- тауардың стандарттар талаптарына сәйкестігі дәлелденбесе де (мысалы, сынау жоспары сақталмаған, сынаулар қауіпсіздік талаптарын түгел қамтымаған);
- сәйкестік сертификатты сертификаттау органының тіркеу тізімінде жоқ тауарларға берілсе;
- сәйкестік сертификаты сертификаттау органының тіркеу аттестатының мерзімі өтіп кеткеннен кейін берілген болса.
Тауарды міндетті сертификаттағанда сынау нәтижелері туралы жалған ақпараттарды бергені үшін сынау зертханалары мен орталықтарына тауар құнынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Айыппұл төлеуге қатысты мәселелерді шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, дайындаушының (орындаушының), сертификаттау органының, сынақ зертханаларының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар тексеру актісі түскеннен кейін белгіленген уақыты аралығында бірлесіп қарастырады.
Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдарды сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болды.
Ескерте кететін жағдай: қылмыс жасалды деп есептеу үшін қауіпті тауар шығарып оны тұтынушыға сату жеткілікті емес. Ол үшін мүмкін зардап іске асырылуы керек, яғни нақтылы адамдардың денсаулығына зиян келтірілуі керек. Сондықтан қауіпті тауарды шығару және сату – қылмыс жасаудың басы, яғни қылмыс жасауға дайындық ретінде қарастырылады. Адамдардың денсаулығына зиян келтіріледі деп, ол жеңіл немесе ауыр дене зақымын алғын жағдайда ғана есептеледі. Жауапкершілік деңгейі қылмыстың ауырлығына, зиян шекен адамдардың жалпы санына және олардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
III БӨЛІМ. МЕТРОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
I тарау. МЕТРОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Метрология пәні. Метрологияның даму тарихы
Метрология (гректің «метро» - өлшем, «логос» - оқу,білім) - өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым.
Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте замандарда пайда болды. Ежелгі орыстық өлшеу жүйесінің негізін ежелгі гректік өлшем бірліктері салған, ал олар өз кезегінде Ежелгі Греция және Римнен алынған. Әрбір өлшем жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болған, олар сол дәуірмен және ұлттық дәстүрмен байланысты болды.
Бірліктердің атауы мен олардың мөлшері өлшемдерді «қолдық» әдіспен жүзеге асыру мүмкіндігіне сәйкес келген (1 – қосымша). Осылайша Русьтағы ұзындықтың негізгі бірліктері «Пядь» негізгі ежелгі орыстық ұзындық өлшемі болған және ол ересек адамның бас бармақ пен сұқ саусақтарының ұштарының арақашықтығын білдірген. Кейін келе, өлшемні басқа түрі – аршин пайда болғаннан кейін пядь (1/4 аршин) біртіндеп қолданыстан шыға бастады.
«Білек» өлшемі Вавалоннан келген, ол шынтак пен ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі арақашықты білдіреді.
ХVIII ғасырда сауда қарым-қатынастарының дамуына байланысты Ресейде Ангиядан алынған дюйм, сондай-ақ ағылшын фут өлшемдері қолданыла бастады. Ерекше орыс өлшемі болып сажень саналды (ол үш білекке тең, шамамен 152см)
I Петрдін жарлығы бойынша ұзындықтың орыс өлшемдері ағылшындықпен сәйкестендірілді және бұл-ресейлік метрологияның европалықпен үйлесімділіктің бірінші сатысы.
Орта Азиядағы метрология – күрделі және аз зерттелген, өйткені арнайы өлшемдерге арналған мақалалар кемде-кем. Шығыс метрологиясы бойынша көп материалдар В. Хинцтың <<Мусульманские меры и веса с переводам в метрическую систему >>
Таяу Шығыстың кейдір жерлерінде, ең алдымен арабтық Шығыста, дән мен бұршақ даұылдарын өлшегенде салмағын таразыға салып емес, көлемін өдшейтін. Көптеген зерттеугерде салмақты түрлі көлем өлшемдерімен өлшеген, бұл әдістер дәннің тек жуық салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Әр түрлі жерлердегі және әр түллі уақыттағы бірліктердің нақты мөлшерін анықтау кезінде, метрлік жүйеге айналдырғанда 65-77 кг бидай немесе 60-72 кг арпа 100 литр көлемді алады деп есептелген.
Ертеде мұсылмандық незеңде 1 васк немесе бір <<түйенің жүгі>> -252,342 литрге тең болған . XIV ғасырда Иранда 1 джариб 120 тебриздік мандарға тең болған. Ал әрбір манн 260 дирхамға тең, яғни 100кг бидай немесе көлемі бойынша 130 литрге тең.
Самарқандтық Сағдада VI-VIII ғасырларда 4,46 г-ға тең салмақ бірлігі қолданылған. Бұл Пенджикент қаласында жазуы бар дөңгелек тәріздес кірлер табылуына байланысты анықталмаған. 4,46г салмақ бірлігі мұнда кейінгі жылдары да сақталды деп айтуға болады.Өйткені осындай мөлшердегі мискал орта ғасырларда Шығыстың көптеген елдерінде пайдаланылған.
Соңғы ортағасырлық Бұқара үшін екі мискал анықталған: бірі 4,8 г және екіншісі 5,0 г. 4,8 г-дық мискал қымбат бағалы материалдарды, асыл тастарды, бұйымдарды өлшеу үшін пайдаланылған және XVI-XIX ғасырлардағы тиындар жасау негізіне салынған. Бұл мискал Бұхарада ғана емес, сондай-ақ Орта Азияның өзге қалалары мен аймақтарында қолданылған.
Арнайы өлшем-намданг, 4,8 г-дық мискалдың 1/12 бөлігін құрайды.
Құрғақ денелердің өлшемі-мут, Хуфадағы екі қол уысы, шамамен 500 г-ға тең. Бірліктердің алу кезінде бұл уыстарды әр түрлі адамдар өлшеуі тиіс болатын.
Салмақ бірлігі- пайс Ферғанада, Ходжентте кеңінен қолданылатын. XIX ғасырдағы мәліметтер көрсетіп отырғандай, пайстың мөлшері әр түрлі кезеңдерде бірдей болған жоқ. Ходжентте (1874ж) пайс 25,6 г-ға тең болды. Наманганда (1866ж) 6 алтынға, яғни Ходженттегіндей 25,6 г-ға тең, Қоқандта (1877ж) 5 алтынға және 4,5 алтынға.
Ұзындық өлшемі алщын Хорезмде, Бұхарада және Орта Азияның барлық жерлерінде орыстардың жаулап алуына дейін қолданылды. Бірақ Хингоу өзені бойында алшын деп орыстың аршині саналмайтың, шынтақтан саусақтын ұшына дейінгі арақащықтық, яғни 45-50 см болатын.
Ангушт- саусақтың ортаңғы буын сүйегінің еніне тең ұзындық өлшемі. Ангушттың дәл канондық мөлшері бір қатарға қойылған 6 арпа дәндерінің жалры ұзындығына тең. Ал әрбір дәннің жуандығы жылқы жалынын 6 тал шашынның жуандығына тең. Ангушт жеке өлщем ретінде де пайдаланылды. Өлшемді әдетте бірнеше адам немесе жұдырығы орташа деп танылған адам жасайды. Алынған нәтижені заң қызметкерлері эталондарда тіркеген.
Бүгін –Ферғананың құрылысшы-шеберлерінің ұзындық өлшемі, ол қолдың ортаңғы саусағының ортаңғы буын сүйегіне тең. Әйелдер мата өлшеген кезде бұл терминмен бас бармақтың бірінші буын сүйегін атаған.
Ваджаб-толық ашылған кездегі бас бармақ пен шынтақтың арақашықтығына тең ұзындық өлшемі.
Ортағасырлық Орта Азияда газ және зар терминдері синоним ретінде қолданылған. Мұнда газдың мөлшерін анықтаудын үш жүйесі болған:
Қолдың саусақтарының ұшынан осы қолдың иығына дейін,көкірек ортасына дейін (немесе мұрынның ұшына дейін),екінші иыққа дейін.Мұндай газ өлшемдері-Орта Азияның таулы аймақтарында ғана емес,сондай-ақ жазық жерлер мен қалаларда да қолданылған.
Саусақтың мөлшеріне сүйенетін нақтыланған жүйе.Мұнда тұрақты шама болып «саусақ» табылады,ал газдың мөлшері саусақтардың санына байланысты.
Қолмен таяқты немесе арқанды ұстап тұрғандағы жұдырық мөлшеріне және таяқ немесе арқан бойымен көтеріліп тұрған бас бармақ мөлшеріне сүйенетін нақтылаған жүйе.Жұдырық-4 ангуштқа,көтерілген саусақ-3 ангуштқа,ал көтерілген саусақ пен жұдырық 7 ангуштқа тең болған.
Қазіргі заманғы метрология үш құраушыны қамтиды: заңдылық метролония, фундаметалды және тәжірибелік метрология.
Өлшемдердің метрлік жүйесі Францияда 1840 жылы енгізілген. Ресейде оны еңгізудің маңыздылығын Д.И.Менделеев атап өткен. Ол метрлік жүйенің жалпы таралуының <<халықтардың болашақтағы қаланатын жақындастығына>> әсер ету құралы ретінде үлкен рөлі бар екендігін болжаған.
Ғылым мен техниканың дамуы жаңа өлшемдер мен жаңа өлшем бірліктерін талап етті, ол өз кезегінде іргелі және қолднбалы метрологияның жетілуін ынталандырды.
Бастапқы кезде ғалымдар макрообъектілер мен олардың қозғалысын зерттей отырып, өлшем бірліктерінің үлгісін табиғаттан іздеген. Осылайша, секуунда деп Жердің осьті айналу периодының бөлігі саналады. Біртіндеп зерттеулер атмдық және ядролық деңгейге ауысты. Осының нәтижесінде <<ескі>> өлшем бірліктер нақтыланды және жаңалары пайда болды.
Осылайша, 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды. Ол жарықтың вакуумдағы 1/299792458 секунд жүріп өтетін жолының ұзындығы. Бұл анықтама жарықтың вакуумдағы жылдамдығын физикалық тұрақтышама ретінде қабылдағаннан кейін мүмкін болды.
1988 жылы халықаралық деңгейде электрлік бірліктер мен шамалар, өлшеу саласында жаңа тұрақтылар қабылданды,ал 1989 жылы жаңа Халықаралық тәжірибелік температуралық шкала ХТШ-90 (МТШ-90) қабылданды.
Осы бірнеше мысалдардан көріп отырғанымыздай,метрология ғылым ретінде қарқынды даму үстінде,ол барлық басқа ғылыми және қолданбалы салалардағы өлшемдер тәжірибесінің жетілуіне ықпал етуде.
Өлшемдердің саласымен және дәлдігімен бірге мүлдем жаңа құрылғыларды,техниканың кез келген аясы үшін өлшегіш құралдарды жасау мүмкіндігі пайда болды.Ол өлшемдер ғылым мен техниканың,яғни метрологияның даму қарқындылығын көрсетеді.Іргелі және тәжірибелік метрологияның дамуымен бірге заңдылық метрологияның қалыптасуы жүріп жатты.
Заңдылық метрология-өзара байланысты және бір-біріне әсер ететін ортақ ережелер кешенін қамтитын,сондай-ақ өлшемдердің бірлігін және өлшеу құралдарының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекет тарапынан реттеу мен бақылаудықажет ететін,өзгеде сұрақтарды қамтитын метрология бөлімі.
Заңдылық метрология-метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады.Ол қызмет мемлекеттік метрологиялық қызмет және мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы тәжірибеге енгізілетін заңдар мен заңдылық ережелер арқылы жүзеге асырылады.Заңдылық метрологияға мынадай қызметтер кіреді.өлшем құралдары типтерін (түрлерін) бекіту және сынақтан өткізу,оларды салыстырып тексеру және калибрлеу,өлшем құралдарын сертификаттау,өлшеу құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау.
Заңдылық метрологияның ережелері мен нормалары халықаралық ұйымдардың ұсыныстарымен құжаттарымен үйлестірілген. Сол арқылы заңдылық метрология халықаралық экономикалық және сауда байланыстарының дамуына және халықаралық метрологиялық әріптестікке ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |