Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет66/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86
Акишев

25-сурет. Бірқалыпты шкаласы бар 0,5 дәлдік класындағы вольтметрдің панелі
Егер жоғарыдағы жағдайларда нөлдік мән өлшеу диапазонының ішінде орналасатын болса, онда өлшенетін шаманың мәні есептегіш құрылғының көрсеткішінің өлшеу шегі модулінің ең жоғарғысына сәйкес келмейтін пайыз санынан артық болмайды.
Мысал: 26-суретте көрсетілген 1,5 дәлдік класындағы шкаласы бар амперметрдің есептегіш құрылғысының көрсеткіші 4 А көрсетіп тұр. Өлшенетін ток күші неге тең?





26-сурет. Бірқалыпты шкаласы бар 1,5 дәлдік
класындағы амперметрдің панелі

Шешу. Берілген құрылғы үшін өлшенетін ток күші көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен 0,3 А-ден артық болмайды. Сондықтан өлшенетін ток күші 3,7АI≤4,3А.


Бірқалыпсыз шкалалы өлшегіш құралдар үшін нормаланатын мән шкаланың ұзындығына тең етіп орнатылады.
Жіберілетін салыстырмалы негізгі қателіктің шектері: егер ∆ (11) формуласы бойынша анықталса,



Егер ∆ (12) формуласы бойынша анықталса,



Мұндағы q – стандартталған мәндер тізбегінен таңдалатын өлшемсіз оң сан; Х­k - өлшемдер шектері ішіндегі модулі бойынша ең үлкені (өлшеудің жоғарғы шегі немесе ортасында нөлі бар аспаптар үшін өлшеулер шектерінің сомасы); c, d – стандартталған мәндер тізбегінен таңдалатын оң сандар; х – аспап көрсеткіші.


Жіберілетін қосымша қателіктің шектері, әдетте, жіберілетін негізгі қателіктің шегінің үлестік мәні түрінде орнатылады. Дәлдік класының белгісі аспаптардың шкаласына, щиттеріне немесе корпусына жазылады.
Өлшем құралдарының дәлдік кластары шартты белгілермен (әріппен, санмен) белгіленеді. Жіберілетін негізгі қателіктер шектері (13) және (14) формулаларға сәйкес келтірілген немесе салыстырмалы қателік түрінде өрнектелетін өлшем құралдары үшін дәлдік кластары пайызбен осы шектерге тең сандармен белгіленеді. Салыстырмалы қателікті келтірілген қателіктен ажырату үшін дәлдік класын салыстырмалы қателік түрінде белгісін дөңгелекпен сызады . Егер қателік шкала ұзындығынан пайызбен нормаланған болса, онда класс белгісінің астына белгісін қояды. Егер қателік (15) формуласымен нормаланған болса, онда дәлдік класы c / d ретінде белгіленеді (мысалы, 0,02 / 0,01) [6].
Мысал. Өлшеу шектері 0.........10А амперметр шкаласында 2,5 дәлдік класы көрсетілген. Бұл осы аспап үшін келтірілген қателік нормаланғанын білдіреді. (3.6) формуласына ХН = 10 А және р= 2,5 мәндерін қоя отырып келесіні аламыз:



Егер дәлдік класы келесідей белгіленсе , онда қателікті өлшенген мәннің пайызымен есептеу қажет болар еді. Осылайша, Іизм = 2 А кезінде, аспап қателігі 2·2,5/100=0,05 А-ден аспауы қажет.

Мысал: 27-суретте көрсетілген 0,02/0,01 дәлдік класындағы шкаласы бар ампервольтметрдің есептегіш құрылғысының көрсеткіші 25 А көрсетіп тұр. Өлшенетін ток күші неге тең?


Шешу. Берілген құрылғы үшін өлшенетін ток күші көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен [0,02+0,01(50/-25-1)]% = 0,03% А-ден артық болмайды. Сондықтан өлшенетін ток күші 24,992 АІ≤25,00 А.





27-сурет. Бірқалыпты шкаласы бар 0,02/0,01 дәлдік
класындағы ампервольтметрдің панелі
Мысал: 28-суретте көрсетілген дәлдік класындағы бірқалыпсыз шкаласы бар мегамметрдің есептегіш құрылғысының көрсеткіші 40 МОм көрсетіп тұр. Өлшенетін кедергі неге тең?
Шешу. Дәлдік класының мұндай белгісі үшін өлшенетін шама көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен 2,5%-дан артық болмайды. Сондықтан өлшенетін кедергі 39 МОм ≤ R ≤ 41 МОм.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет