Строительные нормы республики казахстан қала қҰрылысы. ҚАлалық ЖӘне ауылдық елді мекендерді жоспарлау және қҰрылыс салу


Тарихи, әдени немесе қорғалатын ландшафттық нысандар бар елдімекендерде тарихи құрылыс салу аймақтарын бөліп көрсету қажет



бет5/25
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#129865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Тарихи, әдени немесе қорғалатын ландшафттық нысандар бар елдімекендерде тарихи құрылыс салу аймақтарын бөліп көрсету қажет.

5.1.12 Қала құрылысын салудың функционалды аймақтар құрамы, сондай-ақ олардың шеңберінде жер телімдерін пайдалану ерекшеліктері қала құрылысын салу регламентімен, нормаларымен, ережелерімен анықталады, қала құрылысын салу, жер, табиғатты қорғау, санитарлық және тағы да басқа [1,4] арнайы нормативті актілермен шектеледі.


Жергілікті атқарушы органдардың жалпы қолданыстағы жерлерді пайдалану тәртібі қала құрылысын салу заңдылықтарымен [1] және Қазақстан республикасының жер кодексімен реттеледі.

5.1.13 Қала құрылысының функционалды аймағын анықтауда және қала құрылысы регламенттерін бекітуде олардың шеңберіндегі жер телімдерін пайдалануда қала құрылыс қызметіне қойылатын арнайы басқарылатын аймақтарда бекітілген шектеулер ескерілуі тиіс. Олардың ішінде тарихи құрылыс салу аймақтары, тарихи-мәдени қорықтар, тарихжәне мәдениет ескерткіштерін қорғау аймағы, ерекше қорғалатын табиғат территориялары аймағы, оның ішінде, саниртарлық, таулы-санитарлық қорғау округі, санитарлық-қорғаныс аймақтары, суды қорғау аймақтары мен белдеулер, пайдалы қазбалар аймақтары, табиғы және техногендік сипаттардағы (жер сілкінісі, сең жүру қаупі, су алу және суда қалу, қазба жұмыстары жүріп жатқан және топырағы отыратын аймақтар) құрылыс салуға тиімсіз аймақтар.

5.1.14 Өндірістік және басқа да нысандары бар қоршаған ортаны қорғау қызметін атқаратын санитарлық-қорғаныстық аймақтар сол нысандар орналасақан қала құрылысының функционалды аймақтарына жатады. Санитарлық-қорғаныстық аймақтарды пайдаланудың шекті мөлшері су ресурстарын қорғау заңдылықтарына, осы нормативті құжатқа, өндірістік нысандарды жобалауға[6] арналған санитарлық-эпидемеологиялық ережелерге сонымен қатар жергілікті санитарлық-эпидемеологиялық бақылау органдарының келісіміне сәйкес.

5.1.15 Қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына (жер сілкінісі, селдер, су тасқыны, сең жүру) бейім аудандарда елдімекендер территориясын белгілеуде қауіп дәрежесінің ең төменгі мөлшеріне сай әрекет етіліуі керек. Қауіп деңгейі ең жоғары аймақтарға қауіп төнген жағдайда тез қимылдау мүмкіндігі бар, оларды тез көшіре алатын саябақтар, демалыс парктерін, ашық спорт алаңдарын және басқа да адамдар көп әрі ұзақ уақыт болмайтын нысандарды орналастыру қажет.


7,8,9 баллдық сейсмикалық аймақтардағы елдімекендер территориясын белгілеуде сейсмикалық микроаудандау есебін ескеру керек.

Құрылыс салынатын инженерлі-геологиялық жағдайлары күрделі аудандарда ең алдымен, инжернерлік дайындыққа, құрылысқа, ғимараттарды пайдалануға аз қаражат жұмсалатын жер телімдерін пайдаланылуы тиіс.

Елдімекен территориясын пайдалану немесе жобалық пайдалану балансын құрастырғанда осы нормативті құжаттың 5.1.9 бөлімінде көрсетілген территорияларды аймақтарға бөлуді және Қазақстан республикасының жер кодексінде анықталған жерлердің категорияларын және қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарын бөлуде негізге алу қажет. Елдімекен территориясын пайдалану немесе жобалық пайдалану балансы құрамында республикалық, аймақтық және басқа да әкімшілік-территориялық маңызы бар мемлекеттік меншіктегі нысандар орналасқан жерлер мен осы қала құрылысын салу мен жер кадастрлеріндегі [2,3] мәліметтермен байланысты жеке меншік жерлерін бөлу керек.

5.1.16 Қалалық және ауылдық елдімекеннің жоспарлы құрылыман төмендегі мәселелерді ескере отырып қалыптастыру қажет:


  • қала құрылысының функционалдық аймақтарын олардың өзіндік құнын ескере отырып, өзара байланыста, ықшамдап орналастыру;

  • территорияларды қоғамдық орталықтар мен инженерлік инфрақұрылымдар жүйесімен байланыста аймақтарға бөлу және құрылымдық бөлшектеу (тиімді аудандарға бөлу);

  • жер телімдерінің көлемі, құрылыстардың рұқсат етілген тығыздылығы мен қала құрылысын салудың бағалылығына қарай территорияларды пайдалану;

  • архитектура-қала құрылысын салу дәстүрлерін кешенді есепке алу, жергіліктір жерлердің табиғи-климаттық, ландшафтық, ұлттық-тұрмыстық, тарихи-мәдени, этнографиялық және басқа да ерекшеліктерін ескеру;

  • өмір сүру жүйесінің тиімді қызмет етуі мен дамуы мен жылу-энергетикалық және су ресурстарынүнемді пайдалану;

  • қоршаған орта мен мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау;

  • табиғат ресурстары мен жер асты байлықтарын сақтау және тиімді пайдалану.

Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймқтарда қалалардың жоспарлық құрылымын бөлуде басты назарды өрт қауіпсіздігі мен жарылыс мүмкіндіктерін болдырмайға аудару қажет.

Тарихи, мәдени немесе ландшафтық нысандары бар елдімекендерде олардың тарихи жоспарлы құрылымдары мен өзіндік архитектуралық келбетін, масштабын, тарихи аймақтарды реконструкциялау мен регенрациялаудың кешенді бағдарламалары мен жобаларына және 15 бөлімдегі талаптарға сәйкес сақтау қажет.

Ауылдық елдімекен территориясын ұйымдаструда ауылдық-әкімшілік территориялық бірліктердің функционалдық және жоспарлық ұйымдасуын ескеру қажет.

Қалалық және ауылдық елдімкендерде құрылыс салуды жоспарлау мен жүргізу кезінде мүгедектер мен басқа да тұрғындардың аз жұмылдырылған топтарына әлеуметтік нифрақұрылымға ХҚН 3.02-05 талаптарына сәйкес, кедергісіз бара алу жағдайларын жасау қажет.


5.1.17 Аса ірі және ірі қалаларда жер асты кеңістігін кешенді пайдалану мақсатында оларда өзара байланыстағы қалалық транспорт құрылыстарын, өндірістер мен сауда, қоғамдық тамақтану мен коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету, ойын-сауық және спорт орындары мен көмекші мекендер, әкімшілік, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары мен инженерлік құралдар жүйесі нысандары, түрлі мақсаттағы өнеркәсіптік және қоймалық нысандарды тиімді орналастыру керек.


Барлық қала құрылысының функционалды аймақтарындағы жер асты кеңістіктерінде мұндай нысандарды орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген осындай нысандарға қойылатын санитарлы-эпидемеологиялық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауміндетті.

5.1.18 Елдімекендерде сыртқа жарнамалар Сыртқы жарнамалар Ережелеріне сәйкес орналастырылады.

5.1.19 Тұрғын үйлердегі жекелеген спутниктік, эфирлік қабылдау құрылымдары құрылыс салудың жергілікті ережелеріне сәйкес орналастырылады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет