Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 121
Стр. 123
Қазақстанның ашық кітапханасы
122
—
Немене әшейін емес?
—
Зеңбіректердің төпеп кеткенін айтам... Үлгірсек жарар еді...
—
Неге үлгірмейміз?
—
Алдымыз келе жатқан шабуыл сияқты ғой.
—
Аспанның асты қуыс... Біз сыйып өтерлік бір қалтарыс қалар..
Зеңбірек оқтары жиі түсе бастады. Екі аттап, бір жата қалып, әрең жүріп келеміз. «Жүгір!»
деген әмірге «жат!» деген әмір жалғаса шығып қалады. Жатуға — уақыт жоқ, жүгіруге —
аяқ басар бос жер жоқ, бірақ соның екеуін де істеп, әйтеуір алға қарай кетіп бара
жатырмыз.
Ревякин бүгінгі халдың қысаңшылығын айтып отырғанда, мен манағы ойын-
қалжыңдарымыздан ұялып отыр едім, қазір абайласам, оным дұрыс та емес екен. Сол
біраз қалжыңмен талай күнгі азап ауырлығын жуып тастағандай, жауынгерлерім жеңіл
жүріп келеді. Ойын мен күлкі ой мен бойды көтеріп тастапты. Бұдан бұрынғы, айлар бойы
созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі келе жатқандаймыз.
Мүмкін, бүгін соғыстың жаңа бір күні басталғалы келе жатқанын сезетін шығармыз.
Әйтеуір бой сергек, ой ояу келеміз.
—
Танкы! — деді Володя алға қарап.
Оқ боранынан көтерілген қалың шаңның ішінең қаз-қатар жорғалап келе жатқан қара
қоңыздай танкылар көріне бастады. Ревякин айтқандай бүгін булар өте ызалы, қарсы
алуға тура келеді.
Күн күркіреп тұрғанда шегіртке де шырылдамайтын еді. Жер-көк қосыла күркіреп, қосыла
шайқалып тұрғанда, жалпақ жайлауды тұтас жаңғырықтыратын шегіртке шырылындай
дамылсыз, тоқтаусыз автомат оғы жауа бастады. Жаудың танкыға мінген жаяу әскері
айқас шегіне жеткен соң, түсе қалып, оқ төгіліп келеді.
Ыңғайсыз жерде кездесіп қалсақ та, жағдай талғар жай жоқ, ескі бір окопқа түсе қалып,
әрбір адым жердің қорғаушысы барын көрсетуге әзірлендік...
Қат-қабат тарсыл-гүрсілдің астында қалған Ростов қаласы ауыр дем алады. Тау
қырқаларындай жота-жота болып көрінетін биік үйлі, тас құйылған кең көшелі, кең
тынысты көркем қаланың қазіргі бейнесін будақ-будақ, өрт түтіні мен әр терезесінен
жалын атып, балқығандай ойысып, құлап бара жатқан үйлер арқылы ғана беруге болады.
Бұрын шаң тұрғызбай, әлсін-әлі жуып, айнадай жарқыратып ұстайтын көшелерде қазір
үйіліп, бұрқырап кірпіштер, майысып-бұралып әлдене түрлі темірлер жатыр.
Қала кегі от болып жанып, оқ болып атыла бастағалы екі жетіге айналып барады. Әрбір ақ
терек, әрбір алма ағаштары атып та жатыр, атылып та жатыр. Оңтүстікке арнап жинаған
мол қорын жау қазір осы қаланың үстіне төгіп, дем алғызбай тұр. Жаудың атқан әрбір оғы
ауыр-жеңіл жара салып, күн демей, түн демей, қаланың денесіне дариды. Біздің оқтар
амалсыз сай-саланы сүзіп, жол бойларын кезеді. Бейбіт шақта қаланың қан тамырындай
тармақталып өмір қорегін жеткізіп тұратын жолдармен қазір жаудың темір лектері келе
жатыр. Дон өзенін екі жақтап салған бау-бақшаларда дүниеге келген жаңа бір қоңыздар
жүргендей сезінесің. Қала үстіндегі әрі ащы, әрі қою қара түтін еш нәрсені көрсетпей
тұншықтырып барады.
Достарыңызбен бөлісу: |