III тарау. БІРЛІКТЕР МӨЛШЕРІНІҢ ЭТАЛОНДАРДАН ҮЛГІЛІ ЖӘНЕ ЖҰМЫСШЫ ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫНА БЕРІЛУІ. САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ СҰЛБАЛАРЫ
3.1. Үлгілі өлшем құралдары
Бірліктің өлшемін эталондардан жұмысшы өлшемдер мен өлшеуіш құралдарына беру өлшеудің үлщілі құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Үлгілі өлшеу құралдары дегеніміз олар арқылы басқа өлшем құралдарын салыстырып тексеру және градуирлеу үшін пайдаланатын өлшем, өлшеу құралдары, өлшеу түрлендіргіштері. Олар белгілінген тәртіпте үлгілі деп бекітілген [9].
Бірліктің өлшемін эталондардан жұмысшы өлшемдер мен өлшеуіш құралдарына беру жүйесін пирамида түрінде көрсетуге болады (20-сурет). Оның төменгі жағында жұмысшы өлшем құралдары орналасқан; ең жоғарғы бөлігінде мемлекеттік эталон орналасады; ортаңғы
Шамалардың мемлекеттік эталоны
1-разрядты
2-разрядты
3-раразрядты
Жұмысшы өлшем құралдары
20-сурет. Шама бірлігі мөлшерін беру жүйесінің бейнесі
бөлігінде – түрлі зарядтағы жұмысшы эталондар. Төменнен жоғары қарай қателік азаяды, олардың құны өседі, эталонды жасаудың «данасы» азая береді. Ақпаратты берудің әрбір сатысында дәлдік 3-5 есе азаяды(кейде 1,25-10есе).
21-сурет. Бірлік мөлшерінің берулі тізбесі
21- суретте бірліктер мөлшерлерін алғашқы эталондардан жұмысшы эталондарға, олардан разрядты үлгілі өлшем құралдарына, одан әрі жұмысшы өлшемдер мен өлшеу құралдарына берілудің метрологиялық тізбегі көрсетілген [9].
Үлгілі өлшем құралдарының разрядтары арасында өзара бағыныстық бар: 1- разрядты үлгілі өлшем құралдары тікелей жұмысшы эталонмен салыстырылып тексеріледі, 2-ші және кейінгі разрядтағы үлгілі ретінде аттестацияланатын үлгілі өлшем құралдары оның алдын дағы үлгілі өлшем құралдары бойынша салыстырып тексеріледі. Өлшемдердің әр түрлі түрлері үшін, салыстырып тексеру сұлбаларына стандарттармен бекітілген үлгілі өлшем құралдарының түрлі саны анықталады.
Берілген сұлбадан көріп отырғанымыздай, ең жоғары дәлдіктегі жеке жұмысшы өлшемдер мен өлшеу құралдары жұмысшы эталондар арқылы салыстырып тексерілуі мүмкін; аса жоғары дәлдіктегі өлшем құралдары - 1-разрядты үлгілі өлшемдер мен өлшеу құралдары арқылы; жоғары дәлдіктегі - 2-разрядты үлгілі өлшемдер мен өлшеу құралдары арқылы және т.б.
Эталондар мен жұмысшы өлшем құралдарын әдетте тік төртбұрыштарға енгізеді (мемлекеттік эталон үшін екі контурлы тіктөртбұрыш). Осында сұлбаның осы сатысы үшін метрологиялық сипаттамалар белгіленеді. Сұлбаның төменгі жағында жұмысшы өлшем құралдары орналасқан, дәлдік деңгейіне қарай олар бес категорияға бөлінеді: аса жоғарғы дәлдіктегі, өте жоғары дәлдіктегі, жоғары дәлдіктегі; орта дәлдіктегі; төмен ділдіктегі.
2-кестеде массаны өлшеу құралдарының мысалында МЕМСТ 8.021 – 84 [10] сәйкес салыстырып тексеруге қатысатын өлшем құралдары туралы мәліметтер берілген [7].
Достарыңызбен бөлісу: |