Мақсаты
Осы құрылыс нормаларының мақсаты – қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен құрылысына арналған негізделген міндетті жалпы талаптарды орындауға тіршілік әрекет жағдайын қамтамасыз ету, техногенді факторлардың әсерінен халықтың денсаулығын сақтау мен қоршаған табиғи ортаны қорғау, сондай ақ Қазақстан Республикасы заңдарымен орнатылған жағдайды жасау, халықтың кіші мобильді топтарын қоса азаматтарды әлеуметтік кепілдендіру, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін ғимараттармен қамтамасыз ету, абаттанған инженерлік және транспорттық инфраструктура болып табылады.
Қызметтік талаптар
Гигиена талаптары, адам өмірін қорғау, қоршаған ортаны сақтау охраны окружающей среды -
Елді мекендерді жоспарлау мен салу кезінде өмір тіршілік қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет. Қауіпсіздік факторлары халықаралық құжаттар арқылы реттеліп, оған экономикалық, демографиялық, экологиялық қауіпсіздіктер критерийлерін, төтенше жағдайларды болғызбау және сол елдімекендерде лайықты, қауіпсіз өмір сүру шаралары кіреді.
-
Қалалық және ауылдық елдімекендерді көшіру, жобалау, құрылыс жұмыстарын жүргізу, оларды пайдалану табиғат-климаттық, санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтау, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен гигиенасын сақтау, өрт қауіпсіздігін болдырмау және елдімекендер мен олардың аралығындағы жерлердің тұрақты дамуын бұзбай жүзеге асуы тиіс.
-
Тұрғылықты ортаны қалыптастыру кешенді түрде жүзеге асып, адамның баспана мен оны қоршаған ортаны абаттандыруға деген әртүрлі қажеттіліктерін өтеп, қалалық және ауылдық елдімекендердің санитарлы-техникалық деңгейін көтеру қажет.
-
Тұрғындардың жұмысқа, мәдени-әлеуметтік нысандарға, демалыс орындарына транспорттық құралдар арқылы бара алу мүмкіндігі ескеріліп, территория қауіпсіздігі, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды мейлінше болдырмайтындай жағдай жасап, жеке және қоғамдық транспортты пайдалану кезінде ыңғайлы жағдай жасалуы керек.
-
Елдімекен территориясы адамға және оның территориясындағы табиғат кешендеріне инфрақұрылымның зиянды әсері (транспорт, өндіріс, жылуэнергетикасы, коммуналдық шаруашылық) тиетін аймақ ретінде қаралуы тиіс.
Елдімекен территориясы мен оны қоршаған табиғат аймағын тиімді пайдалануға қойылатын қала құрылысын салу талаптары мен жекелеген объектілердің элементтерін құрылымдық жоспарлауда төмендегідей мәселелер ескерілуі тиіс:
-
Қоршаған ортаға әсер ету деңгейі;
-
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі талаптарына сәйкес жоспарланған қызметтер сәйкестігі;
-
Қоршаған ортаны қорғау шараларына қатысты қала құрылысы жобаларының негізділігі мен қолжетімділігі.
-
Қала құрылысын салу жобасындағы жоспарланған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) және тұрғындарды оның зиянды әсерінен қорғау шаралары Қазақстан Республикасының табиғатты қорғауға арналған заң намалары негізінде жүзеге асуы керек.
-
Ғимарттардың энерготиімділігін жоғарылататын, ішкі микроклиматтың сапасын арттыратын және инновациялық дизайндағы құрлыстың халықаралық «жасыл стандарттарын» енгізу қажет.
Өрт қауіпсіздігі талаптары
-
Қалалық және ауылдық елдімекендерде құрылыс салуды жоспарлау мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде өрт қауіпсіздігі саласындағы Техникалық регламентке сәйкес талаптар мен міндеттер қатаң сақталуы қажет, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен оларды болдырмау әрекеттері жасалуы тиіс.
-
Ғимараттар мен құрылыстар өрт болу мүмкіндігі ескеріліп, сондай жағдай болған кезде өрттің көршілес ғимараттарға қолайсыз табиғат жағдайлары кезінде жайылмау жолдары ескеріліп салынуы керек.
-
Қалалық және ауылдық елдімекендерде құрылыс салуды жоспарлау мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде жан-жақтан өрт сөндіру машиналары, техникалары құтқару құралдары, медициналық көмек кедергісіз өтетіндей кіреберіс және жолдар болуы қажет.
Күтпеген жағдайлардан қорғау талаптары және пайдалануға қолжетімділік
-
Қалалық және ауылдық елдімекендерде құрылыс салуды жоспарлау мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде болуы мүмкін күтпеген жағдайларды минимумға жеткізу, адамдарға жарақат салмау, жаяу жүргіншілердің қозғалысы кезінде, әсіресе, жас балалар мен қарт кісілердің өміріне қауіп төндірмеу шаралары қатаң сақталып, транспорт құралдарының еркін қозғалысына кедергі келтірмейтін жағдай жасалуы тиіс.
-
Қала құрылысын жүргізу құжаттарын жасауда аз жұмылдырылған тұрғындар тобына әлеуметтік және басқа да мақсаттағы нысандарға кедергісіз жету жағдайлары ескерілуі қажет.
ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДІМЕКЕН ТЕРРИТОРИЯЛАРЫН ЖЫЛПЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жалпы талаптар
5.1.1 Қалалық және ауылдық елдімекендерді жобалау Қазақстан Республикасының сәулет, құрылыс, қала салуға арналған заңнамасы негізінде жасалынуы қажет [1].
Қалалық және ауылдық елдімекендерді жоспарлауда Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері мен нормативті-техникалық құжаттары негізге алынады.
5.1.2 Халықты орналастыру жүйесінің бір бөлігі ретіндегі қалалық және ауылдық елдімекендер жобасында нақтылы территорияны пайдалануда адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайтын әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және тағы да басқа факторлар ескерілуі тиіс. 5.1.3 Қалалық және ауылдық елдімекендердің жобасын жоспарлауда бекітілген мерзімге сәйкес қала құрылысын дамытуда перспективалы әрі рационалды талаптарды ескеру қажет. Бұл үшін төмендегідей принципиалды шешімдер керек: -
аймақтық даму;
-
қала құрылысын салу аймағын анықтау;
-
жоспарлау құрылымы;
-
инженерлі-транспорттық инфрақұрылым;
-
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау.
5.1.4 Барлық типтегі елдімекен тұрғындарының перспективадағы санын олардың демографиялық, табиғи және механикалық өсімдеріне (не азаюы) қарай көші-қон мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық, территориялық және ресурстық даму перспективаларын ескеріп анықтау керек. Ауылдық елдімекендердің даму перспективасы қала құрылысын салуды жобалаудың комплексті сызбасы негізінде сол аудандар территориясында агроөндірістік кешеннің, ауыл шаруашылығы өндірісі мен ұйымдардың, мекемелердің қалыптасуын ескере отырып жасалады. Егер қала құрылысын салуды жоспарлаудың кешенді сызбасы болмаса- жобалаудың тапсырмалары негізге алынады. 5.1.5 Қалалық және ауылдық елдімекендерді дамытуға арналған территорияны қала құрылысын салуда оның сәулет-жобалық шешімдерін, технико-экономикалық, санитарлы-эпидемиологиялық көрсеткіштерін, жылу-энергетикалық, су, территориялық ресурстарын, қоршаған ортаның жағдайын және тағы да басқа табиғат құбылыстарының өзгеруін тиімді пайдалануды есепке ала отырып таңдау қажет. Сонымен қатар қоршаған ортаға әсер етудің ең шекетулі жүктемелерін, территориялық және табиғи ресурстарды тұрғындардың өміріне қалыпты жағдай жасау мақсатында тиімді пайдалану, қоршаған ортаның табиғатына өзгеріс алып келетін табиғи экологиялық жүйені бұзбау ескерілуі тиіс. 5.1.6 Қалалық және ауылдық елдімекендердің бас жоспарын жасауда олардың экономика-географиялық, әлеуметтік, өндірістік, тарихи-архитектуралық және табиғи потенциалын ескеру қажет.
Бұл үшін:
-
елдімекендердің әкімшілік статусын, тұрғындардың болжалды санын, экономикалық базасын, агломерция жүйесіндегі орналасуы мен әлеуметтік маңызын, табиғат-климаттық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық-тұрмыстық және тағы да басқа жергілікті ерекшеліктерін ескеру;
-
қала мен қала маңы аумағының кешенді бағалануы, ондағы ресурстардың (табиғи, су-энергетикалық, еңбек, рекреациялық) тиімді пайдаланылуы, экономикалық базасының, қоршаған орта жағдайының өзгеру мүмкіндігін және оның тұрғындар өмірі мен денсаулығына әсерін, әлеуметтік-демографиялық жағдайды, тұрғындардың мемлекетаралық, аймақаралық көші-қон мәселесін ескеру;
-
елдімекендер мен оларға жақын территориялардың экологиялық, санитарлық-эпидемеологиялық жағдайларының жақсаруын болжау, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, өрт қауіпсіздігін және басқа да арнайы талаптарды ескеру;
-
елдімекендердің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерін алға қоя отырып, оларды дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
-
жылжымайтын мүлік нарығы дамуының перспективасын, территориялардың мемлекеттік емес нивестицияларды игеру мүмкіндігін ескере отырып, сол қалалық және ауылдық елдімекендердегі жер телімдерін жеке немесе заңды тұлғаларға сату, не жалға беру құқығын ескеру.
5.1.7 Елдімекендердің жоспарлық құрылымында тұрғын үй, қоғамдық немесе аралас, өндірістік-іскерлік құрылыстарды салудың төмендегідей құрылымдық-жоспарлық элементтерін көрсету керек: -
квартал (кварталдар тобы);
-
мөлтек аудан (мөлтек аудандар тобы);
-
аудан (ірі және үлкен қалаларда болады);
-
сәулет ансамбльдері мен қала құрылысы кешендері.
Ландшафты-рекреациялық территориялар құрамында 8 бөлімде көрсетілген талаптарға сәйкес жоспарлау элементтерін көрсету қажет.
Тиімді пайдалану сипатын, құрылымдық-жоспарлық элементтер санын, олардың шекаралары мен өлшемдері жобалау тапсырмаларында анықталуы тиіс.
5.1.8 Қала құрылысын және басқа да елдімекендерді жоспарлау мен салуда олардың функционалдық мақсаттағы басымдықтарын, жопарлы өлшемдерін және басқа да жоспарлы тыйымдарды көрсете отырып территорияны қоршау қажет. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға сәйкес қала құрылысын жүргізудің функционалдық аймақтары белгіленеді: -
тұрғын үй аймақтары;
-
қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтар;
-
рекреациялық аймақтар;
-
инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдық аймақтар;
-
өндірістік (өнеркәсіптік) аймақтар;
-
ауылшаруашылығы мақсатындағы аймақтар;
-
арнаулы мақсаттағы аймақтар;
-
режимді территориялар аймағы;
-
қала маңы аймағы;
-
санитарлық-қорғау аймақтары;
-
резервтегі территориялар (қала құрылысы ресурстары);
-
арнайы қала құрылысын реттеу аймақтары.
5.1.9 Қала құрылысының функционалды аймақтарының шекарасы елдімекендердің құрылысын жоспарлау мен салуда мынадай жағдайларды ескеруі қажет: -
территориялардың функционалды пайдаланылуы мен қалыптасқан жоспарлары;
-
елдімекеннің бас жоспарында көрсетілген қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарының өлшемдері, олардың жоспарға сәйкес дамуы;
-
бір аймақ шеңберінде әртүрлі жоспарлы территориялардың бірлесіп пайдаланылу мүмкіндігі;
-
әртүрлі категориядағы жерлер шекараларының өзгерістерін ҚР ҚН 3.01-00 негізінде территориялардың дамуына арналған құжаттарға сәйкес жоспарлануы қажет.
5.1.10 Қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарының шекарасы төмендегідей мәселелерге байланысты бекітіледі: -
инженерлік коммуникациялардың, көшелер мен өткелдердің қаама-қарсы бағыттағы транспорттардың легін бөлетін магистральды сызықтары;
-
қызыл сызықтар;
-
жер телімдерінің шекарасы;
-
әкімшілік-территориялық бөлініс шеңберіндегі елдімекендердің шекарасы;
-
әкімшілік-территориялық бірліктер шекарасы;
-
табиғат нысандарының табиғи шекаралары;
-
басқа да шекаралар
5.1.11 Қазақстан Республикасының заңдарына[3,4] сәйкес бекітілген территорияны пайдаланудың ерекше шарттары бар аймақтардың шекарасы, мәдени мұра нысандары орналасқан территоиялардың шекарасы қызмет ету аймағы шекараларымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |