Строительные нормы республики казахстан


-кесте - Биосүзгілерге арналған жүктелетін материалдың ірілігінң мәні



бет11/22
Дата23.02.2016
өлшемі2.85 Mb.
#5668
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

9.12-кесте - Биосүзгілерге арналған жүктелетін материалдың ірілігінң мәні


Биосүзгілер (жүктелетін материал)

Жүктелетін материалдың ірілігі, мм

Саңылауларының диаметрі, мм төмендегідей бақылау сүзгіштерінде қалып қоятын материалдың көлемі, % (салмағы бойынша)

70

55

40

30

25

20

Көп жүктелетін (ұсақталған тас)

40 бастап, 70 дейін

5 дейін

40 бастап,

70 дейін


95 бастап,

100 дейін



-

-

-

Тамшылы (ұсақталған тас)

25 бастап, 40 дейін

-

-

5 дейін

40 бастап, 70 дейін

90 бастап, 100 дейін

-

Тамшылы (керамзит)

20 бастап, 40 дейін

--

-

8 дейін

нормаланбайды

-

90 бастап,

100 дейін



ЕСКЕРТУ  Жүктемедегі пластиналы пішіндегі кесектердің мөлшері 5% аспауы тиіс.

9.3.3.7 Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жүктелетін материалдарды өндіруші компаниялардың ұсыныстары бойынша сүзгілерде тазартылған тоспа сулардың қайта циркуляциянуын қарастыру қажет. Қайта циркуляциялау коэффициентін көрсетілген шектеулердің шегінде сүзгіге әперілетін қоспа концентрациясының алынуына байланысты анықтау қажет. Тоспа су ағысының биосүзгіге келуін тоқтату мүмкін болмаған жағдайда жүктеменің үсті құрғап кетпеу үшін қайта циркуляциялануды қарастыру қажет.

Тоспа суларды биосүзгілердің бетіне түрлі конструкциядағы құрылғылардың, соның ішінде шайқалып тұратын науалардың, шашыратқыштардың, реактивтік шашқыштардың және т.с.с. көмегімен тарату қажет. Тазартылатын тоспа суларды белглі бір мерзімді әперетін бак-дозаторлар пайдаланылуы мүмкін.

Биосүзгілердің тарататын және бұратын желілері 9.3.5.1 сәйкес анықталатын қайта циркуляцияланатын шығымның ескерілуімен ең көп шығым бойынша есептелуі тиіс.

9.3.3.8 Биосүзгілердің есептелетін параметрлерін тоспа сулардың құрамы мен есептелген шығымына, талап етілетін тазалану дәрежесіне байланысты анықтау қажет.

Есептеген уақытта жүктелетін материалдың қажетті санын, қайта циркуляциялаудың, берілетін ауаның (аэросүзгілер үшін) шығымын, артық биосүзгінің өсімін анықтау қажет.

9.3.3.9 Шашыратқыштарды жобалаған уақытта:

- бастапқы бос арын 1,5 м жуық;

- соңы бос арын кем дегенде 0,5 м;

- саңылаулардың диаметрі 13 мм бастап, 40 мм дейін;

- бастың жүктелетін материалдың үстінде орналасу биіктігін 0,15 м бастап, 0,2 м дейін;

- судың ең күшті ағысы болған уақытта тамшылы биосүзгілерде суармалану ұзақтығын 5 мин бастап, 6 мин дейін алу қажет.

Реактивтік суарғыштарды жобалаған уақытта:

- тарату құбырларының саны мен диаметрін – құбырдың басында сұйықтықтың қозғалыс жылдамдығы 0,5 м/с бастап, 1,0 м/с дейін болғанда есептеу жүргізу арқылы;

- тарату құбырларындағы саңылаулардың санын – сұйықтық саңылаулардан кем дегенде 0,5 м/с жылдамдықпен ағатын болса, есептеу жүргізу арқылы;

- саңылаулардың диаметрін – кем дегенде 10,0 мм;

- суарғыштың арыны – есептеліп, бірақ кем дегенде 0,5 м;

- тарату құбырларының орналасуы – жүктелетін материалдың бетінен 0,2 м жоғары алу қажет.

9.3.3.10 Биосүзгілердің немесе секциялардың саны екіден кем болмауы және сегізден артық болмауы тиіс және олардың барлық жұмыс істейтін болуы қажет.

9.3.3.11 Сүзгілердің жабдықтарындағы конструкциясында қыс мезгілінде тоспа судың жеткізілуі біраз уақытқа кідіру жағдайларына арналған босататын құрылғылар, сонымен қатар биосүзгілердің түбін жууға арналған құрылғылар қарастырылуы тиіс.

9.3.3.12 Құрылыс жүретін ауданның климат жағдайларына, тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігіне, тоспа сулардың құйылу режиміне, температурасына байланысты биосүзгілерді бөлмелердің ішіне (жылытылатын немесе жылытылмайтын), я болмаса далаға орналастыру қажет. Биосүзгілерді далаға немесе жылытылмайтын бөлмеге орналастыру мүмкіндігі жылутехникалық есептеулермен негізделген болуы тиіс және мұндайда осы сияқты жағдайда жұмыс істейтін құрылыстарды пайдаланудағы тәжірибені ескеру қажет.
9.3.4 Тамшылы биологиялық сүзгілер
9.3.4.1 Тамшылы биосүзгілерге әперілетін тоспа сулар Len ОБТтол 220,0 мг/л артық болған уақытта тазартылған тоспа сулардың қайта циркуляциялануын қарастыру қажет; ОБТтол 220,0 мг/л және одан кем болған уақытта қайта циркуляциялау қажеттілігі есептеу жүргізіліп анықталады.

9.3.4.2 Тамшылы биосүзгілер үшін:

- жұмыс биіктігін Hbf 1,5 м бастап, 2,0 м дейін;

- гидравликалық жүктемені qbf 1,0 м3/(м2тәул) бастап, 3,0 м3/(м2тәул) дейін;

-  тазартылған судың Lex ОБТтол 15,0 мг/л алу қажет.

9.3.4.3 Тамшылы биосүзгілердің есебін жүргізген уақытта Len және Lex, мг/л, судың температурасы Tw белгіленген жағдайда qbf шамасын 9.13-кесте бойынша анықтау қажет. Мұнда, .



9.13-кесте  - Len және Lex, және су температурасы Tw болған кездегі

шамалардың qbf мәндері


Гидравликалық жүктеме

qbf, м3/(м2тәул)

Температура Tw, °С, биіктік Hbf, м болған уақыттағы коэффициент Kbf

Tw = 8

Tw = 10

Tw = 12

Tw = 14

Hbf = 1,5

Hbf = 2

Hbf = 1,5

Hbf = 2

Hbf = 1,5

Hbf = 2

Hbf = 1,5

Hbf = 2

1,0

8,0

11,6

9,8

12,6

10,7

13,8

11,4

15,1

1,5

5,9

10,2

7,0

10,9

8,2

11,7

10,0

12,8

2,0

4,9

8,2

5,7

10,0

6,6

10,7

8,0

11,5

2,5

4,3

6,9

4,9

8,3

5,6

10,1

6,7

10,7

3,0

3,8

6,0

4,4

7,1

6,0

8,6

5,9

10,2

ЕСКЕРТУ  Егер Kbf мәні кестедегі мәндерден асса, қайта циркуляциялауды қарастыру қажет.


9.3.5 Көп жүктелетін биологиялық сүзгілер. Аэросүзгілер

9.3.5.1 Аэросүзгілерге әперілетін тоспа сулар ОБТтол 300 мг/л аспау керек. ОБТтол көбірек болған жағдайда тазартылған тоспа сулардың қайта циркуляциялануын қарастыру қажет. Krc мына формула бойынша анықтау қажет:


(9.30)
мұнда, Lmix – ОБТтол бастапқы және циркуляцияланатын су қоспасы, Lmix мәні - 300,0 мг/л артық емес;

Len, Lex – ОБТтол бастапқы және тазартылған тоспа суларға сай келеді.

9.3.5.2  Аэросүзгілер үшін:

- жұмыс биіктігін Haf - 2,0 м бастап, 4,0 м дейін;

- гидравликалық жүктемені qaf 10,0 м3/(м2 тәул) бастап, 30,0 м3/(м2 тәул) дейін;

- ауаның меншікті шығымы qa - 8,0 м33 бастап, 12,0 м33 дейін, қайта циркуляцияланатын шығымның ескерілуімен алу қажет.

9.3.5.3 Аэросүзгілердің есебін жүргізген кезде qa және Haf белгілі болса, рұқсат берілетін шаманы qaf, м3/(м2тәул) 9.14-кесте бойынша анықтау қажет. Мұнда, .

Қайта циркуляциялаусыз тазаланған уақытта аэросүзгілердің ауданын Faf, (м2) қабылданған гидравликалық жүктеме qaf, м3/(м2тәул) мен тоспа сулардың тәуліктік шығымының Q, м3/тәул ескерілуімен есептеу қажет.

Тоспа сулар қайта циркуляцияланумен тазаланған жағдайда аэросүзгінің ауданын Faf, м2 мына формула бойынша анықтау қажет:



(9.31)

9.3.5.4 Өндірістік тоспа суларды тазалау үшін биосүзгілерді 9.13- және 9.14-кестелері бойынша немесе тәжірибелік жолмен анықталатын тотықтыру қуаты бойынша есептеу қажет.

9.3.5.5 Биосүзгілерден шығарылатын артық биоүлбірдің мөлшерін:

- құрақ затпен 8 г/(адам· тәул) – тамшылы сүзгілер үшін (ылғалдылық 96%);

- 28 г/(адам· тәул) – аэросүзгілер үшін (ылғалдылық 96%) алу қажет.

9.14-кесте  - Белгіленген qa және Haf кезіндегі рұқсат етілетін шамалардыі qaf, м3/(м2тәул) мәні


qa, м33

Haf,

м


Tw, °С, Haf, м және qaf, м3/(м2 тәул) болған кездегі коэффициент Kaf

Tw = 8

Tw = 10

Tw = 12

Tw = 14

qaf = 10

qaf = 20

qaf = 30

qaf = 10

qaf = 20

qaf = 30

qaf = 10

qaf = 20

qaf = 30

qaf = 10

qaf = 20

qaf = 30

8

2

3,02

2,32

2,04

3,38

2,55

2,18

3,76

2,74

2,36

4,30

3,02

2,56

3

5,25

3,53

2,89

6,20

3,96

3,22

7,32

4,64

3,62

8,95

5,25

4,09

4

9,05

5,37

4,14

10,40

6,25

4,73

11,20

7,54

5,56

12,10

9,05

6,54

10

2

3,69

2,89

2,58

4,08

3,11

2,76

4,50

3,36

2,93

5,09

3,67

3,16

3

6,10

4,24

3,56

7,08

4,74

3,94

8,23

5,31

4,36

9,90

6,04

4,84

4

10,10

6,23

4,90

12,30

7,18

5,68

15,10

8,45

6,88

16,40

10,00

7,42

12

2

4,32

3,88

3,01

4,76

3,72

3,28

5,31

3,98

3,44

5,97

4,31

3,70

3

7,25

5,01

4,18

8,35

5,55

4,78

9,90

6,35

5,14

11,70

7,20

5,72

4

12,00

7,35

5,83

14,80

8,50

6,20

18,40

10,40

7,69

23,10

12,00

8,83

ЕСКЕРТУ  qa, Haf және Tw аралық мәндері үшін Kaf шамасын интерполяциялау арқылы анықтауға жол беріледі.


9.3.6 Пластмасса жүктелген биосүзгілер
9.3.6.1 Биосүзгілерге пластмасса жүктемемен әперілетін тоспа сулар ОБТтол 250,0 мг/л асырмай алуға болады.

9.3.6.2  Пластмасса жүктемесі бар биосүзгілер үшін:

- жұмыс биіктігін Hpf - 3,0 м бастап, 4,0 м дейін;

- жүктеме ретінде поливинилхлорид, полистирол, полиэтилен, полипропилен, полиамид блоктар, диаметрі 50,0 мм бастап, 100,0 мм дейін беті жұмсақ немесе кедір пластмасса түтіктер не болмаса ұзындығы 50,0 мм бастап, 150,0 мм дейін, диаметрі 30,0 мм бастап, 75,0 мм дейін, қабырғалары перфорацияланған, гофраланған және жұмсақ кесілген түтіктер түріндегі толтыратын элементтерді;

- жүктелетін материалдың кеуектілігі 93% бастап, 96% дейін және меншікті беті 90,0 м23 бастап, 110,0 м23 дейін;

- табиғи аэрацияны қарастыру қажет.

Биосүзгіге келіп құятын тоспа суларды тоқтату мүмкін болған жағдайда жүктелудің бетіндегі биоүлбір құрғап кетпеу үшін тоспа сулардың қайта циркуляциялануын қарастыру қажет.

9.3.6.3  Пластмасса жүктемесі бар биосүзгілердің есебін жүргізген кезде мыналарды анықтау қажет:

а) гидравликалық жүктеме qpf, м3/(м3 тәул):

-  тиісті тазалану тиімділігіне сәйкес Э, %;

- тоспа сулардың температурасы Tw, С;

- қабылданған биіктік Hpf, м, 9.15-кесте бойынша;

б)  биосүзгілердің жүктелу көлемі мен ауданы:

-  гидравликалық жүктеме бойынша;

- тоспа сулардың шығымы бойынша.

9.15-кесте  - Жүктелу биіктігі Hp болған кездегі гидравликалық жүктеменің qpf мәні


Тазалау әсері Э, %

Жүктеменің биіктігі Hpf, м болған кездегі гидравликалық жүктеме qpf, м3/(м3 тәул),

Hpf = 3

Hpf = 4

Тоспа сулардың температурасы Tw, С

8

10

12

14

8

10

12

14

90

6,3

6,8

7,5

8,2

8,3

9,1

10,0

10,9

85

8,4

9,2

10,0

11,0

11,2

12,3

13,5

14,7

80

10,2

11,2

12,3

13,3

13,7

15,0

16,4

17,9


9.3.7 Аэротенктер
9.3.7.1 Типтері әртүрлі аэротенктерді қаланың тоспа сулары мен өндірістік тоспа суларды биологиялық тазалау үшін қолдану қажет.

9.3.7.2 Аэротенктерді дербес құрылыстар ретінде және жинақталған қондырғылардың (аэротенктер-тұндырғылар, мембраналы биореакторлар, флотенктер және т.б.) құрамында қолдануға болады. Ығыстырғыш принципі бойынша жұмыс істейтін аэротенктерді токсиндік заттар дүркін түспейтін кезде, сондай-ақ екі сатылы тазалау тәсілінің екіншісінде қолданған жөн.

Аэротенктер-тұндырғылар типті (аэроакселераторлар, окситенктер, флототенктер, аэротенктер-ашықтандырғыштар және т.б.) жинақталған құрылыстарды негізделген жағдайда биологиялық тазалаудың кез келген сатысында пайдалануға болады.

9.3.7.3 Белсенді тұнбаның ргенерациялануын аэротенктерден мөлшері 150 мг/л артық қалқымалы заттармен бірге келетін тоспа сулардың ОБТтол кезінде, сондай-ақ суда токсиндік заттар мен зиянды өндірістік қоспалардың концентрациясы жоғары болған уақытта қарастыру қажет.

9.3.7.4 Аэротенктерге келетін тоспа сулардың ОБТтол концентрациясын бастапқы кезде тұндырған уақытта азаятындығының ескерілуімен алу қажет. Аэротенктерге келетін тоспа сулардағы қалқымалы заттардың рұқсат берілетін мөлшері техникалық сипаттамалар мен дайындаушы зауыттардың пайдаланылатын материалдарына сәйкес анықталады.

9.3.7.5  Аэротенктердегі азот қосылыстарын кетіру үшін арнайы шараларды қарастыру қажет, соның ішінде:

- аэрациясыз аймақтарға құрамында аэробты аймақтарда түзілген нитраттар бар тұнба қоспасының әперілуін қамтакмасыз ете отырып, аэрация мен аэрациясыз (аноксидті аймақтар) жекелеген аймақтарды ажырату;

- аэробты және анаэробты шарттардың мерзімді түрде кезектеліп отыруын қамтамасыз ету;

- аноксидті және аэробты процесстер бір уақытта жүру үшін тараған оттегі концентрациясын реттеу керек.

9.3.7.6  Аноксидті аймақтарда (я болмаса аноксидті шарттарда) белсенді тұнба тұнбаға отырмау үшін оның араластырылып тұрылуын қамтамасыз ету қажет. Оны:

- электрмеханикалық араластырғыштармен араластырып тұру қажет;

- негізделген жағдайда азот қосылыстарын тұнба қоспасында ауа оттегінің, я болмаса қайта циркуляцияланатын газдың ең аз көлемде еруін қамтамасыз етіп, аэрациялау жолымен араластыруға болады;

- пневмомеханикалық және оған ұқсас басқа да құрылғылардың көмегімен араластырып тұру қажет;

- аэротенктің екі және одан артық дәлізінде тұнба қалқып тұратын жылдамдықпен ұзына бойғы циркуляциялық ағын жасап, араластыруға болады.

9.3.7.7 Фосфорды биологиялық кетірудің жақсартылған процесі жүру үшін аэротенктерде аноксидті және аэробты аймақтарға қосымша тараған отттегінің ғана емес, нитраттардың да төмен мөлшерлі құрамын қамтамасыз ете отырып, аэробты аймақтарды ұйымдастыру қажет. Мұнымен қоса, суағарлардағы ағынның көп төмендеуіне, ағындардың қақтығысуына және т.с.с. жол бермей, мұндай құрылстарға келіп түсетін тоспа суда оттегінің артық еруіне жол бермеу шараларын қолға алу қажет. Фосфордың биологиялық кетірілуін азоттың биологиялық кетірілуімен бірге қарастыру қажет.

9.3.7.8  Аэротенктердің есебін жүргізген уақытта кем дегенде келесілерді анықтау қажет:

- технологиялардың барлық типтері үшін – түрлі технологиялық аймақтарда болу кезеңдері, құрылыс аймақтарының көлемі, технологиялық рециклдардың шығымы, оттегінің тұтынылуы, ауа шығымы, пайдаланылатын аэрациялық жүйенің сипаттамасы, артық белсенді тұнбаның өсімі;

- аммоний азоттың тотығуын қарастыратын барлық технологиялар үшін – тұнбаның аэробты жасы;

- фосфорды биологиялық кетіру технологиялары үшін – осы тоспа су үшін бұл процесстің шекті тиімділігін.

9.3.7.9 Азот пен фосфорды биологиялық кетіру қолданылған жағдайда денитрификациялау және дефосфотизациялау процесстері үшін субстрата сияқты тоспа сулардың органикалық ластануларының пайдаланылуының барынша жоғары тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Технологиялық сызбада тоспа суды ашықтандыру сатысы қолданылған жағдайда оның тиімділігі органикалық заттардың биологиялық тазалау сатысына оңтайлы түсуіне байланысты реттелуі тиіс (тұтас құрылыстың энергиялық тиімділігінің ескерілуімен).

Азот пен фосфорды тоспа сулардан биологиялық кетіру үшін (нитри-денитрификациялау және дефосфотациялау процесстері) қолданылатын жабдық жұмыс өнімділігінің, талап етілетін тазалану дәрежесінің және тазаланатын тоспа сулардың құрамының ескерілуімен дайындаушы зауыттардың деректері бойынша таңдалады. Тазалау дәрежесі зертханалық жолмен тексеріледі.

9.3.7.10 Бір дәлізде оттегі режимі әртүрлі аймақтар болған жағдайда (ұзыннан циркуляциялық ағындардың қолданылуысыз) аймақтардың арасын тұнба қоспасы қалқаның астынан да, үстінен де аға алатындай бір-бірінен жартылай батырылатын қалқалармен бөлу қажет.

9.3.7.11 Тұнба қоспасының ашық бұру каналдарының соңында екіншіліктегі тұндырғыларға белсенді тұнбаны көпіртетін биологиялық процесстер үдейтіндіктен аэротенктердің бетіне жиналуы мүмкін көбік жинайтын және кетіретін құрылғыларды қарастыру қажет.

Қажет болған жағдайда аэротенктерде шашқыштар арқылы немесе көбікке қарсы химиялық заттарды су шашып, көбікті оқшаулау шараларын қарастыру қажет. Суармалау кезінде шашырату интенсивтілігін тәжірибе жүргізу кезінде алынған деректер бойынша қабылдау қажет.

Көбікке қарсы химиялық заттар санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстарын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.

9.3.7.12 Аэраторлар мен аэротенктердің типтерін олардың сипаттамаларын (Арынның жоғалуы, ау көпіршіктерінің көлемі, қоқысталуға төзімділік, ұзақ уақыт қызмет ету, қарапайым қызмет көрсетілу және т.б.) ескере отырып анықтау қажет.

9.3.7.13 Ауа әперетін жабдық ретінде ауа үрлегіштерді, газ үрлегіштер мен айдағыштарды, механикалық пневмомеханикалық және ағысты аэраторларды пайдалануға болады. Айдайтын типтегі ауа әперетін жабдықтың жұмыс қысымын аэраторлардың батырылуына, коммуникациялар мен аэраторлардағы арынның жоғалуына (қызмет ету мерзімінің соңындағы кедергісінің ескерілуімен) сәйкес, сонымен қатар ауаның физикалық қасиеттеріне ықпалын тигізетін маусымдық және климат факторларының ескерілуімен қабылдау қажет.

9.3.7.14 Аэротенктердегі тоспа сулардың тазалануына қажетті ауа шығымын пневматикалық аэрация қолданылған жағдайда есептелген бойынша алу қажет. Есептеу тоспа сулардағы ОБТ мен аммоний азоттың құрамы, ластаушы заттарды кетірудің қажетті тиімділігі, пайдаланылатын технологияның, аэраторлар пайдаланатын ауадағы оттегінің тарауының меншікті тиімділігі, аэротенктің тереңдігі, тоспа сулардың температурасы, тоспа сулар сапасының коэффициенті (альфа-фактор) негізінде қабылданады. Пайдаланылатын аэраторлардың санын аэраторларға түсірілетін жүктемеге және пайдалану мерзімінің соңындағы тиімділіктің азаюына байланысты оттегінің таралу тиімділігі тәуелділігінің ескерілуімен өндірушілердің деректері бойынша есептеп анықтау қажет.

Механикалық аэрацияға арналған жабдықты дайындаушы компаниялар мен инжинирингтік ұйымдардың деректері бойынша таңдау қажет.

9.3.7.15  Аэротенктердің сыйымдылығын аэрациялау кезінде ағын ең көп болатын сағаттардағы судың орташа сағаттық келуі бойынша анықтау қажет.

Аэротенктердің сыйымдылығы есептелген уақытта циркуляцияланатын белсенді тұнбаның шығымы регенераторлар мен екіншіліктегі тұндырғыларсыз есепке алынбайды.

9.3.7.16 Араластырғыштар принципі бойынша жұмыс істейтін аэротенктердегі аэрациялау кезеңін tatm, сағ, мына формула бойнша анықтау қажет:

(9.32)
мұнда, Len - тоспа су аэротенкіне келетін ОБТтол (алғашқыдағы тұндыру кезінде ОБТ азаюының ескерілуімен), мг/л;

Lex – тазартылған судың ОБТтол, мг/л;

ai – екіншіліктегі тұндырғылардың жұмысының ескерілуімен техника-экономикалық есептеумен анықталатын тұнбаның мөлшерлемесі, г/л;

s - 9.15-кесте бойынша қабылданатын тұнбаның күлденуі;

 - тотығудың меншікті жылдамдығы, мг ОБТтол күлсіз заттың 1 г немесе 1 сағаттағы, мына формула бойынша анықталады:


(9.33)
мұнда, max – ең жоғары тотығу жылдамдығы, мг/(гсағ); 9.16-кесте бойынша;

CO – тараған оттегінің концентрациясы, мг/л;

Kl – органикалық заттардың қасиеттерін сипаттайтын константа, мг ОБТтол/л, және 9.16-кесте бойынша қабылданатын;

КО – оттегінің ықпалын сипаттайтын константа, мг О2/л, 9.16-кесте бойынша қабылданады;

 - белсенді тұнбаның ыдырайтын өнімдерімен ингибирлену коэффициенті, л/г, 9.16-кесте бойынша қабылданады.


1-ЕСКЕРТУ (9.32)- мен (9.33)-формулалар тоспа сулардың орташа жылдық температурасы 15С болған кезде әділ. Тоспа сулардың орташа жылдық температурасы Tw басқа болған уақытта (9.32)-формула бойынша анықталған аэрациялау ұзақтығы 15/Tw қатынасына көбейтілуі тиіс.

2-ЕСКЕРТУ Барлық жағдайларда аэрациялану ұзақтығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет