Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері



бет68/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86
Акишев

5.2 Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері

Өлшем құралдарын тексерудің төрт әдісі пайдаланылуы мүмкін:


• эталонмен тікелей салыстыру;
• компаратор (салыстырғыш) көмегімен салыстыру;
• шаманы тура өлшеу;
• шаманы жанама өлшеу.
Салыстырып тексерілетін өлшем құралын сәйкес разрядтағы эталонмен тікелей салыстыру әдісі электрлік және магниттік өлшеулер сияқты салаларда кернеуді, жиілікті және ток күшін анықтау үшін түрлі өлшем құралдарында кеңінен пайдаланылады. Әдістің негізінде салыстырылып тексерілетін және эталонды аспаптармен бір физикалық шаманы бір мезгілде өлшеу жатыр. Мұнда қателікті тексерілетін және эталонды өлшем құралының көрсеткіштерінің айырмасы ретінде аныңтайды. Бұл әдістің артықшылығы оның оңайлығында, көрнектілігінде, автоматты тексеруді пайдалану мүмкіндігінде, күрделі құрылғылардың қажеттілігінің жоңтығында [2, 3, 7].
Екінші әдіс үшін компаратор қажет. Ол салыстырылып тексерілетін (калибрленетін) және эталонды өлшем құралдары салыстырылатын құрал. Компараторға қажеттілік бір шаманы өлшейтін құралдың көрсеткіштерін салыстыру мүмкін емес жағдайда туындайды. Мысалы, біреуі түрақты екіншісі айналмалы токқа арналған екі вольтметрдің көрсеткіштерін салыстырғанда.
Мұндай жағдайда салыстырып тексеру (калибрлеу) сұлбасында аралық буын - компаратор енгізіледі (потенциометр). Тәжірибеде компаратор қызметін кез келген өлшем құралы атқара алады, егер ол салыстырып тексерілетін және эталонды өлшегіш аспаптардың сигналдарына бірдей жауап беретін болса. Бұл әдістің артықшылығы, мамандардың ойынша, екі шаманы салыстыру уақыттарының кезектігінде.
Тура өлшеулер әдісі өлшеудің белгілі бір шектерінде сыналатын құралды эталонмен салыстыруға мүмкіндік бар кезінде қолданылады. Жалпы алғанда бұл әдістің қағидасы тікелей салыстыру әдісімен үқсас, бірақ тура өлшеу әдісі арқылы әрбір диапазонның барлық сандық белгілерінде салыстыру жүргізіледі. Тура өлшеу әдісі, мысалы, тұрақты электр тогының вольтметрдің салыстырып тексеру немесе калибрлеу үшін пайдаланылады.
Жанама өлшеу әдісі өлшенетін шаманың нақты мәнін тура өлшеулер арқылы анықтау мүмкін емес жағдайларда немесе жанама өлшеулер тура өлшеулерге қарағанда дәлірек болғанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет