дәләлдеу, осы жақтың болмауы себепті сәйкестікті дәләлдеу мақсатына жете алмайтын жағдайда белгіленеді. Басқаша айтқанда бұл сызба өнімнің потенциалды қауіптілігін ескере отырып сәйкестікті дәләлдеу тәртібінде дәләләдеудің негізділігін күшейту қажет болғанда қолданылады.
Өтініш берушілердің шеңбері техникалық регламентте белгіленеді. Әдеттегі өтініш берушілерден (өнімді дайындашылардан) басқа қауіпсіздікті растау шетел дайындаушыларының функциясын атқаратын тұлғалар да дәләлдеуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет