Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 133 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет133/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 133 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 132



Стр. 134

Қазақстанның ашық кітапханасы


133
одан арғы бір темір қалпақты сақ еткізіп төбеден ұрып жіберді. Алысқанын астына ала
Толстов та құлап барады, кезінің қарасы жоғалып, қыпылықтап ағы ғана қалған, темір
қалпақ та шалқалап қулап барады. Алдын бөгеген біреулерді шаншып алып сыртқа
лақтырып, Семен окоптың екінші басына қарай ұмтылды. Әлдекімнің әлі келмей
жатқанын аңдап қалуы керек, оқыс қимылдап, тез барып жетті.
Дал төбемізде ракета тағы бір жарқ етіп қалды, зіркілде келе жатқан танкының сорайған
жалғыз мүйізі де көзіме түсті. Жалпақ табандары шақыр-шұқыр етіп, танкы окоптың сол
қанатынан бастап тапап келеді.
Жатыңдар! — дедім, бар даусыммен. Неге екенін осы күнге дейін білмеймін, шолақ
найзаны кеудесінен сұғып алып окоптың қабырғасына жаныштап жатқан соңғы немісімді
сол күйінде қалдырмай, оны да окоптың түбіне қарай құлата салып, өзім үстіне құладым.

Жатыңдар!..
Ұзын бір ақ кірпікті алқымынан алған бойы астына сала Семен де құлады. Окоптың
жиектерін опыра, үстімізге балшық пен қарды үйе-мүйе танкы табаны бір етіп кетті.
Қолыңды азғана созсаң тиіп қалардай жақын өтті. Саршаянның бауырындай бауыр жағы
шым-шытырық жеркеніш екен. Енді артымен шегініп, окоптың, бір ернеуін қырынан
жаншып, кейін өтті. Белуарымыздан басқан балшықтың салмағы ауырлап барады. Бәріміз
де үн шығармай, бұғып жатырмыз. Танк сияқты үлкен нәрсе бір орында көп тұра да
алмайды. Осы жолғысынан аман қалсақ, гранатасы сақталып қалған біреу сілтеп қалуы да
мүмкін. Танкының осал жері де арт жағында болады.
Астыма ала құлаған немісім қырқырап, жеркеніш бір үн шығарып жатыр. Жылжып басқа
жаққа кетейін десем, сол жағым балшық үйіліп тұйықталып қалыпты. Оң жағымда
Семенның астына түскен ұзын немістің шегелі өкшесі таяу жатыр. Қозғалып кетсе-ақ
Семеннің жалпақ табаны да шекемнен соғып, окоптың іргесіне жапсыра салатын. Дәл
кәзір танкының табанынан гөрі Семенның табаны қауіптірек секілді.
Танкы бізді тастап екінші окопқа қарай жылжыды. Атып тұрып:

Граната! — дедім. Әлдекім сарт еткізіп соғып та жіберді. Арт жағына бір құшақ
отты жапсырып алып, танкы кейін бұрылды. Енді ол арт жағынан оқ тиген қасқырдай
ышқынып, зытып кетіп барады. Бірақ, көлденең соғып жіберген Ревякин бөлімінің
гранатасынан бір ғана лоқсып қап, танкы тұрып қалды. Қазір қалың қара түтінге оранып
лап береді.
Мен «граната» дегенде жауынгерлерім үстеріне үйіліп қалған балшық пен қарды әрең
аударып тастап, тура бастап еді, бырс-бырс етіп екі рет атылған тапанша даусы да естілді.
Ауыр ыңырсып, аунап түсе берген Семенге кезім тусті. Басқалар тұра келді де, алып
Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Әлгіде ғана астында қимылсыз жатқан ақ
кірпік немістің қыбырлағаны сезілді. Шолақ найзамен немісті дәл кеудесінен пісіп-пісіп
жібердім. Тапанша ұстаған оң қолы көтеріле берді де, сылқ түсіп кетті.
Семенды бәріміз жабылып көтеріп алып, сүйеп отырғызып көрін ек, ауырсынғаннан басқа
белгі бере алмады. Астына ала құлаған неміс офицері бір есін жинағанда тапаншамен өкпе
тұсынан екі атып қалыпты.

Сема, Сема! — дейміз жан-жағынан. Алыпта үн жоқ... Қара қошқыл жалынға
оранып жана жөнелген танкы жау жақ бетімізге қорған да болып қалды. Майданның,
шегініп қалған жерін қайтадан кешегі сызатына апарып түзеп жібердік, өлген немістерді
ашу үстінде аяқ-қолынан ұстап алып, жауынгерлерім сыртқа лақтырып жатыр. Шегінген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет