Көшеден тыс аумақ: Қызыл сызықтан асқан құрылыс шегіне дейінгі аумақ. 2.33Гараждық кешендер: Автосервиспен немесе автомобильдердің қосалқы бөлшектерін сатумен байланысты, техникалық және басқа да түрлі қызметтер көрсететін, автомобильдерді қоятын немесе сақтайтын ғимараттар не ғимараттар тобы. Гараждық кешендерде шағын көлемді май құю бекеттері орналасуы мүмкін. Сонымен қатар гараждық кешен басқа да қызметтік мақсаттағы нысандармен(білім беру, емдеу, балалар мекемелерінен басқа) толықтырылады. 2.34Қонақтар тұрағы: Тұрғынжай құрылысына келген қонақтардың жеңіл автокөлітеріне арналған тұрақ. 2.35Қала құрылысы қызметтік аймағы: белгілі шекарасы бар, қала құрылысының регламентін, өмір сүрудің әлеуметтік-кепілділік жағдайларын қамтамасыз ететін нормалар мен құқықтарды сақтаған, бүтін жобалық құрылымы бар қала территориясының бір бөлігі.
3.7 Жалпықалалық сәулет-жоспарлық сызықтар аймағы: Негізгі қоғамдық орталықтарды, қызметтік және аймақ дамуының негізгі бағыттарын анықтайтын аумақтарды байланыстыратын елдімекен территориясының қала құрылысына арналған құрылымдық бөлігі.
3.8 Территорияларды интенсивті пайдалану (құрылыстардың интенсивтілігі): Ғимараттар мен құрлыстардың жалпы өлшемдері,
3.9 Территорияларды пайдалану жиілігі (құрылыс салу жиілігі): Территориялардың нормативті өлшемдері, құрылыс салу коэффиценттері, құрылыс тығыздылығы көрсеткіштері көрсетілген қаланың бас жоспарында бекітілген қала құрылысын салудың мақсаттылығына сәйкес табиғи ландшафт пен ғимараттар мен құрылыстардың жалпы өлшемдері.
3.10 Жекелеген құрылыс салу: Кейбір типологиялық сипаттамаларға сәйкес осы категорияға жатқызылатын нысандар (жекелеген азаматтар мен құрылыс мекемелерінің қаражатына коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатта салған ғимараттар, құрылыстар немесе инженерлік қызметті қамтамасыз ететін жүйелер). Бұған төмендегі категориялар жатады:
-
жекелеген, бөлекше тұрған, қоршалған тұрғын үйлер;
-
үй иелерінің жекелеген қызмет түрімен айналысуына байланысты жеке тұрғын үйлеріне қосып салған қоғамдық мақсаттағы жайлар*;
-
жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру мақсатындағы инженерлік қамтамасыз ететін элементтері бар өндіріс нысандары.
* Қоғамдық немесе басқа да мақсаттағы иесінің жекелеген қызмет түріне қатысты оның тұрғынжайына қосылып салынған нысандарға дүкендер, кафелер, видеозалдар, би барлары, мұражай немесе көрме залдары, жеке кітапханалар, ақпараттық орталықтар, шығармашылық студиялары мен шеберханалары, жергілікті ұсталардың шеберханалары, тренажер залдары, кіші спорт залдар, кіші бассейндер, сауналар мен массаж жасайтын орындар кометалогиялық, дәрігерлік кабинеттер, шаштараздар және тағы да басқа өртке қарсы қауіпсіздік шаралары, санитарлық, экологиялық т.б. талаптарды бұзбайтын, заңға қайшы әрекет етпейтін, тұрғынжайлар мен олардың территорияларында болуына тыйым салынбаған орындар жатады.
3.11 Инженерлік нифрақұрылым: Тұрғындардың өмір сүруіне қажетті барлық ресурстарды қамтамасыз ететін инженерлік коммуникациялар (жүйелер, нысандар мен құрылыстар) мен қоршаған ортаның экологиялық сипатын жақсартатын жүйелер жиынтығы.
3.12 Тарихи аудан: Елдімекен территориясында сақталған тарихи-мәдени құндылығы бар жылжымайтын мүлік немесе оның бір бөлігі, үзігі, жоспарлы құрылымы, табиғат ландшафтының бөлшегі.
3.13 Квартал: Көше-жол жүйелерінің қызыл сызығы арқылы шектелген көшеаралық территория.
3.14 Кластер: Жеке өндірістік немесе қызмет көрсету фирмаларының, технологиялар мен ноу-хау құрастырушылардың, нарық институттары мен тұтынушаларды байланыстыратын, бағаны қоюда бірлесе жұмыс жасайтын ерікті бірлестіктер жүйесі.
3.15 Қала құрылысын кешенді қайта жаңғырту: Елдімкеннің барлық территориясында ондағы өмір сүру салты мен құрылымдық-жоспарлы элементтерін жақсартуға бағытталған функциональды және сәулет-жобалық келбетін түбегейлі жаңғыртуға алып келетін өзгерісі.
3.16 Коттедж құрылыстары: Белсенді ауылшаруашылығы қызметімен айналысуға арналмаған, жекеше тұрған, бір пәтерлі 1,2,3 қабатты, 800 м2-ден артық жер көлемі бар бөлекше тұрған тұрғынжайлар аймағы.
3.17 Құрылыс салу коэффиценті: Құрылыс салынып жатқан территорияның сыртқы қабырғаларының сол жер тілімінің ауданына қатынасы.
3.18 Аз қабатты тұрғынжай: Аз қабатты тұрғын үй ғимараты, аз қабатты үй немесе жер телімі, басқа да қосымша құрылыстары бар олардың тобы. Бір ғана отбасы бар аз қабатты тұрғынжай иелік деп аталады.
3.19 Аз қабатты тұрғын үй: Тұрақты тұуға арналған төменгі қабаты мен мансарды бар үш қабаттан биік емес жобаланған немесе аяқталған құрылыс ғимараты. Аз қабатты тұрғын үй бір пәтерлі немесе көп пәтерлі болуы мүмкін.
3.20 Аз қабатты үй: Жабдықталған және қолданыстағы аз қабатты тұрғын үй ғимараты.
3.21 Морфотиптер: Қаланың эволюциялық дамуындағы әртүрлі кезеңдерде салынған құрылыстар типтері.
3.22 Сыртқы (визуальды) жарнама: Жылжитын және жылжымайтын нысандарда орналастырылған, сонымен қатар автокөлік жолдардың жиегінде, елдімекендердегі ғимараттардан тыс жерлерге орнатылған жарнама.
3.23 Ерекше қорғалатын табиғат территориясы: Арнайы қорғау режимі орнатылған мемлекеттік нысанның табиғи-қорықтық қоры мен табиғат кешендеріндегі жер телімдері, су нысандары, әуе кеңістігі.
3.24 Автокөліктер тұрағы: Түрлі қызметтік бағыттағы нысандарға келушілердің автотранспорттық құралдары уақытша тұратын тұрақ.
3.25 Аралық аймақ: Елдімекеннің орталық белдеуі мен оның шекарасы аралығындағы аймақ.
3.26 Елдімекеннің жоспарлы каркасы: Урбанизацияланған және табиғи сызықтар арқылы қалыптасқан негізгі коммуникациялық және жоспарлық құрылымын жүзеге асыратын, материалдық ортаның жоспарлы элементтерін байланыстыруша басты жүйесі.
3.27 Елдімекеннің жоспарлы құрылымы: Елдімекен мен қала маңы аймағы тұрғындарының негізгі өмір сүру қызметтерінің жүзеге асуын анықтайтын жоспарлы лементтердің ішкі өзара байланысы және құрылысы.
3.28 Құрылыс тығыздылығы: Территория бірлігі (мың.м2/га) мен ондағы көше-жол жүйелерінің ұзындығына(п.км/га) қатысты ғимараттың жер үстіндегі құрылыс қабаттары мен сыртқы қабырға габариттерінің қосындысы.
3.29 Тұрғынжай құрылысының тығыздылығы: Тұрғын үйдің жер үстіндегі қабаттары ауданы мен сыртқы қабырғалары габариттеріндегі тұрғын үй территориясына(мың.м2/га) сәйкес аралас құрылысы бар тұрғынжайға жатпайтын құрылыстардың қосындындысы.
3.30 Күрежол жанындағы территория: Жалпы қалалық күрежолдарға жақын, оларды қала орталығымен байланыстыратын қала көшелерінің қызыл сызығынан 50 м-ден артық емес күрежол жанындағы нысандардың жер телімдерінің жалпақтығы мен тереңдігіне сәйкес территория.
3.31 Арнай қорғалатын табиғат территорияларының табиғи кешендері: Арнайы қорғауға жататын биологиялық түрлер мен өлі табиғат нысандарының жиынтығы.
Рампалық өткелдер: көп қабатты тұрақ жағдайындағы автокөліктер өтуге арналған арнайы еңкейтілген құрылыс.
3.32 Сервитут: Міндеткерлік-бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы (мысалы біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы) немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мысалы көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу; әкімшілік сервитут жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады).
3.33 Көгалдандырылған территориялар жүйесі: Жоспарлауды ұйымдастыру мен қызметтік өзара байланысы бар, арнайы мақсаттағы, шектеулі қолданыстағы немесе жалпы қолдныстағы көгалдандырылған территория.
3.34 Қабысу территориясы: Көшенің құрылыс аймағы мен қызметтік мақсаттағы басқа да территорияларды (тұрғын, қоғамдық, рекреациялық), өндіріс аймағын бөліп тұрған территория.
3.35 Қабатаралық аудандар қосындысы: Ғимараттың жер үстіндегі бүкіл тұрғынджайлары аудандарының қосындысы.
3.36 Өмір сүрудің әлеуметтік-кепілдік шарттары: Қазіргі заманғы әлеуметтік, гигиеналық, қала құрылысы талаптарына сәйкес қалалық ортаның жағдайы. Бұл шарттарға қала құрылыс нормаларының нысандарын жоспарлау параметрлерін сақтау арқылы қол жеткізеді
3.37 Усадьбалық (иелік) құрылыс: Бір немесе екі пәтерлі аз қабатты шаруашылық мақсатындағы қосымша құрылыстары, бау-бақшалық жері бар, қажетті жағдайда құс, мал өсіруге рұқсат етілген территория.
3.38 Транспорттық инфрақұрылым: Қала ішіне, сыртына, қала маңына бағытталған, оларды байланыстыратын, жолаушылар және жүк тасымалдайтын транспорттарға арналған ғимараттар мен коммуникациялар жүйесінің жиынтығы.
3.39 Қызметтік аймақ: Мақсатты функциональды пайдалану мен перспективалы дамыту жағдайларына қатысты елдімекен территориясы бөліктерінің жиынтығы.
3.40 Автокөліктерді сақтау: Автокөліктердің тіркелу орнына қарай тұрақты тұрғындарға тиісті автотранспорттардың орналастырылуы.
3.41 Орталық бөлік: Елдімекеннің оның орталық бөлігінде орналасқан жері.
-
МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |